2015-2016 оқу жылына
Астана қаласы әкімдігінің
«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК-ға азаматтарды қабылдау
ережесі
Астана қ.
Астана қаласы әкімдігінің
«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК-ға
азаматтарды қабылдау ережесі
1. Жалпы ереже
-
Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы №130 «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымына оқуға қабылдаудың типтік ережелері» Қаулысына , Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-1936 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайтын білім мекемелеріне құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызметтер регламенті сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) негізінде құрылған.
-
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру мен сервис колледжі» МКҚК орта жалпы білім базасында қысқартылған мерзіммен оқытылған жеке мамандықтар бойынша негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
-
Колледжге оқуға түсу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 28 ақпанындағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» бекітілген Қаулысына сәйкес мына тұлғаларды қабылдау жеңілдіктері қарастырылады:
-
І, ІІ топ мүгедектері, бала күнінен мүгедектер, мүгедек балалар-1 пайыз;
-
жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар-0,5 пайыз;
-
ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтауға бөлінген мамандықтарға ауыл жастары ішінен шыққан азаматтар-30 пайыз;
-
Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ азаматтар-2 пайыз;
-
асыраушысынан айрылған балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар-1 пайыз.
2. Оқуға қабылдау тәртібі
-
Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу
емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына: төраға, жауапты хатшы, комиссия
мүшелері енеді.
-
Оқуға қабылдау нәтижесі туралы ақпарат 30 тамызға дейін ақпаратты қабырға газеттерінде немесе колледждің интернет қорларына тарату жолымен жеткізіледі.
-
Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
-
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
-
бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша
кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады
-
Колледжге қабылдау туралы өтінішке келесі құжаттар қосып беріледі:
- білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- №086\у формасындағы медициналық анықтама, флюрамен қосып
беріледі (І және ІІ топтағы мүгедектер мен тумысынан мүгедектер
халықты әлеуметтік қорғау аумағындағы жергілікті орталық
органы бөлімшесінің шешімін );
- 3х4 алты фотосурет;
Кешенді тест сертификатын (жоғары оқуға түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестке қатысқан өткен жылдың түлектері) немесе ҰБТ нәтижесі
туралы сертификатты (ағымдағы жылдың жалпы орта білім түлектері) ұсынған азаматтар оқуға түсу емтиханынан босатылады және 13 пункте көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі;
8. Оқуға түсушілер төл құжатын немесе туу туралы куәлігін өзі, ата-анасы
немесе заңды тұлға ұсынады.
-
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар олардың мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеу туралы белгісі бар құжаттарын ұсынады;
-
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекен ету түрі;
-
азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі;
-
босқын – босқынның куәлігі;
-
баспана іздеуші тұлға – баспана іздеуші тұлғаның жеке куәлігі;
-
оралман – оралманның жеке куәлігі.
Оқуға түсушілерден өтініштер оқытылу формасы бойынша оқу ұйымының тіркеу журналына есепке алынады.
3. Оқуға түсу емтихандарын өткізу тәртібі.
10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
11. Колледжде оқу үшін азаматтардың өтінішін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.
12. Біріңғай талапты сақтауды қамтамасы ету және даулы мәселелерді шешу, колледжге оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында аппеляциялы комиссия құрылады.
Аппеляциялы комиссия құрамына төраға, хатшы, аппеляциялы комиссияның мүшелері кіреді.
Сұхбаттасу нәтижесімен келіспейтін тұлғалар аппеляцияға өтініш бере алады.
Аппеляцияға өтініш аппеляциялы комиссияға сұхбаттасу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні 13 сағатқа дейін ұсынылады және өтініш берушімен бірге апелляциялы комиссиямен қарастырылады.
Аппеляция комиссиясының шешімі комиссияның тізім құрамында көп дауыс жинаумен қабылданады. Жинаған дауыс тең болған жағдайда, комиссия төрайымы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелер қол қойған хаттамалармен рәсімделеді.
4. Оқушылар құрамына енгізу туралы
13. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, мамандықтары бойынша;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, мамандықтары бойынша жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
14. Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша бөлінген қабылдау комиссиясының ашық отырысында өткізіледі.
15. Азаматтарды қабылдау Ережесінде регламенттелген сауалдар Колледждің қабылдау комиссиясымен шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |