ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#135049
  1   2   3   4   5
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ

КАФЕДРАСЫ
ФИЗИОЛОГИЯ ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІҢ, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Пән: физиология

Пән коды:

Мамандық: 051101-«Медико- профилактикалық іс»

Курсы: I

Оқу семестрі: IІ

Кредит №1, №2

2010 жыл


Бақылаушы-өлшегіш құралдар кафедра мәжілісінде қаралған және бекітілген.

«___»__________2010ж. №___хаттамасы


Кафедра меңгерушісі, доцент Әділбекова Д.А.

1.Пән бойынша тесттер
1. ~ Есту мүшесiне ... дыбыстық толқынның қысымы әсерiнен ауырсыну сезiмi пайда болады.

| 160 дб+

| 20 дб

| 40 дб


| 80 дб

| 10дб


2.~ Иiрiм түтiктiң жоғарғы арнасы… толтырылады.

| перилимфамен +

| эндолимфамен

| жасуша iшiлiк сұйықтықпен

| физиологиялық ерiтiндiмен

| лимфамен



3.~ Вестибулярлы аппараттың рецепторларына …жатады.

| макулалар, кристалар+

| таяқшалар, сауытшалар

| талшықты жасушалар

| пачиниев денесi, мейснеров денешiгi

| Руффини денешiгi, Краузе таяқшасы



4.~ Ортаңғы құлақты iшкi құлақтан бөлiп тұратын қабырғада ... орналасады.

| сопақ терезе, домалақ терезе+

| сопақ терезе, негiзгi мембрана

| домалақ терезе, негiзгi мембрана

| сопақ терезе, текториальды мембрана

| домалақ терезе, текториальды мембрана

5. ~ Иiрiм түтiктiң төменгі арнасы ... толтырылады.

| перилимфамен +

| эндолимфамен

| физиологиялық ерiтiндiмен

| лимфамен

| жасуша iшiлiк сұйықтықпен



6. ~ Иiрiм түтiктiң ортаңғы арнасы ... толтырылады.

| эндолимфамен+

| перилимфамен

| физиологиялық ерiтiндiмен

| лимфамен

| жасуша iшiлiк сұйықтықпен



7. ~ Есту талдағышының рецепторларына жатады ...

| талшықты жасушалар +

| таяқшалар, сауытшалар

| макулалар және кристалар

| Пачинни денешігі, мейснер денешігі

| Руффини денешігі, Краузе таяқшасы



8. ~ Вестибулярлы талдағыштың перифириялық бөлiмi ... тұрады.

| кiреберiстен, жарты иiрiмдi түтiктерден+

| кiреберiстен, иiрiмдi түтiктерден

| иiрiмдi түтiктерден, жарты иiрiмдi түтiктерден

| кiреберiстен, отолиттерден

| жарты иiрiмдi түтiктерден, отолиттерден

9. ~ Вестибулярлы аналазатордың үшінші бөлімі орналасқан ...

| қыртыстың постцентральды иірілімінде +

| қыртыстың прецентральды иірілімінде

| қыртыстың маңдай бөлімінде

| вестибулярлық ядрода

| таламуста



10. ~ Вестибулярлы талдағышының үшінші бөлімі орналасқан ...

| қыртыстың орталық арты иірімінде +

| қыртыстың орталық алды иірімінде

| қыртыстың маңдай аймағында

| вестибулярлы ядроларда

| таламуста



11. ~ Көздiң аккомодациясы деген ... .

| әр түрлi қашықтықта нәрселердi анық көру қасиетi+

| торлы қабығындағы бейнелеу нүктесiнiң анық болмауы

| көз бұршағының орталық және шеткерi сәулелердi сындыру күшiнiң әр түрлi дәрежесiнде болуы қасиетi

| жарық әсерiнен торлы қабығының элементтерiнiң сезiмталдығының өзгеруi

| қараңғыда көру мүмкiншiлiгi



12.~ Көру өткiрлiгi деген – бұл ... көру мүмкiндiгi.

| әр түрлi ара қашықтықта әр түрлi объектiлердi максимальді ажыратуды+

| объектiлердi әр түрлi ара қашықтықта

| жақын тұрған объектiлердi

| нәрселердi тесiрейiп қараумен

| қараңғыда



13. ~ Көру алаңын анықтау үшiн ... қолданылады.

| периметр+

| аудиометр

| эстезиометр

| Вебердiң циркулi

| офтальмоскоп



14. ~ Біріншілей сезетін рецептор болып табылады ...

| хеморецепторлар, тактильді, ноцицепторлар +

| есту, тактильді, дәм сезу рецепторлары

| вестибулорецепторлар, проприрецепторлар, хеморецепторлар

| барарецепторлар, иіс сезу, осморецепторлар

| дәм сезу, есту, вестибулорецепторлар



15. ~ Көздiң максимальды өткiрлiгi ... болады.

| сары дақта+

| соқыр дақта

| торлы қабатының шеткi аймағында

| орталық шұңқырда

| көру жүйкесiнде



17. ~ Температуралық сезiмталдықты зерттеуге ... қолданылады.

| термоэстезиометр+

| периметр

| аудиометр

| Вебердiң циркулi

| офтальмоскоп



18. ~ Соқыр дақ деген – бұл ... ең үлкен жиынтығы.

| көру жүйкесiн құрайтын ганглиозды жасушалардың аксондарының+

| сауытшалардың

| таяқшалардың

| пигменттi жасушалардың

| биполярлы жасушалардың



19. ~ Астигматизм пайда болғанда көздiң рефракциясының коррекциясына ... шыны қажет.

| цилиндрлiк+

| екi жағы ойыс

| екi жағы дөңес

| горизонталды

| квадратты



20. ~ Тактилдiк сезiмталдықты аныктау үшiн ... колданылады.

| Вебер циркулi+

| ольфактометр

| термоэстезиометр

| офтальмоскоп

| Форстер периметрi



21. ~Адамның кеңістік бағытта болуында негізгі рольді атқаратын келесі анализаторлар

| көру, кіребері, кенестетикалық +

| есту, кенестетикалық, иіс сезу

| көру, иіс сезу, дәс сезу

| кенстетикалық, иіс сезу, ауырсыну

| вестибулырлы, есту, температуралық



22. ~ Көру өткiрлiгiн анықтау үшiн ... қолданылады.

| Сивцов-Головиннiң кестесi+

| Форстер периметрі

| Анфимов кестесi

| офтальмоскоп

| Рабкиннiң кестесi



23. ~ Таламуста ауыстырылмайтын және жолдары тіпті айқастанбайтын анализатор-бұл

|иіс сезу +

| тактильді

| дәм сезу

| есту

| көру


24. ~ Есту өткiрлiгiн анықтау үшiн ... қолданылады.

| аудиометр+

| диплоскоп

| форстер периметрi

| Вебердiң циркулi

| ольфактометр

25. ~ Торлы қабаттың сыртқы бетiн ... жасушалар құрайды.

| пигменттi+

| ганглиозды

| биполярлы

| таяқшалар

| сауытшалар

26. ~Бейімделу кезінде рецепторлардың электрлік белсенділігі

| жоғарылайды +

| төмендейді

| өзгермейді

| кезеңді өзгереді

| ӘП пайда болады

27. ~Анализаторлардың орталық бөлімі болып саналатын

| қыртыс орталығы +

| таламикалық ядролар

| ортаңғы ми

| мишық

| лимбиялық құрылыс



28. ~Торлы қабықта жарық әсерінен таяқшаларда фоточимиялық процесте родопсин ыдырайды

|ретинол мен опсинге+

Иодопсин мен ретинолға

|эритролаб және вит.А

|хлораб және опсинге

| вит.А және йодопсинге



29. ~ Фоторецепторлардың сезiмталдығы өте жарық жағдайда ...

| төмендейдi+

| өзгермейдi

| жойылады

| жоғарлайды

| фазалық түрде өзгередi



30. ~ Тордағы ең анық көрiнетiн жерi ортаңғы шұңқыр, себебi бұл жерде тек қана ... жинақталған.

| сауытшалар+

| таяқшалар

| сауытшалар мен таяқшалар

| ганглиозды жасушалар

| биполярлы жасушалар



31. ~ Егер көру алаңдары тарылса,онда көру өткiрлiгi ... .

| өзгермейдi+

| төмендейдi

| жоғарлайды

| кенет төмендейдi

| фазалы өзгередi



32. ~ Дене қызметiмен айналысқаннан кейiн адамда көруi ... .

| төмендейдi+

| бұзылады

| жоғарлайды

| өзгермейдi

| жойылады



33. ~ Бейiмделу кезiнде рецепторлардың электрлiк активтiлiгi ... .

| төмендейдi+

| өзгермейдi

| жоғарлайды

| жойылады

| әрекет потенциал пайда болады



34. ~ Әртүрлі бағыттағы сәулелер көздің әртүрлі сындыруы

| астигматизм +

| рефракция

| акомадация

| гиперметрапия

| миопия



35. ~ «Қышқыл» сезiмдi сезiп тұратын және оған қозатын рецепторлар ... орналасады.

| тiлдiң бүйiр жағында+

| тiлдiң ұшында

| тiлдiң түбiнде

| тiлдiң денесiнде

| ауыз қуысының жақты бетiнде



36. ~ Адамның тәттi, қышқыл, тұщы сезiмдi қабылдау қабiлетi жойылады, егер ... жүйкесі

зақымдалса.

| тiл+


| кезеген

| тiл-жұтқыншақ

| бет

| үшкiл


37. ~ Ішкі мүшелерден ауырсынулар терінің әр түрлі бөліктеріне келген зонасы аталады:

| Захарьин-Гед +

| Бейнбриндж-Павловтың

| Парин


| Цион-Людвиг

| Бецольд-Яриш



38. ~ Шартты рефлекстерге қатысты емес ерекшеліктер

| тұқым қуалайды +

| сигналды сипатта

| тұрақсыз рефлекторлы доғасы

| жеке бастық

| динамикалық



39. ~ Шартсыз рефлекске жатпайтын ерекшеліктер

| қыртыста тұйықталады

| туа пайда болады

| түрлік ерекшелік

| тұрақты, рефлекторлы доға

| ми бағаны мен жұлында тұйықталады



40. ~ Жоғары эмоциялар байланысты

| қоғамдық және парасат қажеттіліктерді қанағаттандыруға +

| гоместаз және интелекттік (парасат) қажеттіліктерін қанағаттандыруға

| жыныстық инстингті және моральді қажеттіліктердің қанағаттандыруға

| эстетикалық және өзіндік сақтау қажеттіліктерін қанағатанджыруға

| эстетикалық және парасат әрекеттің қажеттіліктерін қанағатанджыруға



41. ~ Есте сақтауды толық сипаттайтын үрдіске ... жатады.

| ақпаратты сақтау, қайталау+

| ақпаратты сақтау

| ДНҚ мен РНҚ-мен ақпаратты сақтау

| қозудың айналуы

| қозудың айналуы мен ақпаратты ДНҚ, РНҚ сақтау



42. ~Егер тежеуші тітіркендіргіш реакция тудырып, ал қоздырушы-тежелуді, бұл гипноз кезеңі аталады

| ультрапарадоксалды +

| теңестіру

| парадоксальды

| тежейтін

| парабиотикалық



43. ~ Шартсыз тежелуге ... жатады.

| шектен тыс, сыртқы+

| шартты, кешiктiрiлген

| ажыратылытын, өшiрiлетiн

| iшкi, қорғайтын

| кешiктiрiлетiн, шектен тыс

44. ~ Гиппократ бойынша күштi, қозғалғыш, ұстамсыз жүйке жүйесi типiн ... жатады.

| холерик+

| сангвиник

| меланолик

| флегматик

| интраверт



45. ~ Афазия дегеніміз:

| сөйлеудің бұзылуы +

| танудың бұзылуы

| бағытталған әрекеттің бұзылуы

| көрудің бұзылуы

| қимыл-әрекеттің бұзылуы



46. ~ Көбiнесе неврозға ұшырайтын жоғары жүйке қызметiнiң темпераментiне жататын адамдар ... .

| холерик, меланхолик+

| флегматик, меланхолик

| сангвиник, холерик

| флегматик, сангвиник

| меланхолик, сангвиник



47. ~ Екінші сигналдық жүйемен байланысты реакцияны анықтаңыз

| дәрігерден анализ нәтижелерін естіген науқас адамда тахикардия +

| иіс сезгенде сілекейдің бөлінуі

| жарықтың әсеріне қарашықтардың тарылуы

| дәрігердің қолында шприц көрген баланың жылауы

| ыстық плитаға қол тигізгенде-тартып алу



48. ~ Үлкен жарты шарлар зақымдалуында бағытталған әрекеттің бұзылуы:

| апраксия

| агнозия

| афазия

| аграфия

| амнезия

49. ~ ОЖЖ қызметiн сипаттаушы негiзгi жүйкелiк үрдістерге ... жатады.

| қозу, тежелу+

| функциональды тыныштық, лабильдiлiк

| қозушылық, рефрактерлiк

| тежелу, тепе-теңдiк

| тепе-теңдiк, парадоксальды



50. ~ Сөйлеу мен сөйлемдердi құрастыратып жүзеге асыратын Брок орталығы ... орналасады.

| қыртыстың үшiншi қатпаларында+

| қыртыстың алдыңғы орталық қатпаларында

| бас-ми жүйкелерінің қозғалтқыш ядроларында

| қыртыстың шүйде аймағында

| қыртыстың самай аймағында


51. ~ ОЖЖ-дегi объективтi түрде мәлiмет алудың алғашқы үрдісіне... жатады.

| қабылдау, ой тұжырымы+

| елестету, талқылау

| сезу, қабылдау

| түсiну, талқылау

| ойлау, сөйлеу



52. ~ Инстинкт- бұл ... .

| күрделi шартсыз рефлекстер+

| қарапайым шартты рефлекстер

| бiрiншi реттiк шартты рефлекстер

| жақсы дамыған шартты рефлекстер

| iздi шартты рефлекстер



53. ~ Қыртысты тежелудi ... анықтайды.

| нфимов кестесi+

| номограмма

| Рабкин кестесi

| Головин кестесi

| Сивцев кестесi



54. ~ Адамға ғана тән жоғарғы жүйке iс әрекеттерiнiң типтерiне ... түрлері жатады.

| ойшыл, өнерпаз,аралас+

| ұстамсыз, сабырлы әлсiз

| өнерпаз, әлсiз,сабырлы

| сабырлы, сангвиник, холерик,

| ойшыл, күштi, аралас



55. ~ Сөйлеудi қабылдайтын Вернике орталығы ... орналасқан.

| қыртыстың самай аймағында+

| қыртыстың үшiншi маңдай қатпаларында

| қыртыстың алдыңғы орталық қатпаларында

| қыртыстың шүйде аймағында

| бас-ми жүйкелерiнiң қозғалтқыш ядроларында



56. ~ Зерденiң ... түрлерi болады.

| интелекттi, қысқа мерзiмдi, эмоционалды+

| кенеттен, ерiксiз, интелекттi

| сенсорлы, қысқа және ұзақ мерзiмдi

| эмоциональды, сенсорлы, интелекттi

| кенет, сенсорлы, ерiктi



57. ~ Қалыпты ұйқының фазаларына ... жатады.

| тез және баяу ұйқы+

| тез және парадоксальды ұйқы

| баяу және пассивтi ұйқы

| парабиотикалық және тез ұйқы

| ұзақ уақытты және баяу ұйқы


58. ~ Жоғары жүйке iс-әрекетi қызметiн ... атқарады.

| қыртыстың үлкен жарты шарлары+

| жұлын

| ретикулярлы формация



| лимбиялық жүйе

| таламус, гипоталамус



59. ~ Тамырлық шартты рефлекстердi ... әдісімен зерттейдi.

| плетизмография+

| осциллография

| реография

| сфигмография

| флебография



60. ~ Биологиялық маңызына қарай шартты рефлекстер ... болып бөлiнедi.

| тағамдық, қорғаныш, жыныстық+

| қарапайым, күрделi, жыныстық

| жасанды, табиғи, тағамдық

| тiзбектi, жинақталған, қорғаныш

| висцералды, экстрорецептивтi, бағдарлау



  1. ~Агнозия бұл

| танудың бұзылуы +

| сөйлеудің бұзылуы

| нақты мақсат әрекеттің бұзылуы

| жазудың бұзылуы

| есеп шығару қабілетінің бұзылуы

62.~ Әртүрлi орталыққа бiрнеше тiтiркендiргiшпен әсер ету кезiнде оқу үрдісі ... .

| төмендейдi+

| жоғарлайды

| күрт жоғарлайды

| өзгермейдi

| жойылады



63. ~ ІІ сигналды жүйе-бұл

| вербальді (сөйлеп) қарым-қатынас +

| инстингтер

| шартты рефлекстер

| шартсыз рефлекстер

| талдағыштар



64.~ Оқытуда синапстардың пластикалылығы ... .

| жоғарылайды+

| төмендейдi

| жойылады

| өзгермейдi

| фазалы өзгередi


65.~ Бiрiншi сигналды жүйе дегенiмiз – бұл ... .

| шартты және шартсыз рефлекстер+

| шартты рефлекстер

| шартсыз рефлекстер

| абстракты ойлау

| вербальдi сөйлеп бiр-бiрiмен қатынасу



66. ~ Қанның қысымы ... төмен болады.

| веналарда+

| венулаларда

| артериолаларда

| капиллярларда

| қуысты веналарда



67.~ Тiтiркену кезiнде қан тамырларды тарылтатын ... жүйке талшықтары болып табылады.

| симпатикалық, адренэргиялық+

| симпатикалық, холинэргиялық

| парасимпатикалық, холинэргиялық

| парасимпатикалық, серотонинэнергиялық

| соматикалық, холинэргиялық



68. ~ Тамырлар бойымен қан жылжыған кезiнде қан қысымының төмендеуi ... байланысты.

| қан тамырлар кедергiсiне+

| қан тамырларды созылуына

| қан тұтқырлығының жоғарлауына

| плевра қуысының терiс қысымына

| қанның осмостық қысымына



69.~ Ағзадағы капиллярлар ... қызметiн атқарады.

| зат алмасу+

| сыйымдылық

| айналмалы

| өткiзгiштiк

| қоймалық



70. ~ Қанды көп мөлшерде ... алады.

| бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы+

| терi, көкбауыр, құрсақ ағзалары, қаңқа бұлшықеттерi

| бүйрек, қаңқа бұлшықеттерi, бас миы

| жүрек, бауыр, құрсақ ағзалары, өкпелер

| өкпелер, бас миы, терi, тегiс бұлшықеттері



71. ~ Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.

| бүйректе+

| мида

| өкпелерде



| бауырда

| терiде


72. ~ Веналар ... атқарады.

| тасымалдауды, сыйымдылықты+

| қоректенуді, бөлiп шығаруды

| тыныстықты, алмасуды

| бөлiп шығаруды, тасымалдауды

| қоймалықты, тыныстықты



73. ~ Жүрек минутына 72 рет жиырылып және систолалық қан көлемі 65 мл. тең болса, онда қанның минуттық көлемі тең

| 4200 +


| 3200

| 3800


| 4800

| 5200


74. ~ Қышаның (гoрчичник) әсерiнен терi тамырларының жергiлiктi кеңеюi ... қамтамасыз етiледi.

| аксон рефлексi арқылы+

| Бейнбридж рефлексi арқылы

| қолқалық рефлекс арқылы

| коронарлық тамырлардың рефлексi арқылы

| шартты рефлекс арқылы



75. ~ Қан қысымының кенет төмендеуi ... байқалады.

| артериолаларда+

| артерияларда

| веналарда

| капиллярларда

| венулаларда



76. ~ Флебограмма әдiсi деген – бұл ... тiркеп жазып алу.

| веналардың пульстiк толқындарын+

| артериялардың пульстiк толқындардың

| жүректiң биопотенциалдарын

| көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын

| қан қысымының қисығын



77. ~ Қан қысымын анықтауға қолданылатын әдіс

| Коротков-Рива-Роччи +

| реокардиография

| капилляроскопия

| плетизмография

| фонокардиография



78 ~Пульстік қысым деген-бұл қысымдар арасындағы айырмашылығы

| систолалық және диастолалық +

| орташа және диастолалық

| орташа және систолалық

| систолалық және капиллярлық

| диастолалық және ұлпалық


79. ~ Қан ағысына негiзгi кедергiні ... жасайды.

| артериолалар+

| артериялар

| веналар

| капиллярлар

| венулалар



80. ~ Қан қоймасы болып ... саналады.

| көкбауыр, бауыр, өкпелер, терi асты веналары+

| бауыр,бүйрек,бұлшықеттер,капиллярлар

| өкпелер, бұлшықеттер, артериолалар, синустар

| бүйректер, терi асты веналар, бауыр, ұйқы безi

| көкбауыр, бүйректер, бауыр, қуыс веналар



81. ~ Систолалық қысым деген-бұл ... .

| жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын максимальдi қысым+

| веналармен қолқа қысымының айырмасы

| диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы

| қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы

| айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым



82. ~ Көмірқышқыл газдың жергілікті әсерінен қан тамырлардың диаметрі мен тонусы

| кеңейеді, тонусы төмендейді +

| тарылады, тонусы төмендейді

| кеңейеді, тонусы төмендейді

| тарылады, тонусы жоғарылайды

| диаметр және тонусы өзгермейді



83. ~ Қан тамырлар жүйесі арқылы қанның үздіксіз ағысын қамтамасыз ететін

| қолқа және қуыс веналар арасындағы қан қысымының айырмашылығы +

| артериялармен веналардың арасындағы қан қысымының айырмашылығы

| плевра қуысындағы теріс қысым

| веноздар клапандар

| қаңқа еттерінің жиырылуы



84. ~ Пульстік толқынның таралу жылдамдығы байланысты болады

| адам жасымен тамырлардың серпімділігіне +

| қан ағысының сызықтық жылдамдығы мен тұтқырлығына

| қан ағысының көлемдік жылдамдығы мен қанның температурасына

| тамырлардың кедергі күшімен қанның минуттық көлеміне

| жүректің жиырылу жиілігі мен қанның систолалық



85. ~ Лимфатикалық жүйенiң ... қызметi .

| дренаждық+

| алмасу

| сыйымдылық

| гуморалдық

| қоймалық



86. ~ Систолалық және диастолалық қысымдардың арасындағы қысымды ... деп атайды.

| пульстiк+

| ортаңғы

| төменгi

| минимальды

| бүйiр


87. ~ Гистамин енгiзiлсе, қан қысымының деңгейi ... .

| төмендейдi+

| өзгермейдi

| жоғарлайды

| жоғарлайды, кейiн төмендейдi

| кенет жоғарлайды



88. ~ Реограмма арқылы ... баға берiледi.

| қанның толуына және тамырлардың тонусына+

| қанның толуына және систолалық қысымға

| қанның толуына және диастолалық қысымға

| қанның толуына және пульстiк қысымға

| қанның толуына және ортаңғы қысымға



89. ~ Қанның систолалық көлемiн ... әдістерімен анықтауға болады.

| Фик, реография+

| Рива-Роччи, флебография

| Коротков, сфигмография

| Грольдман, капилляроскопия

| Вальдман, осциллография



90. ~ Денi сау адамда дене еңбегi жоғарлағанда ... .

| пульсi жиiлейдi, қан қысымы жоғарлайды+

| пульсi жиiлейдi, қан қысымы төмендейдi

| пульсi баяулайды, қан қысымы жоғарлайды

| пульсi баяулайды, қан қысымы төмендейдi

| пульсi және қан қысымы өзгермейдi



91. ~ Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарлағанда қан қысымы ... .

| жоғарлайды+

| өзгермейдi

| төмендейдi

| кенет төмендейдi

| фазалық түрде өзгередi



92. ~ Жүрекке қарай веналық қан қозғалысы жоғарлағанда қан қысымы ... .

| жоғарлайды+

| өзгермейдi

| төмендейдi

| фазалық түрде өзгередi

| О-ге дейiн төмендейдi



93. ~ Қалыпты жағдайда қан қоймаларындағы болатын қанның мөлшерi ... .

| 40-50% +

| 10-20%

| 30-35%

| 50-60%

| 60-65%



94. ~ Тыныс алу орталығын қоздыратын өзгеше фактор болып ...есептеледi.

| көмiрқышқыл газы, сутегі ионы+

| көмiр қышқыл газы, азот

| адреналин, натрий бикарбонаты

| ацетилхолин, оттегi

| азот, оттегi



95. ~ Жоғарыға шыққанда тыныс алу өзгеру мен тау ауруы ...себебінен дамиды.

| атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымының төмендеуi+

| атмосфералық ауада СО2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi

| атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымның болмауы

| атмосфералық ауада О2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi

| атмосфералық ауада гелий және аргонның құрамының төмендеуi



96. ~ Қаннан газдарды алу әдiсiн ... ұсынған.

| Сеченов, Баркрофт, Ван Слайк+

| Данилевский, Пашутин, Лихач

| Веденский, Сеченев, Павлов

| Бехтерев, Пашутин; Бойль

| Разенков, Миславский, Сергиевский



97.~ Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ...құрайды.

| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа+

| дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы

| қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа

| қызметтiк қылдық ауа, резервтiк дем алу ауасы

| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет