ОҚУ-Әдістемелік кешен 050421- «Дизайн» мамандығына «Фотографика»



Дата27.06.2016
өлшемі171.86 Kb.
#160306












ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ОӘК

ОӘК 042-14.2.05.01.20.165/03-2010




ОӘК «Фотографика» пәнінен оқу – методикалық материалдар

№ 1 басылым




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050421- «Дизайн» мамандығына

«Фотографика» пәніне арналған




ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР



Семей

2010





Мазмұны


1

Дәрістер




2

Тәжірибелік сабақтар




3

СӨЖ және СОӨЖ мазмұны




4

Студенттің өздік жұмысына арналған тақырыптар





1. ДӘРІСТЕР

1- дәріс
Тақырып: Фотографика дегеніміз не?

Фотографика – дегеніміз Владимир Дальның сөздігі бойынша, қағазға жарықтың көмегімен бейнені түсіру өнері деген түсініктеме береді.

«Фотография» сөзі графика мен суретке туыскан сөз боп келеді. Қазіргі кездегі фотобейнелер бұрынғы фотоларға қарағанда мүлдем өзгерген. Фотобейнеде бастысы пішіні мен формасы.

Фотография өзіне айқын анық түстерімен, геометриялық дәлділігімен тартады. Фото арқылы адам өткен уақытқа көз жүргізе алады. Фотода адамға бір қарағанда көзге түспейтін заттарды, құбылыстарды байқауға болады.

Табиғат, әсіресе тірі табиғат симметриялы емес. Тек қана адамның қолы жасаған ғана симметриалы болуы мүмкін. Бізді түзу сызықтар, тік бұрыштар, бірдей объектілер қоршап турады.

Фотографиканы қолдана отырып, көрермендерді күнделікті байқалмайтын нәрселерді байқауға мүмкіндік бересін.



Кейбір тәсілдер.

Силуэтті түсіру. Мұндай түсірілімдер, реалды объектіге тек қана белгі береді. Адам өзі, бейнені көріп әртүрлі ойлар келуі мүмкін. Бірақта силуэт нақты болуы керек. Мысалға адам бұрылып тұрған тарелканы, доптар айыру керек.

Силуэтті анық қылып түсіру үшін, жарықты заттың артынан қояды. Немесе контрастпен ойнауға болады. Қанық түстерді үйлестіре отырып, анық силуетті шығарып алуға болады.

Фотография туралы көп айтуға болады. Қарапайым көрінгенімен, ол фотографиялық философияны құрайды.


2-дәріс
Тақырып: Фототехника

Фотография дамыған сайын, бейнені шығару үшін әртүрлі конструциялар мен механизмдер шыға бастады. Негізгі құрал болып «фотографикалық аппарат» қысқаша «фотоаппарат» немесе «фотокамера» болып табылады және соған қажетті құралдар жатады.

Кез-келген фотоаппаратта:


  • Объектив – ол оптикалық система, жарықсезгіш метариалға оптикалық бейнені шығарады.

  • Затвор - оның орның объективтің қаппағы алмастыруы мүмкін.

  • Корпус – жарықсезгіш материалды бөгде сауледен қорғайды.

  • Жарықсезгіш матрица – жарықсезгіш материалы бар кассета.

Фотоаппараттың басқа элементтері фотоға түсіру процессіне ешкандай кедергі жасамайды және олардың болу, болмауы қажетсіз.

3 – дәріс
Тақырып: Фото жабдықтар

Түсіру процессінде фотоаппарат пен ауыспалы объективтерден басқа, фотожабдықтар қолданады. Оларға:



  • «Эконометр» мен «флешметр» – түсірудің жарығын анықтайтын құрал.

  • «Фотовспышка» - жарықтандырғыш құрал, жарық аз болған жағдайда, қосымша жарық болу үшін қолданатын құрал.

  • «Студиялық жарықтандырғыш» - студиялық тусірілімдерде арнайы фотоспышкалар қолданады. Оның екі түрі болады: импульсивті және тұрақты.

  • «Штатив» - оны көп жағдайда қолданады. Мысалы: панорама түсіргенде, бірнеше кадрлар жасағанда, қосымша жарық түсіргіш құралды орнатқанда және т.б.

  • «Светофильтр» - жарық аз болғанда, арнайы эффектілер алу үшін қолданады.

Өңдеу құралдары.

«Сандық фотографияларда» - бейнелерді өңдейтін программалар, компьютер.

«Пленкалы фотоаппарат» - фотореактивтер, фотоұлғайтқыштар, қызыл түсті фонарь және т.б.
4 – дәріс
Тақырып: Фото сурет тарихы

Фотографияның химиялық тарихы көне заманнан басталады. Адамдар күннің сәулесінен тері қараятының, аметист пен опал жарқырайтының, пиваның дәмі өзгеретінің баяғыдан білген.

Фотографияның оптикалық тарихы шамамен мың жылдан бері анықталған. Ең бірінші «обскура-камерасын» бөлменің жарты бөлігі күн сәулесімен жарықтандырылған бөлігін айта аламыз.

Ең алғашқыда күміс тұзды қарайтатын жылу емес, жарық екенін дәлелдеген неміс физигі Иоганн Гейнрих Шульц.

Ей алғашқы түсірілген фото 1822 ж. жасалған, бірақта біздің заманға дейін сақталмады. Сондықтан ең алғашқы болып, 1826ж. жарық көрген фото саналады. Ол обскур-камерасымен оловян пластинасына түсірілген және үстін асфальпен жүргізген. Ол жұмыс 8 сағатқа созылған.

1839ж. француз Луи-Жак Манде Дагер мыстан жасалған платинаға түсіріп, үстін күміспен қаптаған. Сосын оны қараңғы бөлмеге кіргізіп, қайнаған сынаптын буында ұстаған. Қатыру үшін тұзды пайдаланған.

1833ж. мұндай тәсілді бразиялық суретші ойлап тапқан болаттын, бірақта ол өзін ұсынбады.

«Фотографика» термины 1839ж. шыққан. Оны ағылшын астрономы Уильям Гершель және неміс астрономы Иоганн фон Медлер қолданған.



5- дәріс

Тақырып: Фотосуреттің түрлері

«Ақ-қара» түсті фото – тархы жағынан ең алғашқы фото. Түсті, кейіннен сандық фотолар шыққанымен, ақ-қара фото өзінін керетігін жойған жоқ. Керісінше түсті фотоларды көркем эффект алу үшін, оны ақ-қара ғылып өзгертеді.

«Түсті фотография» - ол 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Ең бірінші 3 түсті тәсілді қолданып, ең алғашқы түсті фотоны 1861 жылы Джеймс Максвелл шығарған.

Ондай тәсілмен түсіру үшін, үш фотокамераға, әрқайсысына қызыл, көк, жасыл пленкалар орнатқан.

1873ж. фотохимик Герман Вильгем Фогель сенсибилизатор ойлап тапты, яғни ол жасыл түсті спектрларды ғана анықтады.

Кейіннен Фогельдің шәкірті Адольф Мите басқа спектра\ларды анықтайтын сенсибилизатор ойлап тапты. Ол оны 1902ж. Берлинде жаңалығын халыққа көрсетті.

1905ж. Адольф Митенің оқушысы Сергей Прокудин-Горский сенсибилизаторын одан әрі дамытты.

20 ғасырдың басында Люмьер ағайындылары «Автохромдық пластиналар» ойлап тапты. Оның кемшілктері, бояу тез өшіп қалатын және де бейне анық болып шықпайтын, бірақ соған қарамастан, 1935ж. 50 млн. Автохромдық пластиналар жарық көрді.

«Сандық фотография» - ол 1981жылдан бастап жарық көрді. Ең басында ол қазіргі замандаы сияқты болған жоқ, ол дискке жазылып отырды, бірақта пленканы қажет етпеді.

Ең алғашқы, толыққанды сандық фотоаппарат 1990ж. Кодак компаниясы шығарды.




6- дәріс
Тақырып: Қара-ала фото

Қара-ақ түсті фотосуреттер-еелден келе жатқан фотасуреттердің бірінші түрі.Түсті фотолар мен сандық фотолар шыққаннан кейін, қара-ақ түсті түсірілімдер өздерінің даңқтарын сақтап қалуда. Негізінде аздап түсті фотасурет шығару үшін ең алдымен қара-ақ түсті фотасурет жасалынады.



7 – дәріс
Тақырып: Түсті фото

Түсті фотасуреттер-XIX ғасырдың ортасында пайда болған. Ең бірінші түсті фотатүсірілім 1861 жылы Джеймс Максвельдің үш түсті фотасуреті арқасында шықты. Яғни түсті болу амалы.

Түсті фотасуреттерді алу үшін үш фотакамера қажет болды.Оларда түсті фильтрлер орнатылған (қызыл, жасыл және көк). Түсірілгеннен кейін түсті суреттер шығарыла бастайды.

Үш түсті фотасуреттің шығуының екінші қажетті қадамы 1873 жылы неміс фотахимигі Герман Вильгельм Фагельдің сенсибилизаторларының арқасында шықты.Ол күміс қоспаның әр түрлі ұзындықтағы толқудың жарығына қосылудың сезімталдығын көрсетеді.

Іс жүзінде үш түсті фотасуретті қолданысқа енгізген Фогельдің шәкірті, неміс ғалымы Адольф Мите. Ол сенсибилизаторды шығарды.яғни жасалынған фотапластинаны басқа учаскідегі спектрлерге сезімтал ете білді. Сонымен қатар фотакамераны үш түсті спектр жарығына фотакамераны дайындады. Бұл құрал бірінші рет Адольф Митенің берлинде 1902 жылы іске қосылды.

Үлкен еңбек қосқан негізінде Адольф митенің шәкірті Сергей Прокудин –Горский болды. Ол осы еңбекті одан әрі дамытты, соның ішінде фотасуретті түсіргенде үлкейтіп және кішірейтуді жасады. Ал Прокудин –горский 1905 жылы сенсибилизатордың өз қоспасын ашты, қызыл-және қызғылтым шегіндегі спектрге деген сезімталдығын көрсетті. Ол бұл жағынын Адольф Митеден де асып түсті.

Түстің бөлінуі XXғасырдың басында жақсы дами бастады және басқалары да, яғни фотасуреттер амалы.Жекелігіне келетін болсақ, 1907 жылы Бауырлас Льюмерлердің «автохром» басылынып еркін сатылымға шығарыла бастады.Олар түсті фотасуреттерді оңай алуға көптеген жағдай жасады. Көптеген жетіспеушіліктеріне қарамастан (бояудың тез шығуы, пластиналардың нәзіктігі) 1935 жылға дейін үлкен атаққа ие болды, одан дүние жүзінде 50 млн. Автохрономды пластиналар шағарылды.

Бұл технологиялардың альтернативтері 1930жылдар ығана: Agfacolor 1932 жылда,Kodachrome 1935жылда,Poloroid 1963жылда.

Санды фотасуреттер-айта келетін болсақ өте жас, бірақ көпке танылмал технологиясы, 1981 жылы пайда болған, яғни Sony компаниясының Sony Mavika камерасын ПЗС пен бірге шығарғаннан бастап.Бұл құрал жаңаша түсінігінде санды болмаған еді,(дискқа аналогты белгі жазылған), бірақта фотапленкадан бас тартуға мүмкіндік берген.Бірінші толық фотакамерасы-DCS 100-1990 жылы Kodak

8-дәріс
Тақырып: Фото жанрлары

ХХ ғасырда фотасуреттер техникасының жақсы дамыған кезеңінде, сезімтал фотосуреттер материалдары пайда болды және ыңғайлы фотосуреттер, сонымен қатар шығарылған фотасуреттер шығармашылық өнерге айналды. Фотасуреттердің мағынасындағы негізгі бірінші орында техникамен байланысы тұр.Фотасуреттің ең маңызды амалы оның анықтылығы. Осымен бірге , көрініс живопись пен суреттегідей шығармашылық жалпылауы енгізеді, берілген жағдайдың ішкі түсінігін шешеді, бейнеленген адамның мінезін бейнелейді және көптеген жағдайлар.

Өз мәні бойынша, фотаға түсіруші суретші тәрізді, негізгі бояулармен жайғасқан – фотатехнкасы және фотаматериалдарымен.

Фотаға түсіруші фотасуреттің бейнелеу амалдарын қолданады (түсірілім нүктесі, ракурсы, сызықтық компазициясы, жоспар, перспектива, жарық түсірілімі). Бұлардың барлығы живопистің туыстасы секілді. Қосымша құралы химикалық- фотасурет тазалығы болып келеді.Жаңашыл фотасуреттер жанырының бөлігі живопись жанрларының ұқсастықтарын қайталайды.

Тәртіп бойынша фотаграфия Дельфинді ойындар наминациясы болып келеді.

Фотаграфия жанрлары өнер сияқты.



  • Анималистика

  • Батальді жанрлар

  • Бытавой жанрлар

  • Жалаңаш мінез

  • Пейзаж

  • Портрет пен автопортрет

  • Флора



9 – дәріс
Тақырып: Фотосуреттің түрлері

Фотосуреттің ерекшеліктер және түрлері:



  • Автография

  • Аэрофота түсірілім

  • Архитектура фотографиясы

  • Астрофотография

  • Деректі фотография

  • Жанрлы фотография

  • Имиджді фотография

  • Интерьерді фотография

  • Ломография

  • Люминография

  • Макрофотография және микрофотография

  • Мобилография

  • Кешкі фотография

  • Жаңалық фотографиясы

  • Панорамды фотография

  • Папарация

  • Пикториальді фотография

  • Пинхольді фотография-Стеноп

  • Пленэр

  • Суасты түсірілімі

  • Өлгеннен кейінгі фотография

  • Пәнді фотография

  • Тура фотографиясы

  • Рейография

  • Жарнама фотографиясы

  • Репродукция

  • Той фотографиясы

  • Түстіграфика

  • Сканограмма

  • Спортты фотография

  • Споттинг

  • Үшөлшемді фотография

  • Көше фотографиясы

  • Сұқпат алу фотасы және сұқбат алу

  • Фоторобот

  • Фотографика

  • Фотоохота

  • Фотографикалық түсірілім

  • Фотоколлаж

  • Фото Digital Art

  • Фотограмма

  • Қара- ақ түсті фотография

  • Шадография

Кейбір жанрға кірмейтін терминдер.

Ұнатушылық фотографиясы, фотаұнатушылық-фотографияның көптеген амалдары мен құралдарын қолдану арқасындағы көптүрлі жекешелік өнер.

Фотографияның жеке сабақтарынан басқа, фотаға түсірушілердің өсуі фотоклубтар мен фотокружкалардың өсуіне әкеп соғады.

«Светское фота» журналы фотоұнатушыларға үлкен көңіл бөлді.

1980 жылы СССРде 450 фотоклубтар болды.

1975-1977 жылдары бірінші бүкілодақтық өз күштерімен әрекет ету шығармашылық ұйымдар фестивальі өтті. Ондағы ұнатушылық фотография жеке өз еңбегімен жету шығармашылығын көрсетті.

Бұл өткен фестивальдің соңы 1977 жылдағы қараша мен желтлқсандағы Мәскеуде фотоұнатушылардың арасында өткен выставка болды.Онда 800 ге жуық ең жақсы фотатүсірілімдер жинағы көрсетілді.

Стоктық фотография-жоғарғы рұқсат беріліммен сатылатын фотография. Фотаға түсірушілер арнайы сайтпен өз фотосуреттерін көрсетеді фотобанктарға. Журналдар, әртүрлі фирмалар және жәй адамдар фотосуреттерді алуға қызығушылық танытатын болса осы арнайы сайттарға хабарласады.Фотобанктардың кіруі фотосуреттердің сатылу жылдамдығын күшейтеді. Әсіресе берілген фотосуреттің сапасы жоғары болса.



10- дәріс
Тақырып: Фотосуреттің спецификалық түрлері.

Фотосуреттің спецификалық түрлері.

Автография- түсірілімдердің фотографикалық материалдардан алу амалы, оған фотохимикалық техникасы қолданылады фотоапараттың қолдануынсыз.Бұл фотақағазға және пленкаға құпия фотасуретті түсіреді.

Аэрофотосемка-бұл аэрофотоапараттың арқасында территорияны жүздеген метр биік қашықтықтан он километрге дейін түсіреді. Ол ауада ұшатын құралдарға (самалет, верталет, дирижабльжәне басқалары)қойылады.

Космостағы құрылғылардың арқасындағы түсірілімдерді «Космостық түсірілімдер» деп атайды.

Аэрофотосемкада алынған түсірілімдерді картографияда қолданады.Ол арқылы жердің шегарасын анықтау, көріністі барлауда,археологида, қоршаған ортаны зерттеуде, кинофильидер шығарғанда және жарнама роликтерінде де.

Сәулетті фота-фота жанры, сәулетті салу фототүсірілімі (ғимараттар және олардың комплекстері, мостылар және тағы басқалары. Ереже бойынша деректі түсірілім алудыкөздейді. Ішкі түрде түсірілген обьекті немесе оның бөлшектерін жасауға керектіні жасайды.

Берілген фотатүсірілімде басты мәселе шынайы және нақты етіп ғимараттың формасын көрсету, скульптуралары мен декор элементтеріне дейін.

Астрофотография, астрография, астрономдық фотография-астрономиялық өткізу тәсілін бақылауда,соның ішінде астрографтардың қолдануымен аспан денелерін түсіретін құрылғы.

11 – дәріс
Тақырып: Автография

Автография дегеніміз – ол фотоаппартсыз фотохимиялық техника арқылы бейнені фото материалдардың бетіне түсіру тәсілі.

Мысал ретінде химиялық автограмма бола алады және радиоавтография.

Автограмманы жасау тәсілі.



  1. Қаранқы бөлмеде жарық түспеген фото қағазда немесе жарық сезгіш материалдың үстіне әртүрлі объектілерді орналастырады.

  2. Экспонированный (сәулеленуімен немесе химия зат әсерімен) материал арқылы фото айқындау және фиксациялау. Автограмма ол бір сөзбен айтқанда негатив.



12 – дәріс
Тақырып: Аэрофототүсіру

Аэрофототүсіру  — ол атмосферада ұшатын аппараттың (самолет, вертолет, дирижабле және т.б.) үстінде бекітілген аэрофотоаппарат арқылы территорияның фотосуреті биіктен жүздеген метрден оңдаған киллометрге дейін түсіріледі.

Космом аппараттар арқылы жасалынатын түсірілімдер Космостүсіру деп аталынады.
13- дәріс

Тақырып: Сәулеттік фотосурет, сәулеттік фототүсіру.

Сәулеттік фотосурет, сәулеттік фототүсіру – ол фотосуреттін жанры, сәулет құрылыстардың фототүсіруі (ғимараттардың және олардың кешендерін, көпірлердің және т.б.).

Осындай фото жасаған кезде ең басты мақсат – ол деректі фото алу, осы ғимарттың сыртқы көрінісін және оның детальдарын көрсету үшін жасалынады.

Фототүсіруін жасаған кезде ең басты міндеті – ол ғимараттың немесе кешеннің дұрыс және нақты пішінің, оның өңдеуін, мүсінің және декор элементтерін көрсету.


14- дәріс

Тақырып: Құжатты фотосурет

Құжатты фотосурет мамандық фотожурналистикана өзіне кіргізеді, бірақта онымен әуесқой адамдар да айналысады. Құжат фотосуреттін басты құралы ол Адам және Қоғам.

Көбінесе ондай фотосуреттер газеттермен журналдарға арналады.

15- дәріс

Тақырып: Түнгі фотосурет



Түнгі Сингапур Архангельстағы Көпестік көпір



Бес сезім бақшасы. Дели Индур, Индия



2. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

2.1. Тәжірибелік сабақтар
1 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фотографика жалпы түсінік

Керекті материалдар: дәптер, қалам, фотоаппарат.

Тапсырма:

1. Фото портрет жасау


2 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фототехника

Керекті материалдар: Фотоаппарат, Photoshop.

Тапсырма:

1. Түсірілген фото портретті әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып Photoshop бағдарламасында өңдеу.


3 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фото жабдықтар

Керекті материалдар: эконометр, флешметр, фотоспышка, студиялық жарықтандырғыш, штатив, светофильтр.

Тапсырма:

1. Фото жабдықтарды қолдана отырып қоғамдық фото суретті жасау.

4 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фото сурет тарихы

Керекті материалдар: дәптер, қалам, слайд

Тапсырма:

1. Фото сурет тарих туралы жалпы түсінік беру


5 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фотоның түрлері

Керекті материалдар: фотоаппарат, Photoshop.

Тапсырма:

1. Ақ-қара түсті фотосуретті жасау

2. Түсті фотосуретті жасау
6 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Қара-ала фото

Керекті материалдар: Photoshop

Тапсырма:

1. Photoshop бағдарламасы арқылы қара – ала фотосуретті жасау


7 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Түсті фотоның әдістері

Керекті материалдар: фотоаппарат, Photoshop.

Тапсырма:

1. Фотосуретті Photoshop бағдарламасы арқылы жөндеу


8 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фото жанрлары

Керекті материалдар: дәптер, қалам

Тапсырма:

1. Фото жанрлар туралы жалпы түсінік беру


9 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фотаграфияның түрлері

Керекті материалдар: фотоаппарат, Photoshop.

Тапсырма:

1. Фотоаппарат және Photoshop бағдарламасы арқылы фотосуреттердің түрлерін жасау


10 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Фотосуреттің спецификалық түрлері.

Керекті материалдар: дәптер, қалам

Тапсырма:

1. Фотосуреттің спецификалық түрлері туралы жалпы түсінік


11 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Автография

Керекті материалдар: Photoshop.

Тапсырма:

1. Автографияны жасау


12 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Аэрофототүсіру

Керекті материалдар: дәптер, қалам.

Тапсырма:

1. Аэрофототүсіру туралы жалпы түсінік беру


13 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Сәулеттік фотосурет, сәулеттік фототүсіру.

Керекті материалдар: фотоаппарат, Photoshop.

Тапсырма:

1. Сәулеттік фотосуретті жасау


14 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Құжатты фотосурет

Керекті материалдар: фотоаппарат, Photoshop

Тапсырма:

1. Құжатты фотосуретті жасау


15 тәжірибелік сабақ

Тақырып: Түнгі фотосурет

Керекті материалдар: фотоаппарат

Тапсырма:

1. Терезеден түнгі фотосуретті жасау




  1. СТУДЕНТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ




    1. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ТАПСЫРМАЛАР

1 кесте Өздік жұмыстарды орындауға тапсырма






СӨЖ

Сағат саны

СОӨЖ

Сағат саны

1

Фотографика дегеніміз не?

1,5

Фото сурет

1,5

2

Фототехника

1,5

Фотоаппарат

1,5

3

Фото жабдықтар

1,5

Өңдеу саймандар

1,5

4

Фотосуреттің тарихы

1,5

Фото түсірушілер

1,5

5

Фотосуреттің түрлері

1,5

Қара-ала фото

1,5

6

Түсті фото

1,5

Түсті фотоның әдістері

1,5

7

Сандық фото

1,5

Бірінші сандық фотосуреттер

1,5

8

Фото жанрлары

1,5

Анималистикалық жанр

1,5

9

Натюрморт жанр

1,5

Баталды жанр

1,5

10

Табиғат көрініс жанрі

1,5

Тұрмыстық жанр

1,5

11

Фотосуреттің спецификалық түрлері

1,5

Автография, аэрофотосъемка, сәулеттік фото, астрофото және т.б.

1,5

12

Әуесқой фото

1,5

Стокты фотосурет

1,5

13

Фото қолдану және оның түсінігі

1,5

Құжат техникасын фотоға түсіру, заңнама,сотты және тергеу тәжірибесі және т.б.

1,5

14

Үлдірлі фото

1,5

Түсіру, галогенкүмісті фото, съемканы дайындау, негативті және позитивті фотографикалық процессі

1,5

15

Фото өнер

1,5

Фото суретке түсіруші

1,5



  1. СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА

Өзін тексеруге арналған сұрақтар




    1. Фотографика дегеніміз не?

    2. Фотография дегеніміз не?

    3. Фото тәсілдер

    4. Силуэтті түсіру

    5. Фототехника

    6. Фотоаппараттардың түрлері

    7. Объектив дегеніміз не?

    8. Затвор дегеніміз не?

    9. Корпус дегеніміз не?

    10. Жарықсезгіш матрица дегеніміз не?

    11. Фото жабдықтар дегеніміз не?

    12. Фотовспышка дегеніміз не?

    13. Студиялық жарықтандырғыш дегеніміз не?

    14. Штатив дегеніміз не?

    15. Светофильтр дегеніміз не?

    16. Өңдеу құралдары

    17. Фото сурет тарихы

    18. Фотоның түрлері

    19. Қара – ала фото

    20. Түсті фото

    21. Фото жанрлар

    22. Фото суреттің түрлері

    23. Фотосуреттің спецификалық түрлері.

    24. Автография дегеніміз не?

    25. Аэрофототүсіру дегеніміз не?














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет