Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі N 34/389-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2007 жылғы 23 шілдедегі N 225 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылы 27 шілдеде N 1962 тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін ескере отырып және Мақтарал, Ордабасы және Түлкібас аудандары мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Мақтарал ауданы бойынша
Мақтарал ауылдық округінің Дзержинский ауылы - Нұрмұхамед Есентаев ауылы болып;
Ордабасы ауданы бойынша
Қажымұқан ауылдық округінің Социалистік қоғам ауылы - Қызылсеңгір ауылы болып;
Қараспан ауылдық округінің Ленин ауылы-Жаңатұрмыс ауылы болып;
Түлкібас ауданы бойынша
Ванновка ауылдық округі - Майлыкент ауылдық округі болып;
Ванновка ауылдық округінің Кезең ауылы - Бақыбек ауылы болып;
Балықты ауылдық округінің Чапаев ауылы - Шарафкент ауылы болып;
Келтемашат ауылдық округінің Димитров ауылы - Жиынбай ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облысы әкімі
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Достарыңызбен бөлісу: |