Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Орындаған: 7М01103«Педагогика және психология»



бет3/4
Дата10.11.2022
өлшемі2.59 Mb.
#464489
1   2   3   4
Отбасы т рбиесіні психологиялы -педагогикалы негіздері. Орында

Күш немесе жаншу беделі. Бұл беделдің ең қорқынышты түрі. Егер әке үйде әрдайым ашулы болса, түкке тұрмайтын әрбір нәрсеге әңгіртаяқ ойнатса, қандай да болсын қолайлы да қолайсыз жағдайда белдікті қолға алып, әр сұраққа дөрекі жауап беріп, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны. Ол балалық өтірік пен адамдық қорқақтық тудырады және қатыгездікті тәрбиелейді. Ондай балалардан көбіне айналадағыларға кектенетін немесе қасарысқан адамдар шығады. Өздерін басқалардан жоғары санау беделі. Басқа адамдарды өзінен төмен санау, менсінбей қарау, мақтануды ұнатып, кеуделерін қағатын ата-аналар. Олардың балалары да өздерінің ортасында әкелерінің қызметін, дәрежесін мақтаныш етіп, басқа балаларды өздерінен төмен санайды. Педантизм беделі. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларына бұйрық беріп, қатал талап қойып, олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға қоятындар. Балалардың еркіндігі, инициативасы төмен болып, ата-аналардың бұйрығын тосып, өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды.
  • Өсиетшілдік беделі. Мұны шетсіз, шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады. Тіпті балаға әзіл-қалжыңы аралас бірер ауыз сөз айтудың орнына ата-аналар зеріктіретін, мезі ететін ұзақ сөз сөйлей бастайды. Көпіртіп ақыл айтуды даналық деп түсінеді. Мұндай жанұяда қуаныш пен жайдарылық аз болады. Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларынан шексіз оларды жақсы көрулерін қалайды. Кез келген жағдайда жақсы көріп, аймалап, оларды өздерінің махаббаттарымен мазалай береді. Бала оны түсініп оларды алдап өзінің қалағанын орындатуға тырысады. Мейірімділік беделі. Тіл алғыштығына кеңшілік жасаумен, жұмсақтықпен жетуге тырысады, балаларға еркіндік беріледі. Отбасы тыныштығын сақтауды артық көргендіктен ата-аналар қандай да болсын қақтығыстан қашады. Олар тек көрер көзге бәрі дұрыс болуы үшін ғана, нені болса да түгелдей құрбандық етуге әзір болады. Мұндай отбасында лезде-ақ балалар жайдан-жай ата-аналарына басшылық ете бастайды. Ата-ананың қарсылық көрсетпеуі жүгенсіз балалық тілектерге, еркеліктерге, қисынсыз талаптарға жол береді. Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ кештік етеді.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет