Қостанай облысының 2015-2019 жылдарға арналғАН



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі371 Kb.
#8646
  1   2   3


Қостанай облысы бюджеттік комиссиясының 2014 жылғы

__ сәуірдегі хаттамасымен

мақұлданды

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ

2015-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ



МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3

1.

Қостанай облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

3

2.

Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

7

3.

Экономиканы дамыту басымдықтары

12

4.

2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар

14


5.

Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

23

6.

Бюджетаралық қатынастар

24

7.

2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

25

7.1.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің салық саясаты

25

7.2.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің болжамдары

28

Қосымшалар

Кіріспе

Қостанай облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Болжам) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Даму болжамы стратегиялық және бағдармалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескеріп, әзірленді.

Даму болжамы Қостанай облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.




  1. Қостанай облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

2013 жылы облыстың өндірілген жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі 6,6%-ға ұлғайып, 1309,7 миллиард (бұдан әрі – млрд.) теңгені құрады. Облыс елдің ЖӨӨ 3,8 пайызын (бұдан әрі – %) өндірді.

Өңірде халықтың жан басына шаққанда 1487,7 мың теңге ЖӨӨ өндірді, облыс елде 10 орынды алды.

2013 жылы облыс экономикасы темір кені өніміне деген сұраныс пен 2012 жылы ауыл шаруашылығында астықтың шықпау салдарының әсерімен дамыды.

Сондай-ақ, 2013 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы белгіленген тұрақтылығымен сипатталып отыр.

2013 жылы облыс экономикасын дамытуды бағалау бойынша ЖӨӨ нақты өсуі 2012 жылға қарағанда 105,8% құрайды. ЖӨӨ өсуінің негізгі факторы 2013 жылы өсімдік шаруашылығының 63%-ға және өңдеу өнеркәсібінің 10,1%-ға өсуі болып табылады.

2013 жылы облыста 541,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 100,5% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,5%-ға төмендеп, 280 млрд. теңгені құрады. Төмендеу шекемтас өндірудің 6%-ға, мыс концентраттарының - 28,7%-ға, құрамында алтын бар кеннің - 20,9%-ға азаюымен негізделеді.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 225 млрд. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 110,1% құрайды. Өңдеу өнеркәсібі құрылымында машина жасау өсіп келеді, Өңдеу өнеркәсібінің көлемінде саланың үлесі 20,4% құрады. 2013 жылы облыстың машина жасау саласының кәсіпорындары 45,9 млрд. теңге өнім өндірді, НКИ – 142,1%.
10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер өндірісі 16,5 есе, жеңіл жолаушылар автомобилдері өндірісі - 2,4 есе, сары май 48,5%-ға, Доре ерітіндісі - 23,9%-ға, шоколад, шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер - 16,6%-ға, ет және ішек-қарын өнімдері - 13,5%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей - 15,9%-ға, шұжық өнімдері - 3,9%-ға, нан - 1,7%-ға, алкогольсіз сусындар – 4%-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі құрылымында айтарлықтай үлес салмақты азық-түлік өнімдері мен сусындар 57% алады. 2013 жылғы сала өндірісінің көлемі 127,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2012 жылғыдан 12,6%-ға артық.

2013 жылы облыста 252,7 млрд. теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде: мал шаруашылығы – 84,3 млрд. теңге сомасына, өсімдік шаруашылығы – 167,7 млрд. теңге сомасына өндірілді. Ауыл шаруашылығы НКИ 127,1%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 163%, мал шаруашылығында – 92,9% құрады.

Бидайды жалпы жинау гектар түсімділігі 9,7 (бұдан әрі – 1 гектардан центнер) центнерден айналғанда 3844,9 мың тоннаны (пысықтаудан кейінгі салмағы) құрады. Гектар түсімділігі 193,7 центнерден айналғанда 205,6 мың тонна картоп; гектар түсімділігі 301,6 центнерден айналғанда 73,6 мың тонна көкөніс; гектар түсімділігі 6,3 центнерден айналғанда 139 мың тонна майлы дақылдар жиналды.



Мал шаруашылығында төмендеу жеке қораларда мал басы мен құстың азаюына байланысты ет өндірісінің 2,2%-ға, жұмыртқаның – 13,3%-ға азаюы есебінен қалыптасты.

2013 жылы астық түсімінің жақсы болуының арқасында шағын және орта бизнес өнімдерін өндіру 8,2%-ға ұлғайып, 384,9 млрд. теңгені құрады.

Белсенді ШОК субъектілерінің саны 5,5%-ға ұлғайды және 43,7 мың бірлікті құрады.

ШОК-та жұмыс істейтіндердің саны 6,6%-ға ұлғайды және 140,9 мың адамды құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013 жылы жалпы 26,9 млрд. теңге сомасына 90 жоба мақұлданды.

2013 жылы облыс экономикасына 179,6 млрд. теңге инвестициялар салынды, бұл заем қаражаттарын 2,3 есе ұлғайту есебінен 2012 жылғыдан 5,1%-ға артық.

Облыстың экономикалық дамуының оң нәтижелі сәті инвестициялардың жалпы көлемінде үлесі шамамен 70% құраған кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 124,7 млрд. теңге сомасына негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру болып табылады.

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен 18,7 млрд. теңге (жалпы көлемде 10,4%), жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 7,8 млрд. теңге (4,3%) игерілді. Заем қаражаттары 28,1 млрд. теңгені (15,6%), шетел инвестициялары 251,9 млн. теңгені құрады.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 62,9%), ауыл, орман шаруашылығы (10,5%) және көлік (10,2%) сияқты салалар тартымды болып табылады.

Сондай-ақ, инвестициялар өсімінің оң қарқынына Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасының (ҮИИДМБ) шеңберінде жобаларды іске асыру әсер етті. Индустриаландыру картасының шеңберінде 2013 жылы жалпы құны 39 млрд. теңге тұратын 11 объекті пайдалануға беріліп, 844 жұмыс орны құрылды.

Құрылыс саласында жұмыс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 0,9%-ға өсті және 83,7 теңгені құрады. Тұрғын үй ғимараттары жалпы аумағының 231,8 мың шар.м. немесе 2012 жылға қарағанда 113,2% пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы көлік қызметінің өсуіне себеп болды. Облыстың автомобиль көлігімен 299,5 миллион (млн.) тонна немесе 2012 жылға қарағанда 108,7% жүк тасымалданды. Жүк айналымы 9869,2 млн. тонна-километрді (ткм) құрады, бұл 2012 жылғыдан 6,8% артық.

Қостанай облысы әртүрлі 80 мемлекетпен сауда-экономикалық байланыста (облыстың жалпы сыртқы сауда айналымынан 9,6%), Европалық кеңес (7,8%), Кеден одағы (42%), Азия (33,3%) және әлемнің басқа да елдері (7,3%).

2013 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 3691,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғыдан 20%-ға төмен. Сауда балансының 884,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде оң сальдосы сақталады.

Соңғы жылдарда экспорттың тауарлық құрылымын негізгі құраушы өзгеріссіз қалып, шикізат бағытын иемденіп отыр.

Облыс экспортының негізін (90%-дан астамын) темір кені өнімі (65,5%), бидай (8,4%), ұн (7,6%), өңделмеген алтын (6,7%), асбест (2,8%) сияқты тауар топтары құрайды.

Облыстан өнімдер Қытайға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Өзбекстанға, Ауғаныстанға, Түркияға және басқа елдерге, барлығы 39 елге экспортталды.

2013 жылы экспорт 2012 жылмен салыстырғанда төмендеп, 2287,8 млн. АҚШ долларын, төмендеу 31% құрады. Әлемдік нарықта баға мен сұраныстың түсуіне байланысты 2013 жылы облыстың экспорттық жеткізулерінде бидай көлемі 34%-ға, асбест – 16,3%-ға, ұн – 3,7%-ға, өңделмеген алтын – 12,9%-ға, темір кені өнімі – 36,5%-ға төмендеді.

Импорттық өнімдер жеткізу әлемнің 71 елінен жүзеге асырылады. Облысқа негізінен өңірде өндірілмейтін тауарлар импортталады. Айтарлықтай үлес салмақ жабдықтарға (14%), көлік құралдарына (13,2%), дәрі-дәрмектерге (6,9%), қара металдан жасалған бұйымдарға (4,3%) тиесілі.

Өнімдер негізінен Ресей Федерациясынан, Кореядан, Украинадан, Қытайдан, Германиядан, АҚШ-тан импортталады.

2013 жылы импорттық түсімдер 1403,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғыдан 8%-ға жоғары. Мұнай өнімдерін жеткізудің 32,7%-ға, резеңке бұйымдарды - 8%-ға, дәрі-дәрмектерді - 36,2%-ға, қант және кондитерлік өнімдердің - 26%-ға, қара металдар және олардан жасалатын бұйымдарды - 12%-ға, жабдықтарды - 7,9%-ға, көлік құралдарын жеткізудің - 8%-ға ұлғаюына байланысты тауарларды әкелу көлемі өсті.

Көтерме сауда айналымы 2013 жылы 452,1 млрд. теңгені құрады. НКИ - 82,2%. Бөлшек сауда айналымының көлемі 118,4%-ға ұлғайып, 154,4 млрд. теңгені құрады.

Тұтынушылар сұранысының ұлғаюына халықтың кірістері мен жалақысының өсуі әсер етіп отыр. 2013 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 82978 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 2,3%-ға өсті.

Халықтың орташа жандық атаулы ақшалай кірістері 2013 жылы 49097 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті.

Жалақыны көтеру өнерде, көңіл көтеруде және демалыста жұмыс істейтіндерді қоспағанда экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша байқалып отыр.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жалғасып жатқан көші-қон рәсімдеріне байланысты экономикалық белсенді халық 1,5%-ға (8 мың адамға) қысқарды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын және ҮИИДМБ инвестициялық бағыттарын іске асыру нәтижесінде 2013 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 2,5%-ға немесе 7,3 мың адамға ұлғайды, 13,4 мың жұмыс орны, оның ішінде 7,8 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 2012 жылдың деңгейінде қалып, 5,2% құрады, жұмыссыздардың саны 0,7 мың адамға немесе 2,5%-ға төмендеді.

Облыста инфляция деңгейі 4,7% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа (4,8%) және 2012 жылдың ұқсас кезеңінен – 0,3-ке (5%) төмен.

Ақылы қызметтер бағалары мен тарифтерінің өсімі инфляцияға әсер еткен негізгі фактор болды (2013 жылдан бастап ақылы қызметтер саласындағы инфляциялық ая тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің қымбаттауына апарды).

Азық-түлік өнімдері бағаларының өсуі облыс бойынша 2,4% құрады, бұл 2012 жылғыдан 2,9 пайыздық тармаққа (5,3%) төмен.

Азық-түлік емес тауарлардың бағалары облыс бойынша 2,2%-ға жоғарылады, бұл жылғыдан 1,3 пайыздық тармаққа (3,5%) төмен.

2013 жылы облыс аумағында бюджетке 132,1 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, олардан 48,6 млрд. теңге немесе 36,8%-ы жергілікті бюджетке аударылды.

Мемлекеттік бюджет жоспары 101,5-ға, оның ішінде республикалық бюджет – 101,8%-ға, жергілікті бюджет – 102,7%-ға атқарылды.

2013 жылы бюджет шығыстары 146,6 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға қарағанда 99,6%-ға атқарылды. Әлеуметтік салаға 79,5 млрд. теңге немесе жалпы атқару сомасына қарағанда 54,3% бағытталды.


  1. Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

2013 жылы облыс экономикасы әлемдік бағалардың, оның ішінде металл мен астық бағаларының әсер етуімен дамитын болады, алдағы жылдардың оң қарқындарын толық сақтауда. Ол жөнінде облыстың 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары куәландырады.

ЖӨӨ өсуі 5,1% деңгейінде 1490,7 млрд. теңге көлемінде бағаланып отыр. Ағымдағы жылы өсім ауыл шаруашылығында түсімділікті ұлғайту мен өңдеу өнеркәсібінде енгізілген инвестициялық жобалардың жобалық қуаттылыққа шығуы есебінен күтіліп отыр.

Облыстың ағымдағы экономикалық саясаты экономиканы әртараптандыруға, үлесі өнеркәсіпте 36% құрайтын өңдеу саласын дамыту есебінен экономиканың шикізаттық бағытынан кетуіне бағытталған. Алайда өнеркәсіптің тау-кен саласының үлес салмағы баяғыдай үлкен болып қала береді – 53,3% және оның өнеркәсіп саласына жаппай әсер етуі басым болып табылады.

2014 жылдың қаңтар-науырызында өнеркәсіпте 121,1 млрд. теңгені құрады. НКИ - 100,5%. Тау-кен өнеркәсібінде темір кені концентраттарын өндіру 8,1%-ға ұлғайды, мыс концентраттары өндірісінің көлемдері 43,2%-ға, асбест - 23,1%-ға, боксит - 13,1%-ға, шекемтастар - 10,2%-ға, құрамында алтын бар кен - 28,2 %-ға, агломерацияланған темір кені - 0,6%-ға қысқарды.

Ағымдағы жылы Ресей Федерациясы мен Қытай сияқты облыстың негізгі сауда әріптестері тарабынан тау-кен саласы өнімдеріне сұраныс қарқындары төмендеуінің жалғасуы болжамдалып отыр.

«ССКӨБ» АҚ бойынша өндірілетін өнімдердің негізгі түрлері бойынша өндіріс көлемдерінің 10%-ға немесе 3 млрд. теңгеге құлдырауы көзделіп отыр.

Асбест өндірісінің көлемдері 2,3 млрд. теңгеге, Доре ертіндісі – 3,2 млрд. теңгеге, боксит – 2,2 млрд. теңгеге төмендейді.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша тау-кен өнеркәсібінің НКИ 2013 жылдың деңгейіне қарағанда құны жағынан 14 млрд. теңгеге төмендеп, 96,5% шегінде қалыптасты.

Аталған төмендеу өңдеу өнеркәсібінде өсу қарқындары есебінен біркелкілеу мүмкіндігі болып табылады.

Сондай-ақ, облыстың тау-кен секторы ғана дамыған моноқалаларында «Моноқалаларды 2012-2020 жылдарға арналған дамыту» Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қызмет етеді. Облыстың 4 моноқаласы әртүрлі даму әлеуетіне ие: Рудный – даму әлеуеті жоғары; Лисаков және Жітіқара – даму әлеуеті орташа; Арқалық – даму әлеуеті төмен. Бағдарламада моноқалалардың әлеуеттерін ескеріп, моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыру жөніндегі шаралармен қатар шағын және орта бизнесті белсендіру үшін стимулдар мен іс-әрекеттер қатары қарастырылды.

2014 жылдан бастап Бағдарламаның шеңберінде 12 жоба субсидияланды, жылдың аяғына дейін олар кемінде 25 болады, қызығушылық танытатын идеялары бар жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер 15 грант алады.

Осы бағыт бойынша кәсіпорындарға жетіспейтін инфрақұрылым жеткізу жөнінде 9 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Аталған іс-шараларды іске асыру шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға (оның ішінде «Зәкірлік» жобаларды іске асыру есебінен – 2930, кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде – 166), бизнес тиімділігінің өсуін қамтамасыз етуге, салық салу базасының ұлғаюына мүмкіндік береді.

2014 жылдың қаңтар-науырызында өндеу өнеркәсібінде НКИ – 105,4% құрады. Өсім негізінен соңғы жылдарда серпінді дамыған машина жасау саласын дамыту есебінен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ағымдағы жылдың 3 айының қорытындылары бойынша машина жасау саласындағы өсім 18,3% құрады. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 18,8%-ға өсті.

Машина жасау саласында өндіріс көлемдерінің ұлғаюы есебінен өсім 4 млрд. теңгені құрайды. 734 бірліктен артық (6464 бірліктен 7198 бірлікке дейін) жеңіл автомобильдер және 166 бірліктен артық жүк автомобильдері (20 бірліктен 186 бірлікке дейін) өндірілетін болады.

Металлургиялық салада 2013 жылы енгізілген ұсақ сортты прокат өндіретін зауыт «ЕвразКаспианСталь» ЖШС 11 млрд. теңге сомасына 150 мың тонна өнім өндіреді.

Азық-түлік өнеркәсібінде ұн өндіруді 96 мың тоннаға немесе 4,3 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Индустриаландыру картасының шеңберінде 2010-2013 жылдары енгізілген жобалар бойынша өндіріс көлемі 5%-ға 46-дан 48 млрд. теңгеге өседі деп болжамдалып отыр.

2014 жылдың қорытындылары бойынша негізгі саларды дамытудың қалыптасқан серпінін ескерсек, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 583,3 млрд. теңге көлемінде немесе 2013 жылға қарағанда 101,7%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 283,1 млрд. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 96,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 254 млрд. теңгеге немесе 2013 жылға қарағанда 110% күтіліп отыр.

2014 жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндіру көлемі 15,4 млрд. теңгені, НКИ – 99,2%, оның ішінде мал шаруашылығы – 99,2% құрады.

Ауыл шаруашылығында төмендеу мал шаруашылығы саласында өндірісітің; еттің 5,3%-ға, жұмыртқаның – 16%-ға азаюымен байланысты. Сондай-ақ, ірі қара мал басының ұрғашысын тұқымы жағынан өзгерту есебінен өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сүт өндірісі 5,3%-ға ұлғайды, бұл сиыр басының 7,1%-ға ұлғаюымен байланысты. Сондай-ақ, ірі қара мал басы 1,5%-ға, қой – 4,5%-ға, жылқы – 2,8%-ға ұлғайды. Шошқа басы 17,6%-ға, ешкі – 0,2%-ға, құс – 0,2%-ға азайды.

Ауыл шаруашылығында 2014 жылы жалпы өнім өндірісі 254,8 млрд. теңге көлемінде күтіліп отыр, 2013 жылға қарай өсім 6%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 7,5%, мал шаруашылығында – 1,5% құрады.

Мал шаруашылығы саласында өсім жаңа объектілер: мал шаруашылығы фермаларын, көбейтуші шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдарын, ҮИИДМБ және ірі қара малдың (ІҚМ) ұрғашысын және «Сыбаға» ет тұқымды жас төлді қалпына келтіру үшін асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде мал шаруашылығы кешендерін салу есебінен жоспарланып отыр, ағымдағы жылдың басынан бері 166 мал басы сатып алынды.

Өсімдік шаруашылығында өсімді егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру және егіс айналымы және әртараптандыру есебінен жоспарланып отыр, өйткені егістік құрылымында бидай басым болып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дәстүрлі бидай өсіруден басқа дақылдарға көшу қиын болып отыр. Ағымдағы жылы бидай және бидай дақылдары 4331,9 мың гектар алқапқа егілді, бұл 2013 жылғыдан 62,3 мың гектар артық, оның ішінде бидай – 3922,4 мың гектар (92 мың гектар артық).

Май өндірісін дамытуға байланысты 2013 жылы майлы дақылдар егістігінің аумағы 50,9 мың гектарға ұлғайтылып, 284,2 мың гектарды құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2014 жылы 16,5 млрд. теңге мөлшерінде субсидиялар бөлінді. Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын жартылай арзандату үшін – 4,1 млрд. теңге бөлінді, тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарын қоспағанда) субсидиялауға бюджеттен 2,3 млрд. теңге қарастырылды, басым дақылдар өндірісін субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігін және сапасын жоғарылатуды қолдауға көктемгі-егістік және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдарының және тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 4,7 млрд. теңге қарастырылды.

Жылдың басынан бері облыста инвестициялар көлемі өсімінің оң серпіні байқалып отыр, 31,8 млрд. теңге салынды. НКИ 118,2% құрады, бұл заем қаражаттарын 3,7 млрд. теңгеге (үлесі 23,2%), жеке қаражаттарды – 1,4 млрд. теңгеге (8,1%), банк кредиттерді – 1 млрд. теңгеге (3%) ұлғайтумен байланысты.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 1,1 млрд. теңге игерілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 20,2%-ға (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 3,6%) төмен.

Жергілікті бюджет есебінен 0,7 млрд. теңге игерілді, бұл 2013 жылдың қаңтар-наурызынан 21%-ға аз. Жергілікті бюджет қаражатының үлесі негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 2,1% құрайды.

Өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 58,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (15,2%), ауыл шаруашылығы (14,5% бойынша) сияқты салалар болып табылады.

2013 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2014 жылы 162 млрд. теңге көлемінде, НКИ – 85,2% күтіліп отыр.

Ағымдағы жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде 1095 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 25,6 млрд. теңге 12 инвестициялық жобаны енгізу күтіліп отыр, олардан аса ірілері:



  • «Рудный қаласында қуаттылығы жылына 500 мың тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысы», құны 9,5 млрд. теңге, 224 жұмыс орнын құру;

  • «Қостанай қаласында жылына тұрғын үйдің 70 мың шаршы м. үй құрылысы комбинатының құрылысы», құны 4,4 млрд. теңге, 150 жұмыс орнын құру.

Құрылыс саласында жылдың басынан бері 7,9 млрд. теңге көлемімен 9,2%-ға төмендеу байқалып отыр. Сонымен қатар, құрылыстық-монтаждық жұмыстардың, қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру көлемін ұлғайту есебінен 2014 жылдың қорытындылары бойынша НКИ 103% деңгейінде күтіліп отыр.

2014 жылдың 3 айында 62,4 млн. тонна жүкті құраған құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюына әсер етті, НКИ – 102,8% құрады. Жүк айналымы көлемі 8,9%-ға өсті және 2286,9 млн. ткм құрады.

2014 жылдың қорытындылары бойынша жолаушылар ағымын ұлғайту, облыс аумағында жаңа бағыттар ашу, жүк тасымалдауды ұлғайту есебінен көлік қызметтерінің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға өсті.

2014 жылдың қаңтар-наурызында 119,2 млн. теңге сомасына, оның ішінде халыққа – 54,7 млн. теңге сомасына пошта және курьерлік қызметтер көрсетілді. НКИ 97,6%, халыққа – 102% құрады.

Сонымен қатар, 2014 жылы байланыс қызметі мен мәліметтерді беру, жаңа объектілерді коммерциялық пайдалануға беру, жаңа абоненттерді телефон желісіне және Интернет желісіне кең жолақты қосу есебінен байланыс қызметінің көлемін ұлғайту 6,1% деңгейінде күтіліп отыр.

2014 жылдың басынан бастап тұтынушылар сұранысының ұлғайғаны байқалып отыр, ол жөнінде 2014 жылдың қаңтар-наурызында 42,1 млрд. теңгені, НКИ – 125,2% құраған бөлшек сауда тауар айналымының өсуі куәландырады.

Жалпы, 2014 жылдың қорытындылары бойынша сала бойынша өсім 5% деңгейінде күтіліп отыр.

2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 2014 жылдың тамызында тұтынушы бағалар индексі 102,9%, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 102,8%, азық-түлік емес тауарлар – 102,5%, ақылы қызметтер – 103,2% құрады.

Ағымдағы жылы ақылы қызметтер бағалары мен тарифтерінің өсімі инфляцияға айтарлықтай әсер етті. 2014 жылдың басынан бері орталықтан жылыту бағалары 6,1%-ға, ыстық суды пайдалану – 6%-ға, таратушы желілер арқылы тасымалданатын газ төлемақысы – 5,6%-ға, электр энергиясы – 5,4%-ға қымбаттады.

2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 2014 жылы инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтынушы бағалар индексі 6-8% инфляциялық дәлізден аспайды деп күтіліп отыр.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін ішкі нарықта бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жолымен азық-түлік тауарларының бағаларын бір қалыпта ұстау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Егер облыстың ішкі саудасы оң серпінге ие болса, сыртқы саудасы әлемдік бағалардың, оның ішінде металл мен бидай бағаларының әсер етуімен дамуда.

2014 жылы 3765,2 млн. АҚШ долларын құраған 2013 жылғы деңгейге қарағанда 2%-ға ұлғайған, облыстан экспортталатын тауарлардың негізгі топтарына әлемдік нарықта сұраныстың азаюы мен бағалардың айтарлықтай түсуі сыртқы сауда айналымының көлеміне әсер етті. Сондай-ақ, сауда балансының сальдосы оң болып қалды – 902 млн. АҚШ доллары.

2014 жылы импорт – 1431,6 млн. АҚШ доллары сомасында немесе 2013 жылға қарағанда 2%-ға өседі деп болжамдалып отыр.

2014 жылы экспорт 2333,6 млн. АҚШ доллары сомасында, 2013 жылға қарағанда 2%-ға өседі деп көзделіп отыр.

Әлеуметтік салада жұмыссыздықты төмендету мен өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс аудандар мен қалалардың бюджеттік қаражаттары есебінен өңірлік жұмыспен қамту, сондай-ақ Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде жүзеге асырылады.

2014 жылы 550 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру; білім ұйымдарының 350 түлегі үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру; 675 адамды кәсіби оқуға жіберу; Бағдарламаның 300 қатысушысына шағын кредит беру; 57 адамды кәсіпкерліктің негізіне оқыту, 120 қатысушының көшуін ұйымдастыру, Бағдарламаның шеңберінде 365 адамды іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға орналастыру көзделіп отыр.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5,1% шегінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Табыстары ең төмен күн көру деңгейінен төмен халықтың үлесін 4%-ға дейін азайту жоспарланып отыр.

2014 жылы бағалау бойынша орташа айлық жалақы 86631 теңгені құрады.

2014 жылы білім беру саласында шағын орталықтарды толық күн оқытуға көшіру, мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту, балабақшалар ғимараттарынан бейінді емес ұйымдар мен мемлекеттік-жеке әріптестікті шығару есебінен мектепке дейінгі білім ұйымдарына кезектілікті қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.

Білім берудің 47 ұйымында (5 колледж, 5 қалалық және 34 ауылдық мектептерде, 1 бастауыш және 1 негізгі мектепте) «e-learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу, білім берудің 15 ұйымын күрделі жөндеу, 3 мыңға жуық педагогтың біліктілігін жоғарылатуесебінен сапалы білім беру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептердің құрылысы, оларды жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау себеп болады.

Осылайша, 2014 жылы Қостанай қаласында 120 орындық интернаты бар 720 оқушыға арналған Назарбаев Интеллектуалдық мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2014 жылы 2 мектептің (Қостанай қаласы мен Рудный қаласының Перцевка ауылында), Қостанай қаласында 1 балабақшаның құрылысы, Тобыл кәсіби-техникалық колледжін күрделі жөндеу қарастырылды.

Жастардың білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіби білім мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын 1,7%-ға ұлғайту қарастырылады.

Денсаулық сақтау саласында 2014 жылы ана және бала өлімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде негізгі әлеуметтік аурулардан қайтыс болуды азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасып жатыр.

776,4 млн. теңге сомасына денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

2014 жылы 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаражаттар бөлінді.

3. Экономиканы дамыту басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңде экономикалық даму жеке және мемлекеттік қаражаттар есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға өсетін инвестицияларға бағдарланған ішкі сұранысқа бағытталатын болады.

Орта мерзімдік кезеңге экономикалық саясаттың мақсаты жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсім болады. 2015-2019 жылдары экономиканың өсімі жыл сайын орташа есеппен 3-4% бағаланады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт, көлік инфрақұрылымы және жайлы үй қамтамасыз ететін теңгерімді, бәсекеге қабілетті және серпінді дамитын экономиканы құру болып табылады.

Дамыған экономикаға және халықтың жоғары тіршілік деңгейіне қол жеткізу үшін облыстың дамуында экономиканың шикізаттық секторын дамыту басым бағыт болады. Экономиканың өндеу секторына инвестициялар тарту және облыста қолайлы инвестициялық климат жасау облыс экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Өндеу өнеркәсібінің дамуы облыстың экономикасына тау-кен өндірісінің ықпалын төмендетуге, сондай-ақ моноқалаларда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Осы заманғы экономиканы дамыту үшін өзекті жобаларды іске асыру үшін облыста үлкен қорлар бар. Алдағы кезеңде облыс экономикасына:

Индустриаландыру картасының шеңберінде 2010-2013 жылдары енгізілген жобалардың жобалық қуаттылыққа шығуы;

2014 жылы Индустриаландыру картасының жобаларын пайдалануға беру, оның ішінде:

Рудный қаласында қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім беретін цемент зауытының құрылысы;

«ССКӨБ» АҚ 3 жобасын іске асыру;

металданған өнім өндіру зауытының құрылысы;

кен дайындайтын кешеннің қуаттылығын жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғайту;

өнімділігі жылына 5 мың тонна күйдіру машинасының құрылысы жобаларын пайдалануға беру айтарлықтай әсерін тигізеді.

Экономиканың индустриалды және агроөнеркәсіптік секторларының инвестициялық жобалары шикізаттық емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамыту және облыстың экономикасына озық технологияларды тарту бастысы болады. Облыс экономикасының тұрақты өсіміне қол жету үшін:

бәсекеге қабілетті өндірістер құру, шағын және орта бизнесті тарта отырып, номенклатураны кеңейту және жоғары үстеме құнымен терең қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту;

еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсуіне әсер ететін егін шаруашылығының осы заманғы технологиялары мен озық әдістерін өндіріске енгізу;

ауыл шаруашылығы жер-суларының өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымдарының құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;

облыс халқын сапалы біліммен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды жоғарылату есебінен еңбек ресурстарының сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.

Орта мерзімдік кезеңде экономиканың индустриалды және агроөнеркәсіптік секторларының инвестициялық жобалары шикізаттық емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамыту және облыстың экономикасына озық технологияларды тарту катализаторы болады.

Қолайлы экономикалық орта қалыптастыруға отандық өнім өндірушілердің сыртқы нарықтарға қол жетімділігін құруға және жауапсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған тиімді сауда саясаты ықпал ететін болады. Қазақстанның, Ресейдің және Беларусияның құрылған Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бәсекелестікті дамыту және жоғарылату, облыс кәсіпорындарына инвестициялар тарту үшін тұғырнама болады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

2019 жылға дейінгі кезеңде алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын айтарлықтай күшейту денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық болады. Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі, бұл ана, бала және жалпы өлім-жітімді төмендетуге себеп болады.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептер салу, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру себеп болады.

4. 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар
2015-2019 жылдары экономика өсімі көбінесе жеке және мемлекеттік қаражаттардың есебінен индустриалық және инфрақұрылымдық жобаларда өсіп жатқан инвестицияларға бағдарлап, ішкі сұранымға сүйенеді.

2014-2018 жылдары нақты ЖӨӨ жылына орташа есеппен 3-4%-ға өсуі болжамдалып отыр.

2019 жылы 2014 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімі көлемінің 37,2%-ға ұлғаюы күтіледі. Облыс экономикасы қайта өндеу салаларының көрсеткіштерін өндіруші салалардың деңгейіне дейін ұлғайтуға талпынатын болады.

Облысты индустриаландыру экономика өнімділігін кешенді жоғарылатуға көздеп, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

шикізат өндірістерін кейін аса жоғары қайта өңдеуге көшіріп, тау-кен өнеркәсібін дамыту;

шикізат секторымен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістерді дамыту;

2019 жылы 2014 жылға қарағанда кен өндірудің, өндеу өнеркәсібі көлемінің 1,8 есе ұлғаюы күтіледі.

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.

Экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторды кеңейтуге жаңа өндірістерді дамыту көзделіп отыр.

Осылайша 2017 жылы 245,8 млрд. теңге сомасына «Соколов-Сарыбай кен-байыту өнеркәсібі бірлестігі» («ССКӨБ» АҚ) акционерлік қоғамы 3 жобаны іске асыратын болады:

жоғары сапалы концентраттың байыту кешені: жылына қуаттылығы 7 млн. тонна ДОФ-2, ММО-4;

Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет өндіретін металданған өнім өндіру зауытының құрылысы;

өнімділігі жылына 5 мың тонна күйдіру машинасының құрылысы.

Баламалы энергетиканы дамыту мақсатында Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт жел паркінің құрылысы бойынша мәселені пысықтау жоспарланып отыр.

Облыс ішіндегі шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және қайта өңделген өнімдерді өндіру тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте саясаттың басты мақсаты болады.

Қойылған мақсатты іске асыру:

шикізат алу және оны кешенді қайта өңдеу технологиялары, өнімдердің жаңа түрлерін барлау бойынша инновацияларды дамыту және инновациялық үдерістерге саланың ғылыми-техникалық әлеуеттің белсенді енуі;

салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

минералдық-шикізаттық базаны қайта өндіруді кеңейту және қамтамасыз ету;

саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орташа техникалық буындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

ішкі нарықта шикізатты және металлургиялық өнімді алға жылжытуға көмектесу;

сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;

«жасыл» экономиканы дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өнеркәсіп салаларын дамытуға өнеркәсіп өнімдерін өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту, ескірген жабдықтарды мүлдем жаңаларына ауыстыру, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту, әрекет ететін Кеден одағының шеңберінде жергілікті кәсіпорындардың Ресей Федерациясы мен Беларусь нарықтарына шығуы ықпал ететін болады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылмен салыстырғанда 2019 жылы мынадай салалар бойынша өндірісті ұлғайту жоспарланып отыр:

азық-түлік өнімдері өндірісінде номенклатура бойынша: шұжық өнімдері – 12,1%-ға, нан – 10,7%-ға, кондитерлік өнімдер – 20,5%-ға, макарон өнімдері – 16,9%-ға, сүт – 27,4%-ға және т.б. өсім жоспарланып отыр.

Жеңіл өнеркәсіпте аяқ-киім және тігін өндірістері басым, олар импортталатын тауарлардың үлесін төмендетіп, сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағытының шеңберінде бөлінетін бюджеттік қаражаттар есебінен «Большевичка» өндірістік кооперативі 2013 жылы қалып дайындау бойынша жабдық, сондай-ақ жоғары өнімді автоматты тігін жабдығын сатып алды, бұл болжамдалған кезеңдегі келешекте кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатады және нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Жүн өндірісінде 2019 жылға жоспарланып отырған өсім 16,1% құрайды (үй шаруашылығы), сыртқы киім – 13,9% («Большевичка» ӨК, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – «Азурит» ЖШС), басқа да тоқылған және тоқыма өнімдері – 0,8% («Жейде» ЖШС).

Машина құрылысында облыстың авто жинау кәсіпорындарында жеңіл автокөлік өндірісі 2019 жылы 2,6 есе 20,2 мың бірлікті құрайды («Агромаш Холдинг» АҚ, «Сарыарқа Автопром» ЖШС).

2019 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2014 жылмен салыстырғанда 1,6 есе, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1,6 есе, мал шаруашылығы – 1,8 есе ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, аталған сала табиғи жағдайларға сәл ғана тәуелді болуына байланысты оның көлемдері айтарлықтай дәрежеде ұлғаяды.

Мал шаруашылығында көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді мал үлесінің ұлғаюы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмысты жалғастырудың және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандырудың арқасында өсімге қол жеткізіледі.

Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, оның ішінде әрі қарай көбейту үшін асыл тұқымды жануарларды импорттау есебінен жалғастырылады. ҮИИДМБ бағдарламасының шеңберінде мал шаруашылығы фермалары, көбейткіш шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдары, мал шаруашылығы кешендері сияқты жаңа объектілер құрылысы есебінен жоспарланып отыр. «Global Beef KZ» (Глобал Биф КЗ) ЖШС сияқты көбейтуші шаруашылықтар, мал шаруашылығы фермалары және мал бордақылау алаңдарының құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мал басын өсіру «Сыбаға» етті тұқымның жас төлін өсіру үшін аналық ІҚМ және асыл тұқымды өндіруші-бұқалар сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру есебінен (2014-2015 жылдары – 11600 бас) қамтамасыз етілетін болады.

Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларын дамыту үшін айдама мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданады. Сондай-ақ, жарма өндірісін дамыту және бұзылған жайылым жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.

Өсімдік шаруашылығында орта мерзімдік кезеңге тұрақтылықты сақтау және өндірістің құлдырауына жол бермеу жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдарға өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды ескеріп, майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту, ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алқаптарын кеңейту, тұқым айналымының, жоғары селекциялы сорттардың сұлбасын енгізу, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді қатыстыру, жоғары өнімді техниканы сатып алып, машина трактор паркін жаңарту көзделіп отыр.

Бидай өндірісі инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінетін болады, өйткені бидай дақылдары ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымында үлкен үлесті алады. Элеваторлар мен дәнді дақылдар тасымалының жетіспеу проблемасы бидайды өңдеуге және сақтауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады. Осы мақсаттарда 2013 жылы «Еңбек 07» ЖШС, «Қайрат» ӨКФ» ЖШС, «Торғай-07» Элеваторы» ЖШС, «Қарқын» ЖШС, «Раскүл» ЖШС, «Восток-1» ЖШС, «Сарыкөл-Астық» ЖШС, «Ряжское» ЖШС және т.б. бидай қоймалары пайдалануға беріледі. 2014 жылы «Пресногорьковское-250» ЖШС-да желілік элеваторды, «Макс» ЖШС-да, «Olzha Storage» ЖШС-да бидай сақтау қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасауға өндірісті технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қала береді.

Сондай-ақ, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдерді өндіруді ынталандыру үшін де жағдайлар жасалатын болады. 2019 жылға қарай ИСО және ХАССП стандарттарын жалпы саннан 15%-ға дейін енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының саны ұлғайтылады.

Тұтынушыларға өнімдерді жеткізу және сақтау логистикасын дамыту арқылы базарды отандық өндірістегі азық-түлік тауарларымен әрі қарай толықтыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіру жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

Шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту мемлекеттік қаржылық қолдаудың барлық инструменттері есебінен жүзеге асырылатын болады.

Өңірдің минералдық-шикізаттық әлеуетін игеру мақсатында әлеуетті инвесторлармен Орлов қоңыр көмір кен орнын барлау мен «Приозерный» разрезінің базасында Торғай (Құсмұрын) ЖЭС құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Индустриалдық аймақ және көлік логистикалық орталық құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.

Облыс аумағында Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыруға шақырған, «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы 2015 жылға қарай аяқталады.

Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 15 млрд. теңгеден астам сомаға қайта жаңарту және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды.

«Казаэропроект» ӨМК шартына сәйкес «Қостанай» әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және әуежайын қайта жаңарту» жобасының ТЭН түзету жүргізіледі. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН бойынша «Мемсараптама» ӨМК 30.12.2013 жылғы № 01-1С49/13 қорытындысы алынды. Қажетті техникалық құжаттарды ұсынғаннан кейін (ТЭН, ЖСҚ, экономикалық қорытынды) ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 2014 жылғы арналған РБ анықтау немесе 2015-2017 жылдарға арналған РБ қалыптастыру кезінде жобаны бюджеттік бағдарламаға қосу мәселесін қарастырады.

2019 жылы байланыс қызметтерінің көлемі 2014 жылға қарағанда 22,6%-ға ұлғаяды. Өсім телекоммуникация желілерін және объектілерін пайдалануға беру және жаңғырту есебінен жоспарланып отыр.

Жоспарланған кезеңде инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде – 6-8% болады.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге азық-түлік тауарларының қалыптастырылған тұрақты қоры, бидай және май дақылдарының, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайту, қолданыстағы жылыжайлардың және көкөніс қоймаларының құрылысы және жаңғырту әсер ететін болады.

Облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының, нарықтардың, супермаркеттердің басшыларымен және көтерме сауда жеткізушілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және сауда орындарының жалдамалы төлемақысын төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қойылады. Азық-түліктер базар бағасынан 15-30%-ға төмен бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда нарығындағы ахуалдың мониторингі үнемі өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.

Шараларының бірі азық-түлік тауарлары бағаларының болжамды дәлізін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат берілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу арқылы оларды болжауды анықтау болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді бір қалыпта ұстау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.

2019 жылға қарай сыртқы сауда айналымы 4754,6 млн. АҚШ долларына дейін өседі, өсу қарқыны 2014 жылы 26,2% құрайды.

2014-2019 жылдарға болжамдалып отырған сыртқы сауда айналымы орташа есеппен жылына 5,2%-ға өседі.

2014-2019 жылдары экспорт өсуі жылына орташа есеппен 5% болжамдалып отыр.

2014-2019 жылдары импорт өсуі жылына орташа есеппен 5,6% болжамдалып отыр.

Орта мерзімдік кезеңде сыртқы сауда саясаты облыстың бәсекеге қабілетті экономикасын құруға бағытталатын болады.

Кеден одағының, Европа одағының елдерімен, Қытаймен және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

сыртқы нарықтарға тауарларды (темір кенін, асбестті, өңделмеген алтынды, бидай және ұнды) экспорттық жеткізудің өсу серпінін сақтау және сауда балансының оң сальдосын сақтау;

экспорттың жалпы көлемінде шикізат емес бағытындағы өнім экспортының бөлшегін ұлғайту;

экономиканың жетекші салаларындағы және қайта өндеу өнеркәсібінде жаңа бәсекеге қабілетті өндіріс саласында байланыстарды жетілдіру және реттеу;

жаңа өтім нарықтарын табу және қолда барын кеңейту;

Ресей Федерациясының, Беларусия Республикасының және басқа елдердің шектес облыстарымен және өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту 2014-2015 жылдарға арналған сыртқы сауда саясатының басым бағаттары болып табылады.

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» және бес жылдық мерзімге арналған аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өңірлердің экономикасын дамыту үшін мәслихат 2013-2015 жылдарға арналған кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ведомоствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды, оларда олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңірлердің шаруашылық ерекшеліктерін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген. Жұмыс өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздеуге және пайдалануға бағытталады.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламамен мынадай индикаторлар белгіленген:

2015 жылға арналған:

1. Бір немесе бірнеше «якорлық» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде төмен экономикалық потенциалды моноқалалар өндірістік өнімінің көлемін кемінде 20%-ға ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);

2. Моноқалалардағы белсенді әрекет ететін шағын кәсіпорындардың санын 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);

3. Моноқалалардағы табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халқтың үлесін кемінде 6% деңгейге дейін төмендету.

4. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін кемінде 5,5% деңгейге дейін төмендету.

2020 жылға арналған:

1. Моноқалалардағы белсенді әрекет ететін шағын кәсіпорындардың санын 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);

2. Моноқалалардағы табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халқтың үлесін кемінде 6% деңгейге дейін төмендету (2015 жылы Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып).

3. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін 5% аспайтын деңгейге дейін төмендету.

Орта мерзімдік кезеңге арналған өңірлік дамудың негізгі бағыттары:

әлеуметтік салада – әлеуметтік объектілердің құрылысын оптимистік демографиялық болжамдары және даму перспективалары бар елді мекендерде жүзеге асыру;

индустриялдық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстар, кадрлар және басқалар) болуын ескеріп, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға көмектесу;

бюджеттік саясатта – ресурстарды тиімсіз шығындарды бір мезетте қысқартып, перспективалық, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру керек.

2015-2019 жылдары білім саласында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2011-2020 жылдарға арналған «Балапан» Бағдарламасының міндеттері мен іс-шараларын іске асыру жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту, шағын орталықтарды толық күн оқытуға көшіру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғасады.

2015 жылы – Лисаков қаласында, 2016 жылы – Қостанай қаласында балабақша құрылысы жоспарланып отыр.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы – 1013 орын, 2016 жылы – 1370 орын, балабақша құрылысы есебінен 2015 жылы – 1120 орын, 2016 жылы – 1270 орын енгізу жоспарланып отыр.

Барлық деңгейлерде білім сапасын жоғарылатуға айрықша назар салынады. Аталған міндетті шешу педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа үлгісін енгізуді жалғастыру, «e-learning» электрондық оқыту жүйесін кезең-кезеңмен енгізу, облыстың жалпы білім беру мектептерінің 12-жылдық оқыту бағдарламасына біртіндеп көшуі есебінен жоспарланып отыр.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептердің құрылысы, оларды жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау себеп болады.

Жастардың техникалық және кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Қостанай қаласында екі колледжге жатақханалар салу мүмкіндігі қарастырылады.

Өңірдің техникалық және кәсіби білім жүйесіне дуалдық оқу жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіби тәжірибені кеңейту мақсатымен облыс колледждері мен кәсіпорындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделіп отыр.

Еңбек нарығында мамандар қажеттілігінің болжамын ескеріп, техникалық және кәсіби білім мамандары бойынша мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1-бағыты бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде білім объектілері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

2019 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай күшейту басым бағыт болады.

Халықты ұлттық скринингтік тексеру бағдарламасын іске асыру, оның ішінде сапалы жоспарлау, уақытында және сапалы сауықтыру жалғасады.

Әлеуметтік маңызды аурулардың ерте диагностикасы, алдын алу мәселелері, оның ішінде өз денсаулығы үшін адамның ортақ жауапкершілігі бойынша халықты ақпараттандыруды жоғарылату жалғасады.

Жыл сайын облысқа кемінде 60 - жас маманды тарту, кемінде 500 дәрігердің және 2000 орта медициналық қызметкердің біліктілігін жоғарылату жоспарланады.

2014-2016 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен облыста 1,1 млрд. теңге сомасына медициналық жабдық және санитарлық автокөлік (64 кескіндік компьютерлік томограф, сараптамалық сыныптағы аппарат УДЗ, телепатологияға арналған жабдықтар, гастроскопы бар эндовидиостойка, колоноскопы бар эндовидиостойка, жедел жәрдемге арналған реанимобиль, 3 жұмыс орнына сандық рентгенологиялық аппарат және т.б.) сатып алу қарастырылады.

2015-2016 жылдары Рудный және Арқалық қалаларында ауысымда 500 келушіге арналған 2 емхана құрылысы жоспарланып отыр.

Бұл шаралар аналардың, балалардың және жалпы қайтыс болуды төмендетуге ықпалын тигізеді.

Болжамдалып отырған кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыты онкологиялық ауыру мен одан қайтыс болуды төмендету болып табылады. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен Қостанай қаласында 2,1 млрд. теңге сомасына 300 келушіні қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Облыстың мәдениет саласын әрі қарай дамыту мынадай бағыттарды қарастырады:

инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

облыс өңірлері бойынша мәдениет мекемелерінің желісін дамытудағы сәйкессіздікті болдырмау;

өнер және кино, мәдениет ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу:

- 2015 жылы Арқалық қазақ жас көрермендер театрын күрделі жөндеу қарастырылды;

- Арқалық қаласының дала өлке тарихының облыстық мұражайын жөндеу жұмыстарын өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді;

мәдениет мекемесіне бару деңгейін көтеру;

облыс өңірлерінде жаппай іс-шаралар өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін дамыту.

Жұмыссыздықты төмендету және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар аудандар және қалалар бюджеттері есебінен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасы 2020 шеңберінде өткізіледі.

Жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтыған және тұрмысы төмен халықты өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылату мақсатында облыста кейін жұмысқа тұрғызу шартымен 1 мың адамға дейін жыл сайын кәсіби оқуға бағыттау, 10 мыңға жуық адамды тұрақты және уақытша жұмыс орнына жұмысқа тұрғызу, 4 мыңға дейінгі адам уақытша қоғамдық жұмыстарға қатысады. Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Білікті кадрлармен экономика саласының қажеттілігінде болжам тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы мемлекеттік (салалық) бағдарламалар шеңберінде өңірлер мен мамандықтар шегінде жұмыс орындарын құру бойынша сандық көрсеткіштер болжамдалатын болады.

Белгіленген іс-шараларды орындау нәтижесінде жұмыссыздықтың деңгейі 2018 жылы 4,9%-ға қысқарады.

Орта мерзімдік кезеңде әлеуметтік қамтамасыздандыру саласындағы негізгі бағыттар, асырауды қоспайтын, атаулықпен және тиімділікпен негізделген әлеуметтік көмекті ұсынуға бағытталатын болады.

2015-2019 жылдары халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету белсенді нысандарын қолдану есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын жыл сайын төмендету және ең төменгі күнкөріс деңгейін ұлғайту есебінен шығыстардың жылдық сомасын аздап ұлғайту күтіліп отыр. Мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша жоспарланған кезеңде 200-220 алушыға және шығыстар сомасының жыл сайынғы аздап ұлғаюы күтіледі.

Жұмыспен қамту жол картасында қарастырылған күнкөрісі төмен халықты кәсіби оқыту және жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы кедейшілік деңгейін төмендету табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 2014 жылы 4%-дан 2018 жылы 3,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Психоневрологиялық интернат-үйге кезектілікті қысқарту үшін (кезек 170 адамды құрайды) кемінде 100 орындық психоневрологиялық интернат-үй ашу есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту жөніндегі мәселе қарастырылатын болады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезекте ауыл халқы үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға шағын үйлер салу жөніндегі мәселені талқылап жатыр.

2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.


5. Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары
Алдағы орта мерзімдік кезеңде фискалдық саясат экономикалық және қаржы дағдарысының салдарларын жою, экономиканы тез арада қалпына келтіру және әрі қарай сапалы жоғарылауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін ретке келтіру және жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын бағыттар бойынша бір уақытта жүргізілетін болады:

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізу халықтың тіршілік деңгейін көтеруді және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді қоса алғанда әлеуметтік проблемаларды шешу, қаржы секторын тұрақтандыру салаларында бұрын қолданған шараларды іске асыруды жалғастыруды көздейді, ахуалға байланысты бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджеттің параметрлерін нақтылауды түзететін жедел және тиімді шаралар қабылданады;

- бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың айқын вертикаліне сәйкес жүзеге асыру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде бюджет оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсерін тигізетін, қолайсыз орта мерзімдік және ұзақ мерзімді салдарларға – инфляцияға, бюджеттік тапшылықтың күрт өсуіне апармайтын, бюджеттік қаражаттар көлемін белгілеп, құрастырылады;

- бюджетаралық қатынастардың айқындылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- аудандар мен қалалардың бюджеттік қамтылу деңгейлерін теңестіру;

- бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін жоғарылату және халықтың қорғалмаған жігін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығыстардың айқын басымдықтарын белгілеу, әсіресе білім, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларында бірінші кезекті тәртіппен және толық көлемде бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімдік кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды беру және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ азаматтарға Конституциямен және заңнамамен олардың тұрғылықты жеріне қарамастан кепілдік берілген, мемлекеттік қызметтердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және ұсыну сапасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен белгіленген бюджеттер деңгейлерінің арасындағы шығыстар мен түсімдерді бөлуде және қағидаттарда құрастырылады және ең алдымен облыс-аудан деңгейінде өзара қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, әр басқару деңгейінің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты жүргізуді ынталандыруға бағытталды.

Қостанай облысының алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеті кіріс бөлігінің параметрлерін әзірлеу кезінде төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжам 2014 жылы қалыптасқан алымдардың коэффициенттерін ескеріп, алдағы кезеңде бюджеттік саладағы қызметкерлердің жоспарланған еңбек ақысы көбеюді, сондай-ақ шаруашылық субъектідегі қызметкерлердің еңбек ақы қорының ЖІӨ өсуіне пропорциялық өсуін ескере отырып, бюджет саласындағы облыс бойынша 2015-2017 жылдарға болжамдалған еңбек ақы қорына сүйеніп, қабылданды.

2014 жылғы бағалау және акциздер бойынша 2015-2017 жылдарға арналған болжам күшті алкоголь өнімдері акциздері мөлшерлемесінің өзгеруін, сондай-ақ өндіру көлемдерінің өсуін ескере отырып анықталған.

- Төлем көздерінен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы бойынша:

- мүлікке салынатын салық бойынша;

- жер салығы бойынша;

- көлік құралдарына салынатын салық бойынша;

- жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем бойынша;

- қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем бойынша;

- кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізгені үшін алымдар бойынша;

- мемлекеттік баж салығы бойынша;

- салықтық емес түсімдер бойынша;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша болжам 2015-2017 жылдары тұтыну бағаларының жыл сайын 7%-ға өсуін ескеріп, 2014 жылғы бағалауға сүйене отырып, белгіленген.

Жоспарланған өсімге қарамастан, Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетінің кіріс бөлігі шығыс бөліктен төмен болжамдалып отыр. Осыған байланысты Қостанай облысының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін трансферттер (субвенциялар), оның ішінде 2014 жылы – 63 071,2 млн. теңге, 2015 жылы – 58 910,2 млн. теңге, 2016 жылы – 55 912,4 млн. теңге белгіленді.

Аудандық және қалалық бюджеттердің болжамдық шығыстарының көлемдері Бюджеттік кодекспен бекітілген функционалдық белгілер бойынша шығыстардың бағыттарын ескеріп, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар түрінде есептелді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет