“Отан неден басталады” «С чего начинается Родина»


«Отанның бір бөлігі – салт-дәстүр»



бет11/13
Дата09.07.2016
өлшемі11.71 Mb.
#186433
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

«Отанның бір бөлігі – салт-дәстүр» Самал Қабыкенова, 11сынып

Рудный қаласының «№15 орта мектебі»ММ

Жетекшісі: Г. М. Кудесова

Рудный қ.

Кіріспе.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Ал ойлы – пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді азаматтың ақыл – ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік,білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішпейімділік, әдептілік, елін-жерін, Отаннан сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзекті орнын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.



Ат мінгізіп шапан жабу

«Ат мінгізіп шапан жабу» - үлкен құрметтердің бірі.Қазақ халқында аса құрметті қонақтарға, ақындарға, батырларға,палуандарға ат мінгізіп, иығына шапан жапқан.Бұл салт – дәстүр өз мәнін жоғалтпай қазіргі кезде қолданылуда.


Бата
Ақ тілеудің белгісі – бата.Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым.Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді.Мұның бірнеше түрлері бар: Соның бірі – ас – дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту.Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіру шарт.Әдетте батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді.
Белкөтерер
Бұл үлкен,көпті көрген кісілерге арналған тағам.Олар ерекше күтімді қажет етеді.Үлкен кісілерге арнайы дәмді, жұмсақ тағамдар пісірілген.Мысалы, қазы, жент, қымыз, ірімшік, бал т.б.Оны балалары, көршілері, жақын туыстары пісіріп әкелген.Бұл салт – дәстүр ата – ананы, үлкен кісілерді қамқорлау, құрметтеу үлгісі ретінде түсіндіріледі.
Бес жақсы

Бес жақсыны аса құрметті, беделді адамдарға тарту еткен.Оның құрамына:Біріншіден,Түйе - «қара нар», екіншіден жүйрік ат, үшіншіден қымбат кілем, төртіншіден алмаз қылыш,бесіншіден Собы күбісі- «бұлғын ішік».


Ерулік
Ерулік – жаңа көші келген көршілерге деген дәм.Ауыл ортасына жаңаүй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады.Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар.Мысалы бірінші көшіп келген адамдардың үйінде отын, тағы бір қажетті заттар болмаса ол жағынан көршілері көмек берген.
Жылу
Жылу – материалдық көмек.Қайғы қасірет (өрт, су тасқыны т.б) шеккен адамдарға тұрмыс, қаржы, моральді көмек көрсету.Бұл үшін жақын туыс болу міндетті емес.Осындай қасірет шеккен адамдарға қаржы, тұрғын үй жағынан көмек береді.Жылу – адамгершіліктің,жақсылықтың белгісі.
Қонақ кәде

Қонақкәде (қонақ - қонақ; кәде - сый).Үй қожайыны келген қонақтардан қонақкәде сұрауға құқұлы.Яғни өлең оқу, күй тарту, ән айту т.с.с.Қонақкәденің шығуы көңілді отырудың, қонақ өнерін сынаудан шыққан мәдениеттілік белгісі.Қазақ халқы өз балаларын туғаннан бастап өнерге, айтысқа, қол өнерге, шешендікке, өлең, домбыра үйренуге ерте баулыған.Бұрынғы жастардың «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз болуының түп қазығы міне, осында жатыр.



Сүйінші

Сүйінші – ол қазақ халқының жақсы хабарды жеткізу дәстүрі.Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші!» деп келеді.Мұндайда қуанышты үй иесі:қалағаныңды ал»,-дейді.Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі.Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай жамандығы жоқ.


Сәлемде
Сәлемде – адамдардың бір – біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі.Келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының, адал көңілінің кілті.Сәлем берген саулық береді», - дейді халық.Ал сәлемдеме берудің мән – мағынасы одан да жоғары.

Көрімдік.

Бұл жаңа туған сәбиге не болмаса, жаңа түскен келінге деген алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын – жуықтың адамгершілігін, ниетін танытудың белгісі ретінде қаралады.



Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші - көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны(базарлық) деп атайды.Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Жеті ата

Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел).Өмір тәжірбиесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан.Мұның әлеуметтік зор мәні болған.Қазірде солай.Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған.Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан.Сондықтан әр қазақ баласы өз ата – тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.Олай болса жеті ата:1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.



Тыйым

Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел – жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың елгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған.Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп.


Араша

Араша – таласып немесе төбелесіп жүргендерді тоқтату үшін дауыс. Егер дауласқандар «Араша!», «Араша!» сөзді естісе ұрысты дер кезінде тоқтатуға міндетті. Тіл алмауы айыппұлмен жазаланды.



Кұтты болсын

Бала туған, келін түсірген т.б сол сияқты қуанышқа(қайырлы болсын) айту ата салтымыз.Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.(Қайырлы болсын) айтуға келмегендерге өкпелеуге де болады.Өйткені, ол тілегі, ықыласы жоқ деген бөтен ойды білдіреді.



Тоқымқағар

Жас адам жоға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.Мұнда арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын – сауық, өлең, жыр айтылады.Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат – көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.



Тізе бүгу

Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар.Мұның бәріде негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген.Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады.Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек.Бұл шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.



Шашу
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде т.б зор қуанышты күндерде әйелднр құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады.Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.Шашуды әйелдер ғана шашады.

Ат кою.

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.Кейде Қырықтың бірі қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады.Баланың құлағына еңкейіп «Сенің атың ...» деп үш рет айтады.Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойдырған.Ат қойыстың өзінен де бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, таным – түсінігі, ой – арманы ап – айқын көрініп тұрады.


Бесік жыры.

Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады, ол бесікті аластап, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады.Әр жабылған нәрсенің өздік мәні бар.Бесіктің ішіне кішкене көрпеше мен жастық салынады.Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі.Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.Пәле – жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағылып қояды.Бесіктің мынандай құрал – жабдықтары болады:жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау т.б.



Қырқынан шығару.

Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады.Бұл – ресми дәстүр.Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қояды.Баланың қырқынан шығарудың тағы бір ерекше маңызы бар.Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды.Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.Бала тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар, олар мынандай:құрсқ шашу, кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тіл ашар т.б.


Тұсаукесер.
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Әдетте баланың туғанына 12 – 14 ай толғанда жасалады.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Атқа мінгізу тойы

Бала 4,5 – 5-ке толғанша әке- шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды.Ерді қайыңның безінен шаптырып жасатады.Мұны ашамай ер деп атайды.Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгі бауларын киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады.Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арнаған құнанына ер салып, баланы киіндіріп, атқа отырғызып байлап қояды да, ағасы немесе нағашы атасы атты жетектеп, ауылды айналдыра әуелі аяңдатып, кейін ақырын желгізіп жүргізеді.Бұдан кейін балаға ауыл ортасында жиналып тұрған қарияларға атпен келіп сәлем бергізеді.


Жасқа бөлінуі

Қозы жасы – қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл-еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан.қозы жасы дед аталатын еңбектің алғаш басқышы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татап,оның қиындығын сезінудің жоралғысы болып саналады.

Қой жасы – қозы жасындағы бала.«Он үште – отау иесі» делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшкен.Отаудың иесі деп келешегінен үлкен үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес.Сондықтан он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген.

Жылқы жасы.Қай халықта болмасын жиырма бес – «бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан», «отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас» нағыз ердің жасы.

Патша жасы.Бұл жасқа келгенде бірқатары атқа мініп, ел басқарады.Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан сияқты мансапқа ие болады.Өнерімен, батырлығымен, ақылдылығымен, шешендігімен жұртқа танылады.Бұған қарағанда қазақтың кезінде қырық жасты патша жасы деуі орынды сияқты. деп қазақ халқы санаған.Бұл жастағы адамдар ерлікке, қайсарлыққа, шешендікке толы болады.
Киіз үй

Мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын баспанасы киіз үй болған.Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айнаоған.Киіз үйдің көшіп – қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады.Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай:үзікті»,көтерме турлықты», сүйегінің (ағашының) уақ – ірілігіне қарай: 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат, 18 қанат, ал салтанатына қарай ақ орда», «ақ отау», «алтын орда»,хан орда» сияқты түрлерге бөлінеді.Кигіз сүйегі дегеніміз, ол – кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.



Кереге
Кереге – киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды.Кереге жасау үшін шыбық талды кептіріп, оны қоламтаға төсеп балқытып, арнаулы үлгімен ырғақта қатырады.Кең көзді кереге («жел көз») түйеге теңдеуге жеңіл болғанмен,желге төзімсіз болады, ал тар көзді кереге («торкөз») тиеуге ауыр болғанымен, желге берік боп келеді.Керегенің басы, аяғы, сағанағы болады.

Уық

Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшек.Уық та керегеге ұқсас әдіспен даярланады.Уықтың керегеге жақын бүгілісін «иіні», ал шаңыраққа байланысар бөлігін «қары» дейді.Төрт қырлы ұшын «қаламы» деп атайды.



Шаңырақ
Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі.Қазақ ұл – қызына бата бергенде «Шаңырағың биік болсын» деуі осыдан шыққан.

Жалпы, қазақ шаңырақты қасиетті санаған.Сонымен қатар шаңырақ берекені, бірлікті де білдіреді.Бата тілек бергенде, «Шаңырағың шайқалмасын» деп жатады.Отбасы тату – тәтті, бірлікшіл болсын, деген сөз.Шаңырақты сом қайыңнан иіп, қоспаларын қиыстырып, шегемен ұстатады.Шаңырақтың өн бойын көкөріс өрнектермен немесе «ырғақ», «тіс»,қошқар мүйіз» оюлармен безендіреді.



Сықырлауық, Босаға

Сықырлауық кереге шеңберіне басқұр арқылы тартылып, кереге баумен байланады.Есік табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан, жарма беттен тұрады.Есіктің қос босағасы мен жарма беті нәзік өрнектермен әшекейленеді.Киіз үйдің шаңырақтан кейін тағы бір ерекше бөлшегі – босаға.Жаңа қосылған жас жұбайларға үлкендердің беретін ақ батасында «Қос босағаң берік болсын» «Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін» деуі немесе «балаларға:босағаны керме, босағаға бақытсыздық орнайды» деп ырымдап жатуында үлкен мән – мағына бар.Босағаны киелі, қасиетті деп санағандықты білдіреді.


Киіз
Киіздің төрт түрі бар: туырлық, ұзік, түндік және киіз есік. Алдымен туырлықты керегеге керіп, ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң үзікті ( кереге басынан бастап шаңырақ шеңберіне дейін ) және шаңырақтың үстіне түндікті жабады.Киіз үйдің есігін киізесік жабады.

Қорытынды.

Өкінішке орай, қазақ жылдар ұлттық салт – дәстүр атаулыны аяқ асты ету, ана тілі мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтын мәңгүрттердің көбеюі, қала берді кісі өлтіріп, еңбек түзеу колонияларында отырғандардың көпшілігінің жастар арасынан шығуы ұлттық тәлім – тәрбиенің мектептер иен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде жүргізмеуінен туындаған сорақы, жат көріністер еді. Кезінде сталинизм зобалаңдарымен қорланған халықтар, өздерінің өмір тіршіліктеріндегі үстемдік пен зорлық арқылы танылғандарды жойып, жаңаша ойлаудың арқасында бұрынғы ата – баба дәстүрлері мен халық педагогикасын қайыры қалпына келтіруге бет бұрып отыр.Бұл тіршілігімізге енген жаңаша ұғымның ең негізгі бағдарларының бірі.Оның алтын арқау болып саналатын адам баласы...өзін - өзі терең танып қана қоймай, тек адамшылыққа ғана жеткізетін аса қуатты тәрбиелік әдістерді жіті іздестірмек.Адамдар осы арқылы іштей түлеп, өздерінің рухани жетілуін қамтамасыз етеді.Осыған байланысты әрбір халық, өзінің келешектегі ұрпақ тәрбиесінің түбегейлі өзгеруін ерекше қадағалауда.Себебі, адам тіршілігінде кездесетін...неше аоуан қиыншылықтарды, тек адамшылық негіздерінде шешкенде ғана қисапсыз көп қателіктерге ұрынбауға болады екен.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.Себебі Л. Н. Толстой айтқандай:» Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен тең».

Қазақ әдеп – ғұрыптары, ырым – нанымдары расында да көне дәуірлердің куәсі еді, санамыздағы ежелден қалптасқан қуатты күштер еді.Келе – келе бұл күштер бүкіл халық қуаттайтын дәстүрге айналды, дәстүрге айналып болған әлгі ырым – нанымдар, әдет – ғұрыптар халық санасына тұрақтанып бекіген еді.

Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш – керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын өскелең өмір талабы болып отыр.Олай болса, жас ұрпқтардың адамшылық негіздері - әр халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған ұлттық салт – дәстүрлері мен халықтық педагогикасына, оның өзіндік мінез – құлқы мен түйсік түсініктеріне негізделген тәрбие мен оқу ағарту жүйесі ауадай қажет.Сонымен қоса, адам ғұмырының ұзақ салқар жолында... тәрбие мен тәлімнің пәрменділігіне әсер ететін жаратылыстың өз заңдылықтары бар екенін еш уақытта естен шығармаған жөн.

«Дін арқылы патриоттық сезімді оқушылар бойына қалыптастыру»

Айгерім Рақымжан, 11 сынып,

Рудный қаласының «№15 орта мектебі»ММ

Жетекшісі: Г. М. Кудесова

Рудный қ.

Кіріспе.

Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі патриоттық шындау, алдынғы қатардағы тапсырма. Сол себепті , осы жұмыстың негізгі ойы дін арқылы патриоттық сезімді оқушылар бойына қалыптастыру. Жалпы Патриот сөзі грек тілінен аударғанда – туған жер, жерлес, отандас, өзінің отанын сүйю деген мағынаны білдіреді.

Тәуелсіз, егеменді ел болған соң, тарихымызды, тіліміз бен дінімізді жандандыру қолға алынды. Сондықтан бұрынғы кезге қарағанда, біз бүгінгі күні діни құндылықтарымызды наси­хат­тау­ға, құрбандық шалу дәстүрімізді жан­дан­ды­руға, қоғамда қайырымдылық ша­ра­ларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз.

Біздің мақсатымыз:



  • Жас өспірімдерге құрбан айт туралы толық мәлемдеме беру.

  • Жеке адам тұрғысынан ғана емес, от­ба­сылық, әлеуметтік, экономикалық тұрғысынан құрбандық шалу ислам дініндегі міндет екенін оқушы сана-сезіміне мықтап орнықтыру;

  • Уәжіп ретінде бір ғана құр­бандық союмен шектелмей, нәпіл құр­бан­дықтар қоса шалып, осы ізгі істің өрісін кеңейту, сауабын арттыра түсу;

  • Еліміздің ертеңі үшін иманды да салауаты ұрпақтың өсіп жетілуі жолында сапалы шәкірт тәрбиелейтін ілім орда­ла­ры­на, діни сауат ашу мақсатында қызмет ат­қаратын білім ошақтарына қолдау білдіруге шақыру;

  • Құрбандық шалудың мұсылмандық міндет екенінен бейхабар жандарға ұқтыру;

  • Мүмкіндігі жоқ кісілердің атынан да Пайғамбарымыз секілді құрбандық шалып сүннетті орындау;

  • Құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы бүкіл адамзаттың жү­регінде жы­лылық сезімін ояту;

  • Алла тағалаға керегі құрбандықтың еті не қаны емес, құлының ниеті екенін жақсы білу.

Құрбандық шалу

Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап іс­тер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жа­қындай түсу. Ал шариғаттағы тер­миндік мағынасы – “шарттарымен са­наса отырып құлшылық ниетімен мал ба­уыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күн­дері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.

Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғы­ну үшін діннің не екенін, құл­шы­лық­т­ың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда “Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ға­на құлшылық жасасын деп жараттым” (“Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жа­саған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.

Құрбандық шалу тек мал бауыз­дау­мен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, та­қуалығы, басқаларға жанашырлығы та­разыға түседі. Сондай-ақ пенденің пен­дешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені, “Көршісі аш кезде өзі тоқ тү­­неген адам бізден емес”, “Өзіңе ті­ле­ген жақсылықты басқаға да тілемейінше шы­найы мұсылман бола алмайсың”, “Мұ­сыл­мандар бір дене тәрізді, бір жері ауыр­са, басқа мүшелерінің де мазасы ке­тіп, ұйқысы қашады” деген Пай­ғам­ба­ры­­мыздың (с.ғ.с.) хадистері күллі мұ­сыл­ман жұрт­шылығын бір-біріне жа­на­шыр болуға, қамқорлық жасауға, қи­налғандарға көмектесуге, жағдайы на­шар­ларға қара­суға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жал­ба­рынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.



Құрбандық шалудың үкімі

Қадірі асқан құрбан айтта құрбан­дыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Уәжіптігінің аят-хадистердегі дә­лелдері төмендегідей:


  • Алла тағаланың Құран Кәрімде: “Намаз оқы және құрбан шал” (“Кәу­сар” сүресі, 3-аят), – деп бұйыруы құр­бан шалудың уәжіптігін білдіреді.

  • Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Кімде-кім мүм­кіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біз­­дің намаз оқитын жерімізге жақын­да­­масын!”, – деп бұйырған. Әрине, мұн­­дай қатаң ескерту, кем дегенде, құр­бан шалудың уәжіптігін білдірсе керек.

  • Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим баба­ла­рыңның сүннеті”, – деуі құрбан ша­лу­дың уәжіптігіне қайшы емес. Неге десеңіз, хадисте айтылған “сүннет” – жол деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп ретінде міндеттелген құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.

Cондай-ақ құрбандық шалуға бай­ланысты мынандай аяттарды келтіруге болады: “Әрі барша адамдарды қажы­лық­қа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жер­ден арып-ашып, түйемен саған кел­сін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдаларын көрсін. Алладан өз­деріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” (“Хаж” сүресі, 27-28-аяттар).

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?

Төмендегідей төрт шартқа ие жан­дарға құрбан шалу уәжіп:

1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3.Құрбан айт уақытында жолау­шы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөл­шеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зе­кет ғибадаты сияқты құрбанның уә­жіп бо­луы үшін нисап мөлшеріне жет­кен малға бір жыл толу шарт емес. Құр­бан шал­ған уақытта міндетті түрде ниет ету ке­рек. Өйткені, малды ғибадат үшін соя­тыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолын­да жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. (М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғы­лымхалы, “Нұр-Мүбәрәк” баспасы, Ал­маты, 2008, 397-б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет