Хромтау ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасын орындау мақсатында 2014 жылдың маусым айында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Хромтау ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Хромтау ауданының жергілікті атқарушы органдарымен баламалы негізде көрсетілетін 26 мемлекеттік қызметтері 8 099 рет көрсетілген, оның ішінде 2 148-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚКО) көрсетіліп, бұл 26,5 %-ды құрады.
анықтама ретінде: оң нәтижелі болып баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 50 %-нан көбі ХҚКО арқылы көрсетілген жағдайда есептеледі.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін 7 мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетілген 1 321 қызметтердің 54-і мемлекеттік орган арқылы көрсетілген, 95,9 %-ды құрады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 919 қызмет, қағаз түрде 6 209 қызмет көрсетілген, мемлекеттік органдармен «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушылар үлесі 12,9 %-ды құрады.
анықтама ретінде: оң нәтижелі болып электрондық мемлекеттік қызметтердің 50 %-нан көбі электрондық түрде көрсетілген жағдайда есептеледі.
Электрондық түрде көрсетілген 919 қызметтердің 36-ның мерізімі сақталмағаны анықталды.
анықтама ретінде: көрсетілген 10 000 қызметке тек 1 мемлекеттік қызметтің мерзімі сақталмауына жол беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіруге Хромтау ауданының әкімінің 2013 жылғы 4 маусымындағы № 110 өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі бекітілген. Бөлімде 3 адамның (бөлім басшысы, бас және жетекші мамандар) тек біреуі ғана мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерімен айналысады. Бөлімге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлестіру, мемлекеттік марапаттауға ұсыныс беру және марапаттау ұсынысына берілген азаматтардың қжаттарын қабылдау, Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қорғау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, туберкулез дертінің алдын алу координациялық Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру,гендрлік саясат және отбасы істері туралы комиссияның жұмысын ұйымдастыру, «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» қаулысына сәйкес комиссия жұмысы туралы ақпаратты дайындап уақытылы тапсыру, комиссия жұмысын ұйымдастыру, «Аудан әкімдігі жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның» хатшысы (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен сұрақ бойынша тығыз жұмыс жасау) міндеттері сұрақтары жүктелген.
Аудандық әкімдік тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілген.
Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін жұмыстар баяу жүргізілуде. Яғни 16 электрондық мемлекеттік қызметтердің тек 5 қызмет түрі ғана электрондық түрде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік мекемелер мен селолық округтардың барлығында, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру және олардың сапалы көрсетілуін бақылау бойынша жауапты тұлғалар тағайындалған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кейбір жауапты қызметкерлер мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңының талаптарын тиісті деңгейде білмейтіндігі анықталды. Ауданның кейбір жергілікті атқарушы органдарында жауапты қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар күші жойылған нормативтік-құқықтық актілерді негізге алып рәсімделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламентері және олардың бекітілуі туралы қаулылары, сонымен қатар толтырылған өтініш үлгілері, жауапты тұлғалар туралы мәлімет, сенім телефон нөмірлері орналастырылған ақпараттық стендтері бар.
2014 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша Хромтау ауданының жергілікті атқарушы органдарымен баламалы негізде көрсетілетін 26 мемлекеттік қызметтері 1 851 рет көрсетілген, оның ішінде 819-ы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚКО) көрсетілген, бұл 44,2 %-ды құрады.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін 7 мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетілген 757 қызметтердің барлығы ХҚКО арқылы көрсетілген, 100 %-ды құрады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 440 қызмет, қағаз түрде 907 қызмет көрсетілген, мемлекеттік органдармен «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушылар үлесі 32,7 %-ды құрады.
36 мемлекеттік қызметтер халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) уақытылы көрсетілмегені анықталды.
Тексеру барысында, ауданның мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімдерінің жауапты қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер стандарттары талаптарының бұзылуы анықталмады.
Мемлекеттік органдарда облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне ай сайын ұсынылған есептік ақпарат пен өтініштерді тіркеу журналдарын тексеру барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны мен көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушылар саны бойынша айырмашылықтар орын тапты.
Өтініштерді тіркеу журналдарында өзгертулер бар. Білім бөлімінде, кейбір селолық округ әкімі аппараттарында, селолық округтердегі ветеринарлық пунктерде кейбір мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді тіркеу журналдары арналмаған. Дөң, Бөгетсай, Тассай, Ақжар селолық округтерінде кейбір мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді тіркеу журналы нөмірленбеген және тігілмеген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде аудан әкімдігіне келесідей ұсыныстар берілді:
-
мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру;
-
ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру;
-
көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу;
-
ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру;
-
мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу;
-
мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету;
-
электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру;
-
«электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу;
-
мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
-
ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |