ПӘні бойынша әдістемелік ұсыныстар



Дата25.06.2016
өлшемі95.55 Kb.
#157286

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

050503 –Психология мамандығының студенттеріне арналған

«Патопсихология негіздері»
ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

м.ғ.к., ПжП

кафедрасының

профессоры

Булекбаева С.Е.

Павлодар
Пәннің мақсаты және тапсырмасы - студенттерде психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын меңгеруді психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра қалыптастыру. Пәннің міндеті - адамның психикалық жағдайларын зерттеу үшін студенттерде толық бағдарлық негізді қалыптастыру; психологиялық білімді қолданудың спецификасын психологтың іс-әрекетінің құрылымында түсіну; психиатриялық сараптаманың негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдыларын қалыптастыру;



Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

- психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын;

- патопсихологиялық зерттеудің барлық әдістемелерін;

- психологиялық білімді психологтың іс-әрекетінің құрылымында қолданудың спецификасын;

- физикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларына байланысты бейімделудің және өзін-өзі көрсетудің қиыншылықтары бар тұлғаларды анықтау әдістерін игеруі керек.

- эксперименталды-психологиялық зерттеулерді жүргізуді;

- психиатриялық сараптама (еңбек, әскери) жүргізу кезінде психиканың бұзылу деңгейі мен құрылымын психикалық талдауды және бағалауды жүргізуді;

- психикалық аурулары бар балалар мен жастардың мүгедектікке ұласуының алдын алу мақсатымен, еңбекке және оқуға ұсынуды таңдау және негіздеу үшін олардың интеллектуалдық сферасының ерекшеліктерін психологиялық талдауды жүргізуді;

- әртүрлі жағымсыз нәрселердің, уланудың, күйзелістердің әсерлерінен пайда болатын аурулар кезіндегі психикалық іс-әрекеттер құрылымына психологиялық талдау жүргізуді игеруі керек.

6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, психофизиология, психогенетика.

7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: медициналық психология, практикалық психология, дифференциалды психология, эксперименталды психология.



Әдістемелік ұсыныстар

Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

а) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың түрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындық студентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге үйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Студент дәріс мазмұнын толық түсіну үшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай үйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтың күні, тақырып, мақсаты, сабақтың жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар және т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:

Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердің келесі беттерін бос қалдыру керек.

Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет түрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама түрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра түседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.



Пәннің тақырыптық мазмұны

1 тақырып. Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.

Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы. Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары. Жалпы патопсихологиялық пәннің анықтамасы, эксперименталды-психологиялық әдістерді клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принципі.



2 тақырып. Патопсихологиялық зерттеу әдістері. Патопсихологиялық зерттеудің әдістері, оның кезеңдері: ауру анамнезін талдау, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Тексерудің негізгі маңыздылық категориялары: адекватты, эготропты, нозотропты мотивациялар. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері.

3 тақырып. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қатынас мәселесі. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері. Әртүрлі аномальды даму барысындағы балалардың психологиялық сипаттамалары.

4 тақырып. Қабылдаудың бұзылуы. Сағымдар: физикалық, физиологиялық, зейінсіздік, аффективті, вербальді, парэйдолиялық. Елестеушіліктер: интерпретативті, әмірлі немесе бұйрықты (императивті), функционалды, жанасу, иіс сезу, дәм сезу, іштегі (висцеральды), психогендік, қарапайым, күрделі, жалған елестеушіліктер.

5 тақырып. Естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері. Естің физиологиялық негіздері, оның түрлері: механикалық, сөздік-логикалық, музыкалық, гипомнезия, гипермнезия, феноменальды. Амнезия, оның түрлері: антероградтық, ретроградтық, парамнезия, конфабуляция, псевдореминисценция, крептомнезия. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Интеллект түсінігі, түрлері: туа біткен ақыл-ой жетіспеушілігі – олигофрения: идиотия, имбецильность, дебильность. Жүре пайда болған ақылдың жетіспеушілігі – деменция: органикалық, апатикалық (шизофреникалық), эпилептикалық.

6 тақырып. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялар ... стресс. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы.

7 тақырып. Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.

Невротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Невроздар кезіндегі соматикалық және басқа бұзылулар.



8 тақырып. Сананың бұзылуы, критерийлері. Сананың бұзылулары. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, сткпор, онейроид, қарауытқан бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі. Паранойя.

9 тақырып. Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер. Сөйлеудің бұзылуы - алалия, афазия: моторлық, сенсорлық, амнестикалық, брадифазия, вербигерация, дизартрия, заикание, косноязычие, олигофазия, шизофазия, символическая речь, криптолалия, неологизмы, мутизм. Зейіннің бұзылулары. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.

10 тақырып. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер.

Ойлаудың бұзылуы, оның түрлері: сандырақ ойлар, ипохондриялық ойлар, нақұрыс және ұлылық сандырағы, жүйеленген сандырақ, жабысқақ ойлар. Ассоциативті процестің бұзылуы: ойлардың секіруі, үзілуі, қисынсыздығы, персерверациясы, толықтылығы. Балалар ойлауының бұзылуы, оның ерекшеліктері. Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.


11 тақырып. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы, могтив иерархиясы, жанамалалаудың бұзылуы. Мағына қалыптастыру процесі және оның бұзылулары. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні.

12 тақырып. Психиканың органикалық бұзылуы. Зақымданған психикалық дамудың түрлері: мидың минимальды дисфункциясы, мидың екі жартышарының арасындағы өзара іс-әрекеттің бұзылуы, бас миының локальды зақымдануы (мысалы, ми қыртысының сөйлеуге қатысты орталығы), эпилепсия, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы.

13 тақырып. Кешіккен психикалық даму, этиологияся, диагностикасы, коррекция мәселелері. Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері: психикалық, психофизикалық инфантилизм салдарынан және ұзаққа созылған астеникалық және цереброастеникалық жағдайларға байланысты болған психикалық дамудың кешігуі;

Кешіккен психикалық дамудың себептеріне байланысты варианттары: конституциональдық, соматогендік, психогендік, церебральды-органикалық. Коррекциялық көмек.



14 тақырып. Дисгармониялық психикалық даму. Психопатия. Дисгармониялық психикалық дамудың себептері, әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Психопатия жеке тұлғаның дисгармониялық дамуының түрі ретінде. Психопатияның классификациясы, түрлері: шизоидтік, эпилептоидтік, циклоидтік, психоастеникалық, истероидтік, психопатиялар. Жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.

15 тақырып. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм. Ерте балалық аутизмнің клинико-психологиялық құрылымы, оны сипаттайтын белгілері. Диагностикасы. Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы, оның негізгі кезеңдері: психологиялық коррекция, педагогикалық корреция, дәрі-дәрмекпен коррекция, отбасымен жүргізілетін жұмыс.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ілешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы, 1994.

  2. Ілешева Р.Г. Психиатрия. Алматы, 1995.

  3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматф, 1994.

  4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.

  5. Братусь Б.С. «Аномалии личности». М., 1990.

  6. Зейгарник Б.В. Патопсихология. МГУ, 1987

  7. Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей, М.,1985.

  8. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. М.,1973.

  9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. М.,1986.

  10. Николаева В.В. Влияние хронической болезни на психику. МГУ, 1987.

  11. Сапарова И.А. Психология переживания болезни. Алматы, 1997.

  12. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. М., 1970.

  13. Хрестоматия по медицинской психологии. (составитель Сапарова И.А. Алматы, 2004

  14. Хомская Е.Д. Нейропсихология . М., 1990.

  15. Клиническая психология в социальной работе. (под ред. Б.А.Маршинина, 2002.

  16. Менделевич В.Д. Патология девиантного поведения. М., 2001.

  17. Максимова Н.Ю., Милютина Е.Л. Курс лекций по детской патопсихологии. Ростов на Дону,: Феникс, 2000.

  18. Клиническая психология: учебник /Под ред. Б.Д.Карвасарского – СПб: Питер, 2002.

Қосымша:

  1. Захаров А.И. Неврозы у детей и подростков. Л., 1989.

  2. Лэнг Р. Расколотое Я. М., 1996.

  3. Коркина М.В., Цивилько М.А., Марилов В.В. Нервная анорексия. – М.: Медицина, 1986.

  4. Карвасарский Б.Д. Неврозы. – М.: Медицина, 1990.

  5. Маринчева Г.С., Гаврилов В.И. Умственная отсталость при наследственных болезнях. – М.: Медицина, 1988.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет