Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына қосымша



Дата05.07.2016
өлшемі113.05 Kb.
#180236




Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «___»____________ № ____ қаулысына қосымша
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»

мемлекеттiк қызметінің регламенті




  1. Негізгі ұғымдар

1. Осы «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттiк қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:



  1. мемлекеттік қызметті алушы - жеке және заңды тұлғалар;

  2. уәкілетті орган – Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма).

2. Жалпы ережелер




  1. Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағының 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметінің регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

      Мемлекеттік қызметінің регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттiк қызметті Басқарма көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 4) тармақшасы және 40-бабы;

2) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысы;

3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202 жылғы 31 тамыздағы №1108 (бұдан әрі-Стандарт) және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысы негізінде көрсетіледі.

7. Көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтің нәтижесі Стандарттың 5-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi
8. Мемлекеттік органдардың орналасқан орны, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оларды көрсетудің барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі нөмірсіз үй, «Даркөл» бизнес орталығы, «ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінен (телефондары: 8 (7252) 30-11-93, 21-17-04) алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Стандарттың 7-тармағында қарастырылған.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздемелері Стандарттың 17-тармағында қарастырылған.

13. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсетулердің нәтижелерін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы басқармаға мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш береді;

2) басқарманың кеңсе қызметкері өтініштің қабылдауын және тіркелуін жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті алатын күні жазылған қолхат береді;

3) басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды басқарма басшысының қабылдау бөлмесіне жолдайды;

4) басқарма басшысы құжаттарды қарау үшін құрылымдық бөлімшенің бастығына жолдайды;

5) құрылымдық бөлімшенің бастығы жауапты орындаушыны анықтайды;

6) басқарманың жауапты қызметкері құжаттарды конкурстық комиссияның қарауына дайындайды;

7) конкурстық комиссия конкурс нәтижесімен табиғат пайдаланушыны анықтайды немесе Стандарттың 17-тармағына сәйкес конкурс шарттарына сәйкес еместігін тану.

8) басқарманың жауапты қызметкері учаскені бекіту бойынша облыс әкімдігінің қаулы жобаларын немесе Стандарттың 17-тармағына сәйкес дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды;

9) басқарманың басшысы облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы хатқа қол қояды;

10) басқарманың кеңсе қызметкері облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы хатты немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушыға табыстайды.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылдауы басқарманың бір қызметкерімен жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет

(өзара әрекеттер ) тәртібінің сипаттамасы
15. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі Стандарттың 12-тармағында көрсетілген.

Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар алушымен тапсырғаны және алатын күні көрсетілген қолхат беріледі.

16. Мемлекеттiк қызметтi алу үшін алушы Стандарттың 12-тармағында қарастырылған құжаттарды басқармаға ұсынады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) жұмылдырылған:

1) басқарманың кеңсе маманы;

2) басқарманың басшысы;

3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;

4) басқарманың жауапты маманы;

5) конкурстық комиссия.

18. Әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасында өзара байланысты бейнелейтін сызбасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға басқарманың басшысы болып табылады.

Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттiк қызметінің регламентіне

1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің реттілігі және өзара әрекеттілігін сипаттау
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынның) әрекеті

Әрекет

(жұмыстар барысының, ағынның) №



1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Басқарманың кеңсе маманы

Басқарманың басшысы

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Басқарманың жауапты маманы

Конкурстық комиссия


Әрекеттің (үдерістің, ресімдердің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштің қабылдау мен тіркелуін жүзеге асырады және алатын күні жазылған қолхат береді.

Құжаттарды , құрылымдық бөлімшенің басшысына қарау үшін жолдайды

Жауапты орындаушыны анықтайды

Құжаттарды конкурстық комиссияның қарауына дайындайды.

Құжаттарының конкурс талаптарына сәйкестігін қарайды.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету -бөлу шешімі)

Құжаттарды басқарма басшысының бұрыштама қою үшін қабылдау бөлмесіне жібереді






Учаскені бекіту бойынша облыс әкімдігінің қаулы жобаларын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайды немесе конкурстық өтінімін конкурс шарттарына сәйкес еместігін тану

Орындау мерзімдері

20 минут

20 минут


1 сағат

10 күн

10 күн

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету -бөлу шешімі)

Облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы хатты немесе мемлекеттік қызметтің дәлелді бас тарту туралы жауабын тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушыға табыстайды.

Басшы облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы хатқа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды.










Орындау мерзімдері

10 минут

1 сағат









2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс




Негізгі үдеріс (жұмыстар барысының, ағынның)

1

2

3

4

5

Басқарманың кеңсе маманы

Басқарманың басшысы

Құрылымдық бөлімшенің бастығы

Басқарманың жауапты маманы

Конкурстық комиссия


№1- әрекет: Өтінішті қабылдау мен тіркелуін жүзеге асырады және алатын күні жазылған қолхат береді.

№1- әрекет: Құжаттарды , құрылымдық бөлімшенің басшысына қарау үшін жолдайды

№1- әрекет: Жауапты орындаушыны анықтайды

№1- әрекет: Құжаттарды конкурстық комиссияның қарауына дайындайды.

№1- әрекет: Табиғат пайдаланушының құжаттарын конкурс талаптарына сәйкестігін қарайды.

№2- әрекет: Құжаттарды бұрыштама қою үшін басқарма басшысынының қабылдау бөлмесіне жібереді







№2- әрекет: Учаскені бекіту бойынша облыс әкімдігінің қаулы жобаларын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды

№2- әрекет: Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайды немесе конкурстық өтінімін конкурс шарттарына сәйкес еместігін тану

№3- әрекет: Облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы хатты немесе дәлелді бас тарту туралы жауабын тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушыға табыстайды.

№3- әрекет: Басшы облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы немесе дәлелді бас тартуға қол қояды.









«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттiк қызметінің регламентіне

2-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасында өзара байланысты бейнелейтін сызбалары

Алушы өтініш пен қажетті құжаттарды тапсырады

(20 минут)



Басқарманың кеңсе қызметкері құжаттарды бұрыштама қою үшін бастықтың қабылдау бөлмесіне жолдайды

(20 минут)



Құрылымдық бөлімшенің бастығы жауапты орындаушыны анықтайды. (1 сағат)






Кеңсе қызметкері облыс әкімдігінің қаулысын табыстау туралы хатты немесе дәлелді бас тарту туралы жауабын тіркейді және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушыға табыстайды.

(10 минут)




Басқарманың кеңсе қызметкері өтініштің қабылдануы мен тіркелуін жүзеге асырады және қызметті алатын күні жазылған қолхат береді. (20 минут)




Құжаттарды, құрылымдық бөлімшенің басшысына қарау үшін жолдайды

(20 минут)






1) Жауапты қызметкер құжаттарды конкурстық комиссияның қарауына дайындайды.

2) Облыс әкімдігінің қаулы жобаларын немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды.

(10 күнтізбелік күн)

Мемлекеттік қызметті алушы

1) Табиғат пайдаланушының құжаттарын конкурс талаптарына сәйкестігін қарайды.

2 Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайды немесе конкурс шарттарына сәйкес еместігін тану (10 күнтізбелік күн)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет