Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс
1-тоқсан оқу үлгерімі бойынша мотивациясы төмен оқушылар анықталды. Олар: 5 «Г» сынып оқушылары Атемтай Нұрасыл және Тұрайб Фатима. Оқу мотивациясы төмен оқушылардың таным процесі, зейін, ес, қабылдауын дефектолог, психолог тарапынан зерттеліп жатыр. Сынып жетекші, пән мұғалімдері тарапынан педагогикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Қазақ тілінен оқу, жазу және математикадан жеңілдетілген есептер шығару жұмыстары қолға алынды. Осы оқушылардың мотивациясын көтеру мақсатында қазақ тілі, математика пәндерінен қосымша сабақтар кестесі құрылды.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Мотивациясы төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдардың қиындығына соқтыққанды ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық меңгереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауыда төмен. Мотивациясы төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған, білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек.
Компоненттерінің қайсысы мотивацияның төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
1. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар
2. Нашар оқитын оқушылар
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлде қайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту керек. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау бір тұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылыда ала алады және білімділікке үйренеді. Сондықтан математика сабағында ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Деңгей бойынша сараптау ой еңбегіне байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге, нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1-топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді, сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ. Бұл топтың оқушыларына материалдарды естерінде сақтау үшін көп рет қайталау керек. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындарынан, жоғары эмоцияналдығынан, зейінінің төмендігінен және жинақты еместігінен байқалады олар үшін жинақтауға берілеген есептер қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритімін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін. Мұндай оқушыларға әр-әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ. Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе-тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар – бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, карточкада, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді, олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалары болуы тиіс.
Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.
Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау
формаларын:тесттер, сұхбат, диференциялдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ , үлгерімі төмен оқушыны қолдап қуаттау қажет. Қандайда ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды. Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Деңгейлік диференцияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.
Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу, сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Мотивациясы төмен оқушыға көмек беру іс-шараларының оптимальді жүйесі
1. Оқу іс-әрекетін жоспарлауға көмектесу (қайталауға материалдарды оқуды жопарлауға, көп кездесетін қателердің себебін талдауға көмектесу).
2. Оқу барысында қосымша нұсқау беріп отыру.
3. Оқу процесін жандандыру (мақтау, әрбір жетістігін атап өту, жұмысты жалғастыруға үгіттеу).
4. Оқу іс-әрекетін бағалау (оқушыдан жиі сұрау, күнделікті барлық үй тапсырмасын тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру).
5. Оқушылармен өзара көмек көрсету жұмысын жандандыру.
6. Мұғалімнің оқушыны қосымша сабаққа қатыстыру.
Мотивациясы төмен оқушыларға көмек:
Ата-аналармен тығыз байланыс жасау
Қосымша сабақ жүргізу
Төменгі деңгейдегі кестелер беру
Қызықты ойын есебін шығару
Жеңіл тест есептерін шығару
Мотивациясы төмен оқушыларға сабақ барысында көмек көрсету
Оқушының дайындығын тексеру барысында 1. Сұрақ кезінде мейірімділік таныту 2. Тақта алдында дайындық кезінде көбірек уақыт беру 3. Дұрыс жауапты табудың жобасын айтып отыру 4. Көрнекілікті қолдануға көмектесу 5. Жақсы баға алуға ұмтылуға әрекет еткізу, мақтау
Жаңа сабақ түсіндіру барысында 1. Тақырыпқа қызықтыру 2. Түсіну деңгейін бақылау үшін үлгермейтін оқушыларға сұрақ қою 3. Жаңа сабақ түсіндіру барысында қажетті көрнекілікті дайындау, пайдалану кезінде үлгермейтін оқушыларды көмекке шақыру
Сабақ құрылымында 1. Тапсырманы орындау кезеңдеріне бөліп, күрделі тапсырманы жүктеу 2. Ұқсас тапсырманы көрсету 3. Тапсырманы орындаудың жолын көрсету 4. Ережені есіне түсіру, оны қолдану тәсілін көрсету 5. Қателіктерін түсіндіру
Өткерген жұмысты пысықтау 1. Оқушылардың шамасына қарай тапсырма беру 2. Тапсырманы орындаудың алгоритмін таныстырып, жұмыс орындау ретін көрсету 3. Қиындық туғызатын тапсырмаларға ерекше нұсқау беру.
Бекітемін
Мектеп директоры Г. Т. Убайдина
Оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Іс-шара
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1. Балалар тізімін жасау
|
Қыркүйек
|
ДОІЖО
Сынып жетекшісі
Пән мұғалімдері
Мектеп психологы
|
2. Мектеп мамандарымен: сынып жетекшісімен, психологпен әңгімелесу, жекелеген ата-аналармен кездесулер арқылы және міндетті түрде баланың өзімен әңгімелесу барысында әлсіз оқитын оқушылардың артта қалу себептерін анықтау.
|
Қыркүйек
|
ДОІЖО
Сынып жетекшісі
Пән мұғалімдері
Мектеп психологы
|
3. Ағымдағы тоқсанға артта қалған оқушының біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жеке жұмыс жоспарын құру.
|
Қыркүйек, қажет болған жағдайда жаңарту.
|
ДОІЖО
Сынып жетекшісі
Пән мұғалімдері
Мектеп психологы
|
4. Сабақта өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сараланған тәсілді қолдана отырып, үлгерімі төмен оқушыға мүмкін болатын жеке тапсырмаларды қосыңыз, оны сабақ жоспарында жазыңыз.
|
Оқу жылы бойы.
|
Пән мұғалімдері
|
5. Үлгерімі төмен сынып оқушыларының білімін міндетті тақырыптық есепке алуды жүргізу.
|
Оқу жылы бойы.
|
Пән мұғалімдері
|
6. Пән бойынша арнайы дәптерлерде әлсіз оқушымен жеке жұмысты көрсету.
|
Оқу жылы бойы.
|
Пән мұғалімдері
|
7. Ата-аналармен кездесулер және оқушылардың өздерімен жеке әңгімелесу
|
Оқу жылы бойы.
|
Сынып жетекшісі
Пән мұғалімдері
Мектеп психологы
|
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А. Б. Тургунбаев
Достарыңызбен бөлісу: |