Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект)



Pdf көрінісі
бет34/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   295
Экономикалык теория

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Қоғамның өндіргіш күштері және өндірістік қатынастар.
2) Экономикалық тиімділік және балама шығындар.
5. Жаттығулар:
1) а) «не өндіру керек» мәселесі тек ресурстардың шектеулілігі 
жағдайында ғана туындайды және ол жеке бизнеске ғана тән құбылыс;
ә) «қалай өндіру керек» мәселесі еңбекке қабілетті халықпен толық 
қамтылған қоғамда орын алмайды;
б) «кім үшін өндіру керек» мәселесі орталықтандырылған қоғам 
үшін өзекті болып табылмайды. 
Осы әрбір пунктке өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
2) Өндірістік мүмкіндіктер қисығын қарастырыңыз:


44
Осы суретке қарап мыналардың экономикалық мағынасын 
түсіндіріңіз:
1. А, В, С, D нүктелері нені сипаттайды?
2. А нүктесінен В нүктесіне, В нүктесінен С нүктесіне, С нүктесінен 
А нүктесіне, және А нүктесінен D нүктесіне қозғалу нені 
сипаттайды?
3) Экономикада көліктер мен станоктар өндіріледі.
Көліктер
5
4
3
2
1
0
Станоктар
0
7
13
18
22
25
Табу керек:
а) қосымша бір көлік өндірудің балама шығындарын;
ә) қосымша бір станок өндірудің балама шығындарын.
6. Тест тапсырмалары:
1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:
А) Құрылыс В) Ауыл шаруашылығы С) Өнеркәсіп
D) Денсаулық сақтау Е) Материалдық-техникалық жабдықтау
2. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категория-
лардың қайсысына жатқызуға болады?
А) Тұтыну, жинақтау және салықтар В) Жалақы, рента, пайыз, 
пайда
С) Капитал мен кәсіпкерлік D) Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік 
қабілет 
Е) Шексіз энергия мен білім
3. Қоғамдық өнім деп:
А) Халық тұтынатын тауарларды айтамыз
В) Ұлттық өнімді сатудан түскен табысты айтамыз
С) Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық 
игіліктерді атайды
D) Мемлекетімізге қажетті өнімді атайды
Е) Бөлшек саудамен қоғамдық тамақтану саласындағы тауарларды 
айтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет