Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет27/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Сын тұрғысынан сұрақ қою. Мұғалім оқушыларға әдейі дұрыс емес сұрақтар қояды. Мәтінде көрсетілген сол тақырыптардың барлық мәліметтері тексеріледі. Сын тұрғысынан сұрақ қою кезеңі диагностикалық болып табылады да осы кезеңде ғана мәтінмен жұмыс сапасын анықтауға болады. Осы кезеңдегі режимде балалардың мәтінмен мұқият және терең жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, қажетті түйсіну деңгейінің мүмкіндігі туады. Сын тұрғысынан сұрақ қою сабақты бекіту фазасы болып табылады. Осы кезең оқушының ойлау қабілетін тиімді қалыптастырады, мектепте және мектептен тыс күйзеліс жағдайларын қалыпқа келтіретін бейімдеу факторы болып табылады.
«Ауызша сабақ - технологиялық картасы
Мақсаты: Оқу материалының оқушылар 63%-ын өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгеру. Баланың өз еңбегінің нәтижесінде тұрақты оң мотивация мен түйсіну тудыру. Оқу техникасының көлемін, сапасын және шапшаңдығын арттыру. Ойлау


93


92





шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру. Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

  1. тип. Білім мен іс-әрекет амалдарын бекіту бойынша оқу дәрісі: мотивация, жетекші білім мен іс-әрекеттер тәсілдерін өзектендіру, ұқсас және жаңа жағдаяттарда білімді қолданудың үлгісін құру, білімді өз бетінше қолдану, бақылау және өзіндік бақылау, түзету, түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезеңі Мотивация. бұл картада оқушылардың сабақты құруға қатыса алатын мүмкіндіктері бар.

Үй жұмысы тексерілмейді - бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-3» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. «Ауз саб-1» картасының ережесі бойынша 7, 14 немесе 21 сөз санын таңдау

Сабақ басында мұғалім жаңа тақырыпқа кірспе түсініктеме беріп өтеді. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады. Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті, оқушы бір-ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін тағайындап қояды.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сы- нып: мәтін бетіне 3 минут. қосу және алу белгісі. Біріншілік белгілеу.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз - 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз - 2 мин-30 сек.

Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ- жауап жүргізеді, нормаға сай есте сақталған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына екінші қосу белгісі қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет