Биоинформатика – биологиялық ақпаратты сақтау, ұйымдастыру, талдау, түсіндіру және пайдалану туралы ғылым. GenBank



Дата24.12.2023
өлшемі45 Kb.
#487838
Биоинформатика терминология


Құрманғали А.А.
1. Биоинформатикабиологиялық ақпаратты сақтау, ұйымдастыру, талдау, түсіндіру және пайдалану туралы ғылым .
2. GenBank – генетикалық бірізділіктер деректер базасы, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты қолдауымен жүргізіледі, белгілі ДНҚ, РНҚ және белоктардың брізділіктерінің аннотацияланған қоры, биологиялық сипаттағы ақпараттары бар және алғашқыларға әдеби сілтемелер келтірілген.
3. EMBL (European Molecular Biology Laboratory – Еуропалық молекулалық биология зертханасы) – нуклеотидтер бірізділігінің деректер базасы.
4. DDBJ (DNA Data Bank of Japan – Жапония ДНҚ деректер базасы) Жапонияның генетикалық Ұлттық институтында құрылған нуклеотидтік бірізділіктердің ашық деректер базасы.
5.Эпигенетика-жасушалардың өсуі мен бөлінуі кезінде гендік белсенділіктің тұқым қуалайтын өзгерістерін -ДНҚ-дағы нуклеотидтер тізбегін өзгертпейтін механизмдер тудыратын ақуыз синтезінің өзгеруін зерттейтін генетика бөлімі.
6.Эпигеном-бұл гендердің белсенділігін реттейтін, бірақ ДНҚ-ның бастапқы құрылымын өзгертпейтін көптеген молекулалық белгілер
7. PubMed-Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы. PubMed бірден бірнеше дерекқорға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
8. MEDLINE-Мерзімді басылымдардың сипаттамасы (80% -
түйіндемелерімен)
9. PreMEDLINE-Жаңа мақалалардың библиографиялық сипаттамалары (индексация өтпеген).
10. Баспалар сипаттамасы-баспалардан электронды нұсқада алынған жазбалар.
11. Хеминг қашықтығы – бірдей ұзындықтағы екі бірізділіктердің арасындағы сәйкес келмейтін позициялар санымен анықталады.
12. Левенштайн арақашықтығы немесе «редакционды немесе түзетілген қашықтық» - бір бірізділіктер жолын екінші бірізділіктер жолына келтіру үшін жүргізілетін түзету (алып тастау, қосу немесе алмастыру) операциясының аз санын білдіреді.
13. PAM матрицасы- жақын туыстас белок бірізділіктерінің арасындағы сәйкестендіруді бағалауда қолданылады.
14. BLOSUM- эволюциялық алшақтаған белок бірізділіктерінің арасындағы сәйкестендіруде қолданылады.
15. BLAST– (Basic Local Alignment Search Tool) аминқышқылының және нуклеотидтердің бірізділіктерін логикалық салыстыруды іздейтін механизм (бағдарлама). Бұл іздеу механизмі бірізділіктерді салыстырғанда бірдей (ұқсас) бөліктерін табуға мүмкіндік береді.
16. Мегабласт - өте ұқсас тізбекті табу үшін жылдам салыстыру.
17. Димегабласт - шамалы ұқсастығы бар бөлу ретін іздеу үшін жылдам салыстыру.
18. Димегабласт - шамалы ұқсастығы бар бөлу ретін іздеу үшін жылдам салыстыру.
19. blastp - барлық ұқсас тізбекті табу үшін баяу салыстыру.
20. cdart - домендік сәулет бойынша гомологиялық ақуыздарды іздеуді салыстыру.
21. rpsblast - консервативті домендердің деректер базасымен салыстыру.
22. psi-blast - ұқсастығы аз тізбекті іздеу үшін салыстыру.
23. phi-blast - пайдаланушының анықтаған үлгісі бар ақуыздарды іздеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет