«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
8-9- сыныптар
I тур
1. Сіз өз құрдастарыңыздың жаңа ортасына ендіңіз. Өзіңізді монолог ретінде таныстырыңыз (15 сөйлемнен кем емес).
15 ұпай
2. «Абай-дана, Абай-дара» тақырыбына Абайдың шығармаларынан сөздік (сөйлемшелер) құрастырыңыз (20 сөз немесе сөйлемшеден кем емес). Шығарманың атауын көрсету керек.
Үлгі:
1). Ғылым таппай мақтанба («Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен)
20 ұпай
2. Болымсыз етістіктері бар 15 тыйым сөздерді жазыңыз (нөмерлеп, бағана ретінде).
Үлгі:
1.Нанды баспа.
2. ....
15 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
8-9- сыныптар
II- тур
1. Сіздің сыныбыңыз оқу жылын үздік бітірмекші. Бірақ сіз оған сенімді емессіз. Өз ойыңызды қыстырма сөздерді қолдана отырып жеткізіңіз (қыстырма сөздердің саны 11-ден кем болмау керек).
25 ұпай
2. Берілген сөздерден сын есімдер жасаңыз (бағана ретінде).
Үлгі: Тау - лы
Күлкі, пайда, су, ақыл, білім, өзім, ұйым, көйлек, сөз, күз, жаз, ізгі, адам, арыстан, жолбарыс, жеңіл, әсем, өнер, намыс, сән, өт, ал, аш, кес, байла, сана, ұт, жатта, ұрыс, ұял.
15 ұпай
3. Бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жазыңыз (10-нан кем емес).
10 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
8-9- сыныптар
III- тур
1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, фразеологизмдерді аяқтаңыз және мағыналарын түсіндіріңіз.
Үлгі: Желі оңынан ....
Желі оңынан тұрды (жолы болды, сәті түсті);
Құлаққа ұрған... ;
Көзді ашып... ;
Бүйректен сирақ... ;
Жүрегі тас төбесіне... ;
Ауырдың үстімен... ;
Кірпік ... ;
Бас-көз... ;
Төбесі көкке... ;
Мұртын балта... ;
Апама жездем .... .
10 ұпай
2. «Басты рөлдегі әріп». Бұл тапсырманың 1-кезеңінде «О» әрпі бірінші буында тұратын 20 сөз жазыңыз. Мысалы: қол, қонақ, қоңырау, қоян... . 2 –кезеңінде «А» әрпі сөздің бірінші және соңғы буындарында болуы қажет (мұнда да 20 сөзден кем емес ). Мысалы: арман, алақан, алма...
10 ұпай
3. «Мен үлгі алатын адам» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз. Шығармада бұл адамды не үшін құрмет тұтатыныңызды жазыңыз (көлемі – 8-10 сөйлем).
20 ұпай
4. Берілген сан есімдерді сөзбен жазып, олардың қандай оқиғалармен, құбылыстармен байланысты қысқа түрде, бір сөйлеммен жазыңыз.
Үлгі: 1941 – .....
1941 – Ұлы Отан соғысының басталуы.
5 ұпай
2050 – .....
1991 – .....
130 – .....
1945 – .....
1961 – .....
1992 – .....
12 – .....
7 – .....
40 – .....
3 – .....
5. «Отанды сүю отбасынан басталады» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (20 сөз аудармасыз)
5 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
10-11- сыныптар
1-тур
1. Берілген тірек сөздер бойынша мақал-мәтелдерді табыңыз.
10 ұпай
-
Адам, бұлбұл – ... .
-
Отбасы – ... .
-
Жеті ата – ... .
-
Қыз, келін – ... .
-
Жақсы, жаман – ... .
-
Ел, бесік – ... .
-
Әдепті, әдепсіз – ... .
-
Әке, ана – ... .
-
Дос, дұшпан – ... .
-
Ас, тәтті, қымбатты – ... .
2. «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына пікірталас картасын ашып беріңіз (7-ден кем емес).
15 ұпай
Компьютердің пайдасы
|
Компьютердің зияны
|
|
|
3. Есімдіктің әрбір түріне 3-4 сөз жазыңыз.
10 ұпай
Жіктеу есімдіктері: мен...
Сілтеу есімдіктері: сол...
Сұрау есімдіктері: не...
Өздік есімтіктері: өз...
Белгісіздік есімдіктері: әркім...
Жалпылау есімдіктері: бәрі...
Болымсыздық есімдіктері: ештеңе...
4. Сіз шетелдегі досыңызды қонаққа шақырдыңыз. Оны өз еліңіздің ауа райына бейімделуі үшін, кез келген бір жыл мерзімі туралы хат жазып түсіндіріңіз. Көлемі – 13 сөйлемнен кем емес.
15 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
10-11- сыныптар
II- тур
1. Абайдың бес асыл ісіне құштар болудың қажеттілігін өз ойыңызбен жеткізіңіз (20 сөйлемнен кем емес).
20 ұпай
2. «Қазақстан - ЕХРО-2017» тақырыбына 25 сөзден сөздік құрастырыңыз.
15 ұпай
3. Берілген сөздерден етістік құрастырыңыз (нөмерлеп, бағана ретінде).
5 ұпай
Шеге, баға, көк, тіс, ой, еңбек, көңіл, тамақ, ашу, көмек, өлең, би, ән, жас, ор, бір, тол, жал, жүрек, көп, аз, көп.
4. «Көлікте» тақырыбына диалог құрастырыңыз (20 сөйлемнен кем емес және аудармасыз).
10 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
2014-2015 оқу жылы
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
10-11- сыныптар
III- тур
1. «Қазақстанның кино майталмандары» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз (17 сөйлемнен кем емес).
20 ұпай
2. «Қазақ тілінің орыс тілінен айырмашылықтары» бойынша кесте құрастырыңыз.
15 ұпай
3. «Білім. Ғылым» тақырыбына 10 жұмбақ, 10 мақал-мәтел құрастырыңыз.
10 ұпай
4. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.
а) түбір, сөз тудырушы жұрнақ.
ә) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.
б) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.
в) түбір, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.
г) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау.
5 ұпай
Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |