Өткізілу күні: 14. 05. 2013 Өткізілу уақыты



Дата23.02.2016
өлшемі18.07 Kb.
#8373
Халықаралық мейірбикелер күніне арналған

іс-шараларды жүргізу туралы баспасөз-релиз
Өткізілу күні: 14.05.2013

Өткізілу уақыты: 10.00

Өткізілу орны: Орталық қалалық клиникалық аурухананың конференц залы, Жандосов к-сі 6,

Манас к-нің бұрышы



Өткізудің ұйымдастырушылары: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефоны: 2755473, 87013860455

Халықаралық мейірбикелер күні жыл сайын 12 мамыр – ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлдің (12.05.1820 – 13.08.1910) туған күні қарсаңында атап өтіледі.

Мейірбикеге негізгі төрт міндет жүктелген: денсаулықты сақтау, аурудың алдын-алу, денсаулықты қалпына келтіру және қайғысын жеңілдету. Мейірбикенің жұмыстағы қажеттілігі жан-жақты. Мейірбикелік іс өмірге деген сыйластықты, адам құқығы мен абыройын білдіреді. Ол ұлттық белгілері бойынша, діни тұрғыдан, жынысы және саяси немесе әлеуметтік жағдайы бойынша шектелмейді.

Екі жылда бір рет Қызыл крест Халықаралық комитеті мейірбикелерге арналған Флоренс Найтингейлдің – жоғарғы дәрежелі 50 медалімен марапаттайды. Оны соғыс жылдары немесе бейбітшілік уақытында ерекшеленген мейірбикелерге арнап 1912 жылы Қызыл крест және Қызыл ай Халықаралық Лигасы бекітті.

Осы мерекенің қарсаңында қаланың медициналық мекемелерінде мейрамды атап өтуге байланысты салтанатты іс-шаралар мен конференциялар өткізілді. Емдеу мекемесінің үздік мейірбикесіне іріктеу байқаулары өткізілді, содан кейін ауданның үздік мейірбикесі атағына іріктеу байқауы ұйымдастырылып, содан жеңген екі мейірбике қалалық байқауға жіберілді. Қалалық байқау Алматы медициналық колледжі базасында екі кезең бойынша жүргізілді. Байқаудың бірінші кезеңі – компьютерлік тестілеу, екінші кезеңі – тәжірибелік машықтарын көрсету.

Мейірбике еңбегі таңдалған мамандығына деген адалдықтан, жоғарғы құзыреттілік мен қайсарлықтан, шексіз мейірімділік пен аяушылықтан тұрады. Жер бетінде мейірбике мамандығынан басқа, адамдарға қажет, қоғамымыздағы әлеуметтік игілікті міндетті мойнына алатын – науқас адамға сырқатымен күресуге көмектесіп, үміті мен күшін жоғалтпай, әдеттегі өмірге қайта келуге жәрдемдесетін мамандық жоқ.



2013 жылдың 14 мамырында қаланың медициналық қоғамы Халықаралық мейірбикелер Күніне арналған салтанатты іс-шаралар жүргізеді және денсаулық сақтау жүйесінің жетекші мамандары, ардагерлер, қала әкімінің орынбасары З.Аманжолова және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Қасымжанованың қатысуымен өткізілетін байқаудың қорытындысы шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет