Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
«_____» __________
№_____ қаулысына
қосымша
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ өзге де тарихи, көркем, ғылыми немесе мәдени мәні бар құндылықтар;
2) тұтынушы - жеке және заңды тұлға;
3) уәкілетті орган - Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы;
4) жауапты орындаушы - міндетіне сараптама өткізу мен әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беретін уәкілетті органның лауазымды тұлғасы;
5) қорытынды - «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы №447 қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;
6) сараптама комиссиясы - әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша облыстың жергілікті атқарушы органымен құрылатын комиссия.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 және «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулылары негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы және уақытша әкетілетін мәдени құндылықтың түпнұсқалығы туралы қорытынды беру (бұдан әрі - қорытынды) немесе қорытынды беруде бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Қорытынды қағаз түрінде жазбаша ресімделеді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне уәкілетті органнан өзге мүдделі органдардың қатысуы көзделмеген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Қазыбек би көшесі №5 үйде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасында 2-қабат, 4-бөлмеде ұсынылады. Телефондар: 53-93-49, 53-56-26. Жұмыс кестесі Стандарттың 1-қосымшасында қарастырылған.
9. Тұтынушы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпаратты алудың тәртібі туралы осы регламенттің 8-тармағында көрсетілген уәкілетті органнан біле алады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ.
12. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш тапсырған сәтінен бастап, мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді;
2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеуге алып, басшының қарауына жібереді;
3) уәкілетті орган басшысы қараудан соң, жауапты орындаушыны белгілейді;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы тұтынушыдан түскен өтінішке қарауды жүзеге асырып, құжаттарды сараптама комиссиясына жібереді немесе дәлелді бас тарту дайындайды;
5) сараптама комиссиясы уақытша әкетілетін мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асырады, сонан соң құжаттарды уәкілетті органға жібереді;
6) комиссия қарауының нәтижелерін алғаннан соң, уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындыны ресімдеп, уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
7) уәкілетті органның басшысы қорытындыға немесе дәлелді бас тартуға қол қойып, уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
8) уәкілетті органның кеңсесі қорытындының немесе дәлелді бас тартудың бір данасын тұтынушыға береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілетті органның бір қызметкері жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
14. Уәкілетті органға құжаттарды қабылдау кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға жүгінуі жеке және заңды тұлғалардың жүгінуін тіркеу журналына тіркеледі.
Тұтынушы уәкілетті орган кеңсесінің тіркеу мөртабасы (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады, онда мемлекеттік қызметтің берілу уақыты көрсетіледі.
15. Тұтынушы уәкілетті органға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай – ҚФБ) іске қосылады:
1) уәкілетті органның басшылығы;
2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;
3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
4) сараптама комиссиясы.
17. Әкімшілік әрекетінің (рәсімінің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекетінің (рәсімінің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
18. Әкімшілік әрекетінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
19. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптама комиссиясы қорытындысының нысаны осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін жауапты
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы болып табылады.
Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты.
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне
1- қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара әрекеттерінің
сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалды бірліктердің (бұдан әрі - ҚФБ) әрекеттерінің сипаттамасы
Әрекет (барысы, жұмыс ағыны) рет
|
1
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті органның кеңсе қызметкері және жауапты орындаушысы
|
Уәкілетті орган басшысы, сараптама комиссия
|
Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен заттарды уәкілетті органның басшысына жіберу
|
Уәкілетті орган басшысының бұрыштамасы
|
Құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жіберу
|
Сараптаманы өткізу орны мен уақытын белгілеу
|
Сараптама комиссиясы төрағасының қолы қойылған қорытынды нәтижелерін алады.
Қорытынды мен заттарды алған соң, орындаушы қорытындыны уәкілетті органның мөрімен бекітіп, оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.
|
Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Қорытындыны тіркеу
|
-
|
Орындау мерзімі
|
4-5 минут
|
4-5 минут
|
Келесі әрекеттің нөмірі
|
3
|
4
|
Әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) нөмірі
|
Тұтынушыға қорытындыны беру
|
-
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық- өкімдік шешім)
|
Тұтынушының мемлекеттік қызметті алуына байланысты қол қою
|
-
|
Орындау мерзімі
|
1-2 минут
|
-
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Негізгі үдеріс – қорытынды беру туралы шешім қабылданған жағдайда
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті органның кеңсе қызметкері және жауапты орындаушысы
|
№ 1-әрекет
Өтінішті қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеру, уәкілетті органның кіріс хаттар кітабына тіркеу.
|
№ 2-әрекет
Қорытынды беру
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары.
Баламалы үдеріс – қорытынды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті органның кеңсе қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы
|
№ 1-әрекет
Өтінішті қабылдау, құжаттардың толықтығын тексеру, уәкілетті органның кіріс хаттар кітабына тіркеу.
|
№ 2-әрекет
Құжаттардың нәтижесін кеңсеге жолдау
|
№ 3-әрекет
Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап
|
|
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне 2- қосымша
Әкімшілік әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
-
Кеңсе қызметкері
Құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды уәкілетті орган басшысына жіберу (10 минут).
Тұтынушы
-
Басшы
Жауапты орындаушыны белгілеу
(1 сағат).
-
Жауапты орындаушы
Құжаттарды сараптама комиссиясына жіберу немесе дәлелді бас тарту дайындау
(жұмыс күні ішінде)
-
Басшы
Қорытындыға немесе бас тартуға қол қою (жұмыс күні ішінде)
-
Жауапты орындаушы
Комиссия қарауының нәтижелерін алғаннан кейін, уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындыны ресімдеп, сонан соң уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді
(жұмыс күні ішінде)
-
Сараптама комиссиясы
Сараптама қорытындысын дайындау, уәкілетті органға жіберу
(жұмыс күні ішінде)
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени
құндылығының болуы туралы қорытынды
беру» мемлекеттік қызметінің
регламентіне
3 - қосымша
Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі
сараптама комиссиясы
_______________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
Қорытынды
№_____
_____________ қаласы 20__ ж «____»____________
1. Өтініш беруші (аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы) _______________________________
__________________________________________________________________________________
2. Азаматтығы_____________________________________________________________________
________жылғы «_____»________________ берілген
паспортының немесе жеке куәлігінің № ___________________________________
заңды тұлғаның деректемелері _____________________________________________________
3. Өтініш берушінің кәсібі (жұмысы) __________________________________________________
4. Әкету (уақытша әкету) мақсаты ____________________________________________________
5. Сараптамаға ұсынылған (саны жазумен, орындалу техникасы, дайындалу материалы, мөлшері, салмағы, дайындалу уақыты және т.б. көрсетілген сипаттамасы)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды: _______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(мәдени құндылығы бар/не жоқ)
Сараптама комиссиясының Комиссия мүшелері
төрағасы
_________________(аты-жөні) _________________(аты-жөні)
_________________(аты-жөні)
_________________(аты-жөні)
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |