Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Интербелсенді оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет79/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
boribekova-kazirgi

12.1. Интербелсенді оқыту технологиясы
Мұғалім мен оқушының интербелсенді шығармашылығы 
шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің 
маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан əдістемелік инновациялар 
оқытудың интербелсенді əдісімен байланыстырылған. 
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің 
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып 
табылады.
«Интербелсендінің» 
негізгі 
сипаттамалары 
қандай? 
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық əрекеттің арнаулы ұйымдас-
тыру формасы. Ол толық айқындалған жəне мақсатын алдынала 
болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы 
өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу 
барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын 
жасау. Интербелсенді оқытудың мəнісі сыныптағы барлық оқушы 
таным үдерісімен қамтылады, олар өздерінің білетін жəне ойлайтын 
нəрселері арқылы түсінуге жəне қарсы əсер етуге мүмкіндік алады. 
Таным үдерісінде, оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен 
əрекеттері мынаны білдіреді: əр оқушы өзіне тəн ерекше еңбегін 
сіңіреді, білім, идея, əрекет ету тəсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. 
Сонымен қатар, бұл үдеріс өзара қолдау жəне қайырымдылық 
атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, 
танымдық үдерістің өзін дамытады, оны əлдеқайда жоғары топтасу 
мен еңбектесу дəрежесіне көтереді.
Сабақтағы интербелсенді əрекет өзара түсіністікке, өзара 
əрекетке, қатысушының əрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге 
алып келетін – ұйымдастыру жəне сұхбаттасып қарым-қатынас 
жасауды дамытуды ұсынады. 
Интербелсенділік бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің 
басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту 
барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі 
жағдайды талдау негізінде күрделі мəселелерді шешуді, балама 
көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, 
дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас 
жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық жəне топтық 
жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар 
қолданылады, құжаттармен жəне түрлі ақпарат көздерімен жұмыс 
жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интербелсенді оқыту формаларына нені жатқызуға болады? 
Бүгінгі күні əдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың 
көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары 
– «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штур), 
«дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде 
алған тəжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір 
мəселе толығымен талқыланатын болса ғана, интербелсенді оқыту 
формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын 
тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Талқыланатын 
мəселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) 
сұрақтардан мəселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай 
болу керек.
Интербелсенді оқу технологиясы (ИОТ) деп нəтижесінде оқу 
əрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, 
эмоциялық жəне басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну 
ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық əсерлі 
танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім 
мен оқушының іс-əрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру 
тəсілдерін айтамыз.
Оқу үдерісін басқару жəне білім алушыларға дидактикалық 
материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік жəне ақпараттық 
коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы 
жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз 


192
193
ету, білімнің электрондық банкілері жəне оқытудың интерактивтік 
мультимедиялық құралдары қолданылады. 
ИОТ-сын пайдалану əр оқушының іс-əрекетін сабақтастыруға 
(өзара əсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, 
мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар – оқушылар, топ 
– топ, топ – оқушы), оның оқу əрекетін жəне тұлғалар арасындағы 
танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
 
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге 
болады:
 пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады 
(тыңдау жəне көру);
 активті (белсенді) оқушы оқытудың «субъектісі» болып 
шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-
практикалық жұмыс);
 интербелсенді – inter (өзара), akt (əрекеттесу). Оқыту 
барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, 
оның субъектілерінің бəрі өзара қатынасқа түседі. Əр оқушының 
жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-
бірімен сөйлесу жəне өзара əрекеттесу барысында жүзеге асады.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуация-
ларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мəселені бірлесіп 
шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын 
немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару 
сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл модельге адамгершілікпен, 
демократиялық жолмен келуді үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет