33
жұмыстар);
5) тірек құрылымы (білім алушылардың қолда бар тәжірибесіне, білімі мен
іскерлігіне сүйене отырып, сабақтарды жоспарлау, оқытудың әртүрлі стильдерін
ескеру);
6) ынтымақтастық (тілдік және тілдік емес пәндер педагогтерінің бірлесіп
жоспарлауы).
Сабақта үштілділікті дамытудың кейбір әдістемелік
тәсілдері
1.
Сөздер мен сөз тіркестерін өзара тексеру. Тілдерді үйрену кезінде
ынтымақтастықтың ең көп таралған түрі - білім алушылардың бір-бірінің жеке
сөздер мен сөз тіркестерін (идиомаларды) білуін тексеру.
2.
Жаңа мәтінмен бірлесіп жұмыс істеу. Жаңа мәтіндерді аудару
бойынша жұмыс әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін. Белгілі бір уақыт кезеңінде
жаңа мәтіндермен және олардың ана тіліне
аудармасымен педагог білім
алушыларды таныстырады. Болашақта білім алушылар жаңа мәтіндерді алып,
оларды тұрақты және ауыспалы құрамдағы жұптарда аудару үшін жұмыс істейді,
әдетте жұптарда бір білім алушы мәтінді оқиды және әр сөйлемді өзі аударады,
оған серіктесін де тартады.
3) Өзара диктанттар. Педагог диктант карталарын дайындайды. Білім
алушылар өзара диктанттарды орыс, ағылшын (ана) тіліндегі сабақтардағыдай
ережелер бойынша жүргізеді.
4.
Жаңа мәтінмен танысудың басқа нұсқалары. Педагог білім алушыларға
әртүрлі жаңа мәтіндер береді. Білім алушылар оларды өз бетінше оқып, аударма
жасауы керек. Педагог тексергеннен кейін білім
алушылар бір-бірімен жұмыс
істеуге кіріседі. Мәтіндердің одан да күрделі түрлері берілуі мүмкін. Мысалы,
мәтін фразалар бойынша оқылады, кейде әр фраза екі-үш рет оқылады және
аударма дереу хабарланады және нақтыланады.
Аударма аяқталғаннан кейін
білім алушыларға сөздікке жаңа сөздерді жазып, есте сақтауы керек сөздер мен
сөз тіркестеріне қатысты тапсырма беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: