Отбасы ұғымы, неке шарттары, некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары.
Жопар:
-
Отбасы түсінігі принциптері.
-
Неке шарттары, жасалу жолдары.
-
Некені тоқтату мен некенің жарамсыздығы.
-
Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
Неке-ерлі – зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Жалған неке – отбасын құру ниетініз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындыратын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы:
Неке жақсы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.
Балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі:
Мүліктің шарттық режимі – ерлі – зайыптылардың және олардың осы некеден туған балалардың неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;
Суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бітірудің жасанды әдісін немесе эмирион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
Патронат – уәкелетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның «патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрибелеуге берілетін тәрбие нысаны;
Алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асыру қаражаты;
Отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы:
Материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек немесе алмауы:
Азаматтық хал актілері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімділген мән-жайлар;
Жақын туыстары – ата-аналар, баллар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілілер мен апалы – сіңілілер (аға-қарындастар), ата әже немерелер;
Қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
Қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сол әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқытары мен мүдделерін қорғаудыі құқықтық нысаны;
Репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілеттін көрсететін денсаулығы;
Суррогат ана – суррогат ана ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бітіру, оны көтеру және туу;
Қорғаншы және қамқоршы орган – республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
Неке және отбасы, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
-
Еркек пен әйелдің некелі одағының еркектілігі;
-
Ерлі – зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
-
Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
-
Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу:
-
Балаларды отбасында тәрбиелуге басымдық беру, олардың өсіп – жтілуі мен әлауқатты болуына қамқорлық жасау;
-
Отбасының кәселетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру:
-
Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
-
Отбасының барлық мүшелерін салауатты тұмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған ғана танылады.
Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.
Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарды тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет, сондай шамада ғана шектеулі мүмкін.
Неке отбасы заңдары;
-
неке тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тіртібін белгілейді;
-
отбасы мүшелерінің ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
-
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
-
азаматтық тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
-
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерінен тұрады.
Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке – отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойыншат қолданады.
Неке – отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
Неке – отбасы құқықтары заңмен қоғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралыөтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғанышылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Неке жасына томаған адамдар араындағы некеге ата – аналарының қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Неке тұруға;
-
біреуі болса да басқа тіркелеген некеде тұрған адамдардың;
-
тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата - аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата – анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілі мен апалы - сіңілілердің (аға – қарындастарының);
-
асырып алушылар мен асырып алғандардың;
-
біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың жол берілмейді;
Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер дәне репродукциялықұ денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультатция беру мен тексеруді мамандылырған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық келісімімен былайды және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде екіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күнінен бастап бір ай мерзім соң жүргізіледу.
Дәлелі себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән – жайлар балған кезде (жүктілік, бала бәір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән – жайлар) неке өтініші берілген күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіреу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым алады.
Неке ерлі – зайыптылардың біреуінің қайтыс болуды немесе сот оныв өлді немесе хабар – ошарсыз кеткен жариялау салдарынан тоқтатылады.
Сот қайтыс болды деп жариялаған немес сот хабар – ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініш бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.
Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмады.
Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар – ошарсызщ кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.
Неке ерлі – зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай – ақ сот әрекетке қабылетсіз деп жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.
Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғғаннан кейінгі бір ждыо ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмады.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзі кімелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір – біріне иүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі – зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.
Ерлі – зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамасытан, ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі – зайыптылардың екіншісін;
-
сот хабар – ошарсыз кеткен деп таныса;
-
сот әрекетке қабылетсіз деп таныса;
-
қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
-
Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіреку үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді.
-
Некені бұзу кезінде ерлі – зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады.
Некені сот тәртібімен бұзу;
-
Осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайыларды қоспағанда, ерлі – зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
-
Ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
-
Егер ерлі – зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамаауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
-
Ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.
Егер сот ерлі – зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін. Еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады.
Ерлі – зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі – зайыпталарға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесісіз болып шықса және ерлі – зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады.
Некені сот тәртібімен бұзу ерлі – зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күнен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда сот баптың 2-тармағында аталғанынан кемірек мерзім белгілеуі мүмкін.
Некені сот тіртібімен бұзу кезінде ерлі – зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі – зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ұсына алады.
Ерлі – зайыптыдардың арасында баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай – ақ ол келісім немес ерлі – зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса сот;
-
неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата – анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
-
балаларды асырауға алимент ата – аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын бнлгілеуге;
-
ерлі – зайыптылардың ( олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүогізуге;
-
екінші жұбайданасырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
-
Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда – соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ігінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай – ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті.
Ерлі – зайыптылардың азаматтық некеге актіленген жащу органда некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсыздігіне нақты қатер төндіретін ауру бар екенін жасырса, соғғысы сотқа некені жарамыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Некені жарамыз деп тану сот жүргізеді.
Сот ні жарамыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
Некенің жарамыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
1 ) Егер неке жасына томаған адаммен неке қиылса (осы заңның 10 – бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата – анасы (олардың ауыстырған адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі – зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін - өзі билей алмауы себепті неке қылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай – ақ прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін мән – жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабылетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы Заңның 11 – бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай –ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай – ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Заңның 24 – бабының 3- тармағында аталған мән – жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы.
Неке жасына толмаған адаммен, мондай – ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен және қамқоршы орган тартылады.
Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қалатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән – жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды.
Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай – ақ оның некені жарамсыз деп тануға жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап – арыздан бас тарта алады.
Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істе сот қарағанға дейін іс жүзенде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
Ерлі – зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені тіреку кезінде ерлі – зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған (осы Заңның 11-бабы) жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |