68
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене ӛмір сүріп, ӛздерін
табиғаттың ажырамас бӛлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы
даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы
мен құндылықтарын
қалыптастырды. Ӛз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі
тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын кӛрінісі,
кӛркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – "аң стилі" ӛнері.
Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың ӛзара
байланысының символына баланып, кӛшпенділердің рухани бағдарын
айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас
аңдардың суретін кӛбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының
бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы
екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың
айрықша жоғары
ӛндірістік тәжірибесі болғанын кӛрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен
жұмыс істеудің техникасын,
соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар
жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін
жақсы меңгерген. Жалпы, "аң стилі" феномені әлемдік ӛнердегі биік
белестердің бірі саналады.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша кӛзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік
ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік
қорғанынан табылған, ӛнертанушы ғалымдар арасында "қазақстандық
Тутанхамон" деген атқа ие болған "Алтын адам". Бұл жауынгер талай тылсым
құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін ӛзінің
асқан
кӛркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі кӛркем дүниелер жасаған.
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын ӛңдеу
техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала
ӛркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
Дала халқы ӛз кӛсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн
секілді құдірет деңгейіне кӛтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты
жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де
мол
хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып
жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған
жазу атаулының ішіндегі ең кӛнесі.
Достарыңызбен бөлісу: