123
мүшелер деп аталады.Аналогтық мүшелер гомологтық мүшелерге,
керісінше сырттай қарағанда бір-біріне ұқсас келетін мүшелер.
Мысалы, көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарса да
құрылысы бөлек. Қанаттарының болуы - сыртқы ұқсастықтары
(дамуы) тіршілік ету ортасына бейімделуіне байланысты. Бұлардың
шығу тегінде ешқандай туыстық жоқ. Адам мен сүтқоректілердің
тістері акуланың қабыршағына ұқсас. Өте ертедегі омыртқалы
жануарлардың тістері қабыршақтарының ауыз қуысына енуінен
пайда болған. Аралық форма. рі жүйелеу топтарының арасында орга-
никалық дүниенің біртұтас екендігін көрсететін аралық формалары
болады. Мысалы, төменгі сатыдағы сүтқоектілер - үйректұмсық пен
түрпінің жұмыртқа салып көбеюі, клоакасыны болуы бауырымен
жорғалаушыларға ұқсастығын дәлелдейді.
Салыстырмалы - анатомиялық қатарлар. Органикалық дүниенің
шығу жолын толық түсіну үшін жүйелеу топтарының қазіргі кезде
тіршілік етеін түрлерінің құрылысын зерттеу қажет. Жер шарының
кейбір жерлерінде осы күнге дейін қазба ата-тектерінен онша өзгере
қоймаған организмдер тіршілік етеді. Мұндай "тірі қазбалар"
көбінесе
мұхит аралдарында (піл, тасбақа, гаттерия) немесе бөлініп бірнеше
ғасырлар бойы оңашаланған құрлықта мекендейді. "Тірі қазбалар-
дың" палеонтологиялық "мұражайы" деп Аустралияны (үйректұмсық,
түрпі, қалталылар), Жаңа Зеландияны (Киви құстар), Оңтүстік
Американы (кейбір қалталылар, сауыттылар, жалқау аңдар, құмырсқа
жегіштер) атауға болады. Мұхиттарда палеозой заманында тіршілік
еткен құршаяндардың туысы - қылышқұйрық, саусаққанатты балық-
латимерия. Бұл девонда тіршілік еткен саусаққанаттыбалықтардан
шамалы ғана өзгерген. 1. Жұмыртқа салып көбейетін алғашқы
аңдардан, онша жетілмей тірі туатын қалталылардан, ұрықтың
аналық организмінде жатыр қабырғасына бекінуіне (плацентарлы-
ұрықжолдасты) дейін айналуы. 2. Салқын қандылардан жылы қанды-
раға көшіп, дене t 27-28
º
С-тан (алғашқы аңдарда) жоғары сатыдағы
сүтқоректілерде 36-37
º
С-қа көтерілуі. 3. Миының күрделенуі.
Достарыңызбен бөлісу: