Өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі32.14 Kb.
#3759
Арал аудандық мәслихаты
шешімінің жобасы
Арал ауданының аумағында бөлек

жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізудің Қағидаларын және жергілікті

қоғамдастық жиынына қатысу үшін

ауылдар тұрғындары өкілдерінің

санын бекіту туралы

       Қазақстан Республикасының 2001 жылєы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекітутуралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Арал ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2. Арал қаласының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде (бір өкілден кем емес) бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

3. Арал ауданындағы кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың, көше тұрғындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде (бір өкілден кем емес) бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы А. Жоланов


      
Аудандық мәслихатының хатшысы К. Данабай





 

Арал аудандық мәслихатының
2014 жылғы «___» _______________
№ _____ шешімімен
Бекітілген


Арал ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қақидалары
1. Жалпы ережелер

       1. Осы Арал ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылєы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Арал ауданы аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.


       2. Арал ауданы аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
       3. Бөлек жиынды Арал ауданының әкімі шақырады.

Арал ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Арал ауданының әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Арал ауданының тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Арал ауданының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Арал ауданының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.


       8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арал ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.



9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Арал ауданы әкімінің аппаратына береді.
Каталог: img lib
img lib -> «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2015 жылдың 11 айында жүзеге асырылуы туралы анықтама
img lib -> Аудан әкімі А. Мұхимовтың тұрғындар алдындағы кезекті
img lib -> «ХҚКО» рмк қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А. И.Әбибуллаева 2014 ж
img lib -> 2015 жылдың ІІ тоқсанына арналған «ХҚКО» рмк қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінің Мобильдік ХҚко іс-сапарға шығу кестесі
img lib -> Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер Халықты жұмыспен қамту бойынша
img lib -> Арал ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2014 жылдың 12 айында жүзеге асырылуы
img lib -> Арал аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша 2015 жылыдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
img lib -> Арал ауданы бойынша кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі
img lib -> Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2015 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер Халықты жұмыспен қамту бойынша
img lib -> 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының 2015жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет