«Қаралды» «Бекітемін»
№ 3 ЦӘК отырысында Оқу ісі жөніндегі
Хаттама № директордың орынбасары
ЦӘК төрайымы ___Балғабекова А.Қ
_____Жаштаева С.Т «____»_________20____
«____»_________20____
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Жалпы гигиена»
Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік: 4S09130103«Жалпы тәжірибедегі мейіргер»
Курс – I
Семестр – I
Оқыту нысаны: күндізгі
Бақылау формасы:емтихан
Жалпы сағат саны , кредиттер: 24/1
Аудиториялық сабақ: 24
Жетісай 2023ж.
.
Түсіндірме жазба
Мақсаты: Жалпы гигиена негіздері мен денсаулықты нығайту» пәнін оқытудың мақсаты — адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурудың алдын алу, тірішілік ортасы мен өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағыттылған, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және оларды іс жүзінде асыру және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Міндеттері:
-гигиенаның теориялық және әдістемелік негіздерімен және қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау қағидаларымен таныстыру;
-адамдардың өндірістік іс әрекеті мен тіршілік ету жағдайында жеке адам мен қоғамның денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсініктеме беру;
-қоршаған ортаның көп тараған факторларын және олардың адам денсаулығына әсерін зерттеу әдістерін оқыту;
-сауықтыратын шаралардың негізгі бағыттарын анықтауды үйрету
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
-оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;
-оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
-оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.
Достарыңызбен бөлісу: |