Оқулық " Экология"мамандығы


Теңіздер мен мұхиттардың ластануы мен өзіндік тазаруы



бет86/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   125
treatise95823

Теңіздер мен мұхиттардың ластануы мен өзіндік тазаруы
 Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Жер асты суларының ластануы — жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:

  • 1) аздап (сол) ластанған — су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ

пайдаланудың нақты түрлері үшін шектелген рауалы концентрациядан (ШРК)төмен;

  • 2) ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;

  • 3) өте ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда артық және ластану көзіндегі ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері: ластағыш заттардың түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.

Гидросфераның өздігінен тазалануы. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық,және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы.
Су қоймаларының өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін тірі организмдер жиынтығына да көп байланысты, себебі олар осы табиғи процеске тікелей ауқымды үлес қосып отырады. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. 
Планктондар органикалық, минералды заттектермен қатар су қоймаларын әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Устрица мен кейбір амебалар ішектік және басқа да вирустардыөз бойына сорып сіңіреді. Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттектерді өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып, минералдандырып, қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады. 
Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалық және химиялық факторлар да қатысады. Ламтағыш заттектердің мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту және араластыруды жатқызуға болады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына түсетін бактериялар мен вирустардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы әсер тигізетін температуралық фактор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет