Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машинажасау және стандарттау кафедрасы
050712 – Машинажасау мамандығының студенттеріне арналған
«Технологиялық құрал-сайманды жобалау» пәні бойынша
пән бойынша Оқу бағдарламасы
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқу бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
-
БЕКІТЕМІН
ММжК деканы
__________ Тоқтағанов Т. Т.
«___»___________2010 ж.
|
Құрастырушы: ____________ т.ғ.к., доцент Баймагамбетов Т. Ш.
Машинажасау және стандарттау кафедрасы
050712 – Машинажасау мамандығының студенттеріне арналған «Технологиялық құрал-сайманды жобалау» пәні бойынша
пән бойынша Оқу бағдарламасы
Бағдарлама «___» _____2010 ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.
Кафедра отырысында ұсынылған «____» _______2010 ж.
Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі _____________ Шумейко И. А.
ММжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «____» _______2010 ж.
Хаттама № ____
ОӘК төрағасы ______________Ахметов Ж. Е.
1 Оқытушылар туралы мәліметтер мен байланыс ақпараты
Баймагамбетов Темиртай Шайхенович
Техн. ғыл. канд., доцент
Машинажасау және стандарттау кафедрасы Б корпусында, ауд. Б-214 орналасады, байланыстелефоны 67-36-33.
2 Пән туралы мәліметтер
Өткізілетін сабақтар түрлері: дәрістер, практикалық сабақтар, курстық жұмыс.
Кеңес беру күндері мен уақыты: кесте бойынша, кесте сабақ кестесін бекіткен соң анықталады (кафедраның ақпарат стендін қара).
Сабақтар мен кеңес берулерді өткізудің орны: Б-211, Б-105 ауд., зертханалық жұмыстардың практикалық бөлімі: Б-103 (әмбебап станоктар зертханасы), Б-104 (әмбебап және мамандандырылған станоктар зертханасы) және Б-105 (Оқу шеберханалары. СББ станоктар).
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша байланыс сағаттар саны
|
Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сағаттар саны
|
Бақылау түрі
|
Барлығы
|
Дәрістер
|
Практ.
|
Зерт.
|
Барлығы
|
СОӨЖ
|
7
|
2
|
30
|
15
|
15
|
|
60
|
30
|
емтихан
|
барлығы
|
2
|
30
|
15
|
15
|
|
60
|
30
|
|
4 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Технологиялық құрал-сайманды жобалау» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді жоғары өнімділікті технологиялық жабдықты жобалаудың теориялық негіздері мен әдістемесімен таныстыру болып келеді.
Пәннің негізгі материалын білу студенттерге технологиялық жабдықты жобалау мен қолданудың әдістемесін меңгеруге, стандарттарды қолдану мен материалдарды таңдау дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
4.1 Пәннің міндеттері:
- станоктардың технологиялық жабдығын жобалаудың жалпы принциптері;
- элементарлы құрылғылардың қысу күштерін есептеудің әдістемесі;
- әмбебап-жинақтау құрылғыларын (ӘЖҚ) таңдау мен сәйкес орналастыру;
- керекті қысу күшін есептеу;
- айлабұйымды дәлдікке есептеу;
- айлабұйым сұлбаларын таңдау мен жобалау;
- нормативті-анықтамалық әдібиетті пайдалану;
- дәлдік параметрлерін тағайындаған кезде істегі стандарттарды пайдалану;
- сызбалар мен техникалық құжаттаманы техникалық ұқыпты дайындау.
5 Білім, ептіліктер мен дағдыларға қойылатын талаптар
Пәнді оқудың нәтижесінде студенттердің түсініктері болуы керек:
білулері керек:
- әмбебап-жинақтау құрылғылары, бақылау, жинақтау айлабұйымдары мен автоматты желілер үшін айлабұйымдарды таңдау мен сәйкес орналастыру;
- айлабұйымның қыспақтың қажетті күшін және айлабұйымның жетектерін есептеу;
- айлабұйымды дәлдікке есептеу;
істей алуы керек:
- айлабұйымдардың сұлбаларын таңдау мен жобалау;
- нормативті-анықтамалық әдебиетті қолдану;
практикалық дағдыларды алулары керек:
- дәлдік параметрлерін тағайындаукезінде істегі стандарттарды қолдану бойынша;
- сызбалар мен техникалық құжаттаманы техникалық сауатты толтыру.
6 Пререквизиттер
Аталған пәнді меңгеру үшін студенттің келесі пәндер бойынша білімдер, ептіліктер мен дағдылары болуы керек.
- теориялық механика;
- сызба геометрия мен сызу;
- материалдардың кедергісі;
-конструкциялық материалдар мен термоөңдеу;
- өзара ауыстырымдылық;
- металл кескіш станоктар;
- машинажасау технологиясының негіздері.
7 Постреквизиттер
Пәнді оқыған кезде алынған білім, ептіліктер мен дағдылар өндірістік практиканы меңгеру, дипломдық жобаны орындау мен мамандық бойынша өндірісте жұмыс істеу кезінде қажетті болады.
8 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптық атауы
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Практ.
|
Зерт.
|
СРС
|
1
|
Кіріспе. Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі
|
1
|
|
|
1
|
2
|
Станокты айлабұйымдарды құрылымдаудың негіздері, құрамды бөліктері мен олардың координаттық жүйелері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
3
|
Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу
|
2
|
1
|
3
|
2
|
4
|
Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу
|
2
|
5
|
3
|
1
|
5
|
Айлабұйымдардың күштік құрылғылары (жетектер)
|
1
|
|
2
|
3
|
6
|
Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші
|
|
|
|
3
|
7
|
Кесу құралының күйін үйлестіретін құрылғылар. Бұрылыс мен бөлу құрылғылары. Айлабұйымдардың тұрқылары
|
2
|
2
|
1
|
2
|
8
|
Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Жалпы көріністі жасау.
|
1,5
|
|
2
|
1
|
9
|
Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу
|
1,5
|
3
|
3
|
2
|
10
|
Жинақтау айлабұйымдарды жобалаудың негіздері
|
0,5
|
|
2
|
3
|
11
|
Бақылау айлабұйымдары. Қателіктерді есептеу әдістемесі
|
1
|
|
2
|
3
|
12
|
СББ станоктары мен автоматты желілер үшін айлабұйымдар
|
0,5
|
|
2
|
3
|
13
|
Жонғыш және шеңбер-ажарлау станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
2
|
2
|
1
|
14
|
Бұрғылау станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
|
1
|
1
|
15
|
Жону станоктары үшін айлабұйымдар
|
|
|
2
|
2
|
16
|
Станокты айлабұйымдарды жобалауды автоматтау
|
|
|
1
|
0,5
|
17
|
Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі
|
|
|
1
|
0,5
|
барлығы
|
15
|
15
|
30
|
30
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Технологиялық жабдықтарды жобалау» курсы 050712 – Машинажасау мамандығының студенттерімен профильдік пәндердің бірі ретінде оқылады. Курсты оқыған кезде машинажасау кәсіпорындарының механикалық-жинақтаушы өндірісінің технологиялық үрдістерін іске асыру үшін пайдаланылатын айлабұйымдардың есептелуі мен құрылымдауына назар аудару. Пәнді оқу нәтижесінде алынған білім мен дағдылар жас машинажасау мамандарына өндірісте тезірек бейімделуге көмектеседі. Зауытта кез келген технологиялық үрдіс белгілі технологиялық жабдықтың бар болуы кезінде орындалады. Қазіргі уақытта машинажасау өндірісінің мобилділік мәселесіне бөлінген. Сондықтан қайта бапталатын айлабұйымдарды пайдалануға тырысу керек.
10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе. Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі
Айлабұйымдардың қызметтік тағайындалуы. Айлабұйымдардың жіктелуі. Технологиялық жабдықталуды қолданған кезде еңбек өнімділігін арттыру, қосымша уақыттың төмендеуі. Айлабұйымдарды жіктелуі: әмбебап, әмбебап баптамайтын және баптайтын; мамандандырылған және арнайы айлабұйымдар. Әмбебап-жинақтау айлабұйымдар (ӘЖА). Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
2 тақырып. Станокты айлабұйымдарды құрылымдаудың негіздері, құрамды бөліктері мен олардың координаттық жүйелері
Станокты айлабұйымдар құрылымының элементтері. Айлабұйым элементтерінің жіктелуі. Орнатқыш, ориенттейтін және өзара центрлейтін элементтер, қыспақты элементтер. Кесу құралын бағыттау үшін элементтер. Күштік құрылғылар, бөлу және көмекші элементтер, айлабұйымдардың тұрқылары. Элементтердің координаттық жүйелері мен олардың өзара байланысы.
3 тақырып. Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу
Айлабұйымдарда дайындамаларды орнату. Негіздеуші элементтерді жіктеу. Негізгі, қосымша және көмекші тіректер (тіректі қадалық, тіректі тілімшелер, призмалар). Орнатқыш саусақтар мен ұстауыштар. Баспақ үшін ұстауыштар. Тартуды анықтау. Қосымша және көмекші тіректер. Орнатудың қателіктері мен оның құрамдас элементтері. Орнатқыш элементтерге қойылатын негізгі талатар, олардың типтелуі мен нормализация.
4 тақырып. Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу
Айлабұйымдардың қыспақты құрылғылары. Қыспақ күштерін есептеу. Қор коэффициенті. Тетікке кесу күштері мен қысу күштерінің өзара әрекеттесуінің нұсқалары. Қарапайым (элементарлы) және жинақталған қысу құрылғылары. Элементарлы қысу механизмдері (бұрамалық, сыналы, иінтіректі, эксцентрикті), қысу күштерін есептеудің әдістемесі. Типтік конструкциялар мен күш сипаттамалары.
5 тақырып. Айлабұйымдардың күштік құрылғылары (жетектер)
Айлабұйымдардың күштік құрылғылары (жетектер). Пневматикалық поршеньді жетектер, пневмоцилиндрлер мен пневмокамералар (диафрагмалар). Пневмоцилиндрлер мен диафрагмалық камералардың конструкциялары. Бір және екі жақты әрекеттегі цилиндрлер мен камералар. Жіктелуі, принципиалды сұлбалар, қолдану саласы, параметрлерді есептеу. Гидравликалық жетек, бір және екі жақты әрекеттегі гидроцилиндрлер. Негізгі параметрлерді есептеу.
Вакуумды, электромагнитті, магнитті жетектер. Электромеханикалық қысу құрылғылары, параметрлерді есептеу, қолдану саласы. Айлабұйымдардың қысу элементтері үшін қолданылатын МЕСТтер мен нормальдар, материалдар мен термоөңдеу, шақтамалар мен қондырмалар.
Орнатқыш-қысу механизмдері.
6 тақырып. Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші
Беріліс механизмдері – қыспақты құрылғылардың күшейткіші. Иінтіректі механизмдер – күшейткіштер, бір және екі иінтіректі топсалы механизмдер, иінтіректі-топсалы механизмдер күшейткіштер, сына-плунжерлі күшейткіштер. Кинематикалық сұлбалар. Конструкцияны таңдау мен негізгі параметрлерді есептеу.
7 тақырып. Кесу құралының күйін үйлестіретін құрылғылар. Бұрылыс мен бөлу құрылғылары. Айлабұйымдардың тұрқылары
Кондукторлы тақталар мен олардың айлабұйымдардың орнатқыш элементтеріне қатысты ориентирлеу тәсілдері. Бағыттаушы кондукторлы төлкелер мен олардың түрлері. Қолданылатын материалдар, термиялық өңдеу, шақтамалар мен қондырмалар. Кондукторлы төлкелердің центр аралық қашықтыққа шақтамалар. Установтар мен қимаүлгілер. Көшірмелер, қолдану саласы мен оларға қойылатын талаптар.
Бұрылыс пен бөлу құрылғылары, бөлу дисктері, фиксаторлар, тоқтатқыштар. Конструкциялар түрлері мен ерекшеліктері. Бөлу дәлдігіне әсер ететін факторлар. Бөлу қателігін есептеу мен бөлу дәлдігін жоғарлату жолдары. Бөлу механизмдерінің күштік түзілімдері.
8 тақырып. Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Жалпы көріністі жасау
Айлабұйымдарды жобалаудың негіздері. Бастапқы мәліметтер мен құрылымдау тапсырмалары. Арнайы станокты айлабұйымдарды жобалау әдістемесі. Бастапқы мәліметтер: тетіктер мен дайындамалардың жұмыс сызбалары. Жобалау реті, жұмыстың негізгі кезеңдері. Дайындаманың дәлдігі, бекіту сенімділігі мен қажетті өнімділікті қамтамасыз ету.
Айлабұйымның жалпы сәйкес орналастыруын пайдалану, жөндеу, қауіпсіздік техникасы талаптарын ескере отырып жасап шығару. Тетіктер мен жинақталатын конструкцияға жұмыс сызбаларын дайындау. Қабылдауға ТШ жасап шығару.
9 тақырып. Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу
Дайындамаларды айлабұйымдарда базалау мен бекітудің қателіктері. Айлабұйымдарды дәлдікке есептеу. Айлабұйымды дәлдікке есептеу. Конструкторлық, технологиялық және өлшеу базалары. Дайындамаларды айлабұйымда орнату сұлбалары, базалау мен орнату қателігін есептеу.
Есептеу параметрін таңдау. Өлшемді тізбелерді есептеу. Соңғы буын (жұмыс бетінің басқаға қатысты параллельділік шақтамасы).
10 тақырып. Жинақтау айлабұйымдарды жобалаудың негіздері
Жинақтау операциялары үшін айлабұйымдар түрлері. Автоматтық жинақтау кезінде орындалатын қосылыстың параметрлері. Түйісетін беттер осьтерінің жіберілетін орын ауыстыруы. Өзара центрлейтін базалайтын құрылғы.
Айлабұйымдардағы жинақтау дәлдігін есептеу. Тетіктерді баспақпен, завальцовкамен қосылыс үшін айлабұымдар, тойтарған қосылыстарды жинақтау үшін. Стендті және конвейерлі жинақтау үшін айлабұйымдар.
11 тақырып. Бақылау айлабұйымдары. Қателіктерді есептеу әдістемесі
Қателікті есептеу әдістемесі. Бақылау айлабұйымдардың тағайындалуы мен түрлері. Бақылау айлабұымдардың негізгі элементтері. Орнату элементтері. Бақылау айлабұйымдардағы қысу құрылғылары. Бақылау айлабұйымдарының өлшеу құрылғылары. Бақылау айлабұйымдарының көмекші құрылғылары.
Өлшеу қателігі, бақылау айлабұйымдар қателіктерінің негізгі түрлері (тетік күйінің қателігі, беріліс құрылғыларының қателігі, эталонды дайындаудың қателігі, өлшеу құралының қателігі).
12 тақырып. СББ станоктары мен автоматты желілер үшін айлабұйымдар
Модульді айлабұйымдар: базалық тақталар мен бұрыштықтар, модульді орнатқыш және қысу элементтер. Модульді элементтер жүйесі «Система-500», Элементтер жинағы «Система-320», Жинақтау-ажырасу айлабұйымдары. СРП жинағы. Базалық тақта. УСПО жинағы. Тұрқылық тетікті орнату үшін көп орынды гидравликалық айлабұйым.
ПР үшін айлабұйым. Басып алатын құрылғылардың (механикалық, үш еріндері бар центрлеуші басып алу құрылғылар, ауыстырымды басып алу құрылғылар, тез ауыстырымды басып алу органдар, автоматтық қайта бапталатын басып алу құрылғылар, вакуумды басып алу органдар және икемді камералармен, магнитті электромагнитті).
13 тақырып. Жонғыш және шеңбер-ажарлау станоктары үшін айлабұйымдар
Центрлер мен қысқылар. Айналатын артқы центр. Жону станоктары үшін серіппелі алдыңғы центр. Дайындаманы айналдыру үшін шылбырлы құрылғы. Кедір-бұдырланған шылбырлы центр. Эксцентрикті жұдырықшалар бар өзара қысылатын шылбырлы қысқылар. Қысқы жұдырықшаларымен қосындылы қысу күші. Жұдырықшалар өлшемдері мен пішінін есептеу сұлбасы.
Қуыс дайындамаларды өңдеу үшін ұстауыштар. Механикаландырылған жетектегі соташықта осьтік күшті есептеу. Тәрелкелі серіппелері бар ұстауыштар. Гидпропластмассасы бар қысқылар мен ұстауыштар, мембраналық қысқылар. Центрлік ұстауыштар, тегіс конустық ұстауыш, кілтекпен ұстауыш, баспақ үшін ұстауыш.
Цангалық қысқылар, есептеу сұлбасы, құрылымдық параметрлерді және қысу күшін анықтау.
Әмбебап жұдырықшалы қысқылар. Әрбір жұдырықшада қысу күші, үш жұдырықшаны шиыршықты-төрткілдешті өзара центрлейтін қысқы.
Тісті доңғалақтарда тесіктерді ажарлау үшін мембраналық қысқы. Ролик диаметрін мембраналық қысқыға есептеу.
14 тақырып. Бұрғылау станоктары үшін айлабұйымдар
Стационарлы айлабұйымдар (кондукторлы тақталар, оқтаулы кондукторлар, және т.б.). Нормальданған оқтаулы кондуктор, стационарлы әмбебап пневматикалық қысқыштар. Әмбебап бұрылу үстелі. Конструкциясы, қолдану саласы.
Арнайы бұрғылау төрт айналдырықты бастиек, ілінетін кондукторлы тақтасы болатын көп айналдырықты бұрғылау бастиегі. Алты айналдырықты револьверлі бастиек. Көп айналдырықты бұрғылау бастиектерін есептеу.
Бұрғылау станоктары үшін көмекші жабдықталу (өтпелі төлкелер, тез ауыстырымды шарикті қысқылар, аспаптарды бекіту үшін жұдырықшалы). Бұрандаойғыштарды бекіту үшін сақтандырғыш қысқылар.
15 тақырып. Жону станоктары үшін айлабұйымдар
Айлабұйымдардың жіктелуі. Әмбебап айлабұйымдар: өзара центрлейтін қысқыштар, қайта бапталатын бұрылу қысқыштар, қол бұрамалық жетегі болатын машиналық қысқыштар, эксцентрикті қысқыштар.
Әмбебап бөлу үстелдері, бөлу бастиектері. Шеңберлі бұрылу үстелі, бөлу әмбебап үстелі. Ойықтарды жонғылау үшін кассеталық айлабұым. Шеңберлі берісі болатын айлабұйым. Тетіктің пішінін көшіргіш бойынша жонғылау үшін арналған айлабұйым,.
16 тақырып. Станокты айлабұйымдардыжобалауды автоматтау
Автоматталған жобалаудың кезеңдері. Жинақтау сызбасының құрамын анықтау. ГСКның СКЧға қатысты ориентирлеу бұрышын анықтау. Конструктивті элементтердің ракурстарын анықтау. Типті суреттер жинағын анықтау. Сызбалар форматтары мен сызу масштабын анықтау. Типті суреттер бағдармаларын іске асыру. Сипаттізімді жасап шығару. Сызба-графикалық автомат үшін УП алу.
17 тақырып. Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі.
Айлабұйымдарды қолданудың экономикалық тиімділігі. Өнім бірлігіне базалық және жаңа техника бойынша келтірілген шығындар. Бір дайындаманы өңдеудің технологиялық өзіндік құны. Операцияны орындау үшін негізгі еңбекақы. Айлабұйымды шығарудың өзіндік құны. Жаңа айлабұйымды қолданудан болатын экономикалық тиімділік.
10.2 Практикалық сабақтардың мазмұны
Практикалық сабақтардың мақсаты болып студенттермен пәннің жеке бөлімдерін терең оқу болып табылады. Практикалық сабақтар есептеу мен жобалауда дағдыларды, анықтамалық әдебиетті, стандарттарды қолдануына үйретеді.
Практикалық сабақтарға келесі тақырыптар бөлінген.
1 тақырып. Өңделетін тетіктің талдауы. Айлабұйымның элементтері мен орнатудың сұлбасын таңдау.
2 тақырып. Базалау сұлбасы, дайындаманы бекіту мен өңдеу.
3 тақырып. Айлабұйым сұлбасын таңдау, есептеу параметрлерін таңдау.
4 тақырып. Айлабұйымды дәлдікке есептеу.
5 тақырып. Айлабұйымды күштік есептеу, қысу құрылғысын есептеу үшін сұлба.
6 тақырып. Айлабұйымды қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу.
10.3 Курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыстың мақсаты айлабұйымдардың есептеулерін өткізудің дағдыларын алу, типтік конструкцияларды таңдау, сонымен бірге ҚҚБЖ стандарттарын және машинажасаудың басқа стандарттарын терең оқу болып табылады.
Кусртық жұмыс пәннің негізгі бөлімдерін алады және айлабұйымдардың негізгі параметрлерін таңдау мен есептеу, қысу күштерінің есептеулері мен дәлдікке есептеуді қосады.
Курстық жұмыстың көлемі А4 форматтағы есептеу-түсініктеме жазудың 30-40 бетін және А1 форматтағы 1 бет графикалық бөлімді ҚҚБЖ талаптарына сәйкес құрайды.
«Технологиялық жабдықты жобалау» пәні бойынша курстық жобаға түсініктеме жазудың мазмұны
1 Кіріспе (машинажасаудағы технологиялық жабдықтың ролі мен мәні, машинажасау бакалаврын дайындау кезіндегі курстық жұмыстың орны мен мәні) – 2-3 б.
2 Тетік конструкциясын бейнелеу (құрылымдық формасы бойынша – тұрқылар классы, біліктер, қақпақтар, тісті доңғалақтар мен басқалар, мөлшерлер бойынша – ірі, орташа және ұсақ, салмақ бойынша – ауыр, орташа және жеңіл), оған қойылатын техникалық талаптар, жасалған материал – маркасы, химиялық құрамы – 2-3 б.
3 Өндіріс түрі мен айлабұйымның мамандандырылу дәрежесін анықтау – 1-3 б.
4 Тапсырма бойынша айлабұйым жобаланатын технологиялық үрдістің операциясын сипаттау (операция атауы, ол қандай операцияларды орындағаннан соң келетінін аатау, өңдеу сұлбасы, кесу аспабы мен тетіктің қатынасты қозғалыстар сұлбасы келтіріледі, станок үлгісі келтіріледі, оның сәйкес орналастырылуы мен құрылымы көрсетіледі, яғни тік немесе көлденең сәйкес орналастыру, оның жұмыс аймағының шекті өлшемдері, үстел бетінің өлшемдері, орнатылған электрқозғағыштың қуаттылығы, қолданылатын кесу құралы мен оның материалын көрсету) – 4-5 б.
5 Тетікті берілген операцияға базалау сұлбасын талдау. Осында тапсырма бойынша өлшемдерін және осы операцияда сақтау қажетті техникалық талаптарды көрсетумен тетікті өңдеудің операциялық үлгісін келтіру (тетікттің қандай беттері орнатқыш, бағыттаушы, екі бағыттаушы немесе тіректі база болатынын көрсету). Осы бөлімде қабылданған сұлба үшін базалау қателігінің есептеуін орындау қажет – 2-3 б.
6 Күш режімдері мен күштерін есептеу – 5-8 б.
7 Айлабұйымды эскизді сәйкес орналастыру. Осы бөлімде базалайтын элементтердің конструкциясын және базалау сұлбсына сәйкес айлабұйым құрылғыларын, қысу элементтерін МЕСТтерді атаумен таңдау – 3-5 б.
8 Айлабұйымның есептеу сұлбасын құру мен тетікті бекіту үшін қажетті күштер мен моменттерді есептеу – 3-5 б.
9 Ең әлсіз буынды беріктік пен қаттылыққа есептеу.
10 Беріліс қатынастар мен орын ауыстыруларды есептеу мен жетек өлшемдерін есептеу. Осы бөлімде стандартты пневмо және гидпрожетектерді таңдау, олардың габаритті өлшемдерін және МЕСттерді атау қажет – 2-3 б.
11 Технологиялық өлшемді тізбені құру мен есептеу жолымен айлабұйымға техникалық талаптарды анықтау – 1,5-2 б.
12 Айлабұйым жұмысын сипаттау – 1,5-2 б.
13 Станокта жобаланған айлабұйыммен операцияны орындағанна кезде техника қауіпсіздік ережелерін сипаттау – 1-2 б.
14 Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу мен негіздеу – 1-2 б.
15 Қорытынды – 1 б.
16 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 1 б.
Барлығы: 30,5-49 б.
Графикалық бөлім айлабұйымның жалпы көріністегі сызбаны (күрделігіне байланысты бір, екі және үш проекцияда) қажетті өлшемдері мен қималарымен және сызба аймағында жазылған техникалық талаптарымен қосады. Жинақтау сызбасы А1 форматта ҚҚБЖ стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалады.
10.4 Студенттеге өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар мен ұсынылатын әдебиет
1 тақырып. Айлабұйымдардың жіктелуі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Айлабұйымды қолдану кезінде еңбек өнімділігінің көтерілуі, 21-26 б. [1].
2 тақырып. Айлабұйымдар элементтерінің жіктелуі. Орнатқыш ориенттейтін құрылғылар. Аспаптарды бағыттау үшін элементтер, күштік құрылғылар, 27-28 с. [1].
3 тақырып. Базалау элементтерінің жіктелуі. Негізгі, қосымша, көмекші тіректер. Тіректі қадалықтардың, тілімшелердің, орнатқыш саусақтардың, призмалардың конструкциясы. Дәлдік, термоөңдеу, 32-36 б. [1].
4 тақырып. Қысу құрылғыларының конструкциясы, қысу күштерін есептеу. Кесу күштері мен қысу күштерінің өзара әрекеттесуі. Типтік сұлбалар, күш сипаттамалары, 203-222 б. [1].
5 тақырып. Бір және екі жақты әрекеттегі пневмоцилиндрлер мен пневмокамералардың конструкциясы. Соташықтағы күштерді есептеу. Пневмогидрожетек. Күшті есептеу. Гидроцилиндрлер, конструкциялар, айналмалы цилиндрлер, жетек сұлбасы, соташықтағы күшті есептеу. Цилиндрлер мен соташықтардың тығыздағыштары. Вакуумды, электромагнитті, электромеханикалық жетектер, 218-240 б. [1].
6 тақырып. Кондукторлы тақталар мен оларды ориентирлеу тәсілдері, бағыттаушы кондукторлы төлкелер мен олардың түрлері. Орнатқыштар, қимаүлгілер, көшіргіштер, қолдану саласы мен оларға қойылатын талаптар. Бұрылу және бөлу құрылғылары, дисктер, бекіткіштер, тоқтатқыштар. Бөлу қателігі, 200-212 б. [2].
7 тақырып. Арнайы станокты айлабұйымдарды жобалау. Жобалаудың реті, негізгі кезеңдер. Дайындаманы бекітудің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Жалпы сәйкес орналастыру. Жұмыс сызбаларын дайындау, 188-194 б. [2].
8 тақырып. Дайындаманы базалау сұлбалары. Конструкторлық, технологиялық және өлшеу базалары. Есептеу параметрін таңдау. Мөлшерлік тізбелерді, тұйықтаушы буынның қателігін есептеу, 226-243 б. [2].
10.5 Күндзігі оқыту нысанындағы студенттер үшін СӨЖ мазмұны
|
Тақырып атауы
|
Мазмұны
|
Бақылау түрі
|
Көлем, сағ
|
1
|
Өңделетін тетік талдауы
|
Тетіктің ТШ талдау. Айлабұйым элементтері мен орнату сұлбасын таңдау.
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
2
|
Базалау сұлбалары, бекіту мен дайындаманы өңдеу сұлбалары
|
Базалаудың теориялық сұлбасы. Орнату элементтерін таңдау, конструкция, материал, термоөңдеу
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
3
|
Айлабұйым сұлбасын, есептеу параметрлерін таңдау. Дәлдікке есептеу
|
Айлабұйым сұлбасын жасап шығару, өңдеу дәлдігін агықтайтын есептеу параметрлерін таңдау.
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
4
|
Айлабұйымды күштік есептеу, қысу күшін есептеу үшін сұлба
|
Қысу күштерінің есептеу сұлбасы. Қысу күшін анықтау. Құрылымдық формаларды, материалдарды таңдау мен термоөңдеу
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
5
|
Айлабұйым элементтерін беріктікке есептеу
|
Айлабұйымның ең жүктелген буынын таңдау. Беріктікке есептеу. Конструкция, материал мен термоөңдеу.
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
6
|
Айлабұйымның жалпы түрін сәйкес орналастыру мен оның тетіктері
|
Жалпы көрініс. Айлабұйымның негізгі элементтерінің тетіктері
|
А1 форматтағы графика беттері
|
3
|
7
|
Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу
|
Айлабұйымның экономикалық тиімділігі. Өтімділік уақыты. Құжаттаманы жасап шығару
|
Кж (КЖ) бөлімдерінің графигіне сәйкес орындау
|
2
|
|
Барлығы
|
15
|
10.6 Ағынды жетістіктерді және қортынды бағалау
№ п/п
|
Тексеру түрлері
|
7 семестр
|
Максималды баллдар саны
|
Рейтинг1 (Р1)
|
Рейтинг 2 (Р2)
|
100
|
100
|
1
|
Ағынды тексеру (ағынды жетістік), оның санында
|
100
|
100
|
1.1
|
Дәрістерге келу және дайындалу
|
34
|
34
|
1.2
|
Тәжірибе сабақтарға келу және дайындалу, үй тапсырмаларды орындау, қорғау
|
34
|
34
|
1.3
|
Аудиториялық сабақтарға қосылмаған СӨЖ материалдары
|
32
|
32
|
2
|
Аралық тексеру (РК, тестирование)
|
100
|
100
|
3
|
Аралық аттестация (қортынды тексеру)
|
|
100, экзамен
|
Нақты балдар саны (жүз балды межелік) оқытушы апта сайын оқу сабақтар журналына жазады, айдың аяғында оқушылардың жетістіктер журналы толтырылады.
Рубеж тексерулер (РК) семестрадің ортасында (7-ші, 8-ші апталар) және оның соңында (14-ші, 15-ші апталар) жүргізіледі, мүндада 100 – балды межелік қолданылады. Рубеж тексеріске жұмыс оқу бағдарламаның талаптарын толық орындаған және ағынды жетістіктен 50 балдан кем алмаған студенттер қатысады. Студенттің рейтингі (Р1 и Р2) ТУ және РК мен есептеледі
Р1 = ТУ1 · 0,7 + РК1 · 0,3
Р2 = ТУ2 · 0,7 + РК2 · 0,3
Егер студент РК дан өтпесе не ағынды жетістіктері 50 балдан кем болса онда рейтинг ондай студентке есептелмейді.
Нәтижеде рұқсат рейтинг (РД) бүкіл семестрге есептеледі
Қортынды баға есептелед мына формуламен
И = РД · ВДРД + ИК · ВДИК,
где ВДРД – рұқсат рейтингтің еселігі;
ВДИК – қортынды тексерістің еселігі (экзамен).
Аталған еселіктерді университетің ғылым кеңесі тағайындайды, РД 0,6 дан аспайды, ал ИК 0,4 аспайды
.
Оқушылардың білім бағасының бағанасы
Қортынды баға баллдар (И)
|
Балдардың цифрлік эквиваленті (Ц)
|
Әріп жүйедегі баға
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
емтихан, курстық жоба
| сынақ |
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
| сынақталды |
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанагаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
қанагаттанарлықсыз
| ынақталмады |
Егер де тәлімгер емтиханда немесе курстық жұмысты қорғағанда Ғ қорытынды баға алса, сонда тізімдемесіне «қанағатсыз» деген баға қойылады, ал сынақта - «сынақсыз» деген жазу белгіленеді.
11.Курс саясаты
Біздің біріккен жұмыстар процесінде біз келесі ережелерді үстануымыз керек:
1) оқытушы мен тәлімгер бір-біріне қүрметпен қарау керек;
-
сабақта белсенді бол, оқытушыға сүрақтар қойыңыз;сабаққа қатысу жеткілікті емес, материалды белсенді түрде меңгеру керек, тақырып бойынша барлығын нақтырақ анықтау;
-
оқытушы тәлімгермен шығармашылық түрде жүмыс істеу керек, тәлімгер оқытушымен қарым - қатынаста болуы тиіс, одан өздік жұмыс пен зертханалық жұмыстарды орындауға консультация алуы керек;
4) қателесуден үялмаңыз: ештеме істемейтін адам ғана қателеспейді;
5) бәрін түсінгендей болып отырмаңыз, бақылаушылық пен ынталылықты көрсетіңіз;
-
сабаққа қатысу міндетті болып табылады, егер сіз үш немесе одан да көп сабақты еш себепсіз босатсаңыз(себеп қүжат түрінде дәлелденуі тиіс), онда оқытушы сізден деканаттан жіберілім алуыңызды сүрауға қүқылы; есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды бағаға қатысты ,өздік жэне зертханалық жүмыстар бойынша графикке қатысты өз уақытынды есеп беру қажет, бүл қорытынды бағаға әсер етеді: өздік және зертханалық жұмыстар орындау графигін бүзған кезде өз уақытында орындамау деңгейіне байланысты жоспарланған максималды балл сандары 0,8 - 0,7 коэффициентіне көбейтіледі;
-
әр бір дэріске, зертханалық жүмыстарға міндетті түрде дайындалу қажет; сіздердің дайындықтарыңыз әр дайым тесттер мен сүрақтар арқылы тексеріледі; дәріс бойынша өткен материалдардан теріс жауап берілсе , ағынды бағаны баллдарда 0,7 - 0,5 рет төмендетуге әкеп соғады; сол сияқты зертханалық жүмыстарды сапасыз орындау тәлімгердің оларды қорғау кезінде көрсетілген білім деңгейінің жетіспеушілігі, ағымдағы бағаны балдық түрде 0,7 - 0,5 рет азайтады; курстық жобаның бөлімдерін сапасыз орындау бағаның балл түрінде 0,9 - 0,5 рет төмендеуіне әкеп соғады.
-
аудиториялық сабаққа 5 минутқа қалып келсе жіберіледі, ал егер одан көп болса, онда айып санкциясын қолдану сабақты босатқанға сай болады; егер объективті себебі болса, онда оқытушыны алдын - ала ескерту керек;
10) оқытушы сөйлеп түрған кезінде, қатты сөйлесу әдептілікке жатпайды; екінші рет ескерту жасағаннан кейін тәлімгерге бірден үш балға дейінгі айып санкциясы колданылады; сабақ үстінде басқа тақырыптарға сөйлесу жіберілмейді;
11) сіздің міндетіңізге сабаққа барлық дайындықпен келу кіреді; уақытында кітапханадан әдебиеттерді алып, оларды қолдана біліңіз;
-
ішкі орналасу тәртібі орындалуы тиіс;
-
естерінде болсын: өз міндеттерін орындаушы ғана қүқылы;
-
біреудің орындалған жүмысын көшіруге, әдеби материалдарды өңдемей қолдануға тиым салынады; осы ережені бүзу апталык балл санын алу түріндегі айып санкциясы қолданылады;
-
барлық есеп берулер қол жазба нүсқасында материалдарды жеке өңдеу жэне қондырғылар мен сызбаларды қолдан сызылған түрде үсынады;
16) сабақ кезінде үялы телефондар сөндірлуі тиіс;
-
Әр студент рейтингтік кестелер мен барлық жҰмыс түрлерінің графигімен танысып, мамандарды сапалы дайындау жэне жоғары үлгеріміне бағытталған барлық талаптарды орындауы қажет.
-
Дәрісте сызбаларды сызуда сызғышты қолдануға тиым салынады, өйткені сызба мен эскизді салуда сызғышты қолдану көп уақыт алады.
19) аудиториялық сабақтан сүранудан аулақ болыңыз;
-
Емтиханда, ағымдағы жұмыстарда (ТӨЖ) көшіріп алуларға тиым салынады; емтиханда көшірген тәлімгер аудиториядан шығарылады, плагиат үшін айып санкциялары қолданылады.
12 Әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет
1 В. С. Корсаков. Основы конструирования приспособлений. Учебник для вузов. М.: Машиностроение, 2005. – 277 с.
2 М. А. Ансеров. Приспособления для металлорежущих станков. М.: Машиностроение, 2003. – 656 с.
3 Проектирование технологической оснастки. Клепиков В. С. Учебное пособие к курсовой работе. М.: Высшая школа, 2008. – 87 с.
Қосымша әдебиет
4 Проектирование технологической оснастки машиностроительного производства. Учебное пособие для вузов /Под ред. Ю. М. Соломенцева. – М.: Высшая школа, 1999. – 415 с.
5 Переналаживаемая технологическая оснастка. Справочник в 2 т. /Под ред. Д. И. Полякова. М.: Машиностроение, 1988. – 404 с.
6 Станочные приспособления. Справочник в 2 т. /Под ред. В. И. Вардашкина. М.: Машиностроение, 1984.
7 О. Я. Константинов. Магнитная технологическая оснастка. Л.: Машиностроение, 1974. – 382 с.
8 Справочник технолога-машиностроителя. В 2 т. /Под ред. А. Г. Косиловой, Р. К. Мещерякова. – М.: Машиностроение. – 1985, т.1 – 684 с., т.2 – 486 с.
9 В. С. Корсаков, Р.О. Олжабаев и др. Технологические основы роботизорованной сборки. Фрунзе: «Илим» А. Н. Кирг, ССР. 1986. – 296 с.
10 Кузнецов В. С., Пономарев В. А. Универсально-сборные приспособление в машиностроении. Альбом чертежей деталей. М.: Машиностроение, 1963. – 148 с.
11 А. Г. Схиртладзе, В.Ю. Ковалев. Станочные приспособления. Альбом чертежей. М.: Высшая школа, 2001.- 169 с.
12 Альбом по проектированию приспособлений. Учебное пособие для студентов машиностроительных специальностей вузов. /Б. М. Базров, А. И. Сорокин, В. А. Губарь и др. М.: Машиностроение, 1991. – 121 с.
Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
5 050712 – Машинажасау мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
Пәннің атауы: «Технологиялық жабдықты жобалау»
Оқыту нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестрлер бойынша бақылау түрі
|
семестр
|
Студенттердің семестрлер бойынша жұмыс көлемі
|
кредиттер
|
академ.сағ.
|
кредиттер
|
Ауд. (ак.сағ.)
|
СӨЖ (ак.сағ.)
|
барл
|
ауд
|
СӨЖ
|
|
|
|
|
барл
|
дәр
|
пр
|
зерт
|
барл
|
СОӨЖ
|
ЖОБ негізінде күндізгі
|
2
|
90
|
30
|
60
|
7
|
|
|
7
|
7
|
2
|
30
|
15
|
15
|
|
60
|
30
|
Кафедра меңгерушісі __________ Шумейко И. А. «___» ______ 2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |