Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы



Дата24.02.2016
өлшемі62.63 Kb.
#12182


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-тамызында 399,3 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне нақты көлем индексі – 104,3% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,0% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 35,7% кеміп, 107,8 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 62,9%) өнімінің нақты көлем индексі – 97,5%, немесе өнім көлемі 251,1 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 33,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 76,3% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,1% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары – 15,1% (14,6 млн. шаршы метр), мақта иірімжібі – 41,1% (7255 тонна), сүт – 8,1%, (12,6 мың тонна), портландцемент – 103,0%, (1345,3 мың тонна), артқан.

Сонымен қатар, ұн өндіру – 8,5% (өндірілгені – 502,5 мың тонна), мақта талшығы – 26,7% (16,4 мың тонна), тауарлық бетон – 20,6% (510,3 мың тонна), керосин – 25,1% (151,8 мың тонна), мазут – 27,1% (545,3 мың тонна), газойльдер – 18,5% (719,8 мың тонна), бензин – 23,4% (569,9 мың тонна), кеміген.



Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 156,6 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,0% артты. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 103,7 млрд. теңгеге (103,7%), егін шаруашылығында – 52,4 млрд. теңгеге (104,6%) өнім өндірілді.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 126 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 498,7 мың тонна – сүт, 199,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 104,9%, 101,3% және 106,4% құрады.

2015 жылдың 1 қыркүйегіне облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 881,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 102,2%, қой – 3917,4 мың бас, немесе 104,2%, ешкі – 348,5 мың бас, немесе 97,1%, жылқы – 227,6 мың бас, немесе 109,9%, түйе – 23,7 мың бас, немесе 107,5%, шошқа – 31,3 мың бас, немесе 128,8%, құс саны – 2314,2 мың бас, немесе 103,2% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 95,6 млн. тонна жүк және 1474,1 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 105,8% және 102,6% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 11,6%-ға артып, жолаушылар тасымалдау – 0,8%-ға, артты, тиісінше, 653 тонна жүк және 885,4 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 7173,5 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,6%-ды құрады.

Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 26,7%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 7,0%, интернет – 42,0%.



Шағын кәсіпкерлік. ОҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша 2015 жылдың 1 қыркүйегіне облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 187,8 мың бірлікті құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 97,9% құрады.

2015 жылдың қаңтар-наурыздағы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 98,1 млрд. теңгені (102,9%), жұмыспен қамтылғандар саны 261,4 мың адамды (97,8%) құрады.



Инвестиция саласы. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 225,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 91,2% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 157,7 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% артты.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 31,2%, немесе 70,5 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 48,8% немесе 110,1 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 20,0%, немесе 45,2 млрд.теңге.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 38,9% және 25,2% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-тамызында тұрғын үй құрылысына 12,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе 79,0% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 236,6 мың шаршы метрді құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,8% құрады.



Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1821,5 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 70,9% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 907,8 млн. АҚШ долларын немесе 68,9%, импорт – 913,7 млн. АҚШ долларын немесе 73,1% құрады.

Экспорт Евразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 277,2 млн. АҚШ долларын (немесе 115,6%), импорт – 219,8 млн. АҚШ долларын (немесе 83,7%) құрады.


Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 133,3 млрд. теңгені, немесе жоспарға –109,3%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 99,2% құрады.

Республикалық бюджет 71,0 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 53,3%), немесе, жоспарға – 111,6%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 86,1% құрады.

Жергілікті бюджетке 62,3 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 106,8% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 119,9% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 тамызға екінші деңгейлі банктермен 124,9 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 2,7 млрд. теңге несие берілді, немесе 25,1% кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 24,0 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 90,4% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 58,7%, өнеркәсіп – 18,7%, сауда – 16,3%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,3%, көлік салаларына – 1,7% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 133,3 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 9,9% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (56,6%) шетел валютасында.



Бағалар. 2015 жылдың тамызында облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 101,9% құрады. Азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 1,0%, ақылы қызметтер – 4,2%-ға жоғарылады.

Азық-түлік тауарлары нарығында баға қант-құмшекерге – 3,2%, тартылған етке – 2,4 %-ға баға өсімі байқалды.

Азық-түлік емес тауарларынан кеңсе тауарлары – 3,4% оқу-анықтамалық әдебиет бағасы – 11,9% қымбаттады.

Ақылы қызмет көрсету саласында желілік газ тарифі бойынша қызметтер – 15%, ыстық су – 14,4%-ға жоғарылады.



Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1562 адамды немесе облыс халқының 0,06% құрады.

2216 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2606 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 310,2 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 42,5 мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 6206 отбасыға көрсетілді, немесе 174 отбасыға кеміді.



Демография. 2015 жылдың 1 тамызына облыс халқының саны 2819,3 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 тамызына – 2766,9 мың адам), оның 1265,3 мыңы қала халқы (44,9%), 1554,0 мыңы – ауыл халқы (55,1%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың IІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1233,4 мың адамды, жұмыссыздар саны – 65,9 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 39913 жұмыссыздың – 28532-і, немесе 71,5% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 39169 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 18971 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2015 жылдың I-тоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 37304 теңгені құрап, 2014 жылдың I-тоқсанымен салыстырғанда 7,7-%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 26 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1345,6 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 859 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 101 – аурухана, 243 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 16– басқалар.



Білім беру. Облыста 158,9 мың тәрбиеленушісі бар 1465 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 913-і балабақша, 552-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 45,9%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 78,5% құрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 573,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 752 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 427 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 266 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5042 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 586,7 мың адамды немесе облыс халқының 21,0% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет