Қостақов амандық Қамбарұлы қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің арамшөптерімен химиялық күресу әдістері


Гербицидтерді мақта егістіктерінде және егістен тыс жерлерде қолданудың мөлшері мен мерзімдеріне байланысты биологиялық тиімділігі



бет2/3
Дата29.02.2016
өлшемі382 Kb.
#32875
түріАвтореферат
1   2   3

4 Гербицидтерді мақта егістіктерінде және егістен тыс жерлерде қолданудың мөлшері мен мерзімдеріне байланысты биологиялық тиімділігі

Тәжірибеде 2007-2009 жылдары дақылды еккенге дейін гектарына 3,0 5,0 және 7,0 л мөлшеріндегі Трефлан 24, э.к. және 4,0; 5,0 л мөлшеріндегі Гезагард 500, с.к. топырақ гербицидтері сынақтан өткізілді. Гербицидтерді қолданғаннан кейін, топырақты 5-7 см тереңдікке малалау жүргізілді. Сондай-ақ, дақыл көктеп шыққанға дейін гектарына 3,0; 4,0; 5,0 және 6,0 мөлшерінде қолданылатын Стомп, 33% э.к. гербициді, гектарына 3,0; 4,0 және 5,0 л мөлшерде Котолинт, с.к. гербициді және гектарына 1,3 және 1,6 л мөлшерінде Дуал Голд 960, э.к. гербициді сыналды.

Мақта дақылын еккенге дейін немесе дақылдың өскіні жер бетіне көктеп шықпай ендіріліген гербицидтердің арамшөптерге әсерін бақылаудағы бірінші есеп өңдеуден 30 күннен кейін мақтаның 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде, екінші есеп 60 күн өткеннен кейін гүлдеу кезеңінде және мақтаның өсу кезеңнің соңында үшінші есеп жүргізілді.

Препараттар қолмен бүркігіш «Автомакстың» көмегімен қолданылды.

Гербицидтердің биологиялық тиімділігі препараттардың химиялық құрамына, яғни әсер етуші затқа байланысты болды. Топырақтық гербицидтердің тиімділіктерінің салыстырмалы түрде төмен болуын, біз тек бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арамшөптерге ғана таралған әсердің спектрімен түсіндіреміз. Мәселен, трефланның жиын-терім алдындағы есептің нәтижелері бойынша тиімділігі пайдалану мөлшеріне қарай 68,8%, ал гезагардтікі одан төмендеу – 62,3-67,2% болды.
2-кесте - Мақта егістіктеріндегі арамшөптерге қарсы дақылдың өскіндері шықпастан бұрын қолданылған гербицидтердің әсері (2007-2009 жж.)

Нұсқа


Мөлшері, л/га

I – есеп

II – есеп

III – есеп

дана/м2

*б.т.

дана/м2

*б.т.

дана/м2

*б.т.

Бақылау


-

61,8

-

83,5

-

95,4

-

Стомп, 33% э.к.

3,0

8,9

85,6

16,8

79,9

25,4

73,4

Стомп, 33% э.к.

4,0

7,5

87,3

15,2

81,1

23,9

74,9

Стомп, 33% э.к.

5,0

7,7

87,6

15,6

81,3

23,6

75,3

Стомп, 33% э.к.

6,0

7,4

88,1

15,4

81,6

23,3

75,6

Котолинт, к.с.

3,0

7,8

87,3

14,0

83,2

20,5

78,5

Котолинт, к.с.

4,0

6,7

89,1

11,9

85,7

17,7

81,4

Котолинт, к.с.

5,0

6,5

89,5

11,7

86,0

17,3

81,9

Дуал Голд 960, э.к.

1,3

5,3

91,5

8,9

89,4

12,3

87,1

Дуал Голд 960, э.к.

1,6

5,1

91,8

8,4

89,9

11,9

87,5

Ескерту: *б.т. – бақылаумен салыстырғандағы биологиялық тиімділік, % есебімен


2-ші кестені талдау барысында мынаған көңіл аударуға болады: зерттелініп жатқан үш гербицидтің бірдей әсер ету спектріне қарамастан, әр түрлі әсер етуші заттардың арқасында препараттардың биологиялық тиімділігі елеулі ерекшеленді. Мәселен, әсер етуші заты пендиметалин болып табылатын стомп, 33% э.к. гербициді күрмек тары, көкшіл мысыққұйрық, жасыл мысыққұйрық секілді бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерді, қос жарнақтылардан – қызылша гүлтәжіні, жұмыршақты, ақ алаботаны және қызыл таспа таранды толықтай дерлік жойған.

Бір жылдық астық тұқымдас және қос жарнақты арамшөптерге қарсы арналған флометуронның негізінде жасалған котолинт, с.к. гербициді де қызылша гүлтәжі, ақ алабота, қара алқа, бақша қараоты, күрмек тары, көкшіл және жасыл мысыққұйрық арамшөптерін толықтай жойған.

Зерттеудің 3 жылының ішінде барынша жоғары биологиялық тиімділікті дуал голд 960, э.к. гербициді көрсетті. Ол сынақ жүргізіліп отырған басқа гербицидтерге қарағанда, жоғарылау әсерді құрамындағы С-метолахлордың болуының есебінен сезілді. Кестені талдау мынаны көрсетті: зерттелген препараттардың ішінде ең көп фитоуыттылық әсерге дуал голд ие болып отыр.

Мәселен, егерде оның биологиялық тиімділігі I- есептен III-ші есепке дейін 4,3-4,4% төмендеп кеткен болса, онда бұл көрсеткіш стомп пен котолинт үшін пайдалану мөлшеріне қарай тиісінше 12,3-12,5%; 8,8-12,5% құрады.

Экспериментте зерттелінетін астық тұқымдастарға қарсы қолданылатын гербицидтер пантера, арома мен фюзилад фортенің әсер етуші заттары тиісінше хизалофоп-п-тефурил; тепралоксидим және флуазифоп-п-бутил болды, олар бір жылдық та, көп жылдық та, астық тұқымдас арамшөптерді жояды (3-кесте).
3-кесте – Мақта егістіктеріндегі арамшөптерге қарсы дақылдың өскіндеріне қолданылған гербицидтердің әсері (2007-2009 жж.)

Нұсқалар


Мөлшері, л/га

I – есеп

II – есеп

III – есеп

дана/м2

дана/м2

*б.т.

дана/м2

*б.т.

Бақылау

-

61,8

83,5

-

95,4

-

Пантера, 4% э.к.

0,75

62,3

21,2

74,6

27,3

71,3

Пантера, 4% э.к.

1,0

62,2

19,6

76,5

25,7

73,1

Пантера, 4% э.к.

1,5

61,8

19,2

77,0

25,0

73,8

Арамо, 4,5% э.к.

1,0

62,1

18,0

78,5

23,4

75,5

Арамо, 4,5% э.к.

1,5

62,4

17,5

79,1

22,5

76,4

Арамо, 4,5% э.к.

2,0

62,7

17,0

79,6

22,1

76,8

Фюзилад форте 150, э.к.

0,75

61,6

16,4

80,4

16,9

77,3

Фюзилад форте 150, э.к.

1,0

62,1

14,9

82,1

19,6

79,4

Фюзилад форте 150, э.к.

1,5

62,6

14,4

82,8

19,0

80,1

Ескерту: *б.т. – бақылаумен салыстырғандағы биологиялық тиімділік, % есебімен


Сондықтан, осы препараттардың биологиялық тиімділігі де салыстырмалы түрде айтарлықтай жоғары болған жоқ және де гербицидтердің түрлеріне қарай жиын-терім алдындағы есептің нәтижесі бойынша 71,3-80,1%-ды құрады.

Ал күзде өсіп-өніп түрған арамшөптерді құрамында глифосаты бар гербицидтермен бүрку мақтаның бірінші терімінен кейін жүргізілді.

Талдау барысында құрамында глифосаты бар гербицидтердің бірдей биологиялық тиімділіктері жүргізілген есептің үш жылдың орташа нәтижелері бойынша 94,1 және 96,4% құрады.

Глисолдың аясында топырақтық гербицид дуал голдты гектарына 1,3 және 1,6 литр мөлшерінде қолданған кезде препараттың биологиялық тиімділігі III есептің нәижелері бойынша 89,2-89,8% құрады. Ураган форте гербицидінің аясында гектарына 0,75; 1,0 және 1,5 литр мөлшерінде фюзилад форте гербицидін пайдаланудың биологиялық тиімділігі жоғарыдағы нұсқаға қарағанда төмендеу болды. Мәселен, ластанудың III есебінің мәліметтері бойынша биологиялық тиімділік 80,5%-дан 82,8%-ға дейін өзгеріп отырды.

Мақта егістіктеріндегі шектен тыс қолайсыз фитосанитарлық ахуал, фермерлік шаруашылықтар аралығындағы шекараларды арамшөптер жаппай басуынан елеулі түрде қйындай түседі. Сондықтан 2008-2009 жж. арамшөптер басқан жерлерді глисолмен, ураган фортемен және арсеналмен өңдеук күзде мақтаның бірінші терімінен кейін жүргізілді, оның биологиялық тиімділігі 92,9-98,6%-ды құрады.
4.1 Гербицидтердің мақтаның өсуіп-дамуына және өнімділігіне әсері

Тәжірибе жағдайында тұқым себілгенге дейін енгізілген препарттар мақтаның өсуі мен дамуына кері әсер еткен жоқ. Трефлан және гезагард гербицидтері енгізілген өсімдіктер бүкіл даму кезеңінде бақылаумен салыстырғанда жақсы өсіп дамыған және өнім бөліктерін біршама көбірек қалыптастырған. Егер, бақылауда өнім бұтақтарының жалпылама саны 8,5 дананы, көсектердің саны 7,3 дананы құраған болса, ал трефланды қолданған кезде бұл көрсеткіштер тиісінше 8,7-9,1 және 7,5-7,7 дананы құрады. Гезагардты пайдалану кезінде өнімнің осы құрылымдық элементтерінің асып түсуі, бақылаумен салыстырғанда сәйкесінше 0,3-0,4 және 0,2-0,3 дананы көрсетті.

Мақта өнімі құрылымының ең маңызды элементі бір көсектің салмағы болып табылады, ол да гербицидтердің ықпалымен 0,2-0,3 г ұлғайған.

Мәліметтер көрсеткендей, топырақтық гербицидтерге қарағанда, өскіндер пайда болғанға дейін гербицидтерді пайдаланған кезде өнім бұтақтары мен көсектердің санының көбеюінің гербицидтердің мөлшеріне тікелей байланыстылығы байқалады. Сонымен бірге, ең көп маңызға осы көрсеткіштер стомп (6,0 л/га) пен дуал голдты (1,6 л/га) енгізген кезде жеткен және де ол тиісінше 9,9 және 8,0 дананы құраған.

Гербицидтердің ықпалына ең аз ұшыраған өнім құрылымының 1 көсектің орташа салмағы гербицидтердің түрі мен мөлшеріне қарай 3,7-3,8 г аралығында бақылаумен салыстырғанда артық болды.

Әсерлі заттың құрамында глифосаты бар гербицидтерді күзде және осының аясында дуал голдты өскіндер пайда болғанға дейін және фюзилад фортені мақтаның 2-4 нағыз жапырағы пайда болған кезеңде қолдану мақта өнімі құрылымының элементтерінің барлық көрсеткіштерін, биіктігі мен орналасу жиілігін елеулі дәрежеде арттырды. Мәселен, мақтаның өсу ұзындығы 95,8 ден 102,1 см-ге дейін, көсектердің саны 7,8 ден 8,0 данаға дейін, бір көсектің салмағы 3,7 г. нан 3,9 грамға дейін артты.

Орташа есеппен алғанда үш жыл ішінде орналасудың қолайлы тығыздығына, биометрлік тиімді көрсеткіштерге, өнімнің негізгі элементтерінің ең жоғарғы өлшемдеріне глисолды (2,0 л/га) дуал голдпен (1,3 лга), ураган фортені (2,5 л/га) фюзилад фортемен (1,0 л/га) бірге енгізілгенде қол жеткізілді.

Ашық сұр топырақтағы суармалы жағдайда мақтаны күтіп-баптау кезінде топырақтық гербицидтерді тұқым сепкенге дейін пайдалануға қарағанда дақылдардың өскіндері пайда болғанға дейін пайдаланған жөн.

Мәселен, егер де топырақтық гербицидтерді тұқым сепкенге дейін енгізуден мақтаның өнімділігінің артуы орта есеппен алғанда үш жыл ішінде 1,8-3,5 ц/га болса, оларды өскіндер пайда болғанға дейін ендірген кезде өнімнің артуы гектарына 3,2-5,2 центнер болған.

Тәжірибелерде зерттелініп келе жатқан, мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін қолданылған гербицидтердің шаруашылық тұрғыдан тиімділігінің жоғарылығы байқалады. Мәселен, стомпты енгізудің мөлшеріне қарай мақтаның сақталған өнімінің деңгейі абсолюттік мәнде гектарына 3,2-5,2, котолинттікі гектарына 3,2-4,3 ц және дуал голдтікі -4,7-5,1 ц/га құрады.

Тәжірибеде шаруашылық тұрғыдан әсерлігі нашарлау гербицидтер өзінің химиялық құрамы бойынша бір жылдық және көп жылдық астық түқымдас арамшөптерге әсер ете алатын гербицидтер болды.

Дегенмен де, мақтаның өнімділігінің едәуір артуын дақылдың 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде фюзилад форте гербицидін қолдану қамтамасыз етті. Фюзилад форте гербицидінің қосымша өнімі шығын мөлшеріне қарай гектарына 2,0-3,5-3,8 центнерді құраса, пантера гербицидініңкі гектарына 2,0-3,2-3,4 центнер болса, ал арамоның қосымша өнімі гектарына 2,1-3,2-3,4 центнерді құраған. Бұл бақылаудағы үш жыл ішінде өнімділік гектарына орташа есеппен 25,2 центнер болған жағдайдағы алынған мәлімет.

Ал күзде мақтаның бірінші терімінен кейін глисол мен ураган форте гербицидін және осының аясында, көктемде мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін дуал голд гербицидін және дақылдың 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде фюзилад форте препаратын қолдану тәжірибеде ең жоғары өнім (31,5 ц/га) алуға септігін тигізді. Мұнымен қатар, глисол 36% с.е. гербицидінің қолайлы мөлшері 2,0 л/га, ураган форте 500, с.е. гербицидініңкі 1,5 л/га, дуал голд 960, э.к. гербицидініңкі 1,3 л/га және фюзилад форте 150, э.к. гербицидінің қолайлы мөлшері 1,0 л/га болып табылатындығы анықталды.
4.2 Гербицидтердің мақта талшығының технологиялық сапасына әсері

Тәжірибеде сыналған мақта талшығының үлгілері әр жылдары және тәжірибе нұсқалары бойынша кейбір техникалық қасиеттерінің өзгеруі табиғи екенін көрсетеді. Агротехникалық шаралардың өзгеруіне өте сезімтал болған талшықтың негізгі қасиеттері жетілу коэффициенті мен үзілу ұзындығының көрсеткіштері сынақ жүргізілген нұсқаларда бір-біріне жақын келді. Бұл өз кезегінде тәжірибе жылдарындағы жүргізілген агротехникалық шаралар бір шамада екендігін және нұсқалар арасындағы айырмашылыққа сенімділікті арттырады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, талшық шығымы бойынша гербицидтер қолданылған нұсқаларда бақылаудан аз ғана мөлшерде артық мәліметтер алынды, талшық шығымы бойынша қандайда бір заңдылық байқалған жоқ. Сонымен қатар, гербицидтер қолданылған нұсқаларда үзілу салмағы 0,2 г.с., метрлік саны 156 санға, жетілу коэффициенті 0,2-ге және үзілу ұзындығы 1,6-2,5 км бақылаумен салыстырғанда жоғары болды. Айта кететін жәйт, талшықтың негізгі өндірістік көрсеткіші үзілу ұзындығы гербицид ендірілген мөлтектерде төмендеген жоқ, яғни талшық сапасы төмендеген жоқ.
5 Ақшыл сұр топырақ жағдайында сынақтан өткен гербицдтердің топырақтағы және мақта өсімдіктеріндегі қалдық мөлшері

Жүргізілген лабороториялық талдаулармен анықталғандай, барлық топырақтық гербицидтер – трефлан, стомп, гезагард, котолинт және дуал голд өсіп-өнудің соңына қарай топырақтың барлық қабатында 120 күн ішінде толық ыдыраған.

Алынған мәліметтер, трефлан мен дуал голд гербицидтерінің, стомп пен гезагардқа қарағанда үлкен миграциялық жылжығышқа ие екендігін көрсетеді. Мәселен, олардың 10-20 см топырақ қабатындағы мөлшері, анықтаудың екінші мерзімінде 2007 жылы ылғалды көктем жағдайында топырақтың 1кг-да 0,1;0,3 және 0,2 мг құрады. Алайда, ылғалдылығы бойынша әдеттегі жылдары, осы препараттардың улы қалдықтары табылмаған болатын. Барлық зерттелініп жатқан топырақтың гербицидтердің топырақта көбірек жинақталу мен жылжығыштыққа котолинт ие болды, оның улы қалдықтары тәжірибе жүргізілген барлық жылдарда, дақыл бүршік ату кезеңінде топырақтың зерттеліп жатқан барлық қабаттарында бар екендігі анықталған. Мәселен, препараттың топырақтағы улы қалдықтарының мөлшері 2007-2009 жж. анықтаудың екінші мерзімінде топырақтың 11-20 см қабатының өзіде 0,1 ден 0,3 мг/кг аралығында болды, ал қалған топырақтың қабатында, гербицидтер сол мерзімде толықтай ыдырап болған болатын.

Өскіндер шыққаннан кейін қолданылатын гербицидтердің қалдық мөлшері топырақтың 6-10 см қабатында 30 және 60 күннен кейін есептегенде 0,1-0,4 мг/кг шамасында аз ғана мөлшерде табылған.

Мақтаның өсіп-өну барысындағы өскіндер шыққаннан кейін қолданылатын гербицидтердің топырақтағы ең көп қалдық мөлшері фюзилат форте гербицидін қолданған кезде анықталды. Аталмыш препараттың улы қалдықтары әртүрлі жылдары 0-5 см қабатта анықтаудың үш мерзімінде топырақтың 1 килограмына сәйкесінше 3,8-4,2; 1,9-2,1 және 0,1 мг құрады. Ал 6-11 см қабатта 30-60 күннен кейінгі есепте 1 кг топырақта 0,4-0,5 мг гербицидтің қалдығы болған. Өнімді жинау кезінде алынған топырақ үлгілерінде өскіндер пайда болғаннан кейін қолданылатын фюзилад форте гербицидінің топырақтағы қалдық мөлшері табылмады.

4-кесте - Мақта егістіктеріндегі арамшөптерге қарсы дақылдың өскіндеріне қолданылған гербицидтердің топырақтағы қалдық мөлшері, мг/кг (2007-2009 жж. орташа есеппен)





Нұсқа

Қол-дану мөл-шері,

л/га


Жыл

Гербицидтер ендірілгеннен соң есеп жүргізілген күндер

30 күннен соң

60 күннен соң

120 күннен соң

Топырақ қабаттары, см

0-5

6-10

11-20

0-5

6-10

11-20

0-5

6-10

11-20

Пантера, 4% э.к., ә.е.з. хизалофоп-п-тефурил, 40 г/л

1,5

2007

1,5

0,4

із

0,8

0,3

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

2008

1,3

0,3

жоқ

0,7

0,2

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

2009

1,4

0,4

жоқ

0,7

0,3

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Арамо, 4,5% э.к., ә.е.з. тепралоксидим, 45 г/л

2,0

2007

1,2

0,3

жоқ

0,5

0,2

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

2008

1,0

0,3

жоқ

0,4

0,1

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

2009

1,1

0,2

жоқ

0,4

0,2

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Фюзилад форте 150, э.к., ә.е.з. флуазифоп-п-бутил, 150 г/л

1,5

2007

4,2

0,5

қал-дық

2,1

0,3

қал-дық

0,01

жоқ

жоқ

2008

3,8

0,4

жоқ

1,9

0,2

қал-дық

қал-дық

жоқ

жоқ

2009

4,0

0,5

қал-дық

2,0

0,2

қал-дық

0,01

жоқ

жоқ

Дақыл өсіп-дамыған сайын зерттеліп жатқан барлық гербицидтердің жапырақ-сабақ бөліктеріндегі қалдық шоғыры елеулі түрде азайып отырады. Сонымен бірге, анықтаудың 4-ші мерзімінде коталинттің, дуал голд пен фюзилад фортенің улы қалдықтары табылған, олардың қалдық мөлшері тиісінше 0,03; 0,02 және 0,04 мг/кг құрады және де трефланның да, стомптың да қалдықтарының мөлшері табылған. Гезагардтың, пантераның, арамоның, глисол мен ураган фортенің жапырақ-сабақ бөліктерінде улы қалдықтар қыркүйек айында жүргізілген талдау кезінде анықталмаған. Осыған сәйкес жоғарыда келтірілген препараттардың қалдықтары мақтаның-тұқымдарында да, талшықтарында да жоқ болып шықты.


6 Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолданудың экономикалық тиімділігі

Үш жылдық зерттеулердің нәтижесінде анықталғаны: республиканың оңтүстігінің ақшыл сұр топырағында мақтаны күтіп-баптау кезінде арамшөптерге қарсы дақылды еккенге дейін - трефлан 24%, э.к.- гербицидін 5,0 л мөлшерде ендіру гектарына 12085 теңгеге тең таза табыс әкеліп және шығындардың өтемділігін - 1,7 есеге арттыруды қамтамасыз етті; мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін дуал голдт 960, э.к. гектарына 1,3 литрден ендіру шығындардың өтелуін 1 теңге 3,0 теңгеге тең болған жағдайда гектарына 21187 теңге көлемде таза табыс алуға мүмкіндік берді.

Астық тұқымдас арамшөптерге қарсы гербицид фюзилад фортенің 150, э.к. қолайлы мөлшері гектарға шаққанда 1,0 л құрады. Мұндағы шартты түрдегі таза табыс гектарына 11933 теңгені, ал шығындардың өтемділігі 2,0 есені құрады.

Мақтаның алғашқы қол терімінен кейін ұсынылатын глисолды гектарына 2,0 л және де осының аясында дақылдың өскіндері пайда болғанға дейін дуал голд 960, э.к гербицидін гектарына 1 л мөлшерде ендіру 25241 теңгеге тең шартты таза табысты алуды және жұмсалған қаражаттың 1 теңгеге 2,4 теңге болып өтелуін қамтамасыз етті. Біздің зерттеулеріміз мақта егістіктерінде гербицидтерді тұқым себілгенге дейінгі, өскіндер шыққанға дейінгі, өскіндер пайда болғаннан кейінгі және күзде қолданудың орасан зор тиімділігін көрсетті. Бұл, арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдану мақта өнімінің өзіндік құнын төмендетудегі, еңбек, ақшалай және материалдық шығындарды азайтудағы және мақта шаруашылығындағы еңбек өнімділігін өсірудегі маңызды резерв болып табылады деп есептеуге негіз бола алады.



Қорытынды
1. Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақты мақта егістіктерінде жүргізілген гербологиялық мониторингтің мәліметтері бойынша арамшөптердің 13 ботаникалық тұқымдасына жататын 25 түрі тіркелді. Биологиялық топтар бойынша аз жылдық арамшөптер 68,0%-ды, көпжылдық арамшөптер 32,0%-ды құрады. Аз жылдық астық тұқымдас арамшөптердің биотипі толықтай жаздық түрлерден тұрды. Аз жылдық қос жарнақты арамшөптердің арасында жаздық түрлері 86,0%, ал қыстап шығушылары 14,0%. Көп жылдық арамшөптердің биологиялық тобында дара жарнақтылар (58,0%), қосжарнақтылармен салыстырғанда (42,0%) басым болды. Қос жарнақты арамшөптердің арасында сояу тамырлы түрлердің өкілдеріне 40,0% тура келсе, атпа тамырлыларға -60,0% сәйкес келді.

Егістен тыс жерлерде арамшөптердің 31 түрі тіркеліп, агрофитоценоздарға қарағанда 6 арамшөп түрі көп болды, олар жер үсті баттауығы (вейник наземный - Calamagrostis epigeios (L.) Roth.), емдік бақбақ (одуванчик лекарственный - Taraxacum officinale Wigg.), Биберштейн мыңжапырағы (тысячелистник Биберштейна - Achillea bibersteinii Afan), қалталы ебелек (рогач сумчатый - Ceratocarpus utriculosus Bluk), кәдімгі алабүйі (крестовик обыкновеный - Senecio vulgaris L.), түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая - Vicia villosa Roth.), бұлармен ластану 2-3 балды құрайды.

2. Топырақ қабатының тереңдігінің артуымен арамшөптердің тұқым қоры азайды. Тұқымдардың жалпылама санының шамамен 65%-ы топырақтың 0-20 см қабатында шоғырланған. Мақта егістігіндегі топырақтың 0-40 см қабатындағы тұқымдардың қоры гектарына 76,9 млн. данаға дейін жетті. Топырақтық гербицидтер топырақтағы тұқымдар қорының толығу үдерісін 17,8-18,7%, ал өскінге ендірілген гербицидтер 11,9-12,8% азайта алды.

3. Гербицидтердің биологиялық әсерлілігі препараттардың химиялық табиғатына тікелей байланысты болды. Жиын-терім алдында жүргізілген есептің нәтижелері бойынша топырақтық гербицидтерді тұқым себуге дейін ендіру кезіндегі биологиялық әсерлілік енгізу мөлшеріне қарай трефлан, 24% э.к. үшін 65,8-68,8%; гезагард, 500 с.к. үшін - 62,3-67,2% құрады. Дақылдардың өскіндері пайда болғанға дейінгі топырақтық гербицидтерінің ішіндегі ең жоғары фитоуыттылық әсерге дуал голд 960, э.к. ие. Оның биологиялық тиімділігі III есептің нәтижелері бойынша 87,5% құрады. Астық тұқымдастарға қарсы қолданылатын гербицидтердің биологиялық тиімділігі салыстырмалы түрде айтарлықтай жоғары болмады да, енгізудің түрі мен мөлшеріне қарай жиын-терім алдындағы есептің нәтижелері бойынша 71,4-80,4% құрады. Тәжірибе жағдайында глисол, 36% с.е. аясында дуал голдты 960, э.к. гектарына 1,3 л мөлшерінде ендіру арамшөптердің 90,0%-н жойды, ал ураган форте, 500 с.е. гербициді аясында фюзилад форте 150, э.к. гербицидін гектарына 1,0 л мөлшерінде пайдалану арамшөптерді 82,0%-ға жойды.

Егістен тыс арамшөп басқан жерлерде ураган форте, 500 с.е. мен арсенал 25% с.к. гербицидтері 4,0-2,0 л мөлшерінде, сәйкесінше арамшөптерге 97,5 және 98,5% биологиялық тиімділікті көрсетті

4. Гербицидтерді қолдану мақта өнімі құрылымының жақсаруына септігін тигізді. Сонымен бірге, өнім беретін бұтақтардың саны орташа есеппен 1,0 данаға, көсектердің саны 0,7 данаға, бір көсектің орташа салмағы 0,3 г және де бір өсімдіктен алынатын мақта шикізатының салмағы 3,9 г-ға артты.

5. Суармалы ашық сұр топырақта мақтаны күтіп-баптау кезінде арамшөптерге қарсы дақылды еккенге дейін гектарына 5,0 л мөлшерінде трефлан, 24% э.к. мен гезагард, 500 с.к. гербицидін гектарына 2,0 л мөлшерде енгізу, орташа есеппен алғанда 3 жыл ішінде мақта шикізаты өнімінің өсімін тиісінше 3,2 және 2,3 ц тең мөлшерде алуды қамтамасыз етті. Мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін қолданылатын топырақтық гербицидтердің жоғары шаруашылық тиімділігі анықталды. Мәселен, енгізу мөлшеріне байланысты стомп, 33% э.к. гербицидінен сақталған өнімнің деңгейі гектарына 3,2-5,2 ц немесе 112,3-120,1%-ды, котолинт, с.к. гербицидінікі 3,2-4,3 ц немесе 112,3-116,6% және дуал голд 960, э.к. гербицидінікі гектарына 4,7-5,1 центінерді немесе 118,1-119,7 %-ды құрады.

Астық тұқымдас арамшөптерге қарсы дақылдың 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде фюзилад форте 150, э.к гектарына 1,0 л мөлшерде пайдаланғанда қосымша өнім гектарына 3,0 ц құрады.

Тәжірибе жағдайында мақтаның бірінші терімінен кейін глифосаттан тұратын гербицидтерді және осының аясында келесі жылы мақтаны еккенге дейін дуал голд 960, э.к. гектарына 1,3 литр мөлшерде және дақыл өскіндеріне фюзилад форте 150, э.к. гектарына 1,0 л мөлшерде қолдану үш жыл ішінде мақта шикізатынан орташа есеппен тиісінше әрбір гектарынан 6,0 және 5,5 ц қосымша өнім алуға мүмкіндік берді.

6. Енгізілген гербицидтердің мақта талшығының сапасына әсері гербицидтер қолданылған нұсқаларда бақылаудан аз ғана мөлшерде артық болды, талшық шығымы бойынша қандайда бір заңдылық байқалған жоқ. Сонымен қатар, гербицидтер қолданылған нұсқаларда үзілу салмағы 0,2 г.с., метрлік саны 156 санға, жетілу коэффиценті 0,2-ге және үзілу ұзындығы 1,6-2,5 км бақылаумен салыстырғанда жоғары болды.

7. Ашық сұр топырақта суармалы жағдайда мақта егістіктерінде қолданылатын топырақтық және өскіндік гербицидтер 5-6 ай ішінде әсерін толықтай жойғандығы анықталды. Коталинт, с.к пен фюзилад форте 150, э.к. гербицидтерінің 0,01 мг/кг көлеміндегі қалдық мөлшері қыркүйек айында іріктелініп алынған тұқымдардың үлгілерінде табылған. Егінді жинау алдындағы барлық топырақ және өсімдік үлгілерінде гербицидтердің уытты қалдықтары табылған жоқ.

8. Экономикалық тұрғыдан стомп, 33 % э.к. гектарына 4,0 л мөлшерінде және дуал голд 960, э.к. гербицидін гектарына 1,3 л мөлшерінде мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін пайдалану шығындары бір теңгеге шаққанда 2,0 және 3,0 теңге етіп өтеді, орташа есеппен үш жыл ішінде гектарына 18010 және 21187 теңгеге тең таза табыстың алынуын қамтамасыз етті.

Астық тұқымдас арамшөптерге қарсы фюзилад форте 150, э.к. гербицидін қолданудан алынған таза табыс 11933 теңге/га, ал шығындардың өтемділігі 2,0 есе болды.

Құрамы глифосаттан тұратын гербицидтерді күзде және осының аясында келесі жылы өскіндер пайда болғанға дейін және өскіндер пайда болғаннан кейін гербицидтерді пайдалану мақтаның сақталған өнімінің анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етті және шығындардың 1,7-2,4 есеге тең өтемділігі жағдайында 15276-25241 теңге таза табыс алынды.



Өндіріске ұсыныстар
Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайындағы мақта егістігін арамшөптердің басу дәрежесіне қарай төмендегідей химиялық қорғау шаралары ұсынылады:

- мақтаның өскіндері пайда болғанға дейін дуал голд 960, э.к. топырақтық гербицидін гектарына 1,3 л мөлшерінде пайдалану;

- бір жылдық және көп жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы фюзилад форте 150, э.к гербицидін гектарына 1,0 л мөлшерде пайдалану ұсынылады;

- күзде мақтаның өсіп-өну кезеңінің соңында глифосаттан түратын гербицидтерден глисол, 36 % с.е. 4,0 л/га немесе ураган форте, 500 с.е. гербицидін 2,5 л/га мөлшерінде және осының аясында көктемде өскін шыққанға дейін дуал голд 960, э.к. гербицидін 1,3 л/га мөлшерінде және өскін шыққаннан кейін фюзилад форте 150, э.к гербицидін гектарына 1,0 л/га мөлшерінде енгізу қажет;

- мақта егісінен тыс жерлердегі арамшөптердің барлық түріне қарсы ураган форте, 500 с.е. гербицидін 4,0 л/га немесе арсенал 25% с.к. гербицидін гектарына 2,0 л мөлшерінде қолдану тиімді.


Диссертация тақырыбы бойынша

жарияланған ғылыми еңбектер тізімі
1. Умбетаев И., Бигараев О., Костаков А. Сорняки на посевах хлопчатника и применение гербицидов против них // I-ая международная научная конференция молодых ученых и аспирантов, посвященная 15-летию независимости Республики Казахстан «Актуальные проблемы защиты и карантина растений».- Алматы, 2006. -С. 86-88.

2. Умбетаев И., Бигараев О., Мустафаев А.Б., Костаков А. Сорняки на посевах хлопчатника и химические методы борьбы с ними в условиях староорошаемой зоны Казахской части Голодной степи // Материалы международной научно-практической конференции «Тупрок унимдолигини оширишнинг илмий ва амолий асослари». – Ташкент, 2007. -С. 325-328.

3. Умбетаев И., Бигараев О., Мустафаев А.Б., Костаков А. Видовой состав сорной растительности на посевах хлопчатника и применение гербицидов против них //Материалы международной научно-практической конференции «Инновационные идеи молодых ученых как вклад в развитие науки». – Шымкент, 2007. -С.33-37.

4. Қостақов А.Қ. Мақтаны вегетациялық суаруға дейін фюзилад-форте гербицидінің мақта егістігіндегі арамшөптерге әсері //«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2007. -67-68 б.

5. Умбетаев И., Бигараев О., Мустафаев А.Б., Костаков А. Гербологический мониторинг посевов хлопчатника //Вестник с.-х. науки Казахстана. - 2007. - №11. -С.25-27.

6. Умбетаев И., Бигараев О., Мустафаев А.Б., Костаков А. Вред, причиняемый сорняками посевам хлопчатника, химические методы борьбы с ними // Вестник с.-х. науки Казахстана. - 2007. - №12. -С.34-35.

7. Биғараев О., Қостаков А. Фюзилад-форте гербецидінің мақта егістігіндегі арамшөптерге әсері // Жаршы. - 2008. -№9. -15-17 б.

8. Костаков А. Влияние различных агротехнологий и гербицидов на снижение засоренности посевов хлопчатника // Сборник материалов международной научно-практической конференции «Достижения проблемы защиты и карантина растений», посвященной 50-летию образования Казахского НИИ защиты и карантина растений. -Алматы, 2008. -С. 188-192.

9. Қостаков А., Жарасов Ш.У., Биғараев О. Мақта егістігін зиянды организмдерден қорғау - өнімді көбейтудің маңызды резервтері // Сборник материалов международной научно-практической конференции «Достижения, проблемы защиты и карантина растений», посвященной 50-летию образования Казахского НИИ защиты и карантина растений. -Алматы, 2008. -С. 166-169.

10.Үмбетаев И., Биғараев О., Қостаков А. Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы жаңа гербицидтердің әсері //«Сырдария» университетінің 10 жылдығына арналған «Жаңа әлемдегі Қазақстан және Ұлттық білім беру проблемалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері.

- Жетісай, 2008. -49-51 б.

11. Умбетаев И., Биғараев О., Жарасов Ш.У., Қостақов А. Меры борьбы с сорняками на посевах хлопчатника // «Пахтачиликдаги долзарб масалалар ва уни ривожлантириш истиқболлари» мавзусидаги халқаро илмий-амалий конференция маърузалари асосидаги мақолалар туплами. –Ташкент, 2009.

-290-291 б.

12. Қостақов А., Жарасов Ш.У. Мақта егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдану // «Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің өзекті мәселелері» жас ғалымдар мен аспиранттардың IV халықаралық ғылыми конференциясы материалдар жинағы. – Алматы, 2009. -26-28 б.

13. Қостақов А. Оңтүстік аймақтың суармалы бөлігіндегі арамшөптердің түр құрамы, таралу орындары және олардың тұқымдарының топырақта жинақталуы // Жаршы. - 2009. - №7. -5-7 б.

14. Костаков А. Эффективность внесения послевсходовых гербицидов в борьбе с сорняками на посевах хлопчатника // Труды XII-й международной научно-практической конференции «Аграрная наука-сельскохозяйственному производству Казахстана, Сибири и Монголии». - Алматы, 2009. –С.333-335.

15. Умбетаев И., Жарасов Ш.У., Костаков А. Различные типы засорения хлопковых полей юга-Казахстана // Сборник трудов республиканской научно-практической конференции «Наука и производство». Жетысай, 2009. -С.67-72.

16. Қостақов А. Гербицидтердің мақта талшығының технологиялық қасиеттеріне әсері // Жаршы. - 2010. - №3. -33-34 б.

17. Костаков А. Влияние гербицидов на густоту стояния, рост и развитие хлопчатника // Материалы международной научно-практической конференции «Научное обеспечение развития агропромышленного комплекса стран таможенного союза». - Астана, 2010. – С.160-163.

18. Умбетаев И., Костаков А. Эффективность новых послевсходовых гербицидов на сорняки в посевах хлопчатника //«Қишлок хужалигини инновацион ривожлантиривда олий ва урта махсус, касб-хунор таълим муассасалари еш олимларнинг роли» илмий-амалий анжумани материаллар туплами. - Ташкент, 2010. -126-129 б.

19. Сагитов А.О., Костаков А. Эффективность осеннего внесения гербицидов в борьбе с сорняками на посевах хлопчатника // Материалы международной конференции «Достижения и перспективы земледелия, селекции и биологии сельскохозяйственных культур». - Алмалыбак, 2010. -С.400-402.

20. Сағитов А.О., Қостақов А. Мақта егістігінің арамшөптермен ластануының бүгінгі таңдағы жағдайы // Жаршы. - 2010.- №4. -19-21 б.

21. Сағитов А.О., Қостақов А. Мақта егістігіндегі арамшөп топтарының арақатынасы // Материалы республиканской научной конференции молодых ученых «Вклад молодых ученых в аграрную науку». – Астана. 2010. – 231-236 б.

22. Сағитов А.О., Қостақов А. Мақта егістігінде гербицидтерді қолданудың мөлшері мен мерзімдеріне байланысты биологиялық тиімділігі // Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы индустриально-инновационного развития АПК РК: состояние и перспективы». - Алматы, 2010. – С. 207-209.

23. Умбетаев И., Бигараев О., Костаков А. Рекомендации по борьбе с сорняками на посевах хлопчатника в условиях староорошаемой зоны Южно-Кахахстанской области // - Атакент, 2008. – 18 с.

24. Сыдык Д.А., Сыдыков М.А., Асауов С.Т., Бигараев О.К., Жарасов Ш.У., Костаков А. Рекомендации по применению гербицидов на посевах сельскохозяйственных культур в условиях Южного Казахстана // -Алматы, 2008. -9-11 б.

25. Үмбетаев И., Биғараев О., Тағаев А., Қостақов А. Қазақстанның оңтүстүгінде мақта қозасын баптаудың қор үнемдеу технологиялары // Ұсыныстар. – Шымкент: Кітап, 2010. -88-91 б.

Резюме


Костаков Амандык Камбарович

«Химические меры борьбы с сорняками в посевах хлопчатника на светлых сероземах юга Казахстана»

06.01.11-защита растений



Объект исследований – сорт хлопчатника Махтаарал-4005 и новые, эффективные химические препараты против однолетних и многолетних сорняков.

Цель исследований. Разработать регламенты применения новых гербицидов против комплекса сорной растительности для повышения продуктивности хлопчатника на светлых сероземах юга Казахстана.

Научная новизна. В условиях светлых сероземов юга-Казахстана на посевах хлопчатника были разработаны регламенты применения (сроки, нормы и сочетания) перспективных гербицидов против однолетних и многолетних сорных растений. Установлена возможность применения глифосатсодержащих гербицидов в конце вегетации хлопчатника. Выявлены доминантные виды сорных растений, их биологические особенности, запас семян в почве.

При проведении гербологического мониторинга агрофитоценозов хлопчатника названия сорных растений приведены по Международной классификации (код ВВСН), на государственном языке Республики Казахстан, по Линнею - на латинском и русском языке, что помогут специалистам и товаропроизводителям унифицировать названия сорных растений.



Публикации. Основные положения диссертации опубликованы в 6 статьях, в 3-х рекомендациях и 14 тезисах докладов на международных научных конференциях.

Структура и объем диссертации: Диссертация изложена на 148 стр. компьютерного текста. Состоит из введения, 9 глав основной части, заключения, предложения производству и приложения. Содержит 29 таблиц, 25 рисунков. Список использованных источников включает 196 наименований.

Методы проведения работы. Полевые опыты, лабораторные анализы почвенных и растительных образцов, статистический анализ.

Область применения - хлопкосеющие районы Южно-Казахстанской области.

Результаты работы. На светлых сероземах в посевах хлопчатника зарегистрировано 25 видов доминантных сорных растений, принадлежащих к 13 ботаническим семействам. По биологическим группам сорные малолетние растения составляют 68,0%, многолетние 32,0%. В резерватах, в отличие от посевов хлопчатника произрастает 31 вид сорных растений, что на 6 видов больше в сравнении агрофитоценозами.

При этом порядка 65% от общего количества семян сосредоточено в слое 0-20 см. Общий запас семян в слое почвы 0-40 см достигает 76,9 млн.шт./га. Почвенные и повсходовые гербициды способны подавлять процессы восполнения запаса семян в почве на 17,8-18,7% и соответственно 11,9-12,8%.

Наибольшим фитотоксическим действием из почвенных гербицидов, обладает дуал голд 960, к.э., биологическая эффективность которого по результатам III-учета составила 87,5%. Эффективность противозлаковых гербицидов была меньше и в зависимости от вида, норм внесения составила 71,4-80,4%.

На фоне глисола, 36% в.р. внесение дуал голда 960, к.э. в норме 1,3 л/га подавляла сорняки на 90,0%. Использование фюзилад форте 150, к.э. в норме 1,0 л/га на фоне ураган форте 500, в.р.-82,0%.

На резерватах применение против комплекса сорняков ураган форте 500, в.р. и арсенал 25% в.к. в нормах 4,0 и 2,0 л/га соответственно обеспечил эффективность, равную 97,5 и 98,5%.

Применение гербицидов способствуют улучшению структуры урожая хлопчатника. Количество плодовых ветвей увеличивается в среднем на 1,0 шт., коробочек на 0,7 шт., средняя масса одной коробочки на 0,3 г и масса хлопка-сырца с 1 растения на 3,9 г.

Установлена высокая хозяйственная эффективность почвенных гербицидов. В зависимости от норм внесения уровень сохраненного урожая от стомпа 33% к.э. составил 3,2-5,2 ц/га, котолинта, к.с.-3,2-4,3 ц/га и дуал голда 960,к.э.- 4,7-5,1 ц/га.

Из противозлаковых гербицидов предпочтительно использовать фюзилад форте 150, к.э. в норме 1,0 л/га. Прибавка урожая при этом составила 3,0 ц/га.

В условиях эксперимента оптимальным является применение под предшествующую культуру глифосатсодержащих гербицидов и на этом фоне до посева хлопчатника дуал голд 960, к.э. в норме 1,3 л/га и фюзилад форте 150, к.э. в норме 1,0 л/га, позволяющих получить в среднем за три года прибавку урожая хлопка-сырца равного 6,0 и 5,5 ц/га соответственно.

Установлено, что гербициды, применяемые на посевах хлопчатника возделываемого на светлых сероземах, полностью инактивировались в течение 5-6 месяцев.

Экономически целесообразным является использование до появления всходов хлопчатника стомпа, 33% к.э. в норме 4,0 л/га и дуал голда 960, к.э. в норме 1,3 л/га, обеспечивших получение в среднем за три года условно- чистого дохода равного 18010 и 21187 тенге/га.

Применение глифосатсодержащих гербицидов осенью и на этом фоне использование довсходовых и послевсходовых гербицидов способствовало получению чистого дохода, равного 15276 и 25241 тенге при окупаемости затрат 1,7 и 2,4 раза.




SUMMARY
Kostakhov Amandyk Kambarovich

"Improvement of chemical measures for weed control in cotton crops on light

gray soils of southern Kazakhstan "

06.01.11 – plant protection
The object of research - cotton variety M-4005 and new, effective chemical agents against annual and perennial weeds.

The purpose of research. Development of the application regulations of new herbicides against a complex of weeds to improve productivity of cotton on light gray soils of the South Kazakhstan.

The scientific novelty. In conditions of the light-gray soils of the Southern Kazakhstan on cotton crops have been developed regulations of application (terms, rates and combinations) of promising herbicides against annual and perennial weeds. The possibility of using herbicides containing gliphosates at the late growing season of cotton is established. Revealed the dominant species of wild plants, their biological characteristics, the stock of seeds in the soil.

During the herbological monitoring of cotton agrophytocenosis the weed titles are listed by the International Classification (code BBCN), in the official language of the Republic of Kazakhstan, on Linney (in Latin) and Russian, which will help professionals and producers to standardize the names of weeds.

Publications. Key provisions of the thesis are published in 6 articles, 3 recommendations, 14 abstracts at the proceedings of the international and 2 national scientific conferences.

The structure and scope of the thesis: The thesis is presented on 148 pages of computer text. Consists of an introduction, 9 chapters of the main part, conclusions, proposals to production and applications. Contains 29 tables, 25 figures. List of references includes 196 titles, including 11 in foreign languages.

Methods of investigation. Field experiments, laboratory analysis of soil and plant samples, the statistical analysis.

Area of investigation - cotton growing areas of the South Kazakhstan region.

Results of the investigation. On light gray soils on cotton crops were registrated 25 species of dominant weeds belonging to 13 botanical families. For biological weed groups annual plants are 68.0% and 32.0% perennial. In the reserves, in contrast to the cotton sowings, grow 31 species of weeds that for 6 species more than in agrophytocenoses.

About 65% of the total number of seeds are concentrated in a layer of 0-20 cm. Total stock of seeds in the soil layer 0-40 cm reached 76.9 million units per hectare. Soil and preemergence herbicides can inhibit the processes of filling the reserve of seeds in the soil for 17,8-18,7% and 11,9-12,8%, respectively.

Dual gold 960,EC, has the greatest phytotoxic effect of soil herbicides, the biological effectiveness based by the third estimation was 87,5%. Effectiveness of the grass control herbicides was less and depending on the type, application rates has made 71,4-80,4%.

On the background of glisol, 36% SL, introduction of dual Gold 960, EC at the norm of 1.3 l/ha suppressed the weeds for 90,0%. Application of fyuzilad forte 150,EC at the norm of 1.0 l/ha on the background of uragan forte 500,AS - 82,0%.

The use of uragan forte 500, AS and arsenal, 25% SL on reserves against the complex of weeds at the norms of 4,0-2,0 l/ha, respectively, provided the efficiency equal to 97.5 and 98.5%.

Application of herbicides contribute to improving the structure of the cotton yield. Number of fruit branches increased by an average of 1.0 pc., Bolls at 0.7 pc. The average weight of one capsule at 0.3, and the mass of raw cotton from a plant to 3.9g.

The high economic efficiency of soil herbicides is established. Depending on the level of application rates of stomp, 33% EC the degree of the harvest has made 3,2-5,2 kg/ha, of kotolint, SC-3,2-4,3 kg/ha and dual Gold 960 EC- 4,7-5,1 kg/ha.

From the herbicides against grasses are preferred fyuzilad forte 150,EC at the norm of 1.0 l/ha. Yield increase at the same time reached 3.0 tons per hectare.

Under the experimental conditions it is optimal to apply to the previous culture herbicides containing gliphosate and on this background before sowing cotton dual gold 960, EC at the norm of 1.3 l/ha and fyuzilad forte 150, EC at the norm of 1.0 l/ha, allowing to obtain an average yield increase of raw cotton for three-year equal to 6.0 and 5.5 kg/ha, respectively.

It is established that the herbicides applied on cotton crops cultivated under irrigation on light gray soils completely inactivated within 5-6 months.

Pre-emergence application of Stomp, 33% EC at the norm of 4.0 l/ha and dual Gold 960, EC at the norm of 1.3 l/ha on cotton is economically feasible, providing the average three-year suspended net income equal to 18010 and 21187 tenge/ha, payback 2.0 and 3.0 tenge at the tenge. The optimal rate of grass control herbicide fyuzilad forte 150, EC is 1,0 l/ha. Conventional net income amounted to 11,933 tenge/ha and cost recovery factor of 2.0 times.
Application of the herbicides containing gliphosate in autumn and on this background the use of pre-emergence and postemergence herbicides contributed to the net income equal to 15276 and 25241 tenge, cost recovery equal to 1,7 and 2,4 times.



Прослушать



На латинице


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет