Аудан әкімі Қалиқан Байғонұсовтың «Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы қортындылары» туралы есептік баяндамасы
Өткен жылдың қараша айында Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Бұл бағдарламалық құжаттың біздің еліміз үшін тарихи маңызы ерекше. Себебі, Жолдау нағыз уақыт рухын сезіндірді, бүгінгі күннің әрқайсымызды толғандырған мәселелерін алдымызға алып шықты.
Еліміздің ұзақ мерзімді даму жоспарын іске асыруға арналған инновациялық идеялар жария етілді. Үкімет пен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Басты мақсат– еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Барша қазақстандықтармен бірге катонқарағайлықтар да осы мақсаттағы жұмыстардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосып келеді.
Өткен жылы аталмыш кездесуде аудан тұрғындарынан 158 сұрақ түсіп, есеп беру барысында оларға жауаптары берілген.
Бүгінгі күні барлық бақылауға алынған сұрақтар оң шешімін тапқан.
Тұрғындар алдындағы есептік кездесулерден бөлек, жеке блог арқылы келіп түскен өтініштеріңіз бен тұрғындарды жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер үнемі назарда.
2014 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1292 өтініш келіп түсті, бұл 2013 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 872 өтінішке көбейді.
2014 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 38 адам болды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17296,0 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 105,9 пайызды құрады.
Ауданда ірі-қара мал басын ұлғайту мақсатында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Қаржыландыру «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ даму институттары арқылы іске асырылады.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарына ірі-қара мал басының етті тұқымды төлдерін өсіру үшін несие ұсынылған.
Бағдарламалар жүзеге асырылғаннан бастап, шаруа қожалықтарына 310 млн. теңге көлемінде несие беріліп, 1668 сиыр және 138 өгіз сатып алынған болатын.
Ағымдағы жылы «Атамекен» шаруа қожалығы (Бәкімбаев Тоқтасын) «Қазагроқаржы» АҚ-ның қарыз қаражаты есебінен 26,9 млн. теңгеге 72 бас асыл тұқымды ірі-қара малын «Көкжал» шаруа қожалығынан (Күршім) сатып алып, мал бордақылайтын алаң құрып, қазақтың ақбас тұқымдас ірі-қара малын жетілдірді.
2014 жылы «Жайлау» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде ұсақ мал өсіру үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 24 шаруа қожалықтары 60 млн. теңгеге 2400 қой басын сатып алған.
Қараша айында осы бағдарлама бойынша қосымша қаражат бөлініп, 30 млн. теңгеге 1500 ұсақ мал басы сатып алынған болатын. Операторлар анықталған (Бәкімбаев Т.Ш. және Тайниғазинов С.Т.), мал сатып алу жұмыстары аяқталуда.
Барлығы 2014 жылы «Жайлау» бадарламасы бойынша 90 млн. теңгеге 3900 ұсақ мал басы сатып алынды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ұсақ мал басының етті төлдерін өсіру үшін несие ұсынылған.
Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша 10 млн. теңгеге 400 бас ұсақ мал сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ екі шаруа қожалықтарының (Жексембаев Б., Мукамжар Алтынбел ауылының тұрғындары) құжаттары тапсырлып, 2015 жылға қаражатты игеру және 800 бас ұсақ мал сатып алу жоспарлануда.
«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы малының етті тұқымды төлдерін өсіру үшін несие ұсынылған. Осы бағдарлама бойынша «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-на 36 млн. теңге сомасына үш өтінім түсіп (Аяғанов А. Н., Құсаинов А., Уәлиев Б.), ағымдағы жылы (жосапар 93 бас жылқы) 102 бас жылқы сатып алу жоспарлануда.
Ірі-қара мал басының өсіру қарқынын сақтап қалу мақсатында былтырғы жылға «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасымен 2014 жылы (2013 жылдың желтоқсан айында бөлінген қаражат- 5 ай мерзімінде жүзеге асырылды) 562 жылқы, 2112 ірі-қара мал басы, 419 бас ұсақ мал, 5100 құс сатып алынды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылдың аяғына дейін экономикалық қарқынды қамтамасыз етуге жоспарланған: 1) «Асыл тұқымды репродуктор 1000 бас ірі-қара мал шетелдік селекция («Әмір» шаруа қожалығы).
«Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы 707,5 мың теңге сомасына 1034 бас көлемінде мал лизингі өтелді.
2020 жылға «Әмір» шаруа қожалығы жыл сайын 500 бас асыл тұқымды бұзау өсіру үшін толық қуаттылыққа шығуды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша ірі-қара мал басын 2550 дейін жеткізу қажет.
2014 жылдың қортындысы:
1) Осы жоба инвенстициялар бойынша есепке қойылған.
2) 25 жаңа жұмыс орны ашылады.
3) Бүгінгі күні Ульяновка ауылындағы су жүйелерін ағымдағы жөндеуге облыстық бюджет қаражаты есебінен 18492 мың теңге бөлініп, игерілген. Ұңғыма бұрғыланып (75 метр су денгейімен), ұңғының басынан базаға дейін 1 км 600 метр аралығында су құбыры салынған, сорғы станциясы орнатылған. Бүгінгі күні «Әмір» шаруа қожалығы толықтай сумен қамтамасыз етілген.
4) 2014 жылы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 26,5 млн. теңгеге 9 бірлік ауылшаруышылық техникасы сатып алынды, оның ішінде 5 трактор.
2014 жылы егістік алқаптың көлемі 75,8 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар -18,9 мың га, зәйтүн – 23,0 мың га құрайды.
Егістік алқаптың жалпы түсімі- 34 мың тонна, күнбағыс-21,8 мың тонна(+0,3), картоп- 25,8 мың тонна, көкөніс- 4,9 мың тонна. Орташа өнімділігі (бункерлік салмақта) 18 ц/га (+0,1),зәйтүн 9ц/га (+0,3), картоп 168 ц/га, көкөніс 257 ц/га.
Бөлінген субсидиялар
Жанар-жағар май бағасының арзандауына байланысты 121 ауыл шаруашылық құрылымдарына - 102,3 млн. теңге; 19 ауылшарушылық құрамаларына минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алуға -12,8 млн. теңге; 2 ауылшарушылық құрылымдарына тұқым сатып алуға – 3,2 млн. теңге; өнімділігі жоғары марал асырауға 6 ауылшаруашылық құрылымдарына – 26,54 млн. теңге; 35 ауылшаруашылық құрылымдарына қымыз өндіруге- 42,6 млн. теңге; бал өндіруге 15 ауылшаруашылық құрылымдарына - 4,74 млн. теңге; асыл тұқымды мал басын сатып алуға және селекциялық жұмыстар жүргізуге 53 ауыл шаруашылық құрамалырна -90 млн. теңге бөлінді.
Өнеркәсіп.
2014 жылдың 11 айына өнеркәсіп өнімдерін өңдеу көлемі 2167,4 млн. теңгені (жаңа есептеумен 2013 ж 1-ші қарашасына- 2374,6 млн. теңге) немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 91,3 пайызды құрады. Нақты көлем индексі - 72,0 пайызды құрап, қаңтар-қараша айларына қойылған жоспар тапсырма бойынша 1991,8 млн. теңге өнеркәсіп өңдеу есебінен (+175,6 млн.теңге) 108,8 пайызға орындалды.
2014 жылға өнеркәсіп өнімінің болжамдық өндеу көлемі 2425,2 млн. теңгені құрап, 2014 жылы қаңтар -қараша айларына қойылған жоспар– тапсырма бойынша 2213,7 млн. теңге сомасында өнеркәсіп өнімінің көлемі 109,5 пайызға орындалды. Және өткен жылмен салыстырғандағы өрлеу қарқыны 93,6 пайызды құрады. 2013 жылы кен-өндірісі өнеркәсібі 232,7 млн. теңгені құраған, ал 2014 жылы геологиялық барлау жұмыстары жүгізілмеді. Сондықтан, бұл көрсеткіш өнеркәсіп өнімінің көрсеткішіне ықпал етті.
2014 жылдың аяғына дейін іс-шаралар жоспарына сәйкес өнеркәсіп саласында экономикалық өрлеуді қамтамаысз ету жоспарланған.
Аймақтық индустрияландыру Картасына сәйкес белгіленген мерзімде бір нысанды пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету: «Үлкен Нарын ауылында балды бөліп құю және бөлшектеп орау цехын ашу», «Кәсенов Д.М.» шаруа қожалығы, «Алтын Ара» ЖШС ашу.
Бүгінгі күні «Алтын Ара» ЖШС әділет басқармасында тіркелген, аудандық статистика бөліміне есеп беріліп, белсенді кәсіпорындар қатарына қосылған. «Центркредит» банкінде осы жоба мақұлданып, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен индустриялық-инновациялық даму кәсіпкерлік басқармасына жіберілген болатын. Үйлестіру кеңесінің мақұлдауын алып, «Даму Қоры» АҚ пайыздық бірлік субсидиясына (7пайыз) құжаттар жіберілді.
Қазіргі уақытта ғимарат толықтай жабдықталған. Несие қаражаты алынғаннан кейін, балды бөлшектеп құю желісі іске қосылатын болады.
Болжамды нәтиже: Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде «Катонқарағай балы» арнайы орамада брендтік тауар ретінде саудаланады. Катонқарағай ауданы бойынша мектеп оқушыларын, жақын маңдағы аудандарды (Күршім, Зырян, Зайсан) және облыс орталығын бал өнімдерімен қамтамасыз етуге, Қарағанды кондитерлік фабрикасына жылына 10 тонна бал жеткізуге келісім- шарт жасалды. Астана, Алматы қалаларында өтетін жәрменкелерде бал өнімі (10 тонна) саудаланатын болады.
Кірпіш, шлакоблок, пластикалық терезелер, тротуар тақташалары («Нарын-Сервис» ЖШС) шығаруды ұйымдастыруға 35 млн. теңге бөлінді.
2014 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 93 млн. теңгеге шағыл- 10 млн. теңге (5000 текше метр), ағаш материалдары- 1,9 млн. теңге ( 76 текше метр), пластикалық терезелер - 16,2 млн. теңге (324 кг), тротуар тақташалары 10 млн. теңге (500 тонна), тауарлық бетон- 40,5 млн. теңге (3300 тонна), металл бұйымдары- 14,4 млн. теңге (6 тонна) өндірілді.
Тротуар тақташаларын шығару кәсіпорындарын ұйымдастыру (тас төсеуіш), рабица және дәнекерленген сымдар, тордан жасалған қашалар, қақпа мен тор, пластикалық терезелер, шалғай аумақтардағы малшыларға арналған жылытылған вагондарды жасап шығару.
Өтініш беруші Жунусов Ербол.
Шағын және орта бизнес
Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 118 бірлік немесе былтырғы жылдың (2013 жылдың 1 желтоқсанына -84 бірлік) сәйкес кезеңімен, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны - 85 бірлік немесе 101,2 пайыз (2013 жылдың 1-ші желтоқсанына – 84 бірлік), белсенді- 65 бірлік немесе 85,5 пайыз (2013 жылдың 1-ші желтоқсанына- 76 бірлік).
Белсенді кәсіпорындар санының төмендеуі себебі, ауданның 15 кәсіпорыны ( «Эра» ЖШС, «Восток-Ерасыл» ЖШС, «Приморское» ЖШС, «Шығыс Шаңырақ» ЖШС, «Хайрузовка егінді серіктестігі»ЖШС, «Мұзтау» ЖШС, «АгроДос» ЖШС, «МаксАгро» ЖШС, «Құнарлы» ЖШС, «Касержас» ЖШС, «Адал-СК», «Пять Злаков» ЖШС, «Өскемен-Катон» ЖШС, «Бұлғын- У», «ЗОВ»ЖШС) 1-СР есептерін тапсыру кезінде өндірілген өнімнің көлемін және активтерін көрсетпегендіктен, (Онлайн тәртібінде) қызметін уақытша тоқтатылғандарға ауыстырылған болатын.
Жоғарыда аталған кәсіпорындар 2014 жыл бойы ай сайын тоқсан сайын, аудандық статистика бөліміне есеп тапсырды.
Болжам бойынша жылдың аяғына дейін берілген тапсырма 100 пайызға орындалып, белсенді кәсіпорындар саны 80 бірлікке дейін жететін болады.
2014 жылдың 11 айына бөлшек-сауда тауар айналымының көлемі 2561,0 млн. теңге немесе былтырғы жылдың осы кезенінің өсіміне 111,8 пайызды құрайды. Физикалық көлем индексі 104,1 пайыз.
Бөлшек- сауда тауар айналымы жыл қортындысы бойынша – 2856,0 млн. теңге ( 2014 жылдың 1 – ші қаңтарына – 2569,0 млн. теңге), былтырғы жылдың ұқсас кезенінің өсіміне 111,2 пайызды құрайды.
Әлеуметтік саясаттың бірден-бір қағидаты жұмысқа бейімді халықты ел экономикасының дамуына тарту болып табылады. Сондықтан, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі бағыттарының бірі – тұрғындарды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ету.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейі жылдан-жылға көтеріліп,халықтың ахуалы да жақсарып келеді. Бұл қоғамдық экономикамыз дамып, әлеуметтік саланың жаңа бағыттарға бетбұрыс жасауында болып отыр. Елдігіміз ескеріліп, етек-жеңіміз жинақтала түсті. Мемлекет Басшысының дара саясатының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда. Нарықтық дағдарыстың өтпелі кезеңдерінің біразын еңсеріп, артқа тастадық. Үкімет Басшысының салиқалы саясатының шеңберінде ауданымызда да біршама істер көрініс тауып, өз нәтижесін беруде.
Мемлекеттік бағдарламалардың бірі боп табылатын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында биылғы жылы Бағдарламаға - 305 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі таңда 499 адам (164 %) бағдарламамен қамтылды, соның ішінде – 441 адам әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды.
441 бағдарламаға қатысып, әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды. Олардың ішінде табысы аз азаматтар жоспар – 60 адам, қамтылғаны -61 адам (101 %)
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жоспар -87, қамтылғаны –233 адам, оның ішінде мардымды -110 адам, мардымсыз-123адам.
Жұмыссыздар, жоспар бойынша -158, қамтылғаны –208 адам, яғни, жылдық жоспардың (131 %) құрайды.
Осы бағдарламаға қатысқандардың ішінде - 18 адам мүгедектер.
Бағдарламаға қатысқан 441 адамның 175- әйелдер, 266- ер азаматтар, оның ішінде 17-29 жас аралығындағы жастар – 130.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат – 133,925млн. теңге, жергілікті бюджеттен- 15,425 млн. теңге бөлінген, осы бағыт шеңберінде Катонқарағай, Алтынбел, Үлкен Нарын ауылдарында төмендегідей жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді.
1. Катонқарағай ауылындағы Рыков, Ленин орта мектептерінің шатыры, Торайғыров, Кабанбай Батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігерлер: Ж/К «Алмұратов» , ЖШС ««Infinity communication», ЖШС «Үлкен Нарын ӨЖУ»
2. Үлкен Нарын ауылындағы Панфилова көшесіне орташа жөндеу. Мердігер: «Нарын Сервис» ЖШС-і.
3. Алтынбел ауылындағы Шәкәрім, Қабанбай Батыр көшелеріне орташа жөндеу. Мердігер: ЖШС «Нарын-Сервис» ЖШС-і.
4. Солдатово ауылындағы Солдатово орта мектебін күрделі жөндеу. «Өскемен Катон» ЖШС-і.
Жоғарыда аталған нысандар бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, мердігерлер тапсырыс беруші мекемелерге қабылдау актісі арқылы тапсырды. Осы уақытша жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы – 40 адам жолданып, уақытша жұмыста жүрген уақытта зейнетақы қорларына 10 пайыздық міндетті жарна аударылуы талап етіліп,бақылауда ұсталынды. Жылдық жоспардың 100% құрады.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту» екінші бағыты
Бұл бағытты іске асырудың басым құқығын ауыл тұрғындары иеленіп отыр. Өйткені, инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға шағын несие беру, ауыл азаматтарының жұмыссыздық санын азайтуға,санаулы ғана отбасының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге жәрдемдесу арқылы, еңбек ресурстарының ұтқырлығын көтеру, «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» арқылы адамдардың белгілі бір кәсіппен шұғылдануларына мүмкіндік беріп, олардың ертеңге деген сенімдерін нығайта түсу.
Бағдарламаның бұл бағытына 149 адам қатысып, оның ішінде 68 адам ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы, 81 адам жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ертіс» акционерлік қоғамы арқылы несие қаражаттарын алып, жаңадан жеке ісін ашқан -147 , жеке істерін кеңейткендер –2.
Осы бағыт шеңберінде «Нұр Отан» партиясының қабылдауында болған 3 топтағы мүгедектіктері бар 4 азамат несие алды. Бөлінген қаражат 351,5 млн. теңге. Осы бағыттың шеңберінде 149 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні несие алған азаматтардан өз зейнетақы қорларына 10 пайыздық міндетті жарнасын аударылуы талап етіліп отыр.
Және де айта кететін жағымды жайт, осы Бағдарлама бойынша несие алған азаматтарға жайылымдық жерлері бар болған жағдайда, жылжымалы вагон алуға болады. Осыған орай, несие алушылардан жыл басының бірінші жарты жылдығында жылжымалы вагонға (блок-модулге) 27 өтінім, жылдңн екінші жартыжылдығында - 22 өтініш түсіп отыр.
«Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі түскен сұраныстарды қарап, әрбір жоба бойынша қорытынды шығарып, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 20 соңғы несие алушыларына жылжымалы вагон таратып берді:
- Көшенов Бақытжан Тоқтарқанұлы – Өрнек а., Қошанаев Берікбол Елубайұлы – Катонқарағай а., Төлегенов Есен Қасенұлы – Көктерек а., Аяғанова Фатима Бақтиярқызы - Үлкен Нарын а., Мәмиева Қаршыға – Топқайың а., Дәулетханов Ришат Түсіпбекұлы – Көктерек а., Бұтабаев Сайранбек – Белқарағай а., Әшкенов Дамир Еділұлы – Юбилейное а., Байсапаров Талғат- Майемер а., Кисин Талғатбек – Жұлдыз а., Жуасов Асан Айтқұмашұлы – Ақсу а., Қалиев Жұмабек – Үштөбе а., Уәлиев Бақытбек Тоқтасынұлы – Согорное а., Бақатаев Рафхат Мухтарбекұлы – Топқайың а., Тоқтасынов Тілеухан Шаянұлы – Катонқарағай а., Жаңабаев Мейір Жанарұлы – Үлкен Нарын а., Бахтияров Айдар Амантайұлы - Үлкен Нарын а., Садуов Қажымұрат Машкенұлы – Үшбұлақ а., Мұсайыпов Айдарбек Мұқатайұлы – Жұлдыз а., Серкенов Қайрат Абылқанұлы – Өрнек а.
Қалған өтінімдер 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қаралып, оң қорытынды алған соңғы несие алушыларға берілетін болады.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты
Биылғы жылы үшінші бағыт бойынша бөлінген қаражат – 26 493 мың теңге.
2014 жылы жұмыс берушілермен 19 келісім шарт жасалып, әлеуметтік жұмыс орындарына 104 адам жолданып, жоспардың 226 пайызын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына бөлінген қаражат -13 978 мың теңге.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 104 адамның барлығы жұмысқа тұрақты орналастырылды, соның ішінде 4-і мүгедектігі бар азаматтар.
Жастар іс тәжірбиесіне 15 түлек жолдану жоспарланған болса, жолданғаны 24 адам, бөлінген қаражат- 3009 мың тенге.Бүгінгі күні жастар іс тәжірбиесін аяқтаған 22-і адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2-і декреттік демалысқа шықты.
Ағымдағы жылы кәсіптік оқуға 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 19 адам, газдәнекерлеуші, сатушы, столяр-құрылысшы мамандықтары бойынша жолданған, оқу мерзімі 10 ай, аяқталу мерзімі маусым айы, биылғы жылғы бөлінген қаражат – 4 286 мың теңге.
Қайта даярлау курсына 19 адам жіберу жоспарланған, жолданғаны 20 адам, бөлінген қаражат – 3 940 мың теңге. Жұмыс берушінің өтінімі бойынша төмендегідей мамандықтар бойынша курс оқытылды:
Ветсанитар -9 адам, хатшы референт -3 адам, бухгалтер -3, наубайшы -5 адам. Жоғарыдағы 20 адамның 17-і жұмысқа орналасты, 1-і көшуіне,1-і декреттік демалыста, 1-і жоғарғы оқу орнына тусуіне байланысты орналастырылмады.
Біліктілігін жоғарылату курсына – 10 адам аспаз мамандығы бойынша жолданған, бүгінгі күні толығымен жұмыспен қамтылған, бөлінген қаражат – 1 280 мың теңге.
Инвестициялық қызмет
Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі 2633,0 млн. теңге (2013 жылдың 1-ші желтоқсанына- 1672,2 млн. теңге) немесе былтырғы жылдың ұқсас кезенінің өсімімен салыстырғанда 161,8 пайызды құрайды. Табиғи көлем индексі –158,6 пайыз.
Құрылыс
Тұрғын үйді пайдалануға енгізу. 2014 жылдың 11 айына 1304 текшеметр енгізіліп, қойылған жоспар-тасырма 104 текшеметрге немесе 108,7 пайызға орындалды.
Өткен жылы қойылған жоспар-тапсырма 1300 текшеметр көлемінде 100,3 пайызға орындалды.
2014 жылдың қараша айына құрылыс жұмыстарының көлемі 1699,1 млн. теңге сомасын құрап, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 124,8 пайызды құрады (2013 жылдың 11 айына – 1361,2 млн. теңге). Табиғи көлем индексі – 124,2 пайыз.
2014 жылдың 11 айының қортындысы бойынша қойылған жоспар-тапсырма 1762,7 млн. теңгенің 63,6 млн. теңгесі орындалмағандықтан, 96,4 пайызды құрады.
Осыған байланысты 50 адамнан аз жұмысшылары бар кәсіпорындар жыл қорытындысы бойынша есебін тапсырады (бұрын тоқсан сайын), сондықтан әлеуметтік сала кешендерінің құрылыс көлемі және жеке инвестиция есебінен енгізілген нысандар көлемі (аудан орталығында және орталық елдімекендерде 165 млн. теңге сомасына дүкендер, наубайханалар, сауықтыру кешендері, дәмханалар,тірек ауылдарында қонақ үйлер) есебіне енгізілмеді.
Жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарының болжамдық көлемі 1864 млн. теңге сомасын құрап немесе қойылған жоспар–тапсырма 100,1 пайызға орындалды.
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша Үлкен Нарын ауылында 27 пәтерлі тұрғын-үй салуға аудандық бюджет есебінен 4,5 млн. теңге бөлініп, ЖҚС әзірлеу жұмыстары басталып кетті.
2014 жылы Үлкен Нарын ауылында Шығармашылқ үйі, Сенное ауылында бастауыш сыныптар бөлімі, Аршаты ауылында бастауыш сыныптар бөлімі және көпір пайдалануға берілген болатын.
Сонымен қатар, 2014 жылы Үлкен Нарын ауылында 163,1 млн теңгеге 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Үлкен Нарын ауылында 914,0 млн теңгеге 500 орындық К. Дамитов орта мектебі, Катонқарағай ауылында 108,7 млн. теңгеге мектеп интернаты, 123 млн. теңгеге ветлаборатория құрылысы, Өрел ауылындағы су құбырын жаңғырту мақсатында – 429,2 млн. теңге, Ново-Хайрузовка және Аққайнар ауылдарындағы су құбырларын жаңарту мақсатында 16 млн. теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленуде.
Үлкен Нарын ауылында орталық жылыту жүйесін жаңғырту құрлысы жүргізілуде, жобалық-сметалық құжаттың жалпы құны 428,5 млн. теңгені құрады.
2015 жылы Катонқарағай ауылының орталық жылыту жүйесін жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттар жасау жоспарлануда, аудандық бюджеттен бұл мақсатқа 2,0 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжат жасауға қажетті 12,5 млн. теңгеге ШҚО ТҮКШ және энергетика басқармасына бюджеттік өнім беріледі.
Сондай-ақ, Үлкен Нарын ауылындағы кәріз жүйесін қайта жаңғыртуға ЖҚС әзірлеу үшін 37 млн. теңгеге ШҚО ТҮКШ және энергетика басқармасына бюджеттік өтінім беріледі.
Келешегі бар саланың бірі - туризм болып табылады. Ауданда осы саланы дамытуға барлық мүмкіншілік бар, туризм жол картасы жасалған. Аймақта «Рахман қайнары» шипажайы, «Нұр бұлақ» демалыс базасы және 9 пантымен емдеу орындары қызмет көретіп отыр. 2015 жылы жол бойында қымыз, бал, және басқа да өнімдерді сату жалғасатын болады.
Жергілікті тұрғындар арасында туристерге қызмет көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
2014 жылы Бұқтырма су қоймасының жағасында 100 орындық демалыс базасының құрылыс жұмыстары басталып кетті. (Өтініш беруші Соколенко А.Е).
Сонымен қатар, Ақшарбақ, Жазаба, Маралды ауылдарында шипажайлардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау
Халыққа медициналық көмекті аудандық орталық аурухана, аудандық аурухана, 6 дәрігерлік емханалар, 5 фельдшерлік-акушерлік және 35 медициналық пункттер көрсетеді.
2014 жылдың 1 желтоқсанына 328 нәресте дүниеге келді, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 19 нәрестеге көбірек.
Өткен жылы 291 адам қайтыс болып, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10 адамға артты. Табиғи өсім 37 адамды құрады.
Нәресте өлімінің көрсеткіші- 12,1 пайызды құрайды 1000 тірі туылған балаға (2013 жылы- 12,9 пайыз).
Ана өлімі жағдайлары тіркелмеген.
Туберкулезбен ауыратын адамдар саны 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 61,9 пайызға азайып, 27,3 пайызды құрады (2013 жылдың 1-ші желтоқсанына -71,1 пайыз).
2014 жылы туберкулезбен ауырғандар саны 8 адам, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 39 пайызға азайған (2013 жылы- 21 адам). Облыс аймақтары арасында біздің аудан 1 орын алып тұр.
Өткен жылдың 11 айына туберкулез ауруынан өлім жағдайлары тіркелген жоқ, 2013 жылдың 1- желтоқсанына 1 жағдай тіркелген.
2014 жылдың 1 желтоқсанына 161 қылмыс тіркеліп, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 80,5 пайызды құрады.
2013 жылы 71,6 пайызды құраса, өткен жылы қылмыстың ашылуы керісінше 70,3 пайызға орындалған.
2014 жылдың 1-ші желтоқсанына 12 ауыр қылмыс тіркелен, 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 9 ауыр және 1 аса ауыр қылмыс тіркелген немесе ол 33,3 пайызға өскен. Ауыр және аса ауыр қымыстың ашылуы 53,8 пайызды құрайды (2013 жылы – 77,8 пайыз).
Ауылдық округтерде болған қылмыстың негізгі түрлері – мал ұрлау, дене жарақаттарын түсіру, бұзақылық болып табылады.
Бүгінгі күні 2 ауылдық округте мобильдік топтар ұйымдастырылып, (Ново-Поляковка, Ново-Хайрузовка), рейдтік шығулар өткізіледі.
Осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтіледі. Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өту үшін аудандық арнайы іс-шаралар жоспары бекітіледі. Жұмыс тобы құрылады.
Бұл орайда әрбір катонқарағайлықтарға жүктелген міндет салмақты десем болады.
Осы арада Елбасының Жолдауында айтылған мән-мағынасы терең сөздерін келтірсек орынды: «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болшағымыз жарқын болсын!»
Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы!
Еліміздің өркендеу жолында баршамыз бірігіп, аянбай кызмет етейік!
Осы жолда баршаңызға сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |