Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Географиялық карталар қолданылуына қарай



Pdf көрінісі
бет25/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1. Географиялық карталар қолданылуына қарай:
2. Ғылыми-анықтамалық карталар;
3. Оқу карталары;
4. Теңіз-навигациялық карталар;
5. Өзен, көл, канал-навигациялық карталары;
6. Əуе-навигациялық карталар;
7. Кадастрлық карталар;
8. Жолдар (авто, темір жол) картасы;
9. Жобалау карталары;
10. Үгіт-насихат карталары;
11. Туристік карталар;
12. Арнаулы карталар болып бірнеше түрге бөлінеді
Карталар жеке дара жəне карталар топтамасы түрінде де жаса-
лады. Жалпы карталар: бір ғана аумақты қамтитын, алайда түрлі 
тақырыпта жасалатын карталар топтамасы; екіншісі – бір тақырыпқа 
арналған, алайда, түрлі аумақты қамтитын карталар топтамасы 
сияқты екі сериямен жасалады.
Бірінші сериядағы карталар топтамасына тəн белгілер: оқырман 
білімінің деңгейіне негізделген ортақ математикалық (проек-
ция, масштаб) жəне географиялық негіз (өзендер мен көлдердің
елді мекендердің, жолдар мен шекаралар сызығының біртектес 
жиынтығы), келісілген шартты белгілер жиынтығы мен ақпаратты 
жеткізудің əдіс-тəсілдері болып табылады. Барлық карталар түрліше 
мазмұндағы кесте, диаграмма, график жəне түсіндірме мəтіндермен 
толықтырылады. 
Карталардың екінші сериядағы топтамасына тəн белгілер: 
құбылыстар мен шартты белгілердің біртектес болуы жəне ақпаратты 
беруде бірегей белгілердің сақталуы; карталардың көркемделуінің 
де біртектес болуы. Алайда карталардың математикалық жəне 


33
географиялық негізі бірдей болмауы мүмкін, бірақ географиялық 
жинақтау деңгейі бірдей дəрежеде болады. Бұл карталарды жасауда 
проекцияның бірдей түрін қолдануға тырысады. Оларға орта мек-
тептерге арналған қабырға карталар топтамасы жатады. 
Карталардың түптелген жиынтығы – атластар деп аталады. 
Атлас карталары бірін-бірі толықтыратын, форматы мен проек-
циялары ортақ, масштабы жағынан біртектес болып келеді. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет