Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының



Дата23.02.2016
өлшемі303.58 Kb.
#3351


Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің

2014 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 308 қаулысына қосымша



Оңтүстік Қазақстан облысының

әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015-2019 жылдарға арналған

болжамы

Шымкент – 2014 жыл



Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015 – 2019 жылдарға арналған болжамы
Кіріспе

Облыстың 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі №263-IV Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің және әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, Оңтүстік Қазақстан облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті мемлекеттік органдардың 2015 – 2017 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.




  1. 2011 – 2013 жылдардағы облыстық экономикалық даму үрдістері


1.1. Жалпы өңірлік өнім

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі 2013 жылы 2 142,4 млрд. теңгені, республикадағы үлесі 6,1% құрады. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 791,7 мың теңгені құрады.

ЖӨӨ-гі өндірістің үлесі – 41,8%, қызметтің – 58,2% құрады.


1.2. Өнеркәсіп

2013 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 552,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы өсімі 2009 жылы – 2,7 % құраса, 2010 жылы – 13,5%, 2011 жылы – 1,9%, 2012 жылы – 6,5%, 2013 жылы – 2,3% құрады. Келтірілген деректер жалпы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексінде біркелкі болмаса да өсу динамикасының қалыптасқанын көрсетеді. Жалпы 5 жыл (2009-2013 жж.) ішінде орташа дамуы 5,9%-ды құрады. Бұл саланы дамытудағы мақсатты және жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың айғағы болып табылады. Ал, 2014 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 1,0%-ды құрайды деп күтілуде. Оған әлемдік нарықтағы, әсіресе Қазақстанмен тығыз байланыстағы Украина мен Ресей нарықтарындағы қазіргі кездегі қалыптасқан өзгерістер әсер етуде.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу. Облыс өнеркәсібінің 20%-дан астамын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өндіріс көлемінің жыл сайын интенсивті өсуі байқалады. Облыстың кен өндіру өнеркәсібінің 90%-дан астамын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындарының өнімдеріне тиесілі болғандықтан және тұтынушылар тарапынан соңғы 5 жыл ішінде өнімдерге деген сұраныс арта түсуі, осы кәсіпорындарының өндіріс көлемін арттыруға себепші болды. 2013 жылы осы саладағы кәсіпорындар 146,0 млрд. теңгенің өнімін өндірді, нақты көлем индексі 108,6% құрады, ол металл кендерін өндіруде 15,3%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларының 34,7%-ға өсуі есебінен орын алды. 2013 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы 2008 жылға қарағанда 2,4 есеге өсті немесе орташа жылдық өсуі 48,3%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі. Облыс өнеркәсібінің 65% құрайтын өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар 2013 жылы 355,3 млрд. теңгеге өнім өндірді, нақты көлем индексі – 100,2% құрады. Оның ішінде: қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру – 142,9%, машина жасау – 141,3%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 109,4%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту – 107,0%, тоқыма бұйымдарын өндіру – 103,2%, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 102,3%, киім өндіру – 102,3% құрады.

Ал, 2013 жылы тамақ өнімдерін өндіруде 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 97,2%, сусындарды өндіру – 93,2%, металлургия өнеркәсібі – 93,1%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 77,0%, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 74,8%, негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру –73,7%, былғары және оған жататын өнімдерін өндіру – 69,2%, дайын металл бұйымдарын жасау – 56,8%, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру – 43,5% құрады. 2013 жылы өңдеу өнеркәсібі 2008 жылға қарағанда 15,9%-ға өсті немесе орташа жылдық өсуі 3,2%-ды құрады.



2014 жылға болжам. 2014 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 276,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 100,5% құрады. 2014 жылы 580,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,0% құрайды деп күтілуде.


Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша 2014 жылдың қаңтар-маусымында 60,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе өнімінің нақты көлем индексі – 86,3% құрады. 2014 жылы салада 130,0 млрд. теңгеге өнім шығарылып, 2013 жылға қарағанда өнімінің нақты көлем индексі – 100,0%-ды құрайды деп көзделуде.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылдың қаңтар-маусымында 183,2 млрд. теңгенің өнімін өндірілді, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі – 104,1% құрады. 2014 жылы салада 380 млрд. теңгенің өнімін өндіру, 2013 жылға қарағанда нақты көлем индексін – 102,3%-ға жеткізу болжануда.

Сауда

Соңғы жылдары бөлшек және көтерме сауда көлемдерінің тұрақты жоғары қарқынды өсуі қалыптасты. 2013 жылы бөлшек сауданың көлемі 247071,6 млн. теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға өсті.

Облыс бойынша 2013 жылы көтерме сауданың көлемі 564176,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,5%-ға өсті.

2014 жылға болжам. 2014 жылғы қаңтар-шілдесінде бөлшек сауданың көлемі 153558,1 млн. теңгені құрады және 2013 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 23,9%-ға өсті. 2014 жылы бөлшек сауданың көлемі 296486 млн. теңгені құрап, 2013 жылға қарағанда өсу қарқыны 120%-ды құрайды деп күтілуде. Облыс бойынша 2014 жылғы қаңтар-шілдесінде көтерме сауданың көлемі 314539,3 млн. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 104,4% құрады.

2014 жылы бөлшек сауданың көлемі 586743 млн. теңгені құрап, 2013 жылға қарағанда өсу қарқыны 104%-ды құрайды деп күтілуде.


1.3. Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешені соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі және азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласында оң нәтижелер байқалуда.

2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 297,0 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,1% жетті (2012 жылы –259,2 млрд. теңге), оның ішінде егін шаруашылығы –168,0 млрд. теңге (НКИ – 104,3%), мал шаруашылығы –127,6 млрд. теңгені (НКИ – 103,7%), қызмет көрсету –1,5 млрд. теңгені (НКИ – 127,8%) құрады.

Егін шаруашылығы

2013 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылық дақылдары 2012 жылмен салыстырғанда 32,1 мың гектарға артып, 774,3 мың гектарды құрады (2012 жылы – 742,2 мың га). 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 15-20% артып, бақшадан 1100,0 мың тонна (100,2 %), мақтадан 396,7 мың тонна (104,5 %), картоптан 238,4 мың тонна (98,6 %), көкөністен 756,3 мың тонна (100,9%), жүгеріден 99,7 мың тонна (106,1 %), майлы дақылдардан 94,3 мың тонна (129,8 %) өнім жиналды.


Облыс бойынша гектар түсімділігі 2012 жылмен салыстырғанда жүгеріден – 1,3 цн/га, бақшадан – 1,4 цн/га, картоптан – 2,0 цн/га, мақтадан – 2,5 цн/га, майлы дақылдардан 2,7 цн/га артты.

Облыста 455,0 мың га суармалы жерлердің 422,0 мың га немесе 93% игерілді. Сонымен қатар, «Суармалы жердің көлемін ұлғайту» туралы облыс әкімдігінің қаулысы қабылданып, 2012-2016 жылдары кезең кезеңімен 292,5 мың га жерді жаңадан қосу жоспарланып, нәтижесінде 2012-2013 жылдары 40,0 мың га (2012 ж. - 21,2 мың га, 2013 ж. - 18,6 мың га) жаңадан жер қосылды.

Елбасының халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру тек инновациялық технологияларды өндіріске ендіру арқылы нақты атап көрсетті. Осыған орай, облыста тамшылатып суғару технологиясының өндіріске ендіру мен жылыжайлар кешендерінің көлемін ұлғайтуда бір-шама жетістіктерге қол жеткізілді. 2013 жылы тамшылатып суғару әдісі қосымша 6,0 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 26,8 мың га жетті. (2009 жылмен салыстырғанда 12,8 есеге артты, жалпы республикадағы көрсеткіштің 83,8 % құрады). Тамшылатып суғару әдісінің тиімділігінің арқасында ағын су 2-3 есеге үнемделіп, өнімділік көкөністен 3 есеге, жүзімнен 1,5 есеге және мақтадан 2-2,5 есеге артып отыр.

Жылыжайлардың көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 5,8 есеге артып, жалпы көлемі 720 га жетіп, республикалық көрсеткіштің 85,7% құрады. Осы жылыжайлар есебінен 2013 жылы 115,0 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді.

2013 жылы көктемгі дала жұмыстарына және жанар жағар майды субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 4 267,7 млн.теңге, 2014 жылы облыстық бюджеттен 6 873,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі - элиталық тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Облыс бойынша 16 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс жасауда. Одан бидай, арпа, мақсары дақылдары мен көп жылдық екпелер бойынша -3, мақта шаруашылығы бойынша – 5, жеміс-жидек және жүзімдіктер бойынша – 8. Тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен – 272,7 млн. тенге, облыстық бюджеттен – 278,6 млн. теңге, 2014 жылы облыстық бюджеттен – 609,6 млн. теңге бөлінді.



Мал шаруашылығы

Облыстағы шаруашылықтың барлық санаттарындағы Ірі мүйізді қара малдың саны 838,7 мың басты, қой мен ешкі 3657,7 мың басты, жылқы 199,7 мың басты, түйе 19,9 мың басты, құстың барлық түрлері 2479,3 мың басты құрап, өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда ет –4,6%-ға (182,5 мың тонна), сүт – 2,9%-ға (679,5 мың тонна) артты, ал жұмыртқа алдыңғы жылдың деңгейінде (276,6 млн.дана) болады.



«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде әзірленген «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары 9926 бас аналық ІҚМ алынып, меже 140 % орындалса, 2013 жылы меже 122,6% орындалып 10541 бас аналық ІҚМ алынды. Тұқымдық түрлендіруге 20,2 мың бас аналық ІҚМ қатысуда.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы бойынша шет елден 810 бас («Ақсанат инжиниринг» ЖШС 439, «Алтын дән» ЖШС 180, «Береке» ШҚ 191 бас) етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара сатып алынды.



Бордақылау алаңдарын ашу. 2013 жылы облыста жалпы сиымдылығы 9,0 мың басқа арналған 41 бірлік ІҚМ бордақылау алаңдары ашылып, жалпы 739 бірлік бордақылау алаңдарында 50,0 мың бас ІҚМ бордақыланып сатылуда. 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 30% артып 168,5 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды. Бұл жалпы аналық ІҚМ 47 пайызын құрайды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қосымша 264 бірлік типтік үлгідегі қолдан ұрықтандыру бекеттерін салуға қаржы қаралып, оның 110 бірлігі іске қосылып, қалған 154 бекет құрылысын 2014 жылы жүргізу жоспарлануда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 592,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен 680,0 млн. теңге, 2014 жылы облыстық бюджеттен 1889,4 млн. теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту Ауыл шаруашылық техникаларының паркі шаруалардың өз қаржылары және лизинг негізінде жаңалануда. 2013 жылы агроқұрылымдардың өз қаржы есебінен және лизинг негізінде облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 642 бірлік трактор, дән жинайтын комбайндар және басқа да ауыл шаруашылық техникалары алынды. 2013 жылы облыста тіркелген 42 «машина – технологиялық» станциялар шаруалардың 50,6 мың гектар жерін өңдеп, 137,5 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетті. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 2013-2014 жылдары көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 142,0 мың тн дизельдік отын бөлінді (2013ж.-71,0 мың тн., 2014ж.-71,0 мың тн.).

Қайта өңдеу Облыста 35 ет, 33 сүт, 36 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Оның ішінде 2013 жылы 5 ет, 3 сүт, 1 жеміс- көкөніс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар іске қосылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ет өнімдерін қайта өңдеу үлесі 17 %, сүт өңдеу 23,3 %, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу 12,4 % жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 126,3 млрд.теңге құрап, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 97,2 % құрады.

Жеміс көкөніс сақтау қоймалары Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қол жетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін немесе 5,9 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өімдерін сақтап, жыл бойына облысымызды сапалы арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік жасалып отыр.

Несиелендіру

2013 жылы қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 14,4 млрд.тг жуық несие қаржылары 3817 ірі,орта,шағын жобаларға берілді.

Оның ішінде:

- «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ еншілес мекемелері арқылы 7,3 млрд.теңге;

- «Максимум»АИО»ЖШС арқылы 3,7 млрд.теңге;

- «Несие серіктестіктері» арқылы 3,4 млрд.теңге;


(«Үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010-2014 жылдары облыста 170 жоба индустриализациялау картасына ендірілсе, оның 33% немесе 56 жоба (жалпы құны 27,4 млрд.теңге) ауыл шаруашылығы саласы бойынша іске асырылуда, ашылатын жаңа жұмыс орны 3,6 мың.)

1.4. Көлік

Облыста бүгінгі күні 545,3 мың автокөлік құралдары тіркелген, оның ішінде 167 мыңы Шымкент қаласында. Күнделікті облыстың жолаушыларына қызмет көрсетуге 2,69 мың автобустар мен шағын автобустар бағыттарға шығады. Облыстағы барлық қоғамдық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі бүгінгі күнге 394 бағыттағы 2221 кестеден тұрады.

Оның ішінде: 129 қалаішілік (80 бағыт Шымкент қаласында), 137 ауданішілік, 128 қалааралық және ауданаралық бағыттар. Қазіргі уақытта автомобиль жолдары жоқ және сұраныс бар елді мекендерді қоспағанда, облысымызда бағыттар жүйесімен қамтылмаған елді мекендер жоқ.

Облыс тұрғындарына жолаушылар көлігімен қызмет көрсету қызметін 63 жеке тұлғадағы тасымалдаушылар жүзеге асырады. Облыс аумағында 30 автовокзалдар мен автобекеттер қызмет көрсетеді, оның ішінде 5 автовокзал мен 1 автобекет Шымкент қаласында орналасқан. 2007 жылдың 1 мамырынан бастап, қаламаңылық бағыттардың (50 шқ. дейінгі) құны 1 шқ. 2,8 теңгені, қалааралық бағыттардың (50 шқ. астам) құны 1 шқ 2,5 теңгені құрады. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысаралық) бағыттарда 1 шақырымға 3,7 теңгені құрады. 2008 жылдың тамыз айында қалалық қоғамдық көліктердегі жол ақысы автобустарда – 40 теңге, шағын автобустарда – 40 теңгені құрады, алайда 2009 жылдың 15 желтоқсанынан өзгеріп, автобустарда – 35 теңге, шағын автобустарда – 40 теңгені құрады.

Сонымен қатар, 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердегі жол ақысы 45 теңгені құрап, ал 1 қазаннан бастап 50 теңгені құрады. Автомобиль көлігімен (көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер және жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда) 2014 жылдың 6 айында темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен 61445,5 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2013 жылдың 6 айы деңгейіне 108,1% құрады.

Жүк айналымы 3553,4 млн. ткм құрап, 2013 жылдың 6 айымен салыстырғанда 11,3% артты. Осы уақыт аралығында 1097,5 млн. жолаушы тасылды, бұл 2013 жылдың 6 айы деңгейіне 103,9% құрады. Жолаушы айналымы 7750,9 млн. жкм немесе 2013 жылдың 6 айымен салыстырғанда 6,3% өсті.

Облыста жалпы жүк ағыны мен жолаушылар тасымалындағы жүк көлемінің және жолаушылардың ең үлкен үлесі автомобиль көлігіне тиесілі, тиісінше 99,9% құрайды.

Темір жол көлігі

Облыс аумағында Шымкент, Арыс, Сарыағаш қалаларында - 3 ірі теміржол торабы және 7 теміржол вокзалдары (Шымкент, Түркістан, Арыс, Түлкібас, Манкент,



Бадам және Шеңгелді) орналасқан. «Шымкент – Сарыағаш» және «Шымкент – Түркістан» қаламаңы темір жол бағыттары облыс халқы үшін әлеуметтік маңызды болып табылады.

Қаламаңы теміржол бағыттарын негізінен теміржол торабында тұратын орташа деңгейдегі табысы бар және негізгі автомобиль жолдарынан едәуір қашық жерде орналасқан елді мекендер тұрғындары пайдаланады, әсіресе Арыс станциясынан Сарыағаш станциясына дейінгі аралықтағы ұсақ елді мекендер үшін альтернативті көлік қатынастары жоқ.

Облыстағы қаламаңы теміржол бағыттарын зерттеу кезінде поездарды теміржол торабында тұратын орташа деңгейдегі табысы бар елді мекендер тұрғындары (студенттер, зейнеткерлер, ауыл тұрғындары мен темір жол жұмысшыларының аз мөлшері) пайдаланатыны анықталды. Төменгі тарифті басқа көлік түрінің болмауына байланысты, бұл бағыттар жеке елді мекендер тұрғындарын облыс орталығымен, және басқа да ірі елді мекендермен байланыстыратын бірден-бір көлік байланысы болып отыр. Сондықтан, ауданаралық (қалааралық) облысішілік теміржол бағыттарының облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, 2013 жылға облыстық бюджеттен 161 127 млн. теңге, 2014 жылға облыстық бюджеттен 153 094 млн. теңге бөлінді. «Қала маңындағы тасымал» АҚ ұсынған болжамды шығындардың есебіне сәйкес, әлеуметтік маңызды «Шымкент – Сарыағаш» және «Шымкент – Түркістан» бағыттарын субсидиялауға 2015 жылға облыстық бюжеттен 159 352 млн. теңге қаржы бөліну жоспарлануда.

1.5. Әлеуметтік қорғау

Еңбек ресурстары.

Облыс халқы 2013 жылы 2678,9 мың адамға жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 %- ға өсті.

Облыста орташа жылдық экономикалық белсенді халық саны 2013 жылы 1256,4 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 1188,9 мың адам. Жұмыссыздардың саны 67,5 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан 5,4 %-ға түсті.

Жұмыспен қамтылғандардың 633,8 мың адамы экономикалық қызмет түрлеріне байланысты жалданып жұмыс істейтіндер, 555,1 мың адам өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Облыс бойынша 2013 жылы жұмыс іздеп келгендердің саны 70,1 мың адам, оның ішінде 63,8 мың адамға жұмыспен қамтылуға ықпал көрсетілді, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасқандар үлесі 91,1 %.

Облыста жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын бекітілген кесте бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.

Кестеге сәйкес, 47 жәрмеңке өткізіліп, 1910 кәсіпорынның ұсынған 14012 жұмыс орнына 15545 жұмыссыздың 5089 адам жұмысқа жіберілді, 260 адам

ақылы қоғамдық жұмыстарға, 385 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды, 3104 адам заңнамалар бойынша кеңестер алды.


Облыс бойынша 2014 жылы 6338 адам жұмыссыздар есебінде тұрады. Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,5 %.



«Жұмыспен қамту -2020» Жол картасы бойынша:

Жоғарғы және орта арнаулы, кәсіптік оқу орындарын бітірушілерге арналған «Жастар практикасына» 3204 жұмыссыз жастар жіберілді, оларға республикалық бюджет қаржысынан 398,1 млн.теңге бөлінді.

Олар өздерінің мамандығына сәйкес, еңбек дағдысынан өтіп, алдағы уақытта жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді.



  1. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 2019 жылдарға арналған негізгі мақсаты мен басымдықтары


2.1. Жалпы өңірлік өнім

2015-2019 жылдары экономиканың өсімі 5,2%-дан 6,3%-ға дейін өсу бағалануда.

Болжамға сәйкес, 2019 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 4735,2 млрд. теңге құрайды, және 2012 жылдың көрсеткішінен 2,5 есеге артады. Орта жылдық өсім қарқыны 2015 - 2019 жылдары 106,0% деңгейінде болжануда.

Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі орта мерзімді кезеңде жыл сайын орта есеппен 9% құрайды.

ЖӨӨ өсімі экономиканың нақты секторындағы (өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, құрылыс) өндіріс көлемінің және сауда саласының ұлғайуы арқылы қамтамасыз етілетін болады.

2015 - 2019 жылдары ЖӨӨ инвестиция үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары болады деп жоспарлануда, себебі аталған мерзімде индустриаландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру көзделген.


2.2 Өнеркәсіп

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнеркәсіпте жаңа өндірістерді іске қосу есебінен және облыс экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіп өнімінің көлемін өсіру көзделуде. Бүгінгі күнде Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста жүзеге асырылып жатқан 170 жобаның, 2015 - 2019 жылдары жалпы инвестиция көлемі 483,5 млрд. теңгені құрайтын 20 жобаның іске қосылуы көзделген. Индустрияландыру картасындағы жобаларға өзектендіру процессі жыл сайын жүргізілетіндігін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеріп, жоба саны мен тартылатын инвестиция көлемі артатын болады.

Облыс экономикасының экспортқа бағытталған салаларындағы жаңа өндірістердің орналастыру үшін шикізат, энергия көздеріне және транспорттық инфрақұрылымға жақындығы анықтауыш фактор болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешендерін (АӨК), тамақ өнімдерін дамыту, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсіптерін және құрылыс индустриясын дамыту облыс экономикасын диверсификациялауда даму басымдықтары болып қалыптасады.


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес кәсіпорындарының, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ жобаларға үлестік қатысуы және екінші деңгейлі банктердің ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысуы, жобаларды

қолдаудың негізгі құралы болып табылады.

«Қазагро» ҰБХ» АҚ қызметі қаржы құралдарын кеңінен пайдалану және қаржылай емес қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жағдай жасайтын болады.

Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық салдарынан, 2014 жылдың бағалауы бойынша, 2015-2019 жылдарда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің өсу қарқыны баяулап, жыл сайын 2-3% шамасында болады деп болжануда. 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі 13,5%-ға артады деп көзделуде.



Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу. 2015 - 2019 жылдары кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласының әрі қарай дамуы жоспарланады. Кен орындары, алаңдардың барлауының аяқталуы, кәсіпорындардың қазбалық жұмыстарының басталуы, облыстың перспективалы аудандарында уран шикізатын, қиыршық тас, құм, әк тас, саз, кварц құмы, құрылыс тасы, гипс және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру арқылы өндіріс көлемі ұлғаяды. 2015 - 2019 жылдар аралығында кен өндіру өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 1,6%-ға өсуі көзделген. 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі 8,3%-ға артады деп болжануда.

Облыста жаңа кен орындарын табудың перспективасы бар. Аймақта жаңа кен орындарын барлап табу үшін геологиялық жұмыстарды күшейту қажет.



Өңдеу өнеркәсібінің дамуы. 2015 - 2019 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі жыл сайын орташа 3,5%-ға өсуі көзделген. 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 18,5%-ға артады деп болжануда.

Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылатын 20 инвестициялық жобаның 14-і өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 2 жоба салалық (мұнай өңдеу және химия) бағдарламалар шеңберінде іске қосу көзделуде.



Тамақ өнімдер өндірісі. 2015 - 2019 жылдар аралығында тамақ өнімдер өндірісінде өнім өндіру көлемі жыл сайын орташа 3,7%-ға өсуі болжамданған.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импорттық өнімдерді табиғи жергілікті өндірістердің өнімдермен алмастыру есебінен тамақ өнімдерін өндіру көлемін арттыру жоспарлануда. Азық-түлік өнеркәсібінде 2 инвестициялық жобаны Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, логистикалық орталық құру бойынша 3 жоба жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде саланың өсуіне ықпал етеді.



Жеңіл өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіпте жергілікті шикізатты (мақта, жүн және тері) пайдаланатын өндірістерді дамыту көзделуде. 2015 - 2019 жылдар аралығында тоқыма бұйымдар өндірісінде өнім өндіру көлемі жыл сайын орташа 11%-ға өсуі болжамданған, сәйкесінше киім өндіруде – 2,5%-ға, былғары және оған жататын өнімдер өндіруде – 6% өсуі көзделген.

Жеңіл өнеркәсібінде 1 инвестициялық жобаны Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.



Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласы. 2015 - 2019 жылдар аралығында мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 2,3%-ға өсуі болжамданған.

Салада 1 инвестициялық жобаны салалық бағдарлама (мұнай өңдеу саласын дамыту, Шымкенттегі МӨЗ жетілдіру және қайта жаңарту) шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.



Химия өнеркәсібі. 2015 - 2019 жылдар аралығында химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 2,0%-ға өсуі болжамданған.

Салада 1 инвестициялық жобаны салалық бағдарлама (Үшбас және Герес кен орындарындағы азоттық-фосфорлық тыңайтқыш өндіру өндірісін дамыту) шеңберінде және Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.



Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру. 2015 - 2019 жылдар аралығында резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі жыл сайын орташа 3,0%-ға өсуі болжамданған.

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру. 2015 - 2019 жылдар аралығында негізгі фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 2,4%-ға өсуі болжамданған.

Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру. 2015 - 2019 жылдар аралығында өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 8%-ға өсуі болжамданған. Салада 6 инвестициялық жобаны Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Металлургия. 2015 - 2019 жылдар аралығында металлургия өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 10,0%-ға өсуі болжамданған. Салада 2 инвестициялық жобаны Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Машина жасау. 2015 - 2019 жылдар аралығында машина жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 6%-ға өсуі болжамданған. Салада 1 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру. 2015 - 2019 жылдар аралығында жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру көлемі жыл сайын орташа 2,3%-ға өсуі болжамданған.

Жиһаз өндіру. 2015 - 2019 жылдар аралығында жиһаз өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын орташа 1-1,5%-ға өсуі болжамданған.
Сауда

Облыстағы сауда орындары, бөлшек және көтерме базарларының көбеюіне және облыс аумағында коммуналдық базар ашылуы есебінен сауда көлемі өсіп, 2015 - 2019 жылдар аралығында бөлшек сауданың көлемі жыл сайын орташа 21,4%-ға өсуі болжамдануда.

Облыстағы көтерме сауда көлемі жыл сайын орташа 4,4%-ға өсуі болжамданған.
2.3 Ауыл шаруашылығы

Елбасының жыл-сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға аса басымдық беріп, мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетілуде.

Атап айтар болсақ, 2013 жылы салаға 14,3 млрд.теңге бөлініп, 2009 ж. салыстырғанда қолдау көлемі 3 есеге жуық артса, 2014 жылы мемлекеттік қолдау көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 1,6% артып 22,5 млрд.теңге құрап отыр.

2014 жылдың қаңтар-шілде айында ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 100,3 млрд.теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,4 % немесе 7,8 млрд.теңге артып, нақты көлем индексі 104,5% жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 340,0 млрд.теңгеге дейін жеткізу көзделуде (НКИ 107,0%).

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламаны жүзеге асыру және Индустрияландыру картасы аясында жаңа өндірістерді іске қосу – сапалы, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімінің орта жылдық өсімі 2015-2019 жылдары 8,4% құрайтын болады.

Егін шаруашылығы

2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 779,0 мың га құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың га артты. Оның ішінде: дәнді дақылдар 21,6 мың га артып 238,1 мың га, көкөніс, бақша дақылдары 7,0 мың га артып 92,7 мың га, жүгері 13,0 мың га артып 38,0 мың га, мал азықтық дақылдар 7 мың га артып 213,0 мың га құраса, тиісінше мақтаның егіс көлемі 10,4 мың га кеміп 127,6 мың га, майлы дақылдар 14,5 мың га кеміп 92,1 мың га құрады.

Егіс құрлымын әртараптандырудың есебінен, 2015-2019 жылдары астықтан алынатын өнім көлемін 495,0 мың тоннадан (2014 ж. бағалау көрсеткішінен) 521,0 мың тонннаға дейін, оның ішінде бидай 12,0 мың тонна немесе 4,8% артып, 262,0 мың тонна өнім алу межеленген.

2014 жылы тамшылатып суғару әдісін қосымша 9165 га ендіру жоспарланып, ағымдағы жылдың 7 айында 5,7 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 32,5 мың га жетті.

Жылыжай көлемін қосымша 120 гектарға ұлғайту жоспарланып, ағымдағы жылдың 7 айында 87 га салынып, жалпы көлемі 807 га жетті.

Облыс, республика халқын жыл бойына азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында интенсивтік технологияларды өндіріске кеңінен ендіру жұмыстарын жалғастыру нәтижесінде 2019 жылы: тамшылатып суғару әдісін 60,0 мың га, жылыжайлар көлемін 1000 га дейін ұлғайту жоспарлануда.

Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде, Елбасының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын сала өсімі 7% арттырылатын болады.



Мал шаруашылығы

2014 жылы мал өнімдерінің барлық түрлері бойынша өнімнің көбейюі көзделуде, және де ауыл шаруашылық жануарлар басының барлық түрлері бойынша көбеюі көзделіп отыр.

2014 жылы еттің сойыс салмағы 104,9 мың тонна (2013 ж. - 99,5 мың тн), сүт 698,5 мың тонна (2013 ж. - 679,5 мың тн), қой жүні 7,3 мың тонна (2013 ж. - 7,0 мың тн) және жұмыртқа 281,5 млн дана (2013 ж. - 276,6 млн. дана) өнім өндіру көзделіп отыр.

2014 жылы шаруашылықтың барлық санатттарындағы мал басы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0% артып, ІҚМ 855,5 мың бас, қой мен ешкі 3730,9 мың бас, жылқы 203,7 мың бас, түйе 20,3 мың бас және құс 2528,9 мың басты құрайды.

2014 жылдың 1 тамызына ет сойыс салмағында 57,8 мың тонна (2013 ж. - тиісті кезеңіне 105,1%), сүт 432,2 мың тонна (104,3%), жұмыртқа 162,1 млн.дана (99,3%) өндіріліп, ІҚМ басы 879,5 мың бас, қой-ешкі 4248,7 мың бас, жылқы 210,7 мың бас, түйе 22,7 мың бас, құс 2444,4 мың басты құрады.

2011 жылдан бастап, Елбасының халыққа арналған жолдауында айтылған «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағытында жасалған жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның мақсаты, қатысушы шаруашылықтардың бәсекеге қабілетілігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін, ішкі нарықты қажеттілікпен қамтамасыз ете отырып, сыртқа сапалы ет өнімдерін шығару. Атқарылатын жұмыстардың нәтежиесінде 2015-2019 жылдары облыста Герефорд, Қазақтың ақ бас, Ангус, Әулекөл тұқымды ІҚМ шаруашылығымен айналысатын репродукторлар негізінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тұқымдық түрлендіруге қатысқан аналық малдан алынған еркек төлді бордақылау алаңдарына қою арқылы жыл сайын 3,0 мың тоннаға жуық мәрмәр ет экспортка шығарылатын болады.

Қазіргі таңда, шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлері арқасында қаракөл және биязы жүнді қой шаруашылығының потенциалын жоғарлатудың мүмкіншілігі бар. Бұл өз кезегінде өнеркәсіпке шикізат беретін болады.

Қайта өңдеу

Облыста 36 ет, 36 сүт, 38 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Оның ішінде жыл баснын 1 ет өңдеу, 3 сүт өңдеу, 2 жеміс-көкөніс қайта өңдейтін кәсіпорындар іске қосылды (2014 ж. - жоспар 5 ет, 4 сүт, 4 жеміс-көкөніс). Нәтижесінде, 2014 жылдың қаңтар-шілде айына ауыл шаруашылығын қайта өңдеу көлемі 76,5 млрд.теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7 млрд. теңге арттты. (2013 ж. – 71,9 млрд.теңге).



Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде 2015-2019 жылдары аралығында (2014 ж. бағалау көрсеткішінен):

- ет өңдеу үлесін 19% дан 22%;

- сүт өңдеу 24,1 % дан 27%;

- көкөніс өнімдерін өңдеу 14% дан 18 % жеткізіледі.



Техникамен қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығын техникалық қамтамасыз етілуі мемлекеттік мекемелерінің механикалық қызмет көрсету, ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу арқылы асырылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық техникаларының паркін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ры арқылы лизинг қызметтерін кеңейту жолымен және шаруалардың өзқаржылары есебінен жүзеге асырылады. Осыған байланысты «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 жылдары ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8% берілуде, оның 7% мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 % түсуде. Нәтижесінде, 2014 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 555 бірлік (жоспар 686 бірлік) ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алынды.


Ақпарат-маркетингтік және консультациялық жұмыстарын кеңейту

Аудандардың ауыл шаруашылық бөлімдері компьютермен және Интернетке шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін маркетингтік мәліметтермен қамтамасыз ету үшін жылда агробизнесін жүргізу оқулары өткізіледі.


    1. Көлік

Көлік және жинақтау қызметі, алдынғы жылға қарағанда %. Болжам бойынша 2015-2019 жылдарға көлік және жинақтау қызметінің көлемі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жүк тасымалының көлемі, %. Болжам бойынша 2015-2019 жылдарда өткен 2014 жылға қарағанда жүк тасымалының көлемі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жолаушы тасымалының көлемі, %. Болжам бойынша 2015-2019 жылдарда өткен жылға қарағанда жолаушы тасымалының көлемі 107 % құрайтын болады.

Өткен жылға қарағанда жолаушылар айналымының өзгерісі, %. Болжам бойынша 2015-2019 жылдарда өткен жылға қарағанда жолаушылар айналымының өзгерісі 107 % жетеді.

2015 - 2019 жылдары жүк тасымалдау көрсеткіштері өсуіне қарай сәйкесінше болжануда: 2015 жылы -152.2 млн.тн., 2016 жылы – 163,0 млн.тн., 2017 жылы - 174,2 млн.тн., 2018 жылы – 186,4 млн.тн., 2019 жылы – 199,5 млн.тн. жүк, бұл 2013 жылдың көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда 7,0%, ал 2019 жылдың көрсеткіштері 2014 жылмен салыстырғанда 40,2 % құрайтынын болжамдалуда.

2015-2019 жылдары жүк айналымы көрсеткіштері өсуіне қарай сәйкесінше болжануда: 2015 жылы – 8720,0 млн.тшқ, 2016 жылы – 9331,0 млн. тшқ, 2017 жылы - 9984,1 млн. тшқ, 2018 жылы – 10682,0 млн. тшқ, 2019 жылы – 11430,0 млн. тшқ. бұл 2013 жылдың көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда 7,0%, ал 2019 жылдың көрсеткіштері 2014 жылмен салыстырғанда 40,2 % болжануда.
2.5. Әлеуметтік қорғау

Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 2014 жылы 2678,9 мың адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 57,4 мың адамға өсті. 2015 жылы 2737,2 адамға дейін өседі деп күтілуде. Облыс халқының өсуіне байланысты, экономикалық белсенді халық пен жұмыспен қамтылған халықтың саны да өсе түседі.

Жұмыспен қамту картасына сәйкес, алдын-ала болжамдар бойынша облысқа қажеттілік кадрлар саны жыл сайын 5,5 - 6,0 мың адамды құрап отыр.

Еңбек ресурстарының өсу деңгейіне сәйкес, 2014 жылы 35,0 мың адамның 37,0 % квалификациялары төмен жұмысшыларды құрамақ.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздықтың деңгейі жыл сайын 0,2% төмендеп, 2018 жылы 5,1% деп күтілуде.

Өздігімен жұмыспен қамтылғандардың санының өсуі қалыптасуда олардың экономикалық формальды секторда істейтіндері 2013 жылы 241,4 мың адамнан 2018 жылы 288,6 мың адамды құрап, салық органдарында тіркелгендерінің үлесі барлық өздігімен жұмыспен қамтылғандардың 100 % күтілуде.

Кедейлік деңгейі Елбасының Қазақстан халқына жолдауы мен макроэкономикалық болжамдарға сәйкес төмендеп келеді.

Ал, ең төменгі күнкөріс мөлшері жыл сайынғы инфляция деңгейіне байланысты 7,0% деңгейінде белгіленген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі жұмыспен қамту және табыстарын ұлғайту шараларына сәйкес жыл сайын 0,1 пайыздық көрсеткішпен төмендейтін болады.
2015 - 2017 жылдарға арналған бюджет шығыстарының

басымдықтары
2015 – 2017 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, облыстық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

3) тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының сапалық жаңарту;

4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;

5) аймақтық даму;

6) экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;

7) шағын және орта бизнестерді дамытуды қолдау;


Халықты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

Жұмыспен қамту іс-шаралары 2014 жылғы қабылданған жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз ету іске асыралатын болады.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету:

1) инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

2) ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру (жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тірек ауылдарды кешенді дамыту);

3) жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру) есебінен жүзеге асырылатын болады.



Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламаларының аясында іске асырылатын болады.

Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру

Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жалғасатын болады.



Мектепке дейiнгi ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының желiсін кеңейтудi қаржыландыру, апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмикалық тұрақтылығы жөніндегі қазіргі проблемаларды бiрiншi кезектегi тәртiпте шешуді ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту (типтік жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру объектілерінің, оның ішінде, аула объектілерінің құрылысы) бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің мен қолжетімдігі сапасын арттыру оларды электрондық нысанда көрсетуге көшіру арқылы іс-шаралар іске асатын болады.

Аймақтық даму

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2015 - 2019 жылдар аралығында елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалады. Оның ішінде: Экономикалық өсу орталықтары болатын Шымкент қаласының айналасында агломерацияны дамыту бойынша шаралар қабылдауға бағытталатын болады. Шымкент агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық – Шымкент қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары, сонымен қатар моноқала (Кентау қ.), шағын қала (Арыс, Жетісай, Леңгір, Сарыағаш, Шардара) халқының саны 50 мың адамға дейін, тірек ауылдық елді мекен (22 е.м.), аудан (8 аудан орталықтары) және ауылдық (138 ауылдық округтер) округтердің орталықтарын дамыту, шекара маңындағы аумақтар (Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш, Шардара) – мемлекеттік шекарадан 50 шқ. дейінгі, 356 елді мекені бар арқашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары бағдарламаларының шеңберінде осы елді мекендерді дамытуға бағытталатын болады.



Экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру

Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде салаларды дамыту жалғасады, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қолдау,

ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, энергия тапшылығы проблемаларын шешу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, экономиканы энергетикалық, көлік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, салалық бағдарламалар басым түрде қаржыландырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша іс-шараларды қаржыландыруға ерекше назар аударылатын болады.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында одан әрі ауқымды жаңғыртуға ықпал етеді.

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау көмек көрсету «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бағыттар шеңберінде жалғасатын болады.



Қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою шараларын нығайту

Осы бағытың шеңберінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу (ескерту) жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.



Бюджеттiк инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялардың) негізгі басымдықтары

Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалаған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.



Бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары мыналар болады.

1) Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын, тұрғын үй құрылысын жаңғырту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жолымен халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту.

Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» (бұдан әрі – Агробизнес - 2020) бағдарламалары бойынша жобалардың іске асырылуы жалғасатын болады.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлерді салу арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Өңірлік дамудың басты құралы қалалық агломерациялар мен моноқалаларды дамыту, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту проблемаларын шешу бойынша іс-шараларын қаржыландыру өз жалғасын табатын болады.


2) Экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.

Осы бағдарлама шеңберінде «Өнімділік - 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралары, 2010 – 2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қабылданған салалық бағдарламалардың іс-шараларын, энергетика, көлікті қоса алғанда, басымдық ретінде қаржыландырылатын болады.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту

Осы бағыт шеңберінде 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша, Денсаулық сақтау саласын дамытудың


2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» іс-шараларын іске асыру жалғасады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін, мектептерді және денсаулық сақтау объектілерін кеңейтуді қаржыландыру апаттық және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмотұрақтылығы бойынша бар проблемаларды бірінші кезекте шешуді және іске асырылатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет