Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі65.25 Kb.
#3375


Оңтүстік Қазақстан облысының

2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2014 жылы облыста 649,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2012 жылдың деңгейіне – 104,5% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 26,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 6,1% артып, 173,5 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 63,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 103,5%, немесе өнім көлемі 414,2 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 52,8 млрд. теңгені, бұл өткен жылға 108,2% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың кезеңіне 103,5% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде керосин өндіру – 20,4% (өндірілгені - 278,6 мың тонна), портландцемент – 2,4% (1956,3 мың тонна), бензин – 8,5% (1126,1 мың тонна), құрылыс кірпіштері – 24,8% (153 мың м3), бетон – 9,1% (1139,5 мың тонна), артқан. Сонымен қатар, мақта талшығы – 30,4% (73,8 мың тонна), мақта иірімжібі – 7,3% (4355 тонна), мақта маталары – 14,6% (20,4 млн. шаршы метр) кеміген.



Ауыл шаруашылығы. Есепті жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 296,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артық, оның ішінде мал шаруашылығы – 142,3 млрд. теңге (104,3%), өсімдік шаруашылығы – 181,1 млрд. теңге (99,5%).

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 192,6 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2013 жылға – 105,5%, сүт – 692,5 мың тонна, немесе 103,1%, жұмыртқа – 275,5 млн. дана, немесе 100,4% өндірді.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 764,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 91,1%, қой – 3196,1 мың бас, немесе 95,7%, ешкі – 289,7 мың бас, немесе 91,3%, жылқы – 187,4 мың бас, немесе 93,9%, түйе – 20,4 мың бас, немесе 102,8%, шошқа – 24,7 мың бас, немесе 91,6%, құс саны – 2327,3 мың бас, немесе 93,9% құрады.

Көлік және байланыс. 2014 жылы жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 145,4 млн. тонна жүк және 2262,5 млн. жолаушы тасымалданған, немесе 2013 жылға – тиісінше, 109,4% және 100,2% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 6,5%-ға кеміп, жолаушылар тасымалдау – 12,8%-ға артып, 980 тонна жүк және 1252,2 мың жолаушы тасымалданды.

2014 жылы байланыс кәсіпорындары 9919,2 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2013 жылға – 107,0% құрады. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 69,0% құрады.

Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (35,1%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (9,2%), интернет – 39,1% тиесілі.



Шағын кәсіпкерлік. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 қаңтарға 127,9 мың бірлікті немесе 2014 жылғы тиісті кезеңге 104,2% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2014 жылғы 1 қазанға 304,3 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті күнінен 3,4% деңгейге артық.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 522,3 млрд. теңгені немесе 2013 жылғы қаңтар-маусымға 106,2% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 449,4 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне – 102,8% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 220,2 млрд. теңгені, немесе – 121,4% құрады.

Мемлекеттіқ бюджет қаржыларының үлесі 30,7%, немесе 137,9 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 39,8% немесе 179 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 29,5%, немесе 132,5 млрд.теңге.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 37,0% және 30,6% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2014 жылы тұрғын үй құрылысына 26,1 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2013 жылға – 158,6% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 405 мың шаршы метрді құрады. 2013 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылға – 100,6% құрады.



Сыртқы сауда. 2014 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 4152,2 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылдың қаңтар-қараша айларының деңгейіне 93,2%-ды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 2117,4 млн. АҚШ доллары немесе 78,4%, импорт – 2034,8 млн. АҚШ доллары немесе 115,8% құрады.

Экспорт Кеден одағы елдерімен 284,9 млн. АҚШ долларын (немесе 91,6%), импорт – 406,7 млн. АҚШ долларын (немесе 106,9%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2014 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 220,1 млрд. теңгені, немесе жоспарға –100,1%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,7% құрады.

Республикалық бюджет 141,4 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,2%), немесе, жоспарға – 98,4%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 100,7% құрады.

Жергілікті бюджетке 78,8 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 103,5% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 109,4% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы екінші деңгейлі банктермен 263,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8% артты.

Оның ішінде ипотекалық несиелендіруге – 6,0 млрд. теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 12,6%-ға төмендеді, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға – 42,5 млрд.теңге несие берілді, немесе 17,3%-ға артты.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 53,8% өнеркәсіп – 19,5%, сауда – 18,1%, ауыл шаруашылығы – 0,9%, құрылыс – 5,3%, көлік салаларына – 2,4% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 129,5 млрд. теңгені, немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 17,5% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (53,4%) ұлттық валютада.



Бағалар. 2014 жылдың желтоқсанына облыста тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанына 107,6% құрады. Азық-түлік тауарлары – 8,0%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 7,8%-ға, ақылы қызметтер – 6,9%-ға қымбаттады.

Азық түлік тауарларының нарығында баға өсімі шикі сүтке – 8,3%, қатты ірімшікке - 6%, ұнтақ жармаға – 5,3%, жұмыртқаға – 2,3%, қыртыс майға – 10,7%, баға байқалды.

Ақылы қызметтерден ателье қызметтерінің бағасы - 4,5%, тұрғын үй ғимараттарын жөндеу – 3,4% қымбаттады.

Халықты әлеуметтік қорғау. 2014 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 3622 адамды құраса, жыл соңында олардың саны 44,0% кеміп, 2028 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.


  • 5044 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2722 адамға кеміді.

  • 18 жасқа дейінгі 276,8 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 24,1 мың балаға артты.

  • Тұрғын үй көмегі 6620 отбасыға көрсетілді, немесе 1210 отбасыға кеміді.

Демография. 2014 жылдың 1 желтоқсанына облыс халқының саны 2784,7 мың адамды құрады (2013 жылдың 1 желтоқсанына – 2730,9мың адам), оның 1098,5 мыңы қала халқы (39,4%), 1686,2 мыңы – ауыл халқы (60,6%).

Жұмыспен қамту. 2014 жылдың IV тоқсанына облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1267,4 мың адамды, жұмыссыздар саны – 67,6 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

2015 жылғы 1 қаңтарға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 80361 жұмыссыздың – 65661-і, немесе 81,7% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 36054 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 23638 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2014 жылдың қарашасына облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 38143 теңгені құрап, 2013 жылдың қарашасымен салыстырғанда 8,3%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 100,7% құрады.

Денсаулық сақтау. 68 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 10587,6 млн.теңге бөлінді.

2014 жылы облыстық бюджеттен 5 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 803,9 млн. теңге және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 12 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 602,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, республикалық бюджеттен – 650,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 4664,1 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 887 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 104 – аурухана, 248 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 231 – медициналық пункт, 288 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 16– басқалар.



Білім беру. Облыста 152,5 мың тәрбиеленушісі бар 1416 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 855-і балабақша, 561-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 44,0%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 76,8% құрады.

2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 547,4 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,9 мыңды құрады.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 35,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2013 жылы - 12 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 754 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 432 кiтапхана, 24 – мұражай (оның 11 филиал), 264 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5023 – спорт ғимараттары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 556,1 мың адамды немесе облыс халқының 20,0% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет