Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше



Дата23.02.2016
өлшемі36.98 Kb.
#3772
Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/146 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 2420 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы:                        А.Қосуақов

      Аудандық мәслихат хатшысы:              А.Досанова
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»


      Түпқараған ауданының әкімі
      Т.Асауов
      11 сәуір 2014 жыл
 
 

Аудандық мәслихаттың


2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 20/146 шешімімен бекітілген
 

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары


 

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (одан әрі – Бөлек жиын) Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
 

      2. Бөлек жиындарды өткізудің жалпы қағидалары

      3. Қаланың, ауылдардың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
      4. Қазақстан Республикасының азаматының қаланың, ауылдардың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу дерегі оның бөлек жиынға қатысуына негіз болып табылады.
      5. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
      6. Бөлек жиынға кәмелетке толмағандар, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

      3. Бөлек жиындарды шақыру және әзірлеу тәртібі

      7. Бөлек жиынды қаланың, ауылдың әкiмі шақырады.
      Аудан әкiмінің бөлек жиынды өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге жол беріледі.
      8. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оны өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      4. Бөлек жиындарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі

      9. Қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қала, ауыл әкiмі ұйымдастырады.
      10. Бөлек жиынды ашудың алдында оған қатысуға құқығы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындар мен шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
      11. Бөлек жиын оған тиісті қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.
      12. Бөлек жиынды қала, ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
      Қала, ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
      13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол қала, ауыл әкімінің аппаратына беріледі.
      14. Бөлек жиынның шешімі, егер оған бөлек жиынға қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      5. Қаланың, ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі



      15. Қаланың, ауылдардың жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушылардың бір пайызы негізінде анықталады.
      16. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет