Дәріс № 1. Кіріспе.
Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары.
Қию əдісі. Кернеу
Материалдар кедергісі ілімі Қайта өрлеу заманында техниканың, сауда-саттықтың, теңізде жүзудің, əскери істің дамуы кезеңінде ірі теңіз кемелерін, гидротехникалық ғимараттарды жəне басқа да күрделі конструкцияларды құруға қажетті ғылыми негіздеме беру қажет- тілігінен туындады. Осы ілімнің негізін қалаушы деп италиян ғалымы Г.Галилей (1564-1642) есептеледі.
Іс жүзінде, конструкциялардың барлық элементтері сыртқы күш əсерінен деформацияланады, яғни олар пішіндерін жəне өлшемдерін өзгертеді, ал кейбір жағдайларда конструкцияның қирауына əкелуі мүмкін. Денелердің өлшемдері мен пішіндерінің өзгеруін деформация деп атайды. Ол материалдың атомдарының арақашықтық- тарының өзгеруі мен атом блоктарының орын ауыстыруы салдарынан туындайды.
Материалдар кедергісі – машиналар мен ғимараттар материалдарының жəне элементтерінің беріктігі жəне деформациялануы туралы ілім.
Беріктік деп конструкция материалының жəне оның элементтерінің сыртқы күш əсеріне қирамай қарсыласу қабілетін айтады.
Материалдар кедергісінде конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа жəне орнықтылыққа есептеудің əдістері қарасты- рылады.
Беріктікке есептеу машина мен ғимараттардың əрбір элементтерінің берілген күшке төтеп бере алатын пішіні мен өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қатаңдық деп конструкция мен оның элементтерінің деформацияға қарсыласу қабілетін атайды.
Қатаңдыққа есептеу конструкция мен оның элементтерінің пішіндері мен өлшемдерінің өзгеруі мүмкіндік мөлшерден аспауына кепілдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |