Отырар көне қала



Дата08.02.2024
өлшемі17.89 Kb.
#491432
Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар Олимпиада тапсырмалары


Отырар – көне қала.
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб атты үлкен қоныс болған. «Фараб»- сөзі «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді,себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар немесе Фараб қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысында жатыр.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс –
Арыстан баб ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қираған соң,
оның орнына салынған ортағасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстан
баб- Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
2- абзацтың негізгі идеясы неде?
а) Отырар қаласы туралы
б) «Фараб» сөзінің мағынасы
в)Алғаш келген білімпаз Арыстан баб туралы
д)Арыстан баб шәкірттері
2. Білімпаз сөзінің жасалуы
а) Түбір, жұрнақ
б) Түбір ,жұрнақ, жұрнақ
в) Түбір ,жұрнақ, жалғау
д) Түбір, жалғау, жалғау
3. Отырар қаласының орнында қандай көне қала болған?
а) Фараб қаласы
б) Әулиеата қаласы
в) Ақмешіт қаласы
д) Ясауи кесенесі
4.Мәтін қай жанржа жазылған?
а) Мақала
б) Эссе
б) Ертегі
в) Роман
5. Шаһар сөзі қай топқа жатады?
а) диалект
б) кірме сөз
в)термин сөз
д) кәсіби сөз

Денсаулық


Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты,не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет.Әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз,дұрыс тамақтануымыз,зиянды әрекеттерден аулақ болып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керек.
1. Денсаулық деген не?
а)
б)
2.Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
3. Мәтіндегі сын есімдер қалай жасалған?
4.Әр адам нені қалыптастыру керек?
5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?

Күй аңыздары


Күй аңыздарын үш арнаға бөліп қарастыруға болады.Біріншісі-
халық күйлерінің күй аңызы.Екіншісі-халық композиторлары шығарған күйлердің аңыз – әңгімесі. Үшіншісі-бүгінгі күйші-композиторларымыз шығарған күйлердің аңызы.
Халық күйлерінің аңызының шығарушысы белгісіз,бірақ уақыттың жаңартып-жаңғыртуынан өткен,талай ұрпақтың талғам сүзгісінен шыққан күй аңыздары жатады.Халық күйлерінің аңыз-әңгімесі көбіне тарихи оқиғалар,қиял-ғажайып аңыздар,жан-жануарлардың қасиеттері арқау болады.Мысалы: «Қара жорға», «Сырым сазы», «Аққу» т.б.
Халық композиторлары күйлерінің аңызына шығарушысы белгілі күйлердің аңыз-әңгімесі жатады.Мұндағы басты ерекшелік-күйдің өзі де,аңызы да сол күйді шығарушының өмірімен тікелей байланыста дүниеге келіп отырады.Мысалы: Құрманғазының «Кісен ашқаны»,Тәттімбеттің «Саржайлауы».
Қазіргі күйші-композиторлар шығарған күйлердің аңыз әңгімесі де көбінесе автордың өмірімен,әсер-сезімімен астасып жатады. Қазіргі күйші-композиторлар шығарған күйлердің тақырыбы, аңыз-әңгімесі көбінесе бүгінгі күннің елеулі оқиғаларына арналып отырады.Мысалы, М.Өскенбаевтың «Жеңіс» , М.Хамзиннің «Космонавт» ,С.Құсайыновтың «Мереке», т.б. шығармалары.
Күй аңыздары неше арнаға бөлінеді?
а) төрт арна
б)бес арна
в)үш арна
д)екі арна
2. Халық күйлерінің аңызына қандай күй аңыздары жатады?
а) Күйлерді шығарушылардың белгілісі жатады
б)Талай ұрпақтың талғам сүзгісінен шыққан күй- аңыздары жатады
в)Халық күйлерінің аңыз- әңгімесі тарихи оқиғалардан алынбайды
д)Қиял- ғажайып аңыздар мен жануарлардың қасиеттері де жатпайды
3. Халық композиторларының күйлерінің аңызы қандай?
а)Халық композиторларының күйлерінің шығарушысы белгісіз күйлердің аңыз әңгімесі жатады.
б) Халық композиторларының күйлерінің аңызының шығарушысы белгілі
в) Халық композиторларының күйлерінің аңызы қмірден алынбаған
д) Халық композиторларының күйлерінің аңызы тілі түсініксіз болады
4. Қазіргі күйші – композиторлар шығарған күйлердің ерекшеліктері қандай?
а) Қазіргі күйші композиторлар шығарған күйлердің ерекшелігі автордың өмірімен байланыспайды
б)Қазіргі күйші композиторлардың шығарған күйлерінің тақырыбы бүгінгі күннің елеулі оқиғаларымен қатысы жоқ
в)Қазіргі кійші композиторлардың шығарған күйлерінің ерекшелігі көбінесе автордың өмірімен және бүгінгі күннің оқиғаларымен байланысып жатады
д) «Кісен ашқан», «Саржайлау» күйлері
5. Арнаға сөзі қай септікте тұр?
а) Ілік септік
б) Табыс септік
в)Барыс септік
д) Көмектес септік

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет