ОҚУ Әдістемелік кешен “Информатика” пәні бойынша 050301- “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін силлабу с


Графикалық объектілерді сайтқа кірістіру



бет26/32
Дата14.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#135150
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Графикалық объектілерді сайтқа кірістіру



GIF және JPEG пішіндері

Интернетте суреттер үшін негізінде 2 пішім қолданылады. Бұл *.GІҒжөне *.JPG файлдары. Олардың бәрі де кескінді сығымдайды (архивтейді десе де болады). Бірақ әр пішім белгілі мақсатқа ыңғайландырылған, қажеттісін қалай таңдаймыз? Пішім тандау - ең маңызды шаруа, өйткені файлдың өлшемі және оның сапасы (файл өлшемі және кескін сапасы арасында тандау жасау қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі) пішімге байланысты. Нашар ойластырылған сайттардагы кейбір суреттер өте ұзақ, кейде бірнеше минут жүктеледі. Әрине, суреттің өлшемі кіші болған сайын, файлдың өлшемі де кіші болады, жүктелуі де жылдамдау. Бірақ кейде өте ірі суретті өте үсақ файлға кірістіруге болады.



Файлдар пішімдерін қарастырайық:

GIF пішімі (кеңейтуі gif):

- 256 түске дейін кескінді сақтай алады. Бірақ файл өлшемін кішірейту үшін түстер санын азайтуға болады.

- Қанық және түс алуандығын аз әрі онша толтырылмаған кескіндерді (мысалы, сызбалар, суреттер) жақсы сығымдайды.

- Мулътипликацияны, яғни көрсетілген уақыт ара-лықтарында берілетін бірнеше суретті сақтай алады. Мүңдай көп кадрлы GIF-терді редакциялау үшін Adobe Image Ready бағдарламасын пайдалануға болады.

- "Мөлдір", яғни суретгің арасынан артқы план көршіп түратын түстерді сақтай алады.
JPEG пішімі (кеңейтуі .jpg немесе .jpeg):

- Бояулары жүмсақ ауысатын кескінді (мысалы, портреттер, пейзаждар, фотосуреттер) жақсы сығымдайды.

- Сығымдауды сапаның төмендеуін берумен орнатуға болады. Осылайша, файл өлшемі/сапа арақатынасын тандауға болады.

FrontPage Редакторы Web-беттерде суреттер, фото-суреттер, картинкалар кірістіруге мүмкіндік береді. Гра-фикалық файлдарды алдын ала дайындауға да, Clip Art кітапханасының суреттерін пайдалауға да болады.

Қане, біз өз сайтымызға суреттер кірістірейік; мүғалімдер мен оқушылардың фотосуреттерін сканерлеп алып, тиісті беттерге жайғастырсақ, жақсы болар еді, бірақ бүл іс көп уақытты талап етеді, сондықтан кітапханада барын пайдалана

түрайық.


Суретті бетке орналастыру үшін:

1. FrontPage Редакторын іске қосындар;

2. File => Open командасын орындап немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын шертіп, Web-торабымызды ашыңдар.

3. Екі рет мауспен шерту арқылы үй бетін - index

файлын ашындар.

4. Суретті кірістіргілерің келетін жерге меңзерді орнатып, кітапханадан Insert => Picture => Clip Art командасын немесе кеңейтуі .gif, я болмаса .jpg, я болмаса jpeg дайын графикалық файлдан Insert =>Picture => From File командасын

орындандар.

5. Clip Art Gallery терезесінде (14-сурет) тақырыпқа сәйкес суреттер категориясын, мысалы, Akademic-ті тандандар да, лайықты суретті кірістіріңдер.



14-сурет. Clip Art Gallery кітапханасының терезесі
6. Суретті үлкейтуге, кішірейтуге, жылжытуға және т.б. жасауға болады (15-сурет).

7. Беттеріңізді сақтап, тиісті суреттерді басқа беттерге (Директор и завучи, Учителя, Мой класс, оқушылардың жеке беттері) кірістіріңдер.


Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану

Word мәтіндік редакторьшда және PowerPoint пре-зентацияларында гиперсілтемелер қалай жасалатынын біз білеміз. Еңді гиперсілтемелердің FrontPage Редакторында қалай жасалатынын қарастырайық. Word сияқты, FrontPage




5.15-сурет. Үй беті
Редакторы да бетбелгілер бойынша және сол бетке гипер-сілтемелер бойынша сайттарыңның басқа бетіне өтуге ғана емес, басқа жерлерде орналасқан басқа сайттардың беттеріне шығуды жүзеге асыра алады.

Сайтымыздың мысалында гиперсілтемелер жасауды қарастырайық. Ол үшін:

1. Frontpage Редакторын іске қосыңдар;

2. File —> Open командасын орындап немесе инстру-менттер панеліндегі Open батырмасын шертіп, Web-торабымызды ашыңдар;

3. екі рет мауспен шертіп, Мой класс файлын ашыңдар;

4. бір оқушының атын ерекшелеп, мысалы, Әйгерім деп, Insert =>Hyperlink командасын орындаңдар немесе таңдалған есімді маустың оң батырмасымен шертіндер де, Hyperlink Properties командасын таңдандар;

5. URL өрісіндегі Create Hyperlink диалогтық терезесінде өткелі отырған беттеріңнің адресін теріңlер немесе бет файлының таңбашасы бойынша (біздің мысалда бұл Әйгерім. htm файлы) ОК батырмасын шертіндер. URL өрісіндегі басқа сайттарға өту үшін сайт, яғни негізгі бетінің адресі енгізіледі, мысалы, http://www. microsoft.com.


16-сурет. Гиперсілтеме бойынша өту үшін беттің адресі көрсетілетін Create Hyperlink диалогтық терезесі
6. Мой класс бетіндегі Әйгерім есімі тұсін көкке өзгертіп, асты сызылады.

7. 4, 5 пункттерін барлық қалған оқушылардың аттарымен орындап шығындар.

Жасалған гиперсілтемелердің әрекетін тек браузерде ғана тексеруге болады (PowerPoint-та гиперсілтемелер тек слайд көрсетімі кезіңде ғана жұмыс істейтінін естеріңе түсіріндер).

Гиперсілтеме жұмысын тексеру үшін:

1. File =>Preview in Browser командасын орындаңдар;

2. Preview in Browser диалогтық терезесінде (17-сурет)



Preview батырмасы бойынша шертіндер;


17-cypem. Браузерді іске қосуға старт берілетін Preview in Browser диалогтық терезесі

18-сурет. Microsoft Internet Explorer браузерінің терезесі

3. Жасалған гиперсілтемелер бойынша көрсетілетін беттерге өту іске асырылатын Microsoft Internet Explorer қолданбасының терезесі ашылады (18-сурет).

4. Гиперсілтемелер әрекетін тексерген соң, Microsoft Internet Explorer терезесін жабындар.

5. Сайттарыңыздың барлық беттерінде жоспарлаған гиперсілтемелердің бәрін жасандар.

Гиперсілтемені жою үшін келесі әрекетгерді орындандар:

1. Гиперсілтемені, мысалы, Әйгерім-ді ерекшелеңдер де, Insert => Hyperlink командасын орындаңдар немесе есімді маустың оң батырмасымен шертіп, Hyperlink Properties командасың тандаңдар.

2. URL өрісіндегі Create Hyperlink диалогтық терезесінде Delete пернесімен өту іске асырылған беттің адресін (біздің мысалымызда Әйгерім.htm адресін) жойыңдар да, ОК батырмасын шертіндер.

Бүтін бетке ғана емес, беттегі белгілі орынға да сілтеме жасауға болады. Ол үшін Insert —>Bookmark комаңдасын орындау арқылы беттің қажетті жерінде бетбелгі жасап, оған ат қою керек. Бұдан кейін гиперсілтемелерде тек беттерді ғана емес, олардың бетбелгілерін де көрсетіп отыруға болады. Бетбелгінің көрінісі мынада:

адрес_страницы#имя_закладки немесе жай ғана #имя_закладки.
Ортақ аймақтар және навигация

Навигация дегеніміз — бір орыннан басқасына өту, ең бастысы, торап ішінде бір беттен басқасына өту мүмкіндігі.

Ортак, аймақтар дегеніміз — бір мезгілде тораптың барлық беттерінде болатын аймақтар.

Ортақ аймақтар орнату үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

1. Кез келген бетке (мысалы, Директор и завучи бетіне) кіріңдер.

2. Format => Shared Border командаларын орындандар.

3. Егер ортақ аймақтарды барлық беттерге қолданғыларың келсе (немесе Current-те, ағымдағы бет үшін болса), Shared Borders диалогтық терезесінде (19-сурет) All опциясында жалауша орнатындар.

19-cypem. Shared Borders диалогтық терезесі
4. Бүл аймақтардың түрін және санын тандау үшін Top, Left, Right, Bottom опцияларында жалауша орнатыңдар. Жоғарғы және сол жақ аймақтарда навигациялық панельдер орналасады.

5. Навигациялық панельді қосу үшін Include... опциясында жалауша орнатындар.

6. Ok батырмасын шертіңдер.

7. File =>Preview in Browser командасын орындандар, тораптарың браузерде қалай көрінетінін және жүмыс істейтінін байқаңдар (20-сурет).



5.20-сурет. Браузердегі беттің көрінісі
2. FrontPage көмегімен файлдарды HTML пішіміне қалай түрлендіруге болады?

3. FrontPage-де HTML-құжатты жасағандағы әрекеттер реттілігі қандай?

4. HTML-қүжаттың мәтінін FrontPage кұралдарымен дайындау қалай іске асырылады?

5. FrontPage-нің кесте жасаудағы мүмкіндіктері қандай?

6. HTML-қүжатқа графикалық объектілерді кірістіру FrontPage Editor-ды қолданумен қалай орындалады?

7. FrontPage графикалық файлдардьщ қандай пішімдерін қолдайды?

8. FrontPage көмегімен қүжатты сақтау процесі қандай?

9. FrontPage көмегімен бетбелгі орнату технологиясы қандай?

10. Екі Web-бет арасында және Web-бет шеңберінде гипербайланыстар қалай ұйымдастырылады?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Жаратылыстану” факультеті

“Информатика” кафедрасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет