Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет274/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   295
Экономикалык теория

Импорттық квота – белгілі бір уақыт аралығында елдің басқа 
елдерден келетін тауарлар көлеміне шектеу енгізуі.
Инвестицияларөндіріске, өндіріс құрал-жабдықтарын 
жинақтауға және материал қорларын көбейтуге кететін шығындар.
Инфляция – экономикада бағалардың жалпы (орташа) деңгейінің 
көтерілуі.
Инфляциялық күтім – жұмысшылардың, фирмалардың және 
тұтыну-шылардың болашақта бағалар маңызды түрде өседі деп 
пайымдауы.
Инфрақұрылым – мемлекетпен қамтамасыз етілетін азамат-
тар мен фирмалардың қолданатын күрделі құрылыс түрлері 
(автомагистральдар, көпірлер, қалалық көлік жүйелері, сумен 
жабдықтаудың жергілікті жүйелері, әуежайлар, суды тазарту 
құрылғылары, т.б.).
Индукция – жекелеген нақты мәліметтерден жалпы қорытын-
дыға келу.
Капитал – өндірістік қызметтің нәтижесінде жасалған және 
тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын кез-келген 
ресурстар; инвестициялық тауарлар мен өндіріс құрал-жабдықтары 
түріндегі адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандырмайтын 
тауарлар.
Капитал қозғалысының есебі – капиталдың келуі мен кетуі 
тіркелетін елдің төлем балансының бір бөлімі.
Капитал сиымды тауар – өндірісінде капиталдың салыстыр-малы 
түрде едәуір көлемі қолданылатын өнім.
Капиталдың келуі – осы ел тұрғындарының қолындағы нақты 
және қаржылық капиталды иемденуі үшін басқа ел тұрғындарының 
жұмсайтын шығындарының сомасы.
Капиталдың кетуі – капиталдың жоғары салық салудан
инфляциядан қашу үшін немесе оның инвестициялаудың ең тиімді 
жолдарын қамтамасыз ету мақсатында дамушы елдерден өнеркәсібі 
дамыған елдерге ағылуы.


341
Кәсіпкерлік қабілет – адамның тауар өндіру үшін ресурстарды 
белгілі бір үйлесімділікпен қолдана алу, оңтайлы шешімдер қабылдау, 
өндіріске жаңалықтар енгізу және тәуекелге бару қабілеттілігі.
Кәсіподақ – өз мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын 
жақсарту (жалақыны көтеру, жұмыс уақытын қысқарту, т.б.) үшін 
белгілі бір ұйымға біріккен жұмысшылар тобы.
Кәсіпорын – тауарлар мен қызметтер өндірісінде (оларды 
дайындауда және өткізуде) бір немес бірнеше қызметтерді орын-
дайтын фирма қарамағындағы нақты мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет