Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Астана
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік
кеңесінің шешімімен ұсынылды (2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3 хаттама)
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»
әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 111 с.
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру
ұйымдарының 1-11-сыныптарында 2023-2024 оқу жылындағы білім беру
процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат орта білім
беру ұйымдарының басшыларына,
педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру
саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің
басшылары мен
мамандарына арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023
3
Құрметті әріптестер!
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың
бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік
нұсқау хат облыстық, Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының білім басқармаларының басшыларына, жалпы білім беру
ұйымдарының
басшылары
мен
педагогтеріне,
өңірлік
әдістемелік
орталықтардың/кабинеттердің
әдіскерлеріне арналған, білім беру қызметін
ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған келесі
нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:
- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік
құжаттар;
- бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары
мен бастауыш білім беру пәндерінің бағдарламаларындағы өзгерістер;
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (оқу
және жазу сауаттылығы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық);
пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту; цифрлық құзыреттер мен
дағдыларды дамыту; STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану; құндылыққа
бағдарланған оқытуды іске асыру; тұлғаға, іс-әрекетке
бағдарланған және
инновациялық тәсілдерді іске асыру, оқу процесіне тиімді әдістер мен
технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұрады және барлық
оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталады.
Бастауыш білім беруде «Цифрлық сауаттылық» пәнін және «Көркем
еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері»
пәндерін жеке оқыту жалғасады.
Бастауыш білім беру деңгейінде тілдерді
кезең-кезеңімен оқыту
шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 2-сыныптан «Орыс тілі» пәнін
оқыту басталады.
«Шетел тілі» оқу пәні 1-2-сыныптарда оқытылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға
арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында
негізгі орта білім беруде
академиялық білімге, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, пәндік,
метапәндік дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілі негізінде
оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге
және инклюзивті орта
қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық
бағыттағы пәндерді зерделеуге және білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру
деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.