1. Тақырыбы №5: Дезинсекция. Буынаяқтылармен күресу әдістері және құралдары. Дератизация. Кеміргіштермен күресу әдістері және құралдары.
2. Мақсаты: дезинсекцияның теориялық және әдістемелік негізін меңгеру, оның құрылымын және эпидемиялық ошақтарды ликвидациялауда жұқпалы ауруларды алдын алу үшін түрлі тасымалдаушыларды жоюды ұйымдастыра білу.
3. Оқыту мақсаты:
жұқпалы ауруларды алдын алуда студенттердің білімін қалыптастыру;
дезинсекция әдістерін меңгеру, қолдану тәсілдері және құралдары;
әр топтағы инсектицидтерді қолдану принциптерін меңгеру;
дезинсекцияның техникалық принциптерін меңгеру;
потенциалды эффективті шараларды және нақты эпидемиялық жағдайдағы инфекцияның эпидемиологиялық ерекшелігіне байланысты дезинсекция шараларын негіздеу;
дезинсекция объектілерін анықтау және оларды жүргізу әдістері;
дезинсекция сапасын бағалайтын әдістерді меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
адамдарды буынаяқтылардан қорғау және жұқпалы ауруларды алдын
алудағы дезинсекцияның орны;
буынаяқтылармен күресудегі алдын алу шараларының құрамы;
буынаяқтылармен күресудегі жою шараларының құрамы;
механикалық, физикалық және биологиялық әдістердің сипаттамасы, тәсілдері және оларды қолдану;
химиялық әдістің сипаттамасы, инсектицидтерге қойылатын талаптар, оның түрлері және қолдану әдістері, буынаяқтылардың ағзасына кіру жолдары және әсер ету механизмдері;
әртүрлі қолданылатын заттар және химиялық қоспалар тобының жалпы сипаттамасы;
безгек таратушы масалармен күресу шаралары;
биттермен күресу шаралары;
кенелермен күресу шаралары;
синантропты жәндіктермен күресу шаралары;
Достарыңызбен бөлісу: |