Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет248/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жердің электр өрісі  өлшем бірлігі – Ом.
Жердің радиоактивті өрісі өлшем бірлігі – микрорентген/
сағат.
Жердің химиялық құрамы Жердің химиялық құрамы 
Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтерден, ал заттық 


393
құрамы минералдар мен тау жыныстарынан тұрады. Жердің 
химиялық құрамы: Fe – 38-68%; Si – 6-15%; O – 11-29%; Mg – 2-10%; 
Ni – 3-6%; қалған элементтердің мөлшері – 2% шамасында.
Жер қыртысы – литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі 
шекарасы Мохоровичич деңгейімен шектелген, Жер шарының ең 
үстіңгі қатты қабаты.
Жоғарғы мантия  Мохоровичич деңгейінен 400 км-ге дейінгі 
тереңдікті қамтитын Жер қыртысының бір бөлігі. Бұл шекара неміс 
геофизигі Б. Гутенбергтің құрметіне “Гутенберг шекарасы” деп те 
аталады.
Жыра эрозиясы – халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін 
табиғи апат. Тұрақты жəне уақытша ағын су əрекеті əсерінен пайда 
болады.
Зандрлар - негізгі моренаның сырт жағындағы құм, қиыршық 
тас, малтатас үйіндісінен қалыптасқан кең аумақты жазықтар.
Изотопты-оттектік көрсеткіштер – оттек изотоптарының 
фракциялануына, оның ішінде судың бір күйден екінші күйге (бу-
лану, қату, конденсация) өтуі кезіндегі жəне оттегінің карбонаттық 
ионы мен судың арасында термодинамикалық реакция əсерінен изо-
топ алмасуы қасиетіне негізделеді.
Интрузиялы тау жыныстарыэндогендік процестердің 
салдарынан жердің терең қойнауындағы сұйық магманың жоғары 
көтеріліп, жер бетіне жетпей суып, кристалдануынан пайда болатын 
тау жыныстары.
Карбонаттар – көмірқышқылының (H
2
CO
3
) тұздарын біріктіретін 
минералдар тобы. Олардың 60-қа жуық түрлері (кальцит, сидерит, 
малахит, азурит жəне т.б.) белгілі.
Карст – таужыныстарының суда еруінен жəне онымен байла-
нысты химиялық процестерден туындайтын құбылыстар жəне сол 
процестерден жаралған бедер пішіндері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет