ОқУ-Әдістемелік қҰрал


 Ұлы даладағы ежелгі металлургия



Pdf көрінісі
бет26/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 
Металл ӛндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол 
ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі ӛзгертті. Сан алуан металл 
кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың 
бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс 
аймақтарында тау-кен ӛндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, 
темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. 
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар ӛндіру ісін дамытып, 
олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары 
барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей 
бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл 
туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің 
жеріміздегі дала ӛркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды 
дамығанын кӛрсетеді. 
3. Аң стилі 


68 
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене ӛмір сүріп, ӛздерін 
табиғаттың ажырамас бӛлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы 
даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын 
қалыптастырды. Ӛз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі 
тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын кӛрінісі, 
кӛркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – "аң стилі" ӛнері. 
Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың ӛзара 
байланысының символына баланып, кӛшпенділердің рухани бағдарын 
айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас 
аңдардың суретін кӛбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының 
бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы 
екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары 
ӛндірістік тәжірибесі болғанын кӛрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен 
жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар 
жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін 
жақсы меңгерген. Жалпы, "аң стилі" феномені әлемдік ӛнердегі биік 
белестердің бірі саналады. 
4. Алтын адам 
Біздің түп-тамырымызға жаңаша кӛзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік 
ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік 
қорғанынан табылған, ӛнертанушы ғалымдар арасында "қазақстандық 
Тутанхамон" деген атқа ие болған "Алтын адам". Бұл жауынгер талай тылсым 
құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін ӛзінің асқан 
кӛркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі кӛркем дүниелер жасаған. 
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын ӛңдеу 
техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала 
ӛркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. 
Дала халқы ӛз кӛсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн 
секілді құдірет деңгейіне кӛтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты 
жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол 
хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып 
жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған 
жазу атаулының ішіндегі ең кӛнесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет