89
Сұранысқа әсер ететін факторларға
байланысты сұраныс қисығы
өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде сұраныс көлемі
өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің
бағасы өскенде сұраныс көлемі қысқарады немесе баға төмендегенде
сұраныс көлемі артады. Бірақ біз баға
өзгергенде бағалық емес
факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер
еткенде сұраныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды.
Мысалы, тұтынушылардың табысы өссе, онда сұраныс кеңейіп қисық
оңға жылжиды немесе табыс қысқарса, онда сұраныс төмендеп қисық
солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық
факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден
көруге болады.
5.2-сурет. Сұраныс қисығының өзгеруі
Сонымен, сұранысқа бағалық фактор әсер еткенде сұраныс көлемі,
бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгереді.
Сондықтан сұраныс көлемінің өзгеруі
мен сұраныстың өзгеруін
шатастырмау қажет.
Ұсыныс – сатушылардың белгілі бір уақытта игіліктердің берілген
көлемін белгілі бір баға бойынша нарықта сатуға деген даярлығы
немесе сата алу қабілеті.
Ұсыныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды
енгіземіз:
1. Ұсыныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сату көлемі
арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Нарықта баға жоғары болғанда, сатушылар игіліктерді сату көлемін
арттырады. Және керісінше, нарықта баға төмендегенде, сатушылар
игіліктерді сату көлемін қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: