Оқу жылындағы қабылдау комиссиясының жұмысы туралы



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі495.5 Kb.
#16595
1   2   3   4

65% талапкердің кешенді тестлеуіде төмен балл жинап өтпей қалуы дайындықтың өте төмен екенін көрсетеді.

Қабылдаудың нәтижесі бойынша оқудың күндізгі бөліміне орта білімнен кейін – 1103 адам (2013ж -1058, 2012 ж. – 1131, 2011 ж. – 949,), техникалық және кәсіптік білімнен кейін – 30 адам (2013ж.-38, 2012 ж.- 55,2011 ж. – 56) қабылданды. Барлығы – 1133 адам (2013ж.-1096, 2012 ж. – 1186,2011 ж. – 1005).

Сырттай оқу түріне техникалық және кәсіптік білімнен кейін 261 адам (2013ж.-186, 2012 ж. – 207, 2011 ж. – 444), ал жоғары оқу орнынан кейін – 364 адам (2013ж.-252, 2012 ж. – 299, 2011 ж. – 165 қабылданды. Барлығы –636 адам (2013ж.-438, 2012 ж. – 506, 2011 ж. – 637).

2014-2015 оқу жылына университет бойынша барлығы 1769 студент (2013ж.-1534, 2012 ж. – 1692, 2011 ж. – 1642) қабылданды.
Қорытынды: Мектептердегі ҰБТ ұйымдастыратын, жауап беретін қызметкерлермен біріге отырып, мектеп оқушыларының мамандықты таңдауына және тест тапсырмаларына дайындалуына көмектесу үшін бірігіп жұмыс жасауды жолға қою керек. Колледждердегі студенттермен ҰБТ жүйесі бойынша кешенді тестілеуге дайындығын күшейту қажет.

ҰБТ әдістемелеріне сәйкес мектептерде ҰБТ-ға дайындық қазан айынан басталатыны белгілі, сондықтан да осы кезден бастап колледждерде де дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мамандық таңдау көп жағдайда жиналған балл санына сәйкес екінші кезекке қалатыны белгілі. Көпшілік жағдайда белгілі бір балл жинағаннан кейін мамандық таңдау жүзеге асып жатады, ол ащы болса да шындық. Ата-ана психологиясының өзі баласының маман иесі болудан гөрі, грант ұтуды ойлауы, кейін табылған жұмысқа сәйкес тағы оқи саларсың деген түсініктер көптеп кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер жақсы балл жинаған соң, таңдаған мамандықтарынан айнып, қайда көп грант мүмкіндік соған қарай бағытталып жатады.

Білім гранты иегерлерінің ішінде білім грантынан бас тартып жататын мектеп түлектері бар. Орал қаласының көптеген мектептерінің түлектері құжаттарын Ресей жоғары оқу орындарына және білім гранты конкурсына қатар тапсырады. Бұл өз кезегінде білім грантының қажетсіздігін тудырады. Талапкер өз мамандықтарын ауыстырып, ақылы негізде басқа мамандықты таңдай отырып, таңдаған жоғары оқу орнына оқуға ниет білдіріп, білім гранттарын тапсырған жағдайлары кездесті.

Конкурс нәтижесі бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 317 мемлекеттік білім грантын иеленді, олардың ішінен төмендегі көрсетілген 9 талапкер білім грантынан бас тартты (соның ішінде 3 талапкер- жалпы конкурспен түскен, 6-ы - әлеуметтік жобамен түскен талапкерлер):






Аты- жөні

Мамандығы

Мекен- жайы

Ескерту

1

Келдібай Асылхан Ерланұлы

5B010900 - Математика

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Педагогикалық квота

2

Ондасын Гүлфайруз Бақытқызы

5B011000 - Физика

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

Педагогикалық квота

3

Ануарова Гулайым Қанатқызы

5B011000 - Физика

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Педагогикалық квота

4

Илиясова Шолпан Оразаликызы

5B011400 –

Тарих


Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент

Педагогикалық квота

5

Өмірбай Улдана Сайлыбайқызы

5B010900 - Математика

ОҚО, Шымкент қаласы

Педагогикалық квота

6

Әбілхан Дана Әбдікерімқызы

5B010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

ОҚО, Шардара ауданы

Педагогикалық квота

7

Абдиева Динара Талгатовна

5В072000

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы



Атырау облысы, Атырау қаласы

Жалпы конкурс

8

Омар Ахмет Абайұлы

5В090200-Туризм

БҚО,Орал қаласы

Жалпы конкурс

9

Утепова Нурия Дархановна

5В091000- Кітапхана ісі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Жалпы конкурс

Қорытыңды:


  1. Кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарында міндетті түрде келесі мәселелер қаралуға тиіс: мектеп ұжымымен бірге ата-аналар жиналыстарына қатыса отырып, біріккен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу; факультеттердің студенттері күшімен ғылыми конференциялар ұйымдастыру арқылы аудандар мен қала оқушыларын мамандықтарға тарту; 11 сынып оқушылары үшін және колледж түлектеріне ҰБТ және КТ пәндерінен кеңестер беру үшін дайындық курстарын өткізу; университеттің «Өркен» газетіне оқушылардың мақалаларын жария қылу мақсатында, оқушылар арқылы университет туралы үгіт-насихат жүргізу; педагогикалық мамандықтарды таңдауға тілек білдірген талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын болашақ мамандығымен байланыстыра отырып жүргізу;

  2. Жыл сайын университет мамандықтарына бағыттауда көп жұмыс атқарған мектеп басшылары мен пән мұғалімдерін факультет тарапынан марапаттау;

  3. Оңтүстік, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және Ресей Федерациясының көршілес облыстарының аудандарының мектеп түлектерімен жұмысты жандандыру, іссапарлар ұйымдастыру;

  4. Мектеп оқушыларының университеттің ғылыми жұмыстарының жеңімпаздарын арнайы марапаттап және университетке түскен жағдайда сол студенттерге университетішілік жеңілдіктер қарастыру;

  5. Университет мамандықтарына оқушыларды тарту үшін бұқаралық ақпарат беттерінде, соның ішінде көрші облыстарда мақалалар жариялауды одан әрі жалғастыру.


Шешімдер мен ұсыныстар
Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, төмендегідей шешімдер мен ұсыныстарды ұсынамын:


  1. Университеттің келесі мамандықтарын 5В051100 «Маркетинг», 5В011500 «Құқық және экономика негіздері», 5В040600 «Режиссура» қайта қарастыруда кафедра меңгерушілері жұмыстану қажет, сонымен қатар университет мүмкіндігіне қарай жаңа мамандықтар немесе мамандануларды ашу. Мысалы, 5В090800 «Бағалау», 5В020600 «Дінтану», 5В010500 «Дефектология» мамандығының ашылуын. Жауапты: декандар, кафедра меңгерушілері. Мерзімі: қаңтар, 2015ж.

  2. Пиар-компаниялардың назарын университетке аударуды күшейту, қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде ғана емес, жыл бойына аймақтық және республикалық денгейдегі БАҚ-ға жарнамалық материалдарды беру арқылы теле-радио хабарлама диапазонын кеңейту.

Жауапты: университеттің баспасөз қызметінің жетекшісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. Мерзімі: қараша, 2014ж. - тамыз 2015ж.

  1. Қабылдау комиссиясының құжаттары мен талапкерлердің жеке істерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 7 сейф-шкафтарды және іс-шараларды өткізу үшін 4 палатка сатып алу.

Жауапты: университетің шаруашылық қызметінің жетекшісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. Мерзімі: мамыр, 2015.


Қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы А.С. Аманбаев





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет