Өткізіледі. Ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры және Фридрих Эберт (Германия) атындағы қордың қолдауымен өткізіледі. Конференция Пленарлық отырыс түрінде және төрт секцияда өтеді



Дата03.03.2016
өлшемі301.5 Kb.
#35785

Қазақ-Неміс Университеті, Пушкин көшесі 111/113, KZ-050010 Алматы П/я 102






Алматы 050 000

Қазақстан



Ғылым жөніндегі проректор

knauft@dku.kz

Тел.: (007-727) 355 05 51

Факс: (007-727) 355 05 52

E-Mail: info@dku.kz www.dku.kz

Алматы, 9 ақпан 2015 ж.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2015 жылдың 27 наурыз күні Қазақ-Неміс Университетінде (ҚНУ) «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫ» атты ХII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры және Фридрих Эберт (Германия) атындағы қордың қолдауымен өткізіледі.

Конференция Пленарлық отырыс түрінде және төрт секцияда өтеді. Өтетін жері және уақыты:



Пленарлық отырыс:

10:00-13:30 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қорының үлкен залында. Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10.


Секциялық отырыстар:

14:30-17:30 - Қазақ-Неміс Университеті, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 111-113.


I Секция (бөлім) «Орнықты даму: халықаралық, аймақтық және ұлттық

өлшем».


II Секция (бөлім) «Аймақтық шоғырланған экономикалық үрдістер:

мәселелері мен келешегі».



III Секция (бөлім) «Ресурсты үнемдеу және жаңа технологиялар –

орнықты дамудың негізі»



IV Секция (бөлім) «Мәдениеттік қарым-қатынастағы ғылым мен білім:

болашағы мен қиындықтары».


Тіркелу: 09:30. Конференцияның ашылуы: 10:00.

Конференцияның жұмыс істеу тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.



Сіздерді біздің конференцияға белсенді түрде қатысуға және баяндама жасауға шақырамыз


Dr. Falk-Juri Knauft

(Фальк-Юрий Кнауфт, Ph.D),

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы

ХII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Қатысу түрі: күндізгі және сырттай. Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының өкілдерінің ғылыми жұмыстары тек қана жеке түрде конференцияда баяндама жасаған кезде жарияланады. Алматы қаласынан тыс жерде орналасқан жоғарғы оқу орындарының өкілдерінің ғылыми жұмыстары конференцияға қатыса алмаған жағдайдада қабылданады. Конференцияға қатысу, баяндама жасау және ғылыми еңбектерді жариялау - тегін.

Сертификат: Сертификат тек қана баяндама жасаған қатысушыларға беріледі, сырттай қатысқан қатысушыларға берілмейді.

Тіркелу конференцияға қатысу үшін тіркеу (І қосымша, тіркеу түрі), 1 беттен аспайтын тезисті қосқанда, 2015 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызына дейін төмендегі секциялар (бөлімдер) бойынша қабылданады:
I Секция (бөлім) «Орнықты даму: халықаралық, аймақтық және ұлттық өлшем».

Жауаптылар: Шкапяк Оксана Николаевна, ҚНУ әлеуметтік және саяси ғылымдар факультетінің деканы, Ph.D.; Бурнашев Рустам Ринатович, ф.ғ.к., профессор. Байланыс түрі: shkapyak@dku.kz, +7 (727) 355 05 51 (ішкі № 307).



II Секция (бөлім) «Аймақтық шоғырланған экономикалық үрдістер: мәселелері мен келешегі».

Жауапты: Ажибаева Асель Ауэзовна, ҚНУ экономика ғылымдары факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент. Байланыс түрі: aseldku@mail.ru, +7 (727) 355 05 51 (ішкі № 220).



III Секция (бөлім) «Ресурсты үнемдеу және жаңа технологиялар - орнықты дамудың негізі».

Жауапты: Кегенбеков Жандос Кадырханович, ҚНУ инженерлі-экономика ғылымдары факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент. Байланыс түрі: kegenbekov@dku.kz, +7 (727) 355 05 51 (ішкі № 218).



IV Секция (бөлім) «Мәдениеттік қарым-қатынастағы ғылым мен білім: болашағы мен қиындықтары».

Жауапты: Мыкышева Эльмира Жигеровна, Тілдер орталығының оқытушысы. Байланыс түрі: elmira79@inbox.ru , +7 (727) 355 05 51 (вн.507).


Ұйымдастырушы комитет конференцияға қатысатын баяндамаларды, сонымен қатар конференцияның ғылыми еңбектер жиынтығына жариялауға арналған баяндамаларды таңдауға құқығы бар.

Баяндамаларды жариялау: Ғылыми мақаларды жобалау шарттары ІІ қосымшада көрсетілген. Ғылыми мақалаларды жариялауға тапсыру мерзімі 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін.
Байланыс ақпараты
Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша:

- ҚНУ-нің Ғылым және инновациялық істер департаментінің директоры Серік Раушан Серікқызына хабарласыңыз. Байланыс түрі: +7 (727) 355 05 51 (вн.226), serik@dku.kz.



І Қосымша

Тіркеу түрі

(үш тілде толтырылады)


Аты-жөні (толығымен)




Ел, қала




Жұмыс орны (ұйымның толық және қысқаша атауы)




Ғылыми дәрежесі




Ғылыми атағы




Лауазымы




Оқу орны, курсы, мамандығы (докторанттар үшін)




Телефон/факс




E-mail




Қатысу түрі (керегін қалдыру қажет)

Күндізгі:

- баяндама жасау және мақаланы жариялау

- тек қана баяндама жасау

- тыңдаушы



Сырттай:

- тек қана мақаланы жариялау



Конференция бағыты (секция(бөлім))




Баяндама атауы





Баяндама тезисі

(1000 белгіден артық емес, баяндама жасалатын тілге сәйкес)





ІІ Қосымша
ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫ ЖОБАЛАУ ШАРТТАРЫ
I. Ғылыми мақаланың құрылымы: 

  • Мақаланың атауы (ортадан, үлкен әріппен) (үлгі бойынша жобалау).

  • Жоғары жағының оң жақ бөлігінде мақаланың авторлары немесе авторы туралы мәлімет (аты-жөні толығымен). Ұйымның толық аты және аббревиатуралар, E-mail. Сілтеме: ескертуді беттің атынғы жағында рәсімделеді - аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымның атауы (үлгі бойынша жобалау).

  • Жоғарғы жағының сол жақ бөлігінде авторлар немесе автордың сапалы суреті

  • Мақаланың қысқаша аннотациясы

  • Кіріспе бөлігі, өзектілігі және жаңалығы.

  • Экспериментті бөлігі, анализ, мәселенің өзектілігі және оны түсіндіру.

  • Қорытындылар мен ұсыныстар

  • Әдебиеттер – (қолданылған әдебиеттер тізімін үлгі бойынша жобалау).


Жобалау үлгісі:
ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕР
Ахметов Асан

т.ғ.д., профессор

Казақ-Неміс Университеті (ҚНУ)

akhmetov@dku.kz


Резюме/Summary/Түйін/Annotation

(мақаланы жазу тіліне байланысты)
II. Ғылыми мақаланы жобалаудың техникалық параметрлері:

  • Көлемі – 10 беттен аспауы тиіс.

  • Шрифт «Times New Roman», кегль – 12, мақаланың атауы үшін – 14.

  • Жоларалық интервал - бір; поля: жоғарғы және төменгі - 2 см, сол жағы - 3 см, оң - 1,5 см.

  • Мақаланың атауы орта бойынша, эпиграфтар оң жақ бөлігі бойынша, мақала мәтіні шет жағынан, қажет болған жағдайда шегіну мүмкін.

  • Мақала атауы және автордың аты-жөні ғана боялып көрсетіледі; курсивпен «К» негізгі мазмұннан шегінген кезде, кейбір мысалдар мен ескертулерге қолдануға болады; тырнақшаға алған кезде «…» белгі қолданылады.

  • Қолданылған әдебиеттерді тік жақша қолдану және ішіне араб нөмері арқылы көрсету рұқсат [1].


Жобалау үлгісі:
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Vertrag über die Gründung der Europäischen Gemeinschaft für Kohle und Stahl vom 18. April 1951 // Quelle: BGB1. – 1952 II – S.448-475.



2. «Зеленая» экономика: глобальный тренд развития [Электронный ресурс] / Режим доступа: http://www.kazenergy.com/ru/2012-06-20-08-42-46/2012-06-20-13-01-53/9027-l-r-.html (23 сентября 2013)
IV. Жауапкершілік. Мақаланың мазмұныныа автор жауап береді, ұйымдастырушы комитет мақаланы жариялау және жарияламау, сонымен қатар түзету құқығына ие.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет