Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет52/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   205
Акмеология

100
101
♦ мотивация; 
♦ өзіндік бағалау; 
♦ «сенімділік-сенімсіздік» көрінісі.
Өзіндік бақылаудың жоғары деңгейінің тұлғалық коррелянттары 
болып саналатын: 
♦ бақылау локусы; 
♦ эмоционалды тұрақтылық жəне психотизмнің төменгі деңгейі; 
♦ өзіндік тиімділік; 
Кəсібиліктің өсуімен өзіндік бақылаудың рөлі артады, тұлғалық 
стандарттар күшейтіледі. Нағыз кəсіпқойларда өзіндік бақылау 
тұрақтылық қасиетімен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге 
«автоматтандырылуымен» айрықшаланады, яғни ол саналы бақылау 
мен ерікті күштен тыс, практикалық тұрғыда «автоматты» түрде 
жүзеге асырылады. 
Н.Т. Селезнева білім беру жүйесінің басшыларының психикалық 
мəдениетін дамытудың заңдылықтарын зерттей отырып, келесі 
факторларды анықтайды жəне назар аударады: өзін-өзі реттеу жəне 
оңтайландыру, əлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, сонымен 
бірге, əлеуметтік-педагогикалық өзара əрекет, кəсіби шығармашылық 
жəне психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету. 
А.А. Бодалев жəне Л.А. Рудкевич факторларды адамның 
«акме» жетістігімен байланысты топтарға, əлеуметтік макро- жəне 
микрофакторларға (микроорта) жəне тұлғаның психологиялық 
сипаттамаларына бөледі. Факторлардың аталған топтарын шартты 
түрде объективті (даралық сияқты адамға тəуелді емес) жəне 
субъективті (өзімен жұмыс жасау, яғни өзін-өзі жетілдіруге белсенді 
ұмтылыс) факторларға бөлуге болады. 
А.А. Деркач жəне Н.В. Кузьмина жүйелі əдіснама аясында 
жалпы, ерекше жəне бірегей факторларды айқындайды. Авторлар 
жалпы факторларға мотивацияның жоғары деңгейі; күтпеген 
нəтижелереге жетуге қажеттілік; кəсіби-тұлғалық стандарттар; 
кəсібиліктің шыңдарына өзіндік қозғалыс сияқты факторларды 
жатқызады. Іс-əрекеттің нақты түрлеріндегі кəсібилікті зерттеу, жал-
пы факторларға кəсіби қабылдау мен ойлаудың жоғары деңгейінің, 
дамыған антиципацияның жататынын көрсетті. 
В.Д. Щадриков кəсіби іс-əрекеттің жүйелі генезін зерттей 
отырып, кəсіби шеберлікке біршама əсер ететін жалпы факторлар-
дың арасынан қажеттіліктерді, мотивацияны жəне əлеуметтік 
мəртебені айқындады. 
В.Г. Зазыкиннің зерттеулерінде жалпы факторлар ретінде 
кəсібиліктің акмеологиялық инварианттары – антиципацияның 
жоғары деңгейі, өзін-өзі реттеу, дамыған бейнелі сала, шешім 
қабылдау шеберлігі, коммуникативті біліктер алынады. 
Кəсіби іс-əрекеттің нақты түрлерінде жоғары көрсеткіштерге 
жетуге ықпал ететін ерекше факторлар айқындалады: дəлдік, 
сенімділік, ұйымдастырушылық, тұрақтылық. Мысалы, осындай 
факторлардың бірі ретінде, стреске қарсы тұрақтылық, дамыған 
психомоторика, зейіннің дамыған функциялары жəне т.б., пси-
хологиялық кəсіби маңызды сапалар алынады. Бұған арнайы 
біліктерді де жатқызуға болады. 
Бірегей факторлар іс-əрекеттегі дара көріністерді білдіреді. 
М.А. Шухостанов жүргізген басшылардың кəсіби іс-əрекетін
акмеологиялық талдау, олардың іс-əрекетін оңтайландыратын 
объективті факторларға қоғамдық қатынастардың, моральды-
психологиялық ахуалдың, əлеуметтік-мəдени ортаның даму 
деңгейінің жататынын көрсетті. Субъективті факторлар субъектінің 
өзінің іс-əрекетінің мағынасын, субъектінің қойылған мақсаттарға 
жетудің құралдары, тəсілдері мен жағдайлары туралы білімдерін 
қамтиды. Басқару іс-əрекетінің негізгі субъективті факторы ретінде, 
осы іс-əрекет субъектісінің тұлғалық-кəсіби əлеуеті алынады. 
Педагогика, психология жəне акмеологияда жүргізілген 
зерттеулер, барлық зерттеулерде аса маңызды жағдайлар мен 
факторлардың əрекетінің міндетті түрде есепке алынатынын білуге 
мүмкіндік береді. 
В.Г. Михайловский бойынша, факторлар өзінің психологиялық-
педагогикалық мазмұны бойынша жағдайларға жақын. Жағдайлар 
сонымен бірге іс-əрекеттегі жоғары кəсібилікке жетуге тəуелді 
болатын маңызды жағдайлар болып саналады. Автор бірқатар 
ұқсастықты тани отырып, факторлар мен жағдайлар арасындағы 
айырмашылықты да көрудің қажеттілігін атап көрсетеді: «бірінші-
ден, тұлғаның дамуының алуан түрлі сатысында олардың əртүрлі 
мəні болады; екіншіден, адамға іс-əрекет субъектісі ретінде қатынасы 
бойынша жағдайлардың басым объективті сипаты болады, ал 
факторлар аса субъективті...». Даму жағдайларымен салыстырғанда, 
даму үдерісінің уақыты бойынша, фактор тек даму сəтінде əрекет 
етеді. 
Нақты мамандық өкілдерінің кəсіби қалыптасуы оқшауланған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет