ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2012. мазмұны


Процедуралар мен функциялар



бет3/16
Дата09.06.2016
өлшемі7.19 Mb.
#125062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Процедуралар мен функциялар

Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр жерінде қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін опреатор бөлігін ішкі программа түрінде келтіріп және ішкі рограмманы ақыруда ұйымдастыру керек. Ішкі программа – бұл үлкен емес программа, яғни жалпы есептің бір бөлігін шешуге арналған. Әрбір ішкі программаның аты болады, ол программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды құру үшін процедуралар мен функциялар қолданылады.

Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальді және нақты параметрлер деп бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігіндегі көрстеілген парамтре формальді деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында көрстеліген параметрлер нақты парамтрлер деп аталады. Параметрлер ішкі программаға мәліметтер жібері үшін және ішкі программа нәтижелерін алу үшін қолданылады.
Функция.
Функция – бұл ішкі программа, аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны шақыру жалпы түрде былай жазылады:

Айнымалы фнкция (параметрлер);



  1. айнымалы – функция есептеген мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты.

  2. Функция – функция аты;

  3. Параметрлер – формальді параметрлер тізбегі, функция мәнін есептеу үшін қолданылады.

Төмендегі ескертулерге көңіл бөлу керек:

    1. функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес болуы керек.

    2. әрбір функция үшін параметрлер саны және типі анықталған болады.

Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады:

Function аты (1-параметр:1-тип,...,к-параметрлік: к-тип): Тип

Var // жергілікті айнымалыларды сипаттау;

begin


// функция инструкциясы;

аты өрнек;

end;

Function – Delphi ортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция инструкциясы жазылады.



Параметр – функция мәнін есептеу үшін қолданылатын айнымалы.

Аты – функция аты, программадан функция инструкциясына ауысу үшін қолданылады.

Тип – функция мәнінің типі.
Процедура
Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:


  1. Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған жағдайда процедура түрінде болады.

  2. Ішкі программа оны шақырған программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура үрінде болады.

Жалпы түрде процедураны сипаттау:

Procedure Аты (var 1 параметр:1-тип;..., var к-параметр: к-тп);

Var

// жергілікті айнымалыны сипаттау;



begin

// процедура инструкциясы жазылады;

end;

к-параметр – формальді параметр, ол процедура ішәінде қолданылады.

Процедураны шақыру.

Аты (параметрлер тізімі);

Аты – шақырылатын процедура аты.

Параметр тізімі – үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.

Енді процедуралар мен функцияларға мысалдар келтірейік.


1-есеп. Үш бүтін санның көбейтіндісін еептейтін процедура жазып, оны негізгі программада шақырып, нәтижесін экранға шығару.

Есептің шығарылуы (1 - әдіс).

    1. Формаға нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға Button1 компонентін орналастырайық. Компоненттер үшін өзгеретін қасиеттерді былай сипаттауға болады:




Компоненттер

Мәндер

Memo1

Button1


Button2

Lines: бос

Caption: «Есептеу»

Caption: «Шығу»





  1. «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

  2. Процедура дайындамасына процедура денесін жазу:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

m:integer;

Procedure kob(a,b,c:integer; var nat:integer);

Begin

nat:=a*b*c;

End;

Begin

kob(9,7,5,m);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End;

End.

  1. «Шығу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне процедура денесін жазу:

Tform.Button2.Click(Sender:TObject);

Begin

Form1.close;

End;

  1. Іске қосу командасын орындау. Ол үшін Run пункті арқылы немесе F9 басу арқылы іске асыру.

  2. «Есептеу» батырмасын басу. Нәтиже форм терезесінде көрінеді.

  3. «Шығу» батырмасын басып, шығып кету.


2-әдіс. Функцияның көмегімен үш санның көбейтіндісін табу.

  1. Функцияның процедурадан айырмашылығы бірінші тақырыптарының жазылуында; екінші айырмашылығы, функция денесінде функция атына функция нәтижесі меншіктеледі. Формаға 1-әдістегі компоненттер қасиеттерімен орналастырылады.

  2. «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

  3. Процедура денесі төмендегідей болады:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

M:integer;

Function kob(a,b,c:integer):integer;

Begin

Kob:=a*b*c;

End;

Begin

M:=kob(9,7,5);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End;

End.

  1. Іске қосу командасын орындау. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы немесе F9 пернесін басу ароқылы іске асырылады.

  2. «Есептеу» батырмасын басу.

Мұндағы a,b,c – формальді параметрлер, 9,7,5- нақты параметрлер. Нақты параметрлер тізімінің саны және типі формальді параметрлердің тізімімен сәйкес болу керек.

Ішкі программалардың параметрлері мәндер, айнымалылар, тұрақтылар болуы мүкін. Сондықтан оларды параметр-мән, параметр-айнымалы, параметр-тұрақтылар деп атайды. Параметр-мәнге мысалы a,b,c жатады. Параметр-айнымалы var қызметші сөзінен кейін сипатталады. Параметр-тұрақты ішкі программада, егер берілетін мән өзгермейтін болса const қолданылады.


2-есеп. Екі бүтін санның қосындысын табуға процедура жазып, негізгі программада процедураны шақырып, нәтижені экранға шығару.

Есептің шығарылуы.

  1. Формаға нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға Button1 компонентін алдыңғы мысалда көрсетілгендей орналастырып, қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

  2. «Қосынды» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

  3. Процедура дайындамасына процедура денесін жазу:

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Var

m:integer;

Procedure min(a,b:integer; var c:integer);

Begin

If a>b then c:=b else c:=a;

End;

Begin

Min(7,5,m);

Memo1.Lines.Add(IntToStr(m));

End; end.

  1. Іске қосу командасын орындау.

  2. «Қосынды» батырмасын басу.


3-есеп. Жиын элементтерінің қосындысын есептеуге функция жазу. Негізгі программада жиын элементтерін енгізіп, нәтижені экранға шығару.

Есептің шығарылуы.

  1. Формаға нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және процедура денесін жазуға Button1 компонентін алдыңғы мысалдарда көрсетілгндей орналастырып, қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

  2. «Қосынды» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

  3. Процедура дайындамасында программа модулін жазу:

Procedure

Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Type

Massiv=array[1..50] of integer;

Var

Mass:massiv

s,i:integer;

function sum(m:massiv; k:integer):integer;

var

nat,I:integer;

begin

nat:=0;

for I:=1 to k do

nat:=nat+m[i];

sum:=nat;

end;

begin

for I;=1 to 7 do

mass[i]:=I+5;

s:=sum(mass,7);

memo1.Lines.Ad(IntToStr(s));

end;

  1. Іске қосу командасын орындау. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы немесе F9 пернесін басу ароқылы іске асырылады.

  2. «Қосынды» батырмасын басу.

Ішкі программа өзін-өзі шақыра алады, Object Pascal-да оны басқаша рекурсивті ішкі программа деп атайды. Рекурсивті ішкі программаға мысал келтірейік.
4-есеп. Факториалды есептеу. Факториалды есептеуге функция жазу. Негізгі программада (Edit1)е нгізу өрісінен санды алып, функцияны шақыру және алынған нәтижені Memo1 өрісіне шығарады.

Есептің шығарылуы.

  1. Формаға енгізу үшін Edit1 өрісін, нәтижені шығару үшін Memo1 компонентін және функция денесін жазуға Button1 компонентін орналастырып, қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.

  2. «Есептеу» батырмасын екі рет басып, программа код терезесіне өту. Сонда OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы шығады.

  3. Программа модулін жазу:

Procedure Tform.Button1.Click(Sender:TObject);

Varn:byte;

Function fac(n:byte):extended;

Var nat:extende;

Begin

If n in [0..1] then nat:=1 else nat:=n*fac(n-1);

fac:=nat;

End;

Begin

n:=StrToInt(Edit1.text);

Memo1.lines.Add(FloatToStr(fac(n)));

End;

End.
11-ДӘРІС. Батырмалар мен ауыстырғыштар

  1. Стандартты батырма.

  2. Суретті батырма.

  3. Тәуелсіз фиксациялы ауыстырғыш.

  4. Тәуелді фиксациялы ауыстырғыш.

  5. Басқару элементтерін біріктіру.

Delphi компоненті ТComponent класы деп атайды. Мына тарауда жалпы қасиеттері жазылады, әдістері және оқиғалар компанентері.Сондықтан әдістер жиының алу үшін, қасиеттер және оқиғалар нақты компонентер Delphi-да қызмет етеді.



Иерархия компоненті. Delphі-дағы компонентер Тcomponent класынан бұзылған жалпы қасиеттері және әдістері инкапсулировать етілген компонент.

Тcomponent класс көрінетін базалық компонентің құрайды, сол сияқты көрінбеу компоненті. Көбінесе көріну компоненті TControl класынан шығады.

Осы кластың 2 мұрасы- TWinControl және TgraphicControl компонентің екі группасын анықтайды: ресурс терезесі болатын (TСontrol ) және ресурстің болмауы (TgraphicControl)

Ресурс терезесі- Windows-та арнайы ресурс, терезеде қызмет етуге арналған ресурс. Терезе компоненті өзінің орындалу кезінде Windows-қа терезе қарайды, ресурсін белгілеп алу қажет етеді және егерде қажет еткенің қанағаттандырылса дискриптор терезесі пайда болады.



Тышқан көрсеткіші

Экранда тышқанмен көрсету Cursor компоненті осы қасиетте тәуелсіз болса, онда ол формасын өзгерте алады. Программист стандартты емес көрсеткіштерді пайдаланып құруға болады.

§ редактордың көмегімен Delphі-дағы бейне көрсетілген және оны ресурстың файл

программасына еңгізу.

§ ең алдымен программада жұмыс істеу кезінде ресурстік файлдан LoodCursor функция-

сының көмегімен жүктейміз және Cursor тізімімен Sreen обьекттісін жүктегеннен

кейін стандартты емес көрсеткіштерді Cursor компонентері немесе экранда тағайындау.


  1. меню опцийдан Tools/Image Editor, Delphi-дағы бейнені редакторда жүктеу.

  2. Редактор терезесінде File/ New/Resource File, таңдаймыз-содан сон Resource /New/ Cursor.

7 - сурет


3. Опцийдің көмегімен Resource/Rename міндетті түрде стандарты Cursor 1 ресурсты кез-келген атқа ауыстыру керек.

  1. Екі рет тізімдегі ресуртан шертіп немесе опцийдан Resourse/Edit таңдаймыз- сонда экранда терезе редакторында екі бос өріс пайда болады, қызыл бояумен рамкаға алынған. Сол жақ өріс үлкен масштабтағы көріністі көрсетеді, ал оң жақ өзінің табиғи түрін көрсетеді.

5. Формадан қажетті құралды таңдап редактордың сол жақ терезесінен Shift клавишасын басып отырып домалағымызды жасаймыз, фигурамыз ойдағыдай шығу үшін.

Көрсетілген тышқанмен крестиктан көрсетіп біраз оң жақта және сол жақ төмен бұрышта редактор өрісінің бұрышында орналасқан, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып және көрсеткішті біраз сол жаққа және өрістің оң жақ төменгі бұрышында содан сон клавишпен батырманы жібереміз.

6. Бос формадан жаңа проект құрайық және мынадай оқиғалармен өңдейік OnGreate

Form1 үшін

{SR*.DFM}

{SR Cursor,res}

Procedure TForm1.FormGreate(Sender: TObject);

Begin


//көрсеткішті тіркейміз

Screen.Cursors[1]:=LoodGreate(Sender:TObject);

//клиент формасының бөліміне пайдаланамыз

Cursor:=1;

End;

Ескерту:Screen.Cursor көрсеткішін тіркеу кезінде диапозонда индекс көрсеткіші көрінбеуіде мүмкін –32768-ден +32767-ға дейін.



Диапозондағы индекс –22-ден –1-ге дейін стандартты көрсеткіштерге толық.

Жалпы тағайындау компонентерін пайдалану.

Әр бір тараудың бөлімдерінің тағайындау жұмыс істеу компонентер класына қысқаша сипаттама беру.

TFrame-рамка және қалып компоненті. Ол компонент ең алғаш Delphi 5-те шыққан. Ол рамкасын айқындайды-контейнерге басқа компонентерді орналастырады.

TPopupMenu-көмекші (локальді) меню.

TpopupMenu-компонентер класын көмекші (локальді) меню құруға пайдаланады, тышқанның оң жақ батырмасын басқаннан кейін пайда болады.

Басты менюден көмекші менюге кез-келген компонентік терезеге құруға болады.

TLabel -текстік бейнелер үшін белгі. Tlabel- (метка) компонентер класы әр түрлі формадағы жазуды сығыстырады. Ол үшін центірлік компонент Caption қасиеттерін пайдалынады.

TFont-қасиеттерінің көмегімен жазуды әр түрліғып жазуға болады. (осы 2 қасиет TgraphicControl мұрасынан белгіленген. Сондықтан ол кестеден дұрыс бейнеленбейді.

TEdit- шығару және жолды бейнелеуді.

Tedit –компонент класы 1 жолды тексті көрсетеді, оның көмегімен бір текстік немесе бірнеше ұзын жолдар қосуға болады.

Центірлік компонент Text.OnChange өңдеуші оқиғасының көмегімен текстің шығуын программа байқалады және оны сүзгілеп алады және шықпаған символдарды илемейді.



TMemo- шығару және тексті бейнелеу.

TMemo- компонент класы шығаруға арналған редакциялау және жеткілікті текстің ұзындығын бейнелейді. Қасиеттерімен және әдістерімен мына кластардың (Count, Add, Delete, Clear және т.б) сақталған компонентер динамикалық өңдеуге болады.

BorderStyle, CanUndo, HideSelection, MaxLentgh, Modified, OEMConvert, OnChange, ReadOnly, Sellength, Selstart және SelText қасиеттері аналогты

Tedit қасиеті.

TButton- батырма . Tbutton-батырмасы программада кең көлемде басқара алады, алгаритм батырмасымен байланысты іске асыру OnClick-оқиға өңденеледі.

TCheckBox- тәуелсіз қосылғыштар. TcheckBox- тәуелсіз қосылғыштар, тұтынушылар өздірінің шыққан шешімдерін көрсете алатын үшін Да/Нет немесе Нет/Незнаю деген үшін пайдалынады.

TRadioButton- тәуелді қосылғыштар. TCheckBox-тен айырмашылығы TRadioButton- компонентері тәуелді қосылғыштарды көрсетеді, бір немесе бірнеше өзара іс-қимылдарын тағайындайды.

TListBox- таңдау тізімі.

TListBox- компонент класы Windows-қа таңдау тізімі үшін стандартты түрде пайдалынады.

TComboBox- тізімдерді таңдауда ашады. TComboBox- комбинерлі тізім TListBox- және редактор Tedit комбинациялық тізімді көрсетеді, сондықиан оның қасиеті және тәсілдері компонентерде өзара байланысты.

TGruopBox- топтасу мәтіні . Бұл компонентер контейнер қызмет етеді, рамка және текстік тіктөрбұрыш терезені көрсетеді, үздік рамка.

TActionlist- механикалық әрекет. Бұл компонент ең алғаш Delphi 4-те шыққан. Ол көрінбейтін бейне және ол механикалық әрекетке қызмет етеді. Ең алдымен оның редакторының көмегімен әрекет құрайды- Taction обьект класы ( редактор 2 рет батырманы басып компонентке немесе опций Action List Editor көмегімен көмекші меню тышқанның оң жағымен үстінен басып отырғанды шығарады.

Timer- таймер нақты уақыт аралықтарын есептеу. Оның қасиеті Interval , интервал уақытын анықтайды милисекундта.

Таймер қосындысы Enable қасиеттегі True-ден өту керек. Таймерді бірлет қосқанда уақыт сайын OnTimer оқиғасын қозғай береді, пока Enable қасиеті False-ні қабылдағанша.



TBitBtn- бейнелі батырма. TВitBtn- пиктографик батырма TВutton батырмасында әр түрлі стандартты атқа ие. Оның ерекше қасиеті-Cluph қасиет, батырманың үстінгі жағында салынады.

TSpeedButton- құрал саймандар тақташасындағы батырма TSpeedButton- батырмасы TBitBtn айырмашылығы 3 жағдайда қарастырылады:

1) бұзылып бара жатқан жағдайды өңдеуге болады..

2) олар берілген модальді терезені жаба алмайды.

3) олар үнсіз бола алмайды.



TMasKEdit- арнайы редактор. TmasKEditредактор тексті шығаруға арналған. Егер . TmasKEdit қасиеті берілген онда жай оқағанға True берілген, егерде шаблон жолдары берілсе.

TDrawGrid- тәлкелік кесте.

TDrawGrid- компоненті программистқа құруға мүмкіндік береді және кестелік структура мәлеметтерге қызмет етеді. Бұл өрістер текстік жолдарды сақтауға пайдалынады және суреттейді.

Procedure TfmDrowGrid.FormGreate(Sender:Tobject);

//тізімді құрады және толтырады SlBitMap

const


Fnames:array [0..3] of String={}

(“athena.bmp”,”construe.bmp”,”earth.bmp”,”technlgy.bmp”);

var

k:integer;



begin

//жолдың тізімін құру

SlBitMap:=Tstringlist.Greate;

//Файлдарды немесе суреттерді құрайды

witn SlBitMap do for k:=0 to 3 do

begin


Add(Fname[k]);

Objects[k]:=TbitMap.Greate;

(object[k] as TbitHap). Lood Fromfile(Fname[k]);

end;


end;

procedure TfmDrawGrid. FormDestroy(Sender:Tobject);

//жолдар тізімін жояды.
begin

SlBitMap.Free

end.

TImage- сурет бейне салу.

Бұл компонент Delphi-ң бір түріндегі 3 форма еңгізуге, құруға пайдаланып бейне, сурет, пиктограммалар немесе метафайлдар. Кез-келген осы 3 бейне центірлік компонентке- Pucture-де орналасқан.



TShape- cтандартты фигура. Компонент қарапайым бір элементарлы геометриалық фигураны салады, (тікбұрыш, квадрат, домаланған тіктөртбөрыш, элипс, домалақ) Фигуралар компонентке толық орын алады.

TSrollBox- мәтіндік сырғытпалар.

TSrollBox- компонент класы келесі контейнерлік компонентерінің сығыстыру үшін қызмет етеді.

TRichEdit- RTF кстік бейнені шығарады. TRichEdit- компоненті ұзақ жолды редакторға қызмет етеді. RTF форматты текстік кеңейтпеде жұмыс істейді.

Animate- (жаңдандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып класс атауын алады.

TDateTimePicker- мерзім/уақыттың шығуын бейнелейді. Компонент мерзім және уақыттың шығуына жұмыс істейді.

Date Mode= dmComboBox бейнесін көрсету кезінде колендары ашылмауы мүмкін, мерзімді терезенің жоғары жағына қолмен орналастыруы мүмкін.

Property Date:Tdate мерзімнің көрінуін ашады.

TDTDateFormat=(dfshort dflong);

Property Date Format: мерзімнің шығуын анықтайды.

dfshort-08.09.99

dflong-8 Сентябрь 1999,

TdateTimeKind=(dtkDate,dtkTime);

Property King: TdateTimeKind: Сақтау компоненті анықталады: dtkDate- дата dtkTime-уақыт.

TPaintBox- сурет салу терезесі. TpaintBox- компонентің тағайындау қарапайым таза арқау терезені алып сурет салу үшін бейнелейміз. Арқау (Канва) компонентінде сақталынады, графикалық құралдар-Font қасиеттерінде, Pen және Brush ал жалпы сурет салу өңделген OnPaint оқиғасында жатыр.

Мысалы:

Procedure Tform1.PaintBox1.Paint(Sender:Tobject);

var


x,y:integer;

begin


with PaintBox1, Canvas do

begin


Brush. Color:ClRed;

Ellipse(0,0, Width, Height);

Font.Name:='Arial';

Font.Size:=Height div 5;

Font.Style:=[fsBold,fsItalic];

Font.Color:=ClWhite;

x:=(Width-TextWidth('Delphi'))div 2;

y:=(Height-TextHeight('D'))div 2;

TextOut(x,y 'Delphi');

end;


end;

Қайталау кезінде бос форма компоненті TPaintBox және оның өлшемін белгілеп қою керек;

Height=100, width=300.

TGouge-индикатор көлемі.

TGouge- компоненті кейбір сандық өлшемдердің ауысуына қызмет етеді

Property BackColor: TColor; индикатор боялмаған бөлімі

Property Fore Color: TColor; индикатор боялған жағы

12-ДӘРІС. Формаларды қолдану


  1. Форма сипаттамасы.

  2. Формалардың өзараәрекеттесуін ұйымдастыру.

  3. Модальды формалардың ерекшеліктері.

  4. Диалогтарды жүзеге асыратын процедуралар мен функциялар.



Бос форма және оны түрлендіру

Біз формалар терезесі, прогаммалар терезесі Windows жобасыннан тұратынын айттық. Сөйтіп File/New/Application опциясын таңдағаннан кейін қарапайым программа дайын болды. Дегенмен, бұған дейін: өзіңіз жұмыс істейтін каталогты құрып, Delphi – дің күйін келтіру (баптау) қажет.


Delphi – ді баптау

Программалар жобасымен жұмыс істеу процесінде сізге формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс. Оның ішінде өзініздің жұмыс папканызды құруға болды. «My_fist_program» деген атпен папка құрыңыз, оның ішіне өздерініздің программанызды сақтайтын папка құрыңыз.

Екіншіден, Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет. Бұл сіздің құрған программаңыздың соңғы нұсқасының автоматты түрде сақталу үшін керек.

Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңданыз, пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында “Editor Files”және “Desktop” деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштары екпінді жасау- программа коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырыа қысқыштарды екпінді жасаймыз. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай –ақ, программа кодына түсіндірмені – мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді, бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет:

Tools/ Editor Options Display бетінде Editor Font–қа Times New Roman шрифт түрін тағайындау қажет.

Енді алғашқы программаны жүргізуге бәрі дайын болды. Негізі  терезеден батырмасын немесе F9 басқару клавишын басыңыз. Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді: компиляция – компоновка – орындау.

Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады; комппоновка кезеңінен дайын программа жедел жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.

F9 клавишін басқаннан кейін Save Unit1 As сұхбат терезесі пайда болады, яғна Delphi Unit1.pas модулі үшін файлдфң аты мен ол орналысатын папканың атын сұрайды, сондай-ақ, модульдің де атын өзгерту қажет (немесе әрбір есепке жеке папка ашып, Save All командасы арқылы бәрін сақтаған дұрыс).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет