Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын атау мен қайта атау туралы



Дата03.07.2016
өлшемі13.73 Kb.
#175547
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын

атау мен қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мына:

Алматы облысы Қаратал ауданы Көкпекті ауылының Первомайская орта мектебіне халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің;

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының № 15 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектебіне белгілі педагог Сүлеймен Қарабалиннің есімдері берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қ. Бижанов ауылының Н.К. Крупская атындағы орта мектебі – ақын Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп;

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының Киров атындағы орта мектебі – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп;

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің Терешкова атындағы орта мектебі – Толқын орта мектебі;

Алматы облысы Ескелді ауданы Ақтасты ауылының Белокаменка бастауыш мектебі – Ақтасты бастауыш мектебі;

Алматы облысы Ескелді ауданы Қоржынбай ауылының Березовка бастауыш мектебі – Қоржынбай бастауыш мектебі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет