Қозғалыс органоидтары. Бұл органоидтар атына сәйкес ағзаны
үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс органоидтары жануар-
лар дүниесінде кеңінен таралған. Оларға кірпікшелілер, талшықты-
лар, сұйық ортада қозғауға бейім әр түрлі өсінділер және бұлшықет
талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер, т. б.
жатады.
Қарапайымдар (жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше), негізінен бір
орыннан екінші орынға кірпікшелерінің және талшықтарының
жәрдемімен қозғалады. Жануарлар тіршілігінде кірпікшелер әр түрлі
қызмет атқарады. Мысалы, омыртқалы жануарлар мен адамның кең-
сірігінде бір бағытта (кеңсірік сыртына қарай бағытталған) орналас-
қан мыңдаған кірпікшелер болады. Олардың негізгі қызметі - ауаның
құрамындағы шаң-тозаңдарды сүзіп қалу. Ал кірпікшелі кебісшелер-
дің денесіндегі 15 000-ға жуық кірпікшелер олардың суда жүзуін
қамтамасыз етеді.
Омыртқалы жануарлардың қозғалысы ет талшықтарының жиы-
рылуы арқылы орындалады. Қарапайымдардан амебалар және
лейкоцит жасушалары жалған аяқтарының жәрдемімен козғалатын-
дығы баршамызға мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |