Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Палеогеографиялық корреляция əдісі –



Pdf көрінісі
бет253/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Палеогеографиялық корреляция əдісі – жер қойнауында жүр-
ген аса маңызды палеогеографиялық құбылыстар мен геологиялық 
жыныстарды түрлі сапалық жəне сандық көрсеткіштерді өзара са-
лыстыру нəтижесін анықтаумен айналысады.
Палеогеографиялық репер – ертедегі əлдебір географиялық 
құбылыс немесе оның басқа жүйелер құрамындағы қайталама 
көрінісі көмегімен бір-біріне жақын жəне өте алшақ орналасқан 
аумақтардағы табиғат құбылыстарын өзара салыстыру үшін 
қолданылатын көрсеткіш.
Палеопедологиялық (қазба топырақ қабаттарын талдау
талдау – белгілі бір аймақтың ежелгі табиғат жағдайының (жер 
бедері, климат, өсімдік жамылғысы) мейлінше нақты бейнесін 
қалпына келтіру үшін, қажетті ақпараттарды топырақ қабаттарын 
зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Параплатформалар (лат. – қозғалмалы) – неотектоникалық 
қозғалыстар əсеріне ұшырап, тұтастығы бұзылған платформа-
лар қозғалмалы сипат алады. Мезозой жəне Альпі қатпарлықтары 
əсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше 
бөліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жер сілкіну 
жиі байқалады. Ішкі күштердің əсерінен кейбір платформалардың 
іргетасінде мантияға дейін жететін терең жарықтар пайда болып
оның бойымен интрузивті жыныстардың жаппай жоғары көтерілуі 
жүрген.
Петрографиялық əдісбір-біріне жақын орналасқан тау 
жыныстарының минералдық құрамының ұқсастығын зерттеуге 
негізделген əдіс.
Пликативтік дислокация (лат. “пликатио” - бүктеу, бүктелу) 
нəтижесінде жыныс қабаттарының алғашқы пішіндері немесе 
жазық жатуы бұзылған жағдайда қатпарлы құрылымдар түзіледі.
Полиминералды тау жыныстары (грек. “поли” – көп) – бірнеше 
минералдардан түзілген тау жыныстары деген мағына береді.
Протогеосинклиндер – ұзындығы мыңдаған, ал ені жүздеген 
километрге созылған, ежелгі протерозойлық ерекше қозғалмалы 
белдеулер. Олардың барлығы архейлік континенттік жер 
қыртысының рифтогенезі нəтижесінде іргетасы қаланған жер 
қыртысының ең ежелгі бөлігі. Кейбір протогеосинклиндерден жаңа 


398
мұхиттық жер қыртысы қалыптасқан. Протогеосинклиндер біршама 
терең сулы алаптар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет