Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет33/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   295
Экономикалык теория

Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Экономиканың негізгі үш мәселесі қалай шешіледі?
2. Қоғамдық өндірістің мәні неде?
3. Қоғамдық өндірістің түрлері мен тұрпаттары қандай?
4. Қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары қандай?
5. Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай?
6. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не?
7. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?
8. Экономикалық субъектілер экономикалық ұтымдылықққа қалай 
ұмтылады?
9. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?
10. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының экономикалық мәні неде?
Тәжірибе сабағының жоспары: 
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, 
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап 
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы 
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: Қоғамдық өндірістің мәнін түсіну, экономиканың 
негізгі базалық түсініктері арқылы экономикалық теорияның негізгі 
сұрақтарына жауап беру. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып 
бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:


43
2.1. Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні;
2.2. Қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы;
2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі;
2.4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық 
мәні.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік 
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен 
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей 
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Экономикалық ресурстар және олардың шектеулілігі;
Қазіргі қоғамдық өндірістегі адамның орны мен рөлі;
Ғылыми-техникалық прогрестің қоғамдық өндіріске әсері;
Ғылыми-техникалық прогрестің мәні және оның дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет